Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет74/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Неке қию 
Келін түсіру тойында ас ішіліп, бата беріліп болған соң 
жас келін мен күйеуі үлкен үйге, шақырылып, некесі оқытылып, 
оларға неке суы ішкізіледі. Некені сол ауылдың білгір, сауатты 
молдасы оқуға тиіс. Неке оқу үшін үлкен күміс немесе сырлы 
ағаш тостағанға қымыз құйылады, оған тұз бен шекер салынады. 


167 
Келіннің күйеуіне, күйеуінің жұбайына беретін жүзік-
білезіктері сол тостағандағы қымыздың ішіне салынады да 
молда қасиетті Құран Кәрім бойынша мұсылмандық ақ некеге 
арналған дұғасын оқиды, ыдыстағы сусынға дем салады, сосын 
оны екі жасқа кезекпе-кезек ішкізеді (әуелі ері, сосын әйелі), 
қалғанын келін мен күйеудің қасындағы құрбыларына береді: 
олар куәгер ретінде дәм татады.
Неке оқылған қымызға салынған жүзік, білезіктер ерлі-
зайыптылардың фәниден бақиға дейінгі ғұмырларында тату-
тәтті бір шаңырақта бірге өмір сүруінің айғағы немесе неке 
суының куәгері ретінде сақталады.
Бұл бұйымдар екі жастың арасындағы өмірлік дәнекер 
іспеттес, яғни, бойтұмардай құрметтеп ұсталады. Неке оқылып 
болғаннан кейін екі жас өздерінің ақ отауына барып, ойын-
сауықты тамашалайды. 
 
Телегония – пәктік туралы ғылым 
 
Үйленіп, отбасын құрғандардың өз баласы болғанын 
қалайтыны белгілі. Бірақ көпшілігі болашақ ұрпағының 
денсаулығына пәктіктің қаншалықты әсер ететінін біле 
бермейді. Ал, ата-бабамыз қыдырымпаз қыздан жақсы бала 
тумайтынын білген. Сондықтан бұзылған қызбен тұрмыс 
құрмаған. Пәктік пен денсаулық-тың байланысын өткен 
ғасырда телегония құбылысы туралы жаңалық жасаған 
генетик мамандар ғана ашып айтып бере алды. Жаңалықты 
ойда-жоқта осыдан 150 жыл бұрын жылқыөсірушілер ашқан. 
Олар жұмысқа шыдамды асыл тұқымды жылқы өсіру үшін 
жылқы мен зебраны шағылыстырады. Бірақ еркек зебра да, 
ұрғашы зебра да ұрықтанбай, тәжірибе сәтсіз өтеді. Осыдан 
кейін мамандар бұл туралы мүлдем ұмытып кетті. Тек арада 
біраз жыл өткен соң қара-ала құлындар туыла бастағанда 
тәжірибе еске түседі. 
Олар нағыз асыл тұқымды жылқылар еді! Ғалымдарды 
қатты таңғалдырған бұл құбылыс «телегония» деп аталады. 
Ч.Дарвиннің, Флинт, Феликс Ладантек сынды профессорлар мен 


168 
ғалымдардың жасаған тәжірибелері бұл феноменді одан сайын 
растай түсті. Ф.Ладантек өзінің «Тұлға, даму, тұқым қуалау 
және жаңадарвиншілер» (М. 1889 ж.) кітабында «Телегония, 
немесе алғашқы еркектің әсері» деген тарауда жүргізілген 
тәжірибеге тоқталады. Тек, тәжірибелі ит өсірушілер ғана асыл 
тұқымды қаншықтың көшедегі итпен байланысқа түссе, тіпті 
күшіктемегеннің өзінде одан текті төбет күтуге болмайтынын 
білген. Кептершілер де мұны жақсы біледі. Егер тұқымы жасық 
құс асыл текті кептердің ұясын «бұзып» кетсе, оны бірден 
өлтірген. Өйткені аналық кептерді нендей мықтымен жұп етсе 
де, қанаты әлсіз, түсі бөлек балапан басып шығаратын болған. 
Некеге дейін жыныстық қатынасқа түскен қыздар мұны білуі 
керек пе? Әрине. Десек те, оны ешкім білмейді. 
Ең қызығы, дені сау ұрпақ әкелуге қатысты бұл ілімді 
малшылардан басқа ешкім білмейтін болып шықты. Әйтпесе, 
асыл тұқымды жануарларды – арғымақтар мен сүтті сиырларды, 
бұлғындарды қалай алар еді? 
Қарапайымдар мен ұлылардың арасындағы құпияның 
сырын ашатын бұл құбылыс 19-ғасырда белгілі болса да, 
айтылмады. Өйткені ол кез-келген жыныстық қатынас 
төңкерісіне біржола тосқауыл қоятын еді. Бірақ бұл адамзат 
жауының жоспарына кірмеген еді. Оны қалай құпиялау 
керектігін де тапты, ал, энциклопедияға былайша жазып 
жіберді: «телегония құбылысы дәлелденбеді…» Бірақ өтіріктің 
құйрығы бір-ақ тұтам емес пе? Көп ұзамай шындықтың беті 
ашылды. Әсіресе, Кеңес Одағында өткен халықаралық 
фестивальдан соң орыс қыздары ӨЗІНІҢ «аппақ» күйеуіне – 
әкесіне де, шешесіне де ұқсамайтын қап-қара бала туып беруі 
жиілеп кетті. 
Бұл хромосомалық сақинаның мутацияға ұшырауынан 
болады. Осылайша сүттей ұйыған отбасының берекесін 
бұрынғы некесіз байланыс бүлдіріп жатты. Қанша жасыруға 
тырысса да, «қыздар – некеге дейінгі әйелдер», әсіресе, 
«экспорт-қызметін» көрсеткен жеңіл жүрісті әйелдер бүгінгі 
«сүйікті заңды күйеулеріне» бұрынғы заңсыз байланысының 


169 
жемісі – наркоман, токсикоман, қызтеке мен психикасы 
бұзылған ұрпақты сыйлап жатыр. 
Сонымен, телегония («теле» – алыс және «гони» – 
туылу) – әйелдің бұрынғы серігінің болашақ ұрпағына әсер 
ететінін дәлелдейтін ғылым. Әсіресе, алғашқысы. Өйткені 
ұрпақтың ТЕКТІК ҚОРЫН баланың болашақ әкесі емес, әйелдің 
алғашқы серігі қалайды. Бұл әйелдің сәбиді кімнен көтергеніне 
байланысты емес. Яғни, қыздың етегін алғаш кім түрсе, демек 
оның болашақ балаларының әкесі сол болмақ. 
Әрине, 
бүгінде 
«телегония» 
теориясын 
жоққа 
шығарушылардың көбеюі заңды. «Көптеген зерттеу мен 
тәжірибелердің нәтижесін» алға тартып, телегония – сандырақ, 
ол – өзіңді, өз қалауыңды сыйламау дейді. Бұл теоретиктердің 
көбі – телегонияның мектеп қабырғасында оқытылмауына 
мүдделі, өйткені порнография индустриясы шығынға ұшырауы 
мүмкін. Сондықтан оларға бүлдіршінді адамгершіліктен 
айыратын, бірақ өзінің қалтасын қампитатын «Отбасын 
жоспарлауды» оқытқан әлдеқайда тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет