Сый табаққа - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық,
сүбе.
Құда табаққа - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық,
бауыр.
Құдағи табаққа - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек,
асықты жілік, сүбе.
Жеңге табаққа - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын
омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.
196
Беташар табаққа - сүбе, төс еті, қарын, ащы iшек,
құйымшақ, мойын омыртқа.
Күйеу табаққа - төс, асықты жілік, қабырға, омыртқа еті,
қазы-қарта.
Қыз табаққа - тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық,
қабырға.
Құрдас табаққа - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға,
қазы, құйрық.
Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты
жілік.
(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 2007 ж)
Міне, осылай әр табақтың көлеміне және оның
адамидарына сәйкес кәделі мүшелері, тартылып, бәріне де
сыйлы, шұрайлы еттер мен мүше сүйектер салынады. Әр кісінің
қонақтың жасына, іліктік, туыстық қатынасына қарай малдың
әрбір мүшесінің соған лайық орны болады.
Мысалы: қартқа бас, жамбас, орта жастағыларға ортан
жілік, омыртқа, күйеу мен қызға асықты жілік, төс тағы сол
сияқты рет-ретімен беріледі. Егер үлкенге жауырын, кәрі жілік
ұсынса бұл үлкен қателік. Бұл сыйламағандықтың белгісі
ретінде реніш туғызады, айып сұрайды. Ұлт дәстүрінде осындай
тәртіптілік заң бар. Сондықтан, табақ артуға қазақ әрқашан
қатты көңіл бөліп отырған.
«Қарсы алғанның белгісін – қабағыңнан танимын,
Сыйлағанның белгісі – табағынан танимын», - деген аталы
сөз міне осыны дәлелдейді.
Осыған сәйкес табақ тартудың жөнін, ретін білетін ет
жасайтын адамдар болады. Оны «табақшы» дейді. Ет асуды,
пісіруді, түсіруді басқаратын кісіні «қазаншы» дейді. Міне,
қазақтың табақ тарту яғни басты тағамы ет берудің осындай
жолдары бар. Жалпы ет беру ұлттық салт-сананың көрінісі ғана
емес, елдің дастархан берекесінің ұсыну, беру мәдениетінің
үлкен белгісі. Табақ тарту – тек қана қонақты тойғызып жіберу
емес, елдіктің, тамақ беру үлгісінің, сол елдің ас беру тәжірибесі
мен әдеп-тәртібінің, бірлігі мен ынтымағының да айғағы деп
бағаланады.
197
Достарыңызбен бөлісу: |