Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?



Pdf көрінісі
бет87/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек? 
Әрбір ер адам өзінің мінез-құлқымен, әдетімен, өмірге 
деген көзқарасымен ерекшеленеді. Әйелі күйеуінің нені 
ұнататынын, нені ұнатпайтынын білуі тиіс. Күйеуіңіздің 
көңілінен шығып, арадағы сүйіспеншілікті арттыру үшін нені 
есте сақтаған жөн?
Аштық. Жұмыстан соң: «...дәмді бірнәрсе дайындап 
қойған болар» деген оймен асығып үйіне келген күйеуі ештеңе 
дайындалмағанын көрсе, әлбетте, ашуланады. Сондықтан, асты 
уақтылы әрі дәмді етіп дайындасаңыз, жарыңыздың көңілінен 
шығасыз.
Балаларына, үй шаруасына көңіл бөлмеу. Есіңізде 
болсын, жиналмаған үй, күтім көрмеген балаларыңызды көрген 
жұбайыңыз екінші рет үйге асығып келуі екіталай. Оған 
дайындалмаған асты қосыңыз.
Ысырапшылдық. Жарыңыздың маңдай терімен тапқан 
табысын оңды-солды жұмсап, болмашы нәрселерді сатып 


191 
алсаңыз ашуланары сөзсіз. Не нәрсе болса да күйеуіңізбен 
кеңесіңіз.
Жақындарымен ренжісу. Жұбайыңыздың ата-анасы, аға-
әпкесімен сөз таластырып, оларды ренжітсеңіз, жарыңыздың 
жүрегіне жара салдым дей беріңіз. Сондықтан, туыстарымен 
ара-қатынасыңыз мейлінше жақсы болғаны дұрыс. 
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта! 
Қысқа күнде қырық ойласақ та, санамызға сыймайтын, 
ақылымыз жетпейтін бір сауал бар. Ерлі-зайыптылар бір-бірін 
таңдап үйленген соң, Алланың алдында ақ некелері қиылған соң 
неге осы ажырасады? Алланың өзі орнатқан «Отбасы» деген 
құрылымды неге бұзады? Не жетпейді? Асықпай отырып 
ойланайықшы, шаңырақ шайқалтуға лайық не себеп бар? 
Айналамызда отбасынан жылылық іздеп, бірақ таба алмай 
жүргендер күн санап көбейіп отыр. Әйелім бағынбайды, күйеуім 
алдап жүр, ата-аналар араласып кетті, ақшамыз таусылды, 
қонаққа бара алмай қалдым, т.б. себептер ер мен әйелді 
күйзелтіп бітіретін болды. Өз өмірімізді жап-жақсы қылып 
ұйымдастыруға тырысайықшы. 
Байқауымызша, осыған көп кедергі келтіретін нәрсе – 
тәкаппарлық. Қанша отбасылармен сөйлестім: не ері, не әйелі 
тәкаппар секілді. «Сіз енді бір саты төмендей салыңыз, көне 
салыңыз. Тату-тәтті өмір сүріңіздер» десек, екінің бірі көбінесе 
көнбей отырады. «Жоқ, – дейді, – мен оны кешіре алмаймын!» 
Не әйел, не еркек, я болмаса екеуі де осыны айтады. 
Сонда қалай болғаны? Екі ортада жылап жүрген, 
достарының бетіне қарай алмай тірі жетім болып жүрген 
балалар да жүректерді жібіте алмағаны ма? Не деген тастай 
қатып қалған жүректер бұл? Рас, нәпсінің азғыруымен арам іске 
барып жүрген опасыз еркекті кешіру қиын шығар? Қит етсе, 
төркініне шаба жөнелетін, ә десе, мә деп жауап қайырып 
отыратын әйелді кешіру қиын шығар? Сендерді қайтсем де 
ажыратып тынам деп ортаға от сап жүрген қасиетсіз 
туысқандарды кешіру қиын шығар. Бірақ қалай болғанда да, ер 
де, әйел де өзімен жұмыс жасамаса болмайтын секілді. Алдымен 
екеуі де тәкаппарлықты тастауы керек. Содан әркім өз 


192 
кемшілігін жойып, қажет болса бір-бірінен кешірім сұрап, 
біріне-бірі күліп сөйлеп, шаңырақтың іргесін бекітуге бірігіп ат 
салысуға тиіс. Ертең, арғы күні осы ер мен әйелден талай-талай 
ұрпақ өрбиді. Олардың арасынан ата-бабасына Құран бағыштай 
алатын небір опалы нәсіл тарайды. Міне, мұның бәрі 
тәкаппарлықты тастауға тұрарлық. 
Уа, Алла тағалам, елімізде құрылған отбасылардың 
іргесін берік ете гөр. Оларды шайтанның азғыруынан сақтай 
гөр. Бұл елдегі бір де бір шаңырақтың құлауына жол берме! Жас 
отбасыларға адалдық пен пәктік бер! Үлкендерге тақуалық 
беріп, Өзіңнен қорқуды нәсіп ет! Ата-анасынан тірідей 
айырылған жас балапандарды жылата гөрме! Олардың жылай
жылай құрғауға айналған жастарын тыя гөр. Иман, ықылас, ар-
намыс пен ұятты жүректерімізге сала гөр! Әмин. Әмин. Әмин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет