Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет91/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97
 
Сыйлы қонақтың сыбағасы 
Қазақта сыйлы қонаққа мал сойып, бас тарту қалай 
пайда болды деген сауал төңірегінде әр түрлі нұсқалардағы 
әңгіме айтылып жүр. Мен де қазір ілгеріректе оқыған бір аңызға 
бергісіз оқиғаны еске түсіріп отырмын. Өкініштісі сол, сол 
оқиғаны қашан, қай жерден оқығаным және авторы есімде жоқ. 
Баяғы шапқыншылық заманда қазақтың бір рулы елін жау 
шауып, бас көтерер ер-азаматтарды қырып-жойып, қолдарынан 
қайран келмейтін қария-қарттар мен балаларды зынданға 
тастапты. Тұтқындардың арасындағы сақалы беліне түскен бір 
қария ауыл-елдің ақылгөйі ғана емес, балаларға тіл ұстартып 
жүрген ұстаз екен. Қауқарсыз қария мен қорғансыз балаларды 
қырып тастағысы келмей, қулыққа басқан шапқыншылардың 
көсемі зындандағыларға шарт қояды: 
– Тек бір ғана тамақ беріледі – сусын да, тағам да 
сендерге сол болады. Оны өздерің таңдаңдар! 
Қапелімде не айтарын білмеген зындағылар ойлануға 
мұрсат сұрайды. 
– Жауабын ертең сәскеде айтасыңдар, - деп күзетшілер 
кетеді. Дана қарт қиын шарттың шешімін таппай ұзақ 
ойланыпты. Сонда шәкірттерінің арасындағы естиярлауы:
– Ұстаз, малдың басында көп қасиет барын талай 
айтушы едіңіз ғой, соны таңдасақ қайтеді? - деп ой тастайды. 
Қария бұл ұсынысқа елең етіп, малдың басындағы еттердің 
ерекшелігін іштей түгендеп шығады да, басқалардың пікірін 
сұрайды. Басқа бәтуа болмай, көпшілік бұл таңдауды қолдайды.
Ертесіне сәске мезгілінде күзетшілер келеді. Данышпан қария 
шартты қабыл алатындықтарын айтып, өз таңдауларын 
мәртебелі ханға жеткізуді сұрайды. Тұтқындағы түркі 
тайпасының сойылған мал басын сұрағанын естіген хан 
қарқылдап тұрып бір күліп алады да: 
– Мына түркілерде ес қалмаған екен. Мен бір дұрыс 
тамақ сұрайды ма десем, тек ит-құсқа жем болатын мал басын 
сұрағаны несі! Айтқандары болсын, бір жылға дейін тек соны 


198 
беріңдер. Егер осыдан тірі қалатын болса, барлығын азат етемін, 
- деп әмір етеді. 
Расында да сол заманда сойылған мал басы жеуге 
жарамсыз ет ретінде, ит-құсқа тасталған көрінеді. Сонымен, 
күнде сойылып жатқан мал бастары бір жыл бойы зындандағы 
тұтқындарға беріліпті. Әр малдың басындағы еттердің дәмі 
алуан түрлі екенін түркілер бұрынғыдан да терең танып, тәнті 
болыпты. Мысалы, бір ғана үйтілген қойдың басындағы 
құйқаның дәмі әртүрлі екенін бүгінде көп қазақ біледі. Сол 
сияқты, құлақтың, маңдайдың, желке тұстағы құйқаның
ұрттың, таңдайдың, тілдің, көз, тамақ, жақ еттерінің, ең соңында 
мидың әрқайсысының қайталанбас өз дәмі бар екенін қазір 
айтып жату да артық. Осы он түрлі (одан да көп болса, ғапу 
өтінемін) дәмді бір жыл бойы талғажау еткен тайпа ашаршылық 
көрмепті. Керісінше, уәделі кезде зынданның қақпағын ашып, 
сыртқа шығарғанда тұтқындардың түк аштық көрмегендей 
көздері жайнап, жағы суалмай, күш-қайраты қалпында 
болғанына жау жағы таңғалысыпты. 
Хан да, қараша да сөзге берік заман емес пе, хан сөзінде 
тұрып, тұтқындарды азат етеді. Сөйтіп, бір рулы елді сақтап 
қалған малдың басын қастерлеген тайпа үшін одан асқан сыйлы 
тамақ болмапты және үйге сыйлы қонақ келгенде мал сойып, 
бас тарту содан қалған деседі. Сірә, сол түркі тайпасы біздің ата-
бабаларымыз болса керек, себебі қазіргі түркі халықтарының 
барлығы бірдей бас тартуды біле бермейді...  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет