Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет89/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
ҚОНАҚ КҮТУ 
 
Ет мүшелеу 
Ет мүшелеу – сойылған малдың етін жілік-жілігімен 
бөлшектеу. Қазақ халқының дәстүрінде әр жіліктің табаққа 
тартылу тәртібі бар. Атап айтқанда, қойдың төрт аяғында он екі 
жілік болады. Оң жағындағы қолы мен санында жамбас,  ортан 
жілік,  асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік  және жауырын 


195 
аталатын сүйектер бар. Сол жақтағы қолы мен санында да дәл 
осы алты жілік бір-бірімен жалғасып жатады.
Сойған қойдың етін осы жіліктердің буын-буыны 
бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс  жіліктеу  деп аталады. Осы 
жіліктердің ішіндегі жамбас құдаға немесе сыйлы қонаққа 
тартылады. Сол үшін жамбас арнайы сақталады.
Ал қабырғалар мен омыртқалар жілік асылғанда 
үстемеленеді. Бұғана, мойын, құйымшақ, т.б. қазанға етпен 
қосып салынғанмен, көбіне бала-шағаға тиесілі. Ірі қара да осы 
әдіспен сойылады. Қазақ ғұрпында етті қиқымдамай, балтамен 
шауып сүйегін қиқаламай таза боршалап тұздайды
.
 
 
Табақ тарту 
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынылатын 
кәделі әрі орны бөлек тағамдарының ең – бастысы қазақша ет. 
Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсететін. Соның ішінде 
аса құрметті, ардақты, ел сыйлайтын қонақтарға тай немесе 
құлын сояды. Егер, қонақтар көп болса ірі жылқы сояды. 
Сөйтіп, қонақтарға табақ – табақ ет тартылады. Табақ тарту да 
үлкен өнер, елдікке сын. Мұның да ұлттық, салттың тәртібі мен 
реті жөн-жосығы болады. Әр табақ қонақтар дәрежесі мен 
жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала т.б.) 
сәйкес келуі керек. Осыған орай табақтарту – бас табақ, сый 
табақ, қос табақ, жай табақ, жастар табағы, күйеу табақ, келін 
табағы болып бөлінеді.
Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол 
мүшелерді ауыстыруға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет