193
көз жастары көлдей болды емес пе? Біреу тойып секіреді, біреу
тоңып секіредінің кері осы болса керек.
Статистика бойынша, елімізде жыл сайын 100 мыңға
жуық жасанды түсік жасалады екен. Ол
Қазақстан әйелдерінің
80% құрайды. Осы сандармен Еуропа елдерінің бірқатарын
басып озады екенбіз, адам санын көбейту жағынан емес, жо-
жоқ, адам өлтіруден! Сорақысы сол, бұл дөңгеленген сандар
жыл сайын көбеймесе, азаяр емес және аборт жасатушылардың
арасында жас қыз-келіншектердің қарасы көп.
Сонда нағыз
жауыз болғанымыз ғой?!
Жасанды түсік түгілі, босағаны адал аттамау деген
нәрсені болдырмаған, қызының адалдығын текті ұрпақтың
өсуімен байланыстырған қазағымыздың даналығы мен
көрегендігі өз алдына бөлек әңгіме. Ал қазіргі «қазақ» деген
ұлылығымыз қайда қалды?
Иә, бұл өмірде жаңылыс баспайтын жан жоқ шығар.
Пенде
болған соң қателесеміз, сүрінеміз, бір құлаймыз, бір
күлеміз. Алайда Жаратушы Иеміз бізге соның барлығын
таразыға салып өлшер ақыл мен «адамгершілік» атты асыл
сезімге толы жүрек беріп қойды емес пе?
Алдымен аборт жасатушының да жасаушының да
ақыреттегі жауабы өте ауыр болатынын айтпақпыз. Осыны ең
бірінші есте сақтағанымыз жөн. Бір сәттік ләззат үшін
қанша
адамның тағдыры қиылмақ. Дүние есігін ашпай жатып қиылған
сәби, күл талқан болған қыз өмірі, біреудің өмірін ойыншыққа
айналдырған «әке» (сол бала үшін бұл өмірде де, арғы өмірде де
азапқа тартылатынын әсте, білсеші!)... Ал сол өз қолдарымен
өлтірген балалары ақыретте ата-анасының алдынан шығып
жұмақта менімен бірге болсыншы деп тілеуін тілеп тұрады екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өз балаларыңды
бағып-қағудан қорқып, ризығын
тауып беруді қиынсынып оны
өлтірмеңдер» деген. Ал Қасиетті Құранда: «Бейкүнә бір адамды
өлтіру – күллі адамзатты өлтірумен тең» («Маида» сүресі, 32-
аят) делінген. Дініміз жасанды түсік жасатуға үзілді-кесілді
тыйым салған, әрі оның жауабы ақыретте өте ауыр
болатындығы айтылған.
194
Екіншіден, аборт жасатқан ана екінші бала сүю
мүмкіндігінен айырылады.
Дәрігерлер: «Жасанды түсік – әйел денсаулығына өте
қауіпті. Отадан кейін бала сүйе алмау, түрлі онкологиялық
ауруларға
шалдығу,
жатырдың
созылмалы
қабынуы,
жатырмойны аурулары, психологиялық ауруларға шалдығуы
әбден мүмкін» дейді.
Үшіншіден, бұл бүкіл қоғамымызға кесірін тигізеді. Бұл
кеселдің зиянын санамалап айтар болсақ санына жетпеспіз.
Жасанды түсікке бір жағдайда ғана рұқсат етіледі. Егер
өмірге сәби әкелу барысында ана денсаулығына қатер
төнсе ғана
ол баланы алдыртуға болады. Іштегі сәбиге 40 күн дегенде жан
беріледі, 40 күннен кейін ол кәдімгі адам, тірі жан болып
есептеледі. Ол кезде оны алдыртуға мүлдем болмайды.
Сондықтан, ойнап жүріп от басудан, бір сәттік ләззат
үшін болашағымызға балта шауып,
қателік жасаудан аулақ
болғанымыз жөн. Алла тағала көрсеткен тура жолдан адаспай,
өмірімізді тек жақсы амалдарға арнайық. Қазақ деген текті
ұрпағымызды жалғастырар ұл-қыздарымыз көп болсын!
P.S. «Не себепті жасанды түсік жасаттыңыз?» деген
сұраққа әйелдердің 58% жалғыз қалып қойғандарын айтса, одан
кейінгілері
асырап
бағуға
шамалары
жетпейтіндігін
сылтауратады, ал үшіншілері 16-ға толмаған өрімдей жас
қыздар...
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/otbasy/baqytty-shanyraq-syrlary-1-
syr-yqylas-niet-pen-talap-109
Достарыңызбен бөлісу: