Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру



бет20/23
Дата06.01.2022
өлшемі273 Kb.
#13647
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

- есеп және оның құрылымы, есепті шешу және оның кезеңдері жайында түсінік қалыптастыру;

- есте сақтау және оны сәйкес жағдайларында қолдануға үйрету;

- теңдік және теңсіздік жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу;

- терминдердің мән-мағынасын түсініп, сәйкес іс-әрекет жасауға машықтандыру.

Тәрбиелік: өзіндік іс-әрекетке оқушыларды бейімдеу.

Дамытушылық: талдай білуге, қорытынды жасауға, ізденіске бейімдеу.

Сабақтың микроқұрылымы бірнеше оқу-тәрбие міндеттерін шешуге арналған мезеттерден (момент) тұратыны анықталық, олардың әрқайсысына сәйкес білім мазмұны, оқыту әдістері және оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері (әрине өзіндік) сараланды.

Бірінші оқу–тәрбие мезетінде есеп және оның құрылымы, есепті шешу және оның кезеңдері жайында түсінік қалыптастыру “қалдықты табуға берілген есепті”(оқулықтағы жаттығуды қарастыру барысында жүзеге асырылды. Бұл осы мезеттің оқыту мазмұнын анықтайды. Тапсырма бүкіл сынып оқушыларына өзіндік жұмыс ретінде ұсынылды, яғни бір мезгілде барлығы есеп мәтінін оқуға кірісті - оқушылардың бәріне тән ортақ жұмыс - жалпы іс-әрекет.

Оқып өткен кезде әңгімелеу әдісін қолдану басталды - нұсқаға сәйкес іс-әрекет орындау.

Мұғалім:


- Есептің шартын оқыңдар.

Оқушылар есепте не белгілі болса, соны хабарлайтын сөйлемді толық оқуға кірісті. Бұл есепті талдаудың және жүргізуге бейімдеудің бастамасы. Жұмыс бір мезгілде басталып, бір мезгілде аяқталды, демек оқушылар ұжымдық іс-әрекетке, тәртіпке, жауапкершілікке үйрету жүзеге асырылды. Олай болса, сабақтың тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге оқушылардың өзіндік іс-әрекеті бағдарланды.

Осы үзіндінің өзі-ақ, бір ғана есепті шығару барысында бірнеше оқыту әдістері (оқулықпен жұмыс, дәптермен практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс, және т.б) қолданылғанымен, басым әдіс әңгімелесу екенін аңғартуға болады. Демек, осы мезеттің өзінде-ақ қалдықты табуға берілген есепті шешуге сәйкес азайту амалын саналы таңдай алумен байланысты екенін, есептің шарты мен сұрағы болатынын, оны шешу екі кезеңнен тұратынын (шешуін жазу және жауабын бөліп көрсету), есепті шешу процесі қойылған сұраққа амал орындау арқылы жауап беру екенін, яғни сәйкес білімді игергендігін көрсетті. Ал тапсырманы орындауға барлығы қатынасты, талдау жүргізді, есептің қандай амалмен және неліктен шығарылған түсіндіріп беріп қорытынды жасады, әр оқушы өзі жұмсады, мұғалімнің сұрағы немесе бағыттаушы нұсқауын тыңдай зейінін соған аударды, жауап бере отырып сөйлеуге үйренді, яғни тілін ұстатты, математикалық терминдерді (есеп, шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) игерді, яғни сөздік қоры молаяды, яғни осы мезетке тән тәрбие және дамыту мақсаттарына жету тұрғысынан талпыныс жасалды.

Екінші оқу-тәрбие мезетінде кестелік қосу және азайтуды орындауға жаттықтыратын, математикалық терминдерді қолдануға машықтандыратын 2,4 жаттығулар қарастырылды. Мұнда да басым оқыту әдісі - әңгімелесу болды. Тақтаға алдын-ала 8-6, 2+6 , 8-2, 6+2 өрнектері жазылып қойылған. Оқушылар назары осыған аударылды. Тақтадағы жазуларға мұқият қараңдар.

- Мұғалім: Не байқадыңдар?

- Оқушылар: Қосындылар мен айырмалар (математикалық обьектіні танып білу).

- Мұғалім: Неше айырма бар? Неше қосынды бар?

- Оқушы: Екі айырма. Екі қосынды.

- Мұғалім: Неліктен өрнектердің бірін айырма, ал екіншісін қосынды дедік?

- Оқушы: Бірі - қосу амалымен, ал енді бірі - азайту амалымен байланысты.

- Мұғалім: Қосындылар мен айырмалардың мәндерін табыңдар.

- Оқушы: 8 және 6 сандарының айырмасы ретінде бірнеше санды атады (төрт оқушының жауабы дұрыс болмай, біразы келіспейтіндіктерін білдірді).

- Мұғалім: Бір оқушының жауап беруін және өз жауабының дұрыстығын дәлелдей беруін ұсынды.

- Оқушы: 8-6 жазуы 8 дегеніміз 6 және неше екенін білдіреді. 8 дегеніміз 6 және 2, өйткені 6+2=8.

- Мұғалім: 6+2=8 теңдігі бұрын кездесті ме?

- Оқушы: Ия, бұл қосу кестесінің теңдігі.

- Мұғалім: 2+6 қосындысының мәні нешеге тең?

- Оқушы: 8. Тез жауап берді.

- Мұғалім: Оны қалай таптыңдар.

- Оқушы:6-ға 2-ні қосқанда 8 болады.

- Мұғалім: Бізде 2+6 ғой?

- Оқушы: Қосылғыштардың орындарын ауыстырдық?

- Мұғалім: Неге солай жасадыңдар?

- Оқушы: Үлкен санға кіші санды қосқан қолайлы. Әрі қарай 8-2 және 6+2 мысалдары жоғарыдағыға ұқсас орындалды.

- Мұғалім: Қосындылар мен айырмалардың мәндерін тапқанда қосу кестесіндегі қандай теңдікті пайдаландыңдар.

- Оқушы: 6+2=8

- Мұғалім: Дәптерге осы теңдікті жазыңдар.

- Оқушы: Дәптерге жазды.

- Мұғалім: Сол теңдікті есте сақтаңдар. Оны жатқа білулерің керек. Білмесеңдер, жоғарыдағыдай мысалдарды шығара алмайсыңдар.

Әрі қарай 4-жаттығуды орындау кезінде әңгімелесу әдісі қолданылды.

- Мұғалім: Азайғышы мен азайтқышы бірдей айырма жазыңдар.

- Оқушы: Оқушылар жазуға кірісті. Кейбіреулері ойланып отырды. Кейбіреулері қатты қиналды.Оны байқағыш мұғалім көмектесу үшін жекелеген оқушылардың жанына барды және олардың іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттады.

- Мұғалім: Біршама уақыттан кейін оқушылардың жұмысын тоқтатып, неше айырма жазғандарын тексертті. Сонда 2=5 айырма жазғандары анықталды. Бірнеше оқушы жазған айырманы оқыды, азайғыш пен азайтқышты атады.Тағы да бір айырма жазу ұсынылды.

Осы мезетте мына сияқты мәселелер өз шешімін тапты:

- қосу кестесінің сәйкес теңдігі құрылды және оны еске сақтау қажеттігі ескертілді - бұл оқушылардың бәрі игеруі тиісті міндетті білім;

- қосу кестесін азайтудың сәйкес жағдайында қолдануды үйренді -бұл қалыптастырылуы тиісті білік;

- қосынды, айырма, азайғыш, азайтқыш терминдері қолданылды - бұл математикалық тілді дамыту;

- қосу мен азайтудың кері амалдар екендігі, қосу амалының ауыстырымдылық қасиеті жайындағы білім қолданысқа енді - бұл теориялық білімге есептеу тәсілдерінің негізі болатынын аңғарту;

- оқушылардың өзіндік жұмысы, талқылаулар жүргізу, жауапты негіздеу - бұл оқушыларды тәрбиелеу және дамытудың нәтижелері; Осының бәрі әңгімелесу әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Үшінші оқу-тәрбие мезетінде теңдік және теңсіздік жайындағы түсініктерді тиянақтай түсумен байланысты 3-жаттығу және шығармашылық жаттығу қарастырылды. Мұнда да оқытудың басым әдісі ретінде әңгімелесу қолданылды.

- Мұғалім: Оқулықтағы жазылған теңдіктерді қарап шығыңдар. Бірінші теңдік жайында не айтар едіңдер?

- Оқушы: Дұрыс жазу. Төрт төртке тең.

- Мұғалім: Екінші теңдік жайында ше?

- Оқушы: Дұрыс жазу емес. Өйткені алты жетіге тең емес.

- Мұғалім: Балалар 4=4 және 6=7 жазуларының екеуі де дұрыс. 4=4 теңдігі тура, ал 6=7 теңдігі тура емес.

- Мұғалім: Келесі теңдік ше?

- Оқушы: Тура.

- Мұғалім: Келесі ше?

- Оқушы: Тура емес.

- Мұғалім: Дәптерлеріңді алыңдар да бірінші қатарға тура теңдіктерді, ал екінші қатарға тура емес теңдіктерді жазыңдар.

- Оқушы: Дәптерге жазу жұмысын орындады. Шығармашылық жаттығуды орындау барысында қарапайым болсын түрде эвристикалық әңгімелеу әдісі элементтері қолданылды.

Тапсырма “Ойлан, тап”: 5<3 түрінде берілген.

Нені ойланатыны, қай бағытта ойланатыны, нені табатыны, қалай табатыны белгісіз.

Эвристикалық әңгімелеу, яғни жаңалық ашу, әдісі мынадай жоспар бойынша тізбектеле жүргізілді:

- Жазуды мұқият қараңдар. Онда сендерге белгілер бар ма? Болса соларды атаңдар. белгісі бұрын кездесті ме? Ол ненің белгісі еді? Белгісі ше? Ол ненің белгісі еді?

- “ ” және “ ” белгілерінің орнына сәйкес “+” не “-“ және сандарды қоюға болатындығы тағайындалды, яғни “жаңалықтың” кілті табылды, бірақ та әлі шешілген жоқ.

- 5<3 жазуындағы “ “ белгісінің орнына сандарды біртіндей қоя отырып, тура теңсіздіктің шығатын және шықпайтын жағдайлары қарастырылды, “жаңалықты” шешудің бір жолы, яғни нұсқасы анықталды.

- 5<3- жазуындағы “ “ белгісінің орнына сандарды біртіндей қоя отырып,тура теңсіздіктің шығатын және шықпайтын жағдайлары, “жаңалықты” шешудің екінші жолы, яғни нұсқасы анықталды. Эвристикалық әңгімелеу әдісін қолданып тапсырманы орындау:

- кестелік қосу мен азайтуды тиянақтай түсті;

- оқушыларды ізденіске бейімдеді;

- қиындықты жеңуге талпындырды;

- қиындықты өздерінің жеңгендігіне қуантты;

- талқылаулардың тізбектеле жүргізілу үлгісімен танысты;

- тапсырманы орындауға әркім өзінің үлесін қосты, яғни сабақтың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын шешуге өзіндік үлесін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет