сыни позицияның болуы, оның әлеуетін атап қана қоймай, оны
белгілі бір құндылықтар жүйесінің кӛзқарасымен бағалау»
1. Ӛзін-ӛзі бағалау – әлеуметтік құбылыс, яғни ол тұлғаның ӛмір сүретін әлеуметтік
орта ерекшеліктерімен, талаптарымен байланысты. Жалпы ӛзін-ӛзі бағалаудың жеткілікті
жоғарғы деңгейі – еңбек пен қоғамдағы белсенділіктің маңызды шарты. Ӛзіне деген
жағымды қатынас тұлғаның рухани жағымды белгісі болып табылатын ӛзін-ӛзі бағалауды
зерттеу маңыздылығы осында. Психологиялық зерттеулер кӛрсеткендей, тұлғаның ӛзі
жайлы пікірі оның іс-әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады.
2. Ӛзін-ӛзі бағалау – күрделі динамикалық тұлғалық құрылым, ақыл-ой іс-әрекетінің
тұлғалық параметрі. Салыстыру, ӛзін басқа адамның орнына қою ӛзін-ӛзі бағалаудың
жалпыға бірдей критерийі болып табылады. Ӛзін басқа адамдармен іс-әрекет барысында
салыстыра отырып, адам басқа адамдардың бойынан байқаған қасиеттерді ӛзінен
байқайды, нәтижесінде ӛз
әрекет-қылықтарын, ӛз тұлғасының сапалары мен қасиеттерін
саналы түсінеді. Бұл бірқатар психологиялық зерттеулер нәтижесімен дәлелденген.
3. «Ӛзін-ӛзі бағалау» – бұл адамда қандай да бір сапалардың, қасиеттердің болуы,
болмауы не әлсіздігі туралы пайымдауы. Ӛзін-ӛзі бағалау адамның ӛзіне, ӛз мінезіне,
сыртқы түріне, сӛйлеуіне және т.б. баға беруі. Адам ӛз ӛзіне ерекше таным объектісі
ретінде болады.
Ӛзін-ӛзі бағалаудың негізгі құралдары: ӛзін-ӛзі бақылау, ӛзіне-ӛзі есеп беру,
салыстыру. Осылардың негізінде тұлға ӛзін-ӛзі, ӛз мүмкініктерін, сапалары, басқа адамдар
ортасындағы орнын, түрлі саладағы жетістіктерін, адамдармен ӛзара қарым-қатынастарын
бағалайды. Ӛзін-ӛзі бағалау адамның рефлексиясының, сынилығының, ӛзіне және
ӛзгелерге талап қоюына тәуелді.
Ӛзін-ӛзі бағалау ӛз формасына байланысты (адекватты,
тым жоғары, тӛмен)
адамның белсенділігін арттыруы әлде басуы мүмкін. Адекватты емес, тӛмен ӛзін-ӛзі
бағалау адамның әлеуметтік талаптар деңгейін тӛмендетеді, ӛз мүмкіндіктеріне
сенімсіздіктің дамуына әкеледі, адамның ӛмірлік перспективаларын шектейді. Мұндай
ӛзін-ӛзі бағалау ауыр эмоционалды күймен, ішкі конфликтілермен бірге жүреді. Тӛмен
ӛзін-ӛзі бағалау қоғамға да зиянын келтіреді, себебі адам ӛз күштері мен мүмкіндіктерін
толықтай пайдалана алмайды, бар күшімен еңбектенбейді.
Ӛзін-ӛзі бағалаудың алғашқы зерттеулерін 30-жылдары алғаш рет К.Левин
жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз зерттелінген. Осы уақытта ӛзін-ӛзі бағалауды
оқып үйрену және оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы ӛзекті болып отыр.
Бұл бірінші кезекте, білім берудегі алға басумен, ӛзгерістермен байланысты болса,
қоғаммен де соншалықты байланысты. Қазіргі кездегі мектептер үшін
оқушыларға
ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, оларды ӛздігінен білім алуға, ӛздігінен жетіліп-
кемелденуіне дайындау ӛте маңызды. Ол үшін балада ӛзінің жеке басының
ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ бағалай білетін белсенді ұстанымын, позициясын,
яғни ӛзіндік бағасының белгілі бір деңгейін қалыптастыру қажет.
Қалыпты жағдайда дамыған жеке адамның ӛзіндік бағасы жағымды түрде болуы
қажет. Бұл адамның ӛз күшіне деген сенімділігін және белсенді іс-әрекетке бағытталуын
қамтамасыз етеді. Жағымсыз сипаттағы ӛзіндік баға адамды селқостыққа, енжарлыққа
әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін
бала жетістіктері мен
сәтсіздіктерін ӛзі сезе бастайтын, яғни бастауыш мектеп жасындағы оқушыда дер кезінде
ӛз-ӛзіне қарым-қатынасын және ӛз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.
Л.С.Выготский балада жеті жаста жалпылама ӛзін-ӛзі бағалау қалыптаса бастайды
деп болжайды. Ӛзін-ӛзі бағалаудың маңызды негізі қоғамда қабылданған әлеуметтік және
құлықтық нормалар, дәстүрлер және әдет-ғұрыптар. Ағылшын психологы К.Роджерстің
айтуынша, жоғары, тұлғаның шынайы мүмкіндіктерінен «Ілгерілеп кеткен» ӛзін-ӛзі
бағалау тұлғалық ӛсу үшін қажет.
Ӛзін-ӛзі бағалаудың пайда болуын Л.С.Выготскийдің 7 жастағы дағдарыспен
байланыстырады. 7 жас дағдарыс кезінде балалардың ӛзін-ӛзі бағалауымен не болады?
Бұл ӛзгерістің негізінде қандай психологиялық заңдылықтар мен механизмдер жатыр?
Оның оқу іс-әрекетінің құрылымымен қандай қатынасы байланысы бар?
Баланың ӛзіне деген қатынасы, мектептегі жақсы оқумен тығыз байланысты.
Тұрақты бағалаудың пайда болуы баланың мектепке психологиялық дайындығының
маңызды компоненті болып табылады.
Мектепте оқуда қиындықтарға кездесетін балалар ӛздерін жоғары бағаламайды.
Бірақ бұл нәтиже баланың ӛзіне деген обьективті қатынасынан емес, оның психикалық
және жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ересектермен қарым-қатынас
балаға оқу міндетін қабылдауға, құрдастарымен
қарым-қатынас жасауға, тапсырмаларды орындауды меңгерудің жалпы тәсілдерін құруға
мүмкіндік береді.
Тәртіпке үйрену де ӛзін-ӛзі бағалаумен байланысты. Куперслиздің айтуынша, ӛзін-
ӛзі бағалауы жоғары балалардың ата-аналары ереже құруға қорықпайды. Олар ереже
құруды, оны орындауды балалармен бірге отырып талдайды. Егер ата-аналардың ереже
құру жағдайында, тәртіп орнату жағдайында мүмкіндігі болмаса, ӛзі жанын қиналтқысы
келмей, ӛз баласын жеткілікті бағаламайды. Егер ата-ана балалармен тәртіп туралы
сӛйлескісі келмесе: «сенің пікірің мені қызықтырмайды» деген тұжырымға сүйенеді. Бала
бұл пікірді меңгерсе, нәтижесінде олардың ӛзін - ӛзі бағалау деңгейінің тӛмендеуіне әсер
етеді.
Бастауыш сыныпта ӛзін-ӛзі бағалау мектепке
дейінгі жасқа қарағанда сәл
тӛмендейді. Неге? Бірінші сыныптан бастап олар ӛздерін құрдастарымен салыстырады.
Бала ӛзінің мүмкіншілігін басқалардан тӛмен екенін сезсе, бұл ӛзін-ӛзі бағалауға да әсер
етеді. Ал, жасӛспірімдік кезеңде ӛзін-ӛзі бағалау біршама тұрақталады. Баланың ӛзін-ӛзі
бағалауы жоғарыламайды да және тӛмендемейді де. Бала әр салада ӛз орнын анықтап,
соған сәйкес ӛзінің ӛзін-ӛзі бағалауын түзетіп алады. Ғалымдар М.Львов пен
Л.С.Славинаның пікірлеріне жасалған талдау 2-кестеде берілген.
Кесте - 2. Ғалымдар М.Львов пен Л.С.Славинаның пікірлеріне жасалған талдау
М.Львов
Л.С.Славина
Оқушыны
әрекет
субъектісі
ретінде
қалыптастырудың
міндеті
мынадай
шарттармен жүзеге асады:
- сыныптағы еркін хал- ахуал;
- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім
білдіру және құрмет;
- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік
берілуі;
- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға кӛңіл
күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;
- жалпы мәдени жағдай,
мұғалім мен
оқушылар дамуының жоғары деңгейі
Кіші
мектеп
оқушыларында
ӛзін-ӛзі
бағалаудың барлық түрлері кездеседі:
- адекватты тұрақты;
- тым жоғары тұрақты;
- тұрақсыз.
Ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек, сыныптан сыныпқа ӛткен сайын ӛзін,
ӛзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалау артады, ал ӛзін тым жоғары бағалау тенденциясы
тӛмендей бастайды. Тұрақты тӛмен ӛзін-ӛзі бағалау ӛте сирек байқалады. Мұның барлығы
бастауыш сынып оқушысының ӛзін-ӛзі бағалауы ӛзгермелі және онымен бір уақытта
тұрақтылық тенденциясына ие екенін кӛрсетеді, біртіндеп тұлғаның ішкі позициясына
кӛшеді, мінез-құлық мотивіне айналады, тұлғаның белгілі бір сапаларының қалыптасуына
ықпал етеді.