Есеп №7.1
Топтық тұсаукесерге қатысу туралы
Кең таралған педаогоикалық тәжірибеге сүйене отырып, мұғалім қажетті байланыстарды табуға, мәтіннің мәнін ашуға және оны оқушыларға ұсынылып көруге міндет – өзекті проблема. Пәнді бірнеше жыл қатарынан оқыта отырып және мүлдем басқа тәсілдің қолданушысы ретінде мен іс-әрекеттегі зерттеуге кірісуді және енжар оқушыларды белсенді оқушыға айналдыруды мақсат еттім.
Топ ішінде лидер оқушылар мен енжар оқушыларды бірдей қарым-қатынас арқылы талаптарға сай өзін бағалай алатын тұлға етіп шығару мақсатыма байланысты «Жылдық қайталау» сабағында 3 топқа бөліп әр қайсысына бөлек тапсырмалар беріледі.
А тобы Англия
Б тобы Франция
В тобы Ресей
А тобы ХVІІІ ғ аяғы ХІХ ғ басындағы Англияның ішкі және сыртқы жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму барысы мәдениетке қосқан үлестері (әдебиет, ғылым, өнер т.б.) туралы тұсаукесер жасайды.
Б тобы ХVІІІ ғ аяғы ХІХ ғ басындағы Францияның әлеуметтік жағдайы, экономакасы, саясаттар мәдениеті, яғни жалпы даму жолдарына тоқталды.
В тобы Ресей мемлекетінің басқару формасына, әлеуметтік жағдайы, ішкі-сыртқы жағдайы негізгі ерекшеліктері, мәдениеті туралы өздерінің топтық тұсау кесерін жасайды.
Топ құрамының деңгейлік ерекшелігіне қарамастан мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуі, пікірталас арқылы шешуді талап ететінн жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отырады. Топ мүшелерінің өзін сенімді сезінгені, енжар оқушылардың бірлескен жұмыстан тыс қалмай топта жақсы жұмыс істегені анықталды.
Сабақтың барысында
Түсінікті және талаптарға сай тілді қолдана білуге
Түрлі құралдарды яғни суреттер, кестелер қолдана білуге
Идеяларды біртіндеп қосып отыруды дағдыға айналдырды
Коммуникативтік дағдылар қалыптасуында да едәуір жетістікке қол жеткіздім.
Ауызша сөйлеу, сыныптастар тәжірибесіне ықпал ету топтық жұмыстың нәтижелі көрінісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |