Педагог портфолисытехнологиясы
Қазіргі білім беру жүйесі жаңа тұрпатты педагогты қажет етеді (шығармашылық тұрғысынан ойлай алатын, білім берудің жаңа технологияларын, психологиялық, педагогикалық диагностика тәсілдерін еркін меңгерген, нақты). Бұндай басымдылыққа педагог портфолиосы негізінде қол жеткізуге болады.
Дидактикалық онлайн-альбом мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауда тілдік жетіспеушіліктерін дамыту мақсатында ұсынылады. Альбомда лексикалық тақырып бойынша дидактикалық материалдар мен түрлі түзету жаттығулары (ертегілер, ойындар, жұмбақтар) ұсынылады.
Барлық тапсырмалар ойлауды, назар шоғырландыруды дамытуға, заттарды бір−бірімен салыстыру біліктіліктерін дамытуға септігін тигізеді. Тапсырмалар түрлі деңейдегі күрлеліліктерді: мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда индивидуалды және сараланған тәсілдің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдетте, дидактикалық онлайн-альбом ата−налардың, тәрбиешілердің, логопедтердің көмегімен жасақталады.
Ойын технологиясы оқу үдерісінің айқын бір бөлігін және жалпы мазмұнды, оқиғаны, персонажды қамтамасыз ететін біртұтас білім беру үдерісі ретінде құрылады. Оның құрамына жүйелі бірізділікте мыналар енгізіледі: Заттардың сипатты, негізгі белгілерін салыстыра алу, белгілеу секілді біліктіліктерін қалыптастырушы ойындар мен жаттығулар.
Нақты бір сипаттамасы бойынша заттарды қорытатын, оларды бір−бірінен ерекшелейтін ойындар тобы.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің бойында шынайы құбылыстардан жалған құбылыстарды айыра білу біліктілігін дамытатын ойындар тобы.
Өзін−өзі меңгеруге, айтылған сөзге тез жауап қайыру біліктілігін тәрбиелейтін ойындар тобы.
Ойын айналадағы дүниені тану тәсілдерінің бірі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын технологиясында жоғарыда аталған қандай топтағы ойындардықолдану кезінде болмасын, мынадай қағидаларды есте тұтқан жөн:
Ойын балаға да, үлкендерге деқуаныш әкелуі қажет.
Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауғамұқтаждамаңыз, Ойын кезінде баланы ренжітіп алмаңыз.
Баланың қызығушылықтары «толқынды» өтеді. Сондықтан, баланыңойынға деген қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланыңбелсенді қимылдарын тоқтатпаңыз.
Технологияларды құру да, оны пайдалану да шығармашылық танытпай мүмкін болмайды. Технологиялық деңгейде жұмыс жасайтын педагог үшін оның дамуы жағдайындағы танымдық процесс басты бағытқа алынады.
Инновациялық педагогикалық технологияларды балабақша жұмысына тереңдей енгізу төмендегідей шарттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
білім беру сапасын арттырады;
тәрбиешілердің біліктілігін арттырады;
педагогикалық тәжірибе мен оның жүйелілігін енгізеді;
тәрбиеленушілерге компьютерлік технологияларды қолданады;
тәрбиеленушілердің денсаулығын бекіту мен оны сақтайды;
тәрбие мен білім сапасын арттырады.
Сонымен, тұжырымдай келе, жаңа инновациялық технологиялар мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленуші балалардың осы немесе келешектегі мектепте табысты оқуының айқын кепілі болады дегіміз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |