Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет126/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Литература

1. Карлинский А.Е. Избранные труды по теории языка и лингводидактике. Алматы, 2007. - 308 с.

2. Nudari C. Autonomie und Fremdspracrhenlernen //Fremdspracrhe Deutsch. Sondernummer, 1996.

3. Карлинский А.Е. Основы теории взаимодействия языков. Алма-Ата, 1990.



БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Казахова Л.(Актобе)
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек

Ең жақсысы – көрсетілген оқыту жүйелерінің барлығы үйлесімді болуы керек. Бірақ қазір қоғамға ерекше, денсаулығы мықты, қызықты, ойшыл, тәуелсіз тұлғалар қажет. Осылайша, жаңа технологиялар оқыту процесін радикалды өзгертуі мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқу барысында қуанышқа бөлеу, жүректерінде өздерін бағалай білетін сезім тудыру болып табылады.

«Педагогикалық технология» түсінігі ғылыми күнделікті қолдануға терең енгенімен, мағанасы әр түрлі талқыланады. Сонымен бірге барлық түсіндірмелердің түпкі тамыры біреу екнін байқауға болады. Ол мына дефинициядан байқалады: «Педагогикалық технология дегеніміз – бұл білім беру мақсаттарымен біріктірілген пән мен әдістемелердің күрделі және ашық жүйелері; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемелері мен міндеттері өзара байланысты.».

Географияны оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарлайды:

- ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда география курсының сызықтық-сатылық логикасы ескеріледі;

- ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық-географиялық түсініктерді Ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі;

- ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістер мен құралдар қолданылады;

- берілген иммитациялық ситуацияда шешем қабылдау ұстанымдары ашылады.

География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады. Көрнкілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру жәнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнеккілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады.

Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынастыағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сарамандық сабақты саяхат-сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты.

Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі.

Дидактикада оқыту әдістемесі деп – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім, білік, дағды, дүниетануы, танымдық қабілеттерін дамытуды айтамыз.

Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғышарттарыны бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыруарқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап даму жолына жолашылып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға ете тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.

Адамзат өркениетінің бүкіл дамуын ғылыми технологиялық прогресспен тығыз байланысты Қазіргі қоғам өмірін ақпараттық құрал дарынсыз, тұрмыстық техникасыз елестету мүмкін емес. Олай болса, ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры десек бұл география ғылымына да қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет