Әдебиеттер
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .
Англо-русский словарь / Сост. В.К.Мюллер. Москва . 1970.
Н.Назарбаев. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам. «Егемен Қазақстан», 10 шілде, 2012ж.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Кинбаева Э.К. (Ақтөбе)
Бүгінгі күні оқыту ісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құралдарына қол жеткізгені, педагог пен шәкірт байланысының жетілгені белгілі болып отыр. Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік ортақ, онда қарым-қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірігуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізеді [2]. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылық пен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші – адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Білім беру жүйесін коммуникациялы ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды қолдау және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру – бұл ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және материалды-техникалық бағдармалар жүйесі.
Қазіргі кезде ақпаратты коммуникациялық технологиялардың даму деңгейі әр елдің ғылымы мен білімінің және мәдениетінің тиімді дамуының негізгі шарты болып табылады. Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық потенциялын қажет етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.
Қазіргі заман білім берудің ауқымы, шеңбері – мұғалім мен оқушының ақпараттық құралдарға, ақпаратқа толық ие болуы [1].
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар білім беру саласына жаңа әдістерді, жаңалықтарды, өзгерістерді, инновацияларды алып келеді:
- жаңа әдістер мен технологияларды;
- оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдістері;
- пікір-сайыстардың өткізу әдістері;
- сапалы білім алатын ортаны қалыптастыру;
- өнімді білімге өту жолдарын іздеу;
- пәнаралық байланысты кеңейту;
- компьютерлік оқыту жүйелері;
- қашықтан білім алу ерекшеліктері;
- білімді бақылау әдістері;
- презентациялар;
- викториналар.
Білім беру саласында ақпараттық коммуникациялық технологиялардың осы әдістері оқушылардың:
- жан-жақты ізденушілігін арттырады;
- еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- шығармашылық белсенділігін, тіл байлығын дамытады;
- ақыл-ойын дамытады;
- ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
- өзін-өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелейді.
Оқушы – дамушы тұлға. Оқушы – тіршілік иесі ретінде биологиялық тұрғыдан дамып қана қоймай, танымдық іс-әрекет субъектісі ретінде үздіксіз дамиды. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет [3].
Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті – әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу,қастерлеу бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.
Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Тұлғаға бағдарланған оқытуды оқытушыны өсіретін оқыту десек артық айтқандық болмас. Шығармашыдыққа икемді тұлға міндетті түрде тағайындалған білім ауқымынан шығып кететіні хақ. Сондықтан егер білім жүйесі оқушының тағайындалған бағдардан, яғни оқыту мақсаты, міндеті, мазмұны мен қарқынынан тыс шығуын қарастыратын әрі жоспарлайтын болса, онда мұндай оқыту жүйесі тұлғаға және шығармашылыққа бағдарланған болып табылады.
Ақпараттық технология шығармашылыққа, жаңа оқыту методтарын іске асыруға мүмкіндік береді, нәтижеде оқытудың сапасын арттырады. Ақпараттық коммуникациялық технология бұрын мұғалімге оқыту кезінде қиын болған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Химия сабағында сарамандық жұмыстарды вертуальды орындауда оқушылар мұны компьютерде өте тез орындап, сондай-ақ көптеген тәжірибелерді орындауға мүмкіндік береді, әрі сабақта уақыт алмайды, әрі оқушылардың компьютерлік белсенділігін арттырады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды кеңінен меңгеру оқыту және жетілдіру мақсаттарында тиімді білім жүйесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |