Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – САПА МЕН НӘТИЖЕ НЕГІЗІ



бет188/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   668
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – САПА МЕН НӘТИЖЕ НЕГІЗІ
Абдуллина А. (Ақтөбе)
Инновациялар мектептен, мұғалімдердің педагогикалық қызметінен бастау алады. Білім беру жүйесіндегі инновациялар – бұл мұғалімдердің классикалық оқыту- тәрбиелеу, дамыту педагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері. Қазіргі заманғы инновациялық сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тәжірибесінің интеграциясындағы ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сападағы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы, демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бірнәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың, кезедсу мұқтажынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады. Технологияны ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез-келген білім мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы, оның мақсаты оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін сезетіндей жайлы жағдай тудыру.

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекетті ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін иннолвациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып сабақатың түрлері мен әдіс тәсілдерін білімдік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «новацияға кіріспе» дегенді білдірсе, латын сөзінен «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту технологиясының танымдық қызметі: шығармашылық, тапқырлық, алгоритімдік, деңгейлік. Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді болып өтуінің арқауы болып табылатын алдағы уақытта бұны бұдан да терең жолдар күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі.

Дамыта оқыту үрдісінеде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Дамыта оқыту – бұл дәстүрлі білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұрақтарға жауап беру, оқушыларға үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындату, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және олардың көзқарастарымен санасып, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі.

Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыру талап етеді. Математика – барлық халыққа ортақ ғылым. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашалық ізденістерін өз бетімен жүмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық білімдерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математиканың негізін қалыптастыру ұғындыру түсініктерін тереңдетуде мұғалімнің білімі терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында осындай 5 тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы қабілетін сипаттайды.

Ақпараттық технологияны пайдалану бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырғанда ғана тиімді. Математика пәні адамның ой өрісін, ойлау талдау қабілетін дамытады және білім қазынасын игеру әсіресе математиканы оқыту, оқып үйрену дәйектілікті, табандалықты сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді.

Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шеңінен шығып, сапалық өзгерістерге айналу деп түсіндіріледі. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектілік жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікьі дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орынан анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды:



  1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарау керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес танымдық іс әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтыз және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасыуна игі әсерін тигізелі. Өзін-өзі дамытып оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Еліміздегі болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды қолжеткен табыстардың сын көзбен бағалай отырып сұралуда, оқудың шығармашылық әлеуетін дамытуды мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар», сіздер оларға қалай білім бересіздер Қазақстан сол деңгейде болады» - деген сөзі бүгінгі мектеп оқушыларының оқу тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы білімі мен біліктілігін арттырудың өзектілігін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет