Литературы
1.Бондаренко Т.М. Комплексные занятия в детском саду. Воронеж.2009.
2.Бондаренко А. К. Дидактические игры в детском саду. М. 1991.
3.Венгер Л.А. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1989.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Шаметова Г. Д. (Қызылорда)
«Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім».
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген Елбасының «Қазақстан -2030» стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түспек. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау күресі екені бәрімізге белгілі. Сондықтан ХХІ ғасырға лайықты жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалап, талдай алатын, оң шешім қабылдай алатын, ұлттық рухани-эстетикалық тұрғыда жетілген, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі таңда өзекті, көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз. Ал тәрбие мәселесі қай заманда да талай ойшыл, ғұлама, ғалым педагогтерді толғандырып келгені ақиқат. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы » деген екен. Оқу мен тәрбиені бөліп қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса, екіншіден, тәлім - тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді.
Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы- қоғамның барлық саласында, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық - мәдени білім тұжырымдамасында (1996ж): "Тәрбиенің түп мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор.
Мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойып отырған басты да түпкілікті мақсаты оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын дамытумен қатар, олардың бойындағы азаматтық, өміртанымдық, интернационалдық қасиеттерін де кеңейте түсу. Эстетикалық көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы музыка пәні мен оның сыныптан тыс үйірмелері бұл аталған талаптарды орындауда ерекше рөл атқарады.
Ұрпақ тәрбиесіне халқымыз қашанда ерекше мән берген. Оттың басы, ошақтың қасынан бастап ата-бабаларымыз балаға тәрбие бере білген. «Үйренгенің өзіңе, істегенің бізге жақсы» – деп, анасы қызына, әкесі ұлына қасынан қалдырмай өмірге, өнерге, еңбекке баулыған тәрбиелеген.
Ұрпаққа деген үлгі-өнегелі халқымыз даналықпен, «бесік тәрбиесі, есік тәрбиесі, кәсіп тәрбиесі» – деп, жүйелейді.Музыка сабағына жұмыс жоспарын жасағанда кейбір ерекше жақсы үлгеруші оқушымен жоғарлатылған, яғни қосымша материал өтуіне де болады.
Домбыра үйрену сабақтарын фортенианоның сүйемелдеуі мен жүргізген жөн. Домбыра сабағында - музыкалық шығарманы, ән-күйді бастап үйретпес бұрын, қандай тақырыпқа жазылғанын, шығарманы жазған композитор, оның дәуірі, шығармашылығы және орындалатын музыка шығармасының орындалу характері, техникасы, әдістері туралы қысқаша түсіндіріп өту керек. Музыка шығармасын орындағанда, оның (художестволық) көркемдік орындалуына ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Өйткені, бұл болашақ маман үшін өте қажет-ақ.
Домбырашы музыка шығармасын немесе күйді үйренгенде, шығарма таза , сапала шығу үшін шығарманың өлшеуін, екпінін динамикалық (шығу-күшін), дыбыстың әдемі шығуын жақсы үйреніп алып, кейін оқушыларға үйрету жөн. Оқушылардың музыка шығармасын, әнді, күйді тек қана нотамен тартып үйренулеріне көп көңіл бөлген дұрыс. Олай болатын болса, берілетін музыка шығармасын ән, күй білімгерлердің күшіне лайықты берілетін болсын және оқытушының көрсеткен белгілерін ұғып, түсініп, айтқанын бұлжытпай орындап отырулары керек
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына үстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме бастал-са-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғүлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.
Сонымен, сабақ өткізу барысында немесе кластан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының (коллективінің) бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі, бірін-бірі тыңдай білуі, музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы, олардың көңіл-күйінің көтерілуі, музыкалық ой-өрісінің кеңеюі, ең бастысы, әр баланың өз класына, ұжымына керек екендігін сезінуі — үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін мектеп мүғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.
Музыка сауатына берілген тақырыптар әр сабақтың соңында тұрақты өткізілгені жөн. Сонда музыкалық сауаттың білімдік деңгейі сатылай жүретін болады. Ноталык жүйені тольқ меңгеру үшін, олардың негізгі амалдары, жазылу заңдылықтары бір - бірінен ажырамай, өзара байланыста берілуі керек. Музыкалық өнердің даму, өрістеу заңдылықтары ноталық жазбаның да күрделене түсуімен көрінеді. Музыка сабағында түсіндірілетін ноталық сауат белгілері оқушылар санасына олардың есте сақтау қабілетін ауырлатпай, жеңіл қабылдануын ұстаздар қауымы үнемі есте ұстағаны лазым. Осындай әдістердің барлығы да ноталық сауат элементтерің белгілі бір музыкалық бейненің қалыптасуына қызмет ететінін нақты түсінуге көмектеседі.
Музыкалық өнердің тұтастығы оқушылар санасында белгілі бір музыкалық шығарманың басқа өнер туындыларымен және өмірдің өзімен байланыстыра қабылдауынан тұрады.
Оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап – репертуар таңдау. Бүгінгі өмір деңгейіне сай репертуар терең мазмұнда, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде болуы тиіс.Оркестрді ұйымдастыру жұмысындағы проблема – оның құрамының тұрақтылығы. Кейде оқушылар жаттығуларға әр нәрсені сылтауратып келмей немесе дайындық кезінде көңілсіздік, салғырттық танытады. Бұл – оның оркестрде ойнап, музыкалық аспапты игеруге деген алғашқы ынта-ықыласы мен құштарлығының әлсіреуі. Психологиалық тұрғыдан қарағанда даму процесіндегі диалектикалық детерменизм принціпі сақталмай, «ішкі және сыртқы» құбылыстар өзара үйлеспейді.
Қазақ халық аспаптар оркестрін шығармашылық жетілдіруді инновациялық технологиялық өркендету арқылы дамытуды айқын мысалдармен түсіндіруге болады. Оқушы оркестрде домбырада ойнауға бөлінді делік. Егерде аспапта жазылған партияда ноталар өте қарапайым, мелодиялық түзілістері аз, көп жерлерінде паузалық кідірістер кездессе, бұл оқушыны зеріктіреді әрі жалықтырады. Осы сияқты көріністі оркестрге ілесе алмай бүкіл дайындық бойына бос отыратын басқа аспаптарда ойнайтын оқушылардан да байқауға болады. Міне, осындай жағдайлар оқушының ынтасына әсер етіп, құштарлығын бәсеңсітеді.
Оркестр құрамын тұрақтандырып, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін не істеу керек? Алдымен айтарымыз – бұл жетекшінің тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты. Ол әр-сәт, әрбір оркестр мүшесінің психологиялық рухани дүниесін, ой - өрісін дәл басып, сезіне білуге тиіс. Мысалы: жоғарыдағы айтылған бас домбыраның партиясына алдын ала көңіл бөліп, олармен жеке дайындықтарды жиілетсе, қызықты да көңілді ән-күйлер, пьесалар берсе, партияға мелодиялық үзінділер кіргізсе, олардың музыкаға деген белсенділігі арта түскен болар еді. Оркестр дайындығының мынандай жұмыс түрлері болады:
1. Шығарманы бастан аяқ бірнеше рет қайталап, көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.
2. Шығарманың техникалық жағын жетілдіру.
3. Оркестрдің жеке топтарымен жұмыс дайындау.
4. Концерттік дайындық.
Әрине оркестр творчествалық жетістікке жетуі үшін оның дайындық формалары жан - жақты болып, методикалық жағынан түрленіп отыруға тиіс. Ансамбльдегі пайдаланыған ізденіс - зерттеу методикасын қалай іске асырғандығымыз жайлы бір мысал келтірейік. Оқушылар оқитын өнер мектебі композитор Мұқан Төлебаевтың «Соқ барабан», «Кестелі орамал», Құрманғазының «Балбырауын», Сейтектің күйі «Той бастарды» игеру алдында жетекші әр ойналатын композиторлардың өмірі мен творчествосы жайлы қызықты деректер жинау жөнінде ұсыныс айтты. Бұл, оркестр мүшелерін аталған сазгерлердің өмірінен хабардар болып, ізденіске ұмтылдырады.
Музыка өнері-әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып,асқақты күйімен өрбіп - дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка- жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің, қимыл іс-әрекетін образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқасы, үндесу әуезді жиынтығы. Ол – адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық дәуірлерді басынан кешіріп келе жатқан тарихи жүйенің бірі. Сондықтан да оның туу, шарықтау, даму, өркендеу, биіктеу шеңберіне жету кездері бар. Қазақ жерінің кеңдігі секілді оның музыка қоры да соншама мол. Тынысы терең. Бұл өнер бірін - бірі қайталамайды, қайта толықтырып, үндегі бояуын, нақышын байыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |