«УӘЖ» технологиясының ерекшеліктері:
1.Ұғымдардың қайталана отырып меңгерілуінде.
2.Оқушылардың толыққанды жұмыс жасауына мүмкіндік беретіндігінде.
3.Назардан тыс оқушы болмайтындығында.
4.Бағалау әділдігінде
5.Оқушылардың өз мүмкіндігінше тапсырманы орындау құқылығында , яғни оқушының денсаулығына нұқсан келмеуінде.
6.Деңгейлік тапсырманы үйде аяқтап,өз дәрежесінде бағалануға болатындығында.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі.
Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын, мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады.
Осыған орай, туындайтын мәселе: біріншіден,дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден,гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім,біліктілігіжәне оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Үш деңгейлік тапсырмалар жүйесі стандарт анықтаған мазмұнды ғана қамтиды және оларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгеретін болады, егер тапсырмалар Б.Блум теориясының негізінде іріктелген болса. В.П. Беспалько ұсынған төртінші меңгеру деңгейінің тапсырмаларын оқушылар жоғарыда меңгерген зерттеу әдісін пайдаланып, қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайда өз бетімен орындайды (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, үйірме,факультатив сабақтар мазмұны, т.б.). Олар стандарттан жоғары мазмұнда болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |