Ақпараттың жеделділігі: тек ақпараттық технологиялар ғана толық және жаңа ақпараттарды жедел ала алады
Ақпаратты сақтау мүмкіндігі. Дидактикалық базаны жинап, сақтауға, көрнекілік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Соңғы кездері география мұғалімдері алдында оқу үрдісін географиялық карталармен жабдықтау мәселесі тұр. Ақпараттық технологиялардың көмегімен біз кез-келген картаны қажетті деңгейде алып, үлкен экранға шығарып, оқу үрдісінде қолдана аламыз.
Коммуникациялық (электрондық конференциялар ұйымдастыруға, жобалық қызметпен айналысуға, әдістемелік бірлестіктерге қатысуға мүмкіндік береді).
Технологияның бұл қасиеттері педагогикалық қызметтің жаңа түрлерін қолдануға септігін тигізеді:
Электрондық оқулықтар
Презентациялар
Компьютерлік технология қазіргі компьютерлердің теңдессіз мүмкіндіктерімен ерекшеленетін бағдарламалық оқытуды дамытып, оқытудың мүлдем жаңа, әлі толық зерттеліп үлгермеген технологиялық нұсқаларын ашады.
География сабақтарында АКТ қолдану бірқатар басымдықтар береді:
Біріншіден, ол уақыт үнемдейді.
Екіншіден, оқушылар білімін жан-жақты және кешенді тексеруге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, оқуды ынталандыруды көтеру, оқушылылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Төртіншіден, әр оқушы компьютерде жұмыс жасай отырып, өз жұмысының жылдамдығын таңдайды, біреулері тез қабылдаса, басқалары бірнеше рет қайталағанды ұнатады. Оқушының компьютермен қарым-қатынасы дербес болады.
География сабақтарында компьютерді қолданудың басқа да басымдықтарын атауға болады.
Сабақтарда АКТ қолдануды басқа заманауи технологиялардың орнына емес, олармен қатар қолдану қажет.
Өз сабақтарымда мен түрлі табиғи көріністердің динамикасын көруге мүмкіндік беретін анимациялар қолданамын. Олар техникалық тұрғыда өте қарапайым – сіз бастапқы слайдты жасайсыз, сонан соң, оны көшіріп отыру арқылы ондағы модельдің тұрпатын өзгертіп отырасыз, сонда тез көрсету кезінде сізде анимация пайда болады. Әрине күрделі анимацияларды қолдануға болады, бірақ та, ол күрделі үдерісті талап етіп, көп уақыт алады, ал, егер де, нысандардың қимылы күрделі болмаса – олар тез және анимация тарауында орындалады.
Менің сабақтарымда бейнероликтер басты рөл атқарады. Географияны оқуда бейнероликтерді қолдану ыңғайлы – ғаламшардың қайсыбір бөлігін немесе географиялық құбылыстарды тек оқып қана қоймай көзбен көруге мүмкіндік туады. Бейнероликтерді дербес фильмдер ретінде немесе презентацияларға қойып көруге болады – бұл қиын емес, файлдағы фильмді кірістіріп қоясыз.
Презентацияларда мен үстінен басып түрлі әрекетер жасауға болатын триггер-тетіктерді пайдаланамын. Мысалы, сіз сабақтың басында немесе аяғында түсіп қалған әріптерін қойып, бір мәтінді оқуды немесе жазуды ұсынасыз. Бұл кез-келген түсініктің, үрдістің т.б. сипаттамасы болуы мүмкін.
Презентация білімді тексеруді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді – тапсырманы орындағаннан кейін дұрыс жауаптарын беріп, орындалу деңгейін бағалауға болады.
География кабинетін көрнекіліксіз елестету мүмкін емес. Олардың ішінде басты орынды карталар алады. Сондықтан да, менің сабақтарымда үлкен рөлді интерактивті карталар алады.
Адам өмірінде көп кездесетін ақпараттар үлесін кеңістіктік ақпараттар алады. Бұл жалпы географиялық, топографиялық, тақырыптық карталар, сондай-ақ, басқа картографиялық материалдар: атластар, аэроғаламдық суреттер, қалалардың, үйлердің және пәтерлердің жоспарлары мен схемалары, қозғалыстар маршруттары, ауа-райы жөнінде мәліметтер т.б.. Мұның бәрін география мұғалімі оқушылардың картографиялық құзыреттілігін қалыптастыру үшін қолданады. Қазіргі сабақты өткізуге қажетті картографиялық материалдар өте көп. Кез-келген мұғалімде оны сақтау проблемасы болады. Сондай-ақ 45 минуттық сабақта бірнеше картаны пайдалану, оны өзгертіп отыру уақыт алады. Бұл проблеманы қалай шешуге болады. Сабақты қалай танымды, толық, дамытушылықты өткізуге болады? Міне, осы арада замануи географиялық ақпараттар көздері – цифрлық карталар көмекке келе алады. Цифрлық карта – картаның арнайы құралдар арқылы цифрлау жолымен құрылған географиялық ақпараттың электрондық нұсқаға енгізілген цифрлық мүсіні.
Интерактивті картаны қолдану тәжірибесі оқытудың бұл түрінің баға жетпес басымдықтарын, әсіресе көп көрнекіліктерді қолдануды талап ететін материалды оқу кезіндегі басымдықтарын айқындап берді.
Электрондық карталармен жұмыс жасаудың негізгі үш түрі бар:
Картаның қатпарларымен жұмыс жасау;
Қосымша материалмен жұмыс жасау;
Бағдарламаның қосымша мүмкіндіктерін пайдалану (суреттер, жазулар орындау).
Достарыңызбен бөлісу: |