Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет516/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Литература

  1. Андреев В.И. Эвристика для творческого саморазвития. — Казань, 1994. — 237 с.

  2. Андрианова Г. А., Хуторской А. В., Кулешова Г. М. Дистанционные эвристические олимпиады в начальном, основном и профильном обучении // Смыслы и цели образования: инновационный аспект. Сб. науч. трудов / Под ред. А.В.Хуторского. - М.: Научно-внедренческое предприятие «ИНЭК», 2007. – С.250-261.

  3. Буш Г.Я. Основы эвристики для изобретателей. Чч. I—II. — Рига: «Знание», 1977. — 95 с.



ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ САНДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Изтлеуова А. А., Досмағамбетова А.Ш. (Ақтөбе)
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан заманда ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Білікті мұғалім үшін білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік­білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. Әр педагог теориялық және педагогикалық білімімен қоса технологиялық білімін күнделікті жетілдіріп отыруы шарт.

Соған сәйкес, еліміздің «Білім туралы» Заңының 11–бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Осыған орай, білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 

• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;

• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету.

Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады. Ондағы барлық компьютерлер Интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4-10 мбит/сек. жылдамдықтағы кеңжолақты Интернет әр білім беру ұйымында қызмет көрсетеді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді.

1. Бүгінде «бейнеөңдеу» және «цифрлік бейне» сөздерімен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Соңғы он жылдықта бейне сигналды өңдеу құрылғылары дамудың үлкен жолынан өтуде. Жаңа терминдер мен бейнесуреттерді өңдеудің әртүрлі әдістері пайда болды. Соның ішінде Windows Live Movie Maker немесе Windows Live киностудиясы бағдарламасын атап өтуге болады. Видеороликтер, фильмдер, суреттерді монтаждауға арналған функционалды бағдарлама болып табылады. Мысалы, тарих сабағында деректі фильмдерді аталмыш бағдарламаны қолдану арқылы монтаждау өте қолайлы әрі жеңіл. Деректі фильмге түрлі көркемдік нәтиже, өткелдер, бас-аудио соқпақтар, т.б. өңдеулер енгізуге болады. Дайын жобаларды оптикалық тасығыштардың көмегімен түрлі мобильді құрылғыларға орналастыруға болады. Сонымен бірге дайын болған видео материалды SkyDrive, YouTube, Facebook, Flickr және т.б. интернет желілеріне орналастыра алады. Сонымен бірге HD сапасында You Tube беттеріне видеоларды шығара алады. Мына форматтарды игере алады: Windows Media Video (WMV), Windows Media DV-AVI, Microsoft Recorded TV Show, 3GP, 3GPP, MPEG-2, MPEG-1, Motion JPEG, JPEG, TIFF, GIF, Bitmap, PNG, QuickTime.mov, .qt, AVCHD, MPEG-4.

Меншікті камерадан видео және фото материалды жеңіл импорттауға болады. Сіздің фильмге аспаптарды редакциялауға болады: музыканы микшерлеуге, қажетсіз жерлерін алып тастау, тездету-саябырлату, бөліктерге бөлуге, көркем нәтижелер қолдануға, титрмен және тақырыптамалармен көркемдеуге болады.

2.Pinnacle systems, Pinnacle Studio – бейнемонтаж дамуының болашағына үлкен қадам басу. Бұл бағдарламалық өнім ең қуатты да, ең қарапайым болып табылады. Қазіргі уақытта Pinnacle Studio үй бейнежазбаларын редакторлеуге арналған ең танымал, ыңғайлы әрі оңай бағдарлама. Pinnacle Studio әлемде ең қуатты бейнередактор деп танылған, жоғары сапалы бейне, керемет эффектілер, тамаша өтулер және Dolby Digital 5.1 дыбысының қолдауын, оған қоса бағдарлама өте оңай, онымен қарапайым қолданушылар да жұмыс жасай алады. Ол ең жаңа аудиоформаттар мен бейнеформаттарды, бейнекамералардың барлық типін қолдайды.



Activstudio – Promethean компаниясының арнайы Activboard интерактивті тақтасына орай жасақталған бағдарлама. Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

3.Activvote – оқушылар үшін қарапайым да, берік активті басқарма болып табылады. Батырмадағы әріптерді басу арқылы сұрақтардың жауабын жіберуге болады. Microsoft PowerPoint бағдарламасымен де қолдануға болады.

4.ActivExpression 2 – экранмен және клавиатурамен жабдықталған. Microsoft Excel файлынан сұрақтарды импорттап алады. Сіз тыңдаушыңызға сұрақтар немесе жауаптарды клавиатура арқылы жібере аласыз. Берілген ия/жоқ жауаптары сол мезетте тақтадан көрініп тұрады. Бұл құрылғы математика сабағында қолдануға өте ыңғайлы. Қорабында 32 немесе 16 данасы болады.

5.Ұялы телефонның ұтқыр қондырғылары. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының бетпе-бет 1 кезеңі, 2 апта, 5 күн, trhw2_d5 how to teach with mobile devices презентациясы. Ұтқыр құрылғыларды пайдалану арқылы оқыту.

1-идея. Stanza тегін қосымшасында шекспирдің және басқа классиктер шығармаларының жинақтарын табуға болады. «Ойыншықтар тарихы» сияқты бірқатар интерактивті кітаптар да бар.

2-идея. Дауыс беру үшін қымбат пульттарды пайдаланғанша, кері байланыс орнату үшін ұялы телефон немесе смс пайдаланған өте тиімді.

3-идея. Көптеген қосымшалардың көмегімен сөзді мәтінге айналдыруға болады, олардың бірі iPad-қа арналған Dragon Dictation құрылғысы.

4-идея. Көптеген сурет салуға арналған қосымшаларда суреттерді email-ге жіберу функциясы бар. Блогта сурет орналастыру үшін Posterous қосымшасын пайдаланыңыз.

5-идея. Google Earth және Google Maps қосымшалары көптеген құрылғыларда бар, әрі оны тек география сабағында емес, басқаларда да пайдалануға болады.

6-идея. Evernote қосымшасы түрлі құрылғылардағы мәтіндерді, суреттерді, қысқа аудио жазбаларды синхрондауға мүмкіндік береді. Ол тіпті адамның қолтаңбасын таниды.

7-идея. Үй тапсырмаларын Wifi немесе Bluetooth арқылы жіберуге болады.

8-идея. Бағдарламалық жасақтамалардың таныстырылымдарын, соның ішінде Powerpoint-ты образға экспорттауға болады. Сонда тексеріс материалдарын ұтқыр құрылғылармен бағалауға болады.

9-идея. Ұтқыр құрылғылардың көбінде микрофон бар. Оларды идеяларды, оқиғаларды жазу үшін немесе мәтін орнына кері байланысқа пайдалануға болады.

10-идея. Нинтендоның әр құрылғысында Пикточат бар және тұтынушылар бір-бірімен мәтін мен суреттердің дайын шаблондары арқылы хабарласа алады.

6.Рrezi.com web. адресі. Американдық софтверлі компаниясы өндіруімен таныстырылым бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Мұнда 2,5D немесе 3D параллакс мәлімет береді. 2009 жылдан бері дүниежүзілік елдер пайдалана алады. Prezi-ді Орегон Мемлекеттік университеті және басқа да жоғары оқу орындарының студенттер мен оқытушылары кеңінен пайдаланады. Сонымен бірге, e-learning және edutainment-те қолданылады. PreziU – бұл білім сферасында кері байланыс немесе тәжірибе алмасу мақсатында құрылған форум. Тіркелген тұтынушылар өз тәжірибесін мен идеяларын, бейнелерін және медиафайлдарын жіберуге болады. 3D форматта жасалынған prezi-лер өте әдемі, көркем болып шығады. Уақыт үнемділігі, видео және аудио материалдарды интернет желілерінен тікелей жүктей алады.

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Қорытындылай келе, ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін игере отырып, жалпы оқыту үрдісінің функцияларын одан әрі жетілдіру әр оқытушының алдындағы бірден-бір міндеті болып табылады. Соған сәйкес, заман ағымымен бірге ақпаратты мәдениетті қалыптастыру арқылы интеллектуалды, шығармашыл және коммуникативті істерін дамыта алатын жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет