Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ЗАМАНАУИ БІЛІМ САПАСЫН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ



бет573/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ЗАМАНАУИ БІЛІМ САПАСЫН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Кульжанова Р.З. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды. Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзғараспен қарау деген сөз, яғни, дамып жатқан заманауи білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өсіп келіп жатқан дені сау ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Біз еркін білім алу кеңістігін көздейтін жаһандыру заманында, электрондық қатынас құралдарының дамыған кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Бұл заман кәсіби білімі жетік, құзыретті мамандарды талап етеді. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асатын жаңартылған педпгогикалық технологияны меңгеру үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Білім беру саласы қызметкерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды меңгеру, бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады.

Қазіргі білім беру тәжірибесінде білім мазмұнын сараптай отырып, оқу материалын жеңілдету, оқушының негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған, жаңа оқыту технологияларына негізделген, жаңа білім сапасына қол жеткізу көздейтін білім мазмұнын құру білім беру жүйесінің барлық саласында күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналып отыр.

Мұндағы басты нысана-нәтижеге бағдарланған білімнің өмір сүру талаптарына сәйкес сапасына қол жеткізу.

Білім сапасы, білім беру сапасы ұғымдарының мәні уақыт өткен сайын түрлі көзқарастар негізінде жан-жақты мағынада ашылуда. Оны ұйымдастыру тиімділігімен тікелей байланысты, яғни мақсат пен нәтиженің арақатынасы.

Білім беру нәтижелері туралы ақпараттық негізгі тұтынушылары болып табылатын білім беру үдерісіне қатысушылар – мұғалім, оқушы, ата-аналары білім сапасын бағалау жүйесінің негізгі міндеттерінің шешушілер де бола алады.

Білім сапасын өнімділігі жағынан қарағанда белгілі бір әрекеттерден нәтижесіне деп қарайтын болсақ, біржақты пікірге тап болуымыз мүмкін. Өйткені білім сапасын қатысты пікірлер түрліше.


  • мұғалімдер үшін білім сапасы оқу материалымен жабдықталған оқу жоспары;

  • ата-аналар білім сапасын баланың жеке дамуына қатысты деп біледі;

  • оқушы үшін білім сапасы мектепішілік жағдаймен тікелей байланысты екенін біледі.

Осыған орай заманауи білім беру үдірісіндегі әрбір субъект педагог, оқушы, ата-ана, мектеп әкімшілігі білім сапасын қамтамасыз етуге мүдделі. Осыған байланысты ортақ мақсатқа жұмылдыратын ұстанымдар айқындалуы тиіс.

Бүгінгі қолданыстагы білім сапасын анықтау жолдары қоғам қажеттілігін қанағаттандыра ала ма? Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білім сапасын бағалау оқушының білімін тестілеумен шектелмейді. Бағалау әрекетіндегі біздің басты мақсатымыз – баланы таңдау еркіндігін, жеке жұмыс істеу қабілетін дамыта отырып өз күшіне сендіру қажет. Егер сабақтың барысында оқушы өз білімін бақылау мен бағалау мүмкіндігіне ие болатын болса, оның бойында өзіне, өз әрекетіне деген сенімділік пайда болады, бұл оқушыны жетістікке жетелейді, оқуға деген қызығушылығын, тануға деген ұмтылысыноятады.

Ал оқушының білімінің жетістігінің көрсеткіші болып келе жатқан бес баллдық жүйенің білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы рөлін қатардағы талаптардың бірі ретінде ғана қарауға болады. Өйткені әлемдік білім кеңістігіне бет бұрған заманда, қоғамның білім сапасын қоятын талабы өмір сүру бәсекелесімен байланысты өз бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Өскелең ұрпақты өмір ағымынан қалдырмай дамытуда, ақпараттық технологияның қарқындылығымен бірге белсенділігін арттыруда, өсіп келе жатқан ортасында бәсекелестікке икемдеуде білім, білік, дағдымен бірге негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Ұлы педагогтардың барлығы білім сапасын артуы оқушының практикалық өмірімен тікелей байланыстылығымен айтады. Мектептегі білімнің мәнін мазмұн емес, білімді өз бетімен алу білігін қалыптастыратын, таным қабілетін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе анықтайды. Жаңа оқыту технологиялармен қатар, «портфолио» технологиясының білім беру үдесінде белсенді қолданыла бастауы білім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау қажеттілігімен тікелей байланысты. Оқушының білім жетістіктеріне арналған бұл тәсіл өзіндік құрылым мен мазмұнға ие біртұтас жүйеден тұрады. Оны оқушының өзін-өзі бағалауына, өзіндік іс-әрекетіне басшылық жасауына мүмкіндік туғызатын, өзіндікқолтанбасы болып есептелетін құндылықтары сақталатын «алтын сандығы» деп атауға болады. Нәтижесінде өзінің әрекетіне басшылық жасау, өзін-өзі бағалау сияқты қабілеттері ашылып, дами түседі. өзіне деген берік сезімі пайда болады.

Егер портфолио технологиясы ғылыми - әдістемелік жағынан негізделіп, мектеп өміріне белсенді енгізілетін болса, біліс сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағалау жүйесіне қосатын үлесі зор деп есептеймін.

Заманауи білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін жаңа оқыту технологияларының ішінде ақпараттық-коммуникативтік, денсаулық сақтау, жобалау-зерттеу т.б білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей қызмет етуді көздейді. Бұл технологиялардың бүгінгі күні педагог қауымының іс-тәжірибелерінен кеңінен орын алуы олардың білім сапасын арттырудың тың жолдарын қарастырудағы терең ізденісі деп білуге болады. Мысалы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арта түседі. Оқушының сабаққа деген ынтасы оянады. Осыған байланысты озық технологиялармен дер кезінде қамтамасыз етіп, озат тәжірибені таратудың идеяларға негізделген әдістемелік жүйесін құруды күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыбына айналдырған.

Сабақта сонымен қатар, электронды оқулықтармен де жұмыс жұргізу тиімді болып табылады. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу – әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді, әрі жеке жұмыс істей алады. Оушының жұмысын жетілдіріп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тапсырмалар, тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім денгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Оқушы өзінің жинаған бағасын немесе төмен ұпай санын көріп, қатесіз дұрыс орындауға, дұрыс жауабын табуға қайта талпынады. Бұл жағдай оқушыларды өз еркімен білім алуға ұмтылдырады. Осыған байланысты мұғалім тек оқушыға бағыт – бағдар беруші, ал оқушы берілген бағыт – бағдар нәтижесінде өзі ізденіп, жүктелген тапсырманы шешу жолдарын іздеп табады және сол алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана алу керек.

Ал жобалау-зерттеу оқыту технологиясын жаппай қолданылуы мұғалімнің ғана емес, оқушының өзіндік жобаларын құрып, ізденіске енуіне мүмкіндік туғызып отырған үрдіске айналуда. Бұл үдірісте мұғалімнің білім беруші қызметінен гөрі, оқушымен бірге ізденуші рөліне енуін талап ететін бәсекелестік нышаны пайда болуда. Мектеп пен әр мұғалімнің міндеті оқушылардың қызығушылығына, қабілеттеріне, мүддесіне, дамуына жағымды жағдай жасау қажет.

Мектептегі білім беру мынадай бағыттарды көздейді:



  • оқушының жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, тұоғалық бағдарлы оқыту;

  • оқушының қоршаған ортасын танып білуге құштарлығын арттыратын зерттеу-жобалау әдістемесі бойынша оқыту;

  • жеке тұлғаны жан-жақты дамытуғаарналған жаңа технологияларды кеңінен қолдану.

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы осындай тың идеялар оқушының өз бетімен білім алуына, зерттеу жүргізуіне, қорытынды жасауына, пікірін ортаға салуына, түрлі проблемалардың шешімін табуда өз бетімен қадам жасай алуына жағдай туғызады. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалдастық сипаты өзгеріп, ол баланың өзіндік жұмысын ұйымдастыруына бағдарланады.

Заманауи білім беру сапасын бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу кез-келген жеке тұлға өзінің алға қойған міндеттерін қай жас кезеңінде болмасын шешуге жаңа технологияларды еркін қолдана алатын жағдайда ғана мүмкін болады. Өйткені адамның интеллектуалдық дамуын көздейтін қоғамның білім беру саласы әлемнің озық тәжірибесіне жүгінетіне белгілі.

Сондықтан еліміздің сапалы білімді көздейтін білім беру саясаты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Қорыта айтқанда, білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін арттыру ісі әрбір жеке тұлғаның дара қабілеттерін аша отырып, бәсекелестікке әзірлігін қамтамасыз етуді көздейтін жүйелі әдістемелік қызметке айналғанда ғана білім берудің негізгі бағыттары айқындала түседі деп есептеймін.

Заман талабына сай қазіргі уақытта білім мазмұнын оңың құрылымдық жүйесін жаңарту-білім реформасын жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу мұғалімдер алдындағы басты міндет. Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауы, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Ендеше, білім сапасын бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін шығармашылық ізденістердің қатары кеңейіп, мазмұны тереңдей берсін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет