Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет648/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

1-кесте.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Міндеті: Шығармашылық жұмыстарда оқушы өз ойын білдіріп, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білуге және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.

Нәтижесінде: шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде әртүрлі топ өкілдерімен қарым- қатынас жасау мәдениеті қалыптасады.



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

Жауапты

1

«Қарым – қатынас мәдениеті дегеніміз не?»

Пікір алмасу







2

«Адами қарым-қатынастар ізгіліктері»

Тәрбие сағаты







3

«Сыныбыңдағы оқушылармен қарым-қатынасың қандай?»

Анкеталық сұрақ










Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаз қолында» деп атап көрсетті.

Ұстаз - ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз - әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зерттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады.[2]

Ұстаздың оқушылар бойында коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін білуі тәрбие жұмыстарын жүргізуде үлкен жетістікке жеткізеді. Ұстаздың міндеті:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет