Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет647/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   668
Бағыттың негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу, қарым-қатынас мәдениетін көтеру, тіл мәдениетін арттыру, дүниетанымын кеңейту және тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бағыттың міндеттері:

- білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру.

- әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу.

- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

-адамдармен ізгілікті қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылыстарын қалыптастыру.

-түрлі ұлт топтары және мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен өзара тең қарым-қатынас деңгейінде пікірлесу, әріптестік қабілетін қалыптастыру.

-қоғамдағы түрлі топтардың өзара қарым-қатынасының мәселелерін бейбіт шешу, даулы жағдайлардан сақтануға дайындығы мен ұмтылысын қалыптастыру.

-сөйлеу мәдениетін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты туралы сөз қозғағанда, алдымен, бағыттың атауына мән бергенді жөн көрдік. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз болғанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Коммуникация -ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. Адамдардың бір-бірімен керекті контактіні құрып және ұстай алу қабілеттілігі коммуникациялық компентенттілік деп аталады. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді.

Жоғарыда айтып кеткендей, коммуникация- адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол – тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың нешеме түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қоғам кәсіптік тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес кәсіптік этиканың заңдары бойынша құра алатын, пікірталас, диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде. [3]



Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет,тәрбиелілік – осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке- даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру - білім ордаларының басты міндеті болып табылады. Жалпы білім беретін оқу орындарында, алдымен, осы бағыттың мақсаты мен міндеті айқындалуы шарт. Аталмыш бағыттың жыл бойына арналған тәрбие жоспары жасалуы тиіс. Мысалы: (1-кесте). Тәрбие жоспарын орындайтын ұстаз сынып жетекшісі болғаны абзал. Себебі тәрбие жұмыстарын жүргізгенде сынып жетекшінің ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекшіні атап өткім келеді. Өйткені ол - балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Сынып жетекшінің жұмысында нәтижеге жетудің бір жолы ол - іс-әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып ұжымын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті - оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әр түрлі тапсырмалар, іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Бүгінде мұғалімнің оқушы бойына қалыптастыратын нақты іс-әрекеті оларды дағдыға үйрету, бағалау пікірін қалыптастыру, шығармашылық пен қайта өңдеуге қабілеттілігін, тұрақтылық (жігер) пен ерікті тәрбиелеу сияқты белгілі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталып баланың өмірде, қоғамда таңдаған істерінде нәтижелі болуына көмектеседі. Әлеуметтік қарым-қатынастардың өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарау маңызды, себебі оқушылар ерік-жігерді талап ететін, өмірде кездесетін шынайы жағдайларға араласады, бұл жағдайлар оларға басқалардан ерекшеленіп жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік туғызады.[5] Қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік ортаның рөлі ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет