Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет654/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Апатов Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. Москва. 1994.

2. Оконь В. Основы проблемного обучения. Ярославь. 1995.

3. Приемы педагогической техники. Москва. 2004.

4. Тихомирова Н.К. Педагогика сотрудничества. Методические рекомендации. 1988.

5. « Қазакстан-2050» Стратегиясы. ҚР Президентінің жолдауы,2012ж



СУИЦИД ҚҰРБАНДАРЫН БОЛДЫРМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Абиева Ж. (Қызылорда)
Жуырда күнделікті әдетім бойынша жұмысқа бару үшін үйреншікті автобусыма отырдым. Кезекті аялдамадан арқасына сөмкесін асынған 11-12 жасар оқушы мінді. Ол: «Оқушымын, бірақ анықтамамды үйге ұмытып кетіппін», – деп кондуктор әйелге жолақысы үшін 20 теңге төледі. Сол-ақ екен, әлгі әйел: «Ендеше, билеттің толық құнын төле», – деп дүрсе қоя берді. Сөмкесін ақтарып, қалтасын қаққанымен оқушы қаражатын 60 теңгеге толтыра алма-ды. Баланың шалалығын кешірмеген кондуктор жазықсыз жасөспірімнің жер-жебіріне жетті. Ығы-жығы болған жолаушылардан біреуі араша түсіп: «Қой!» – демеді. Жанары жаутаңдап, кірерге тесік таппаған оқушы дәрменсіз күйде келесі аялдамадан түсуге мәжбүр болды. Кейбір кондукторлар растайтын құжаты болмаса, зейнет-керлер мен мүгедектерден де тайсалуды білмейді. Міне, бұл қазіргі қоғамымыздың айқын бейнесі.

Мұны айтып отырған себебім, соңғы кезде елімізде жасөспірімдер арасында суицидтің көбейгені бүкіл елді алаңдатып отыр. Шығыс Қазақстан облысында соңғы бір жылда 60 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағандығы туралы ақпараттың жарияланғаны кеше ғана. Оның әртүрлі себептері де айтылды. Солардың ішінде, бір қарағанда күнделікті кездесіп жататын болмашы кикілжің болып көрінгенімен, дәл осындай жайсыз оқиғалардың да себеп-салдары болмай қалмайтыны сөзсіз. Өйткені, тайып кетсең, жығып кетуге дайын қазіргі тасбауыр қоғамнан құтылғысы келетіндер көп…

Жалпы, суицид қылмысының тарихы пұтқа табынушылық кезеңіне, Ежелгі Грек мәдениетіне барып ұштасады. Тамыры тым тереңде жатқан бұл кеселдің адамзатқа тигізген зияны орасан зор. Уақыт өткен сайын өмірден түңілген адам баласы о дүниеге «оңай» әрі «жылдам» аттану үшін өз-өзіне қол жұмсаудың сан түрін ойлап тапты. Өкінішке орай, суицид біздің елді де айналып өтпеді. Тіпті экономикамыз көтеріліп, әл-ауқатымыз жақсарды деген сайын, бұл дерт біртіндеп қозып бара ма, қалай… Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсең, жанын түршігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сенсек, Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіреді екен. Ал Орта Азияда «бәйгенің» басында келеміз. Елімізде әрбір 100 мың адамның 53-інің ажалы өздерінен болатыны анықталған.

Әсіресе, бүгінде сәтсіздік тұң-ғиығынан суицид арқылы шыққысы келетіндер қатарының жасарып бара жатқандығы байқалады. Неліктен? Қо-ғамдық ортада жиі жасалына бастаған суицид оқиғаларының көптеген себеп-салдарлары айтылып жатқанымен, бұл орайда ең басты мәселе біреу ғана: ол – имансыздық, адамдар арасында рухани құндылықтардың жоғалуы. Өйткені, қазір адамдардың бір-біріне жанашырлығы, кішінің үлкенге деген құрметі, үлкеннің кішіге деген ізеттілігі азайып барады. Бұған жоғарыдағы оқиға да дәлел болмақ. Ол үшін кінәні біреуден емес, ең бірінші өзімізден іздеуіміз керек. Себебі дәл осы қоғамды қалыптастырған өзіміз. Сыйластық, құрметтілік жойылса, оның себебі үгіт-насихаттың жетіспеуінен, жөнді тәрбиенің болмауынан. Ал тәрбиенің бастауы отбасынан екенін ескерсек, ең басты олқылық та сол жерден кетіп жатыр деген сөз.

Негізі, қазақ тәлім-тәрбиеге бейжай қарамаған. Оны рухани және ұлттық мүддемен де жарасымды үйлестіре білген. Өкінішке орай, бүгінгі тәрбиеде ондай үйлесімділік байқалмайды. Көп ата-аналар бала тәрбиесін материал-дық қамтамасыз етумен ғана шектеп қойған. Басқа мәселелерге онша көңіл бөлмейді. Бар ойы баланы дүниеуи тұрғыдан ешкімнен кем қылмау. Ал тәрбиенің бұл түрі баланы толық қанағаттандыра ма? Міне, осы сұрақ көп жағдайда ескерусіз қалып жатыр. Өйткені, бала телефон, компьютер, қымбат киім-кешекпен дүниеуи қажеттілігін өтесе де, одан ешқандай рухани азық ала алмайды. Ол үшін балаға ең бірінші үлкендердің мейірімі, назары қажет. Ал жұмысбастылыққа салынған ата-аналардың балаға қарауға уақыты жоқ. Шынын айту керек, қазіргі әке мен шеше балаларымды қалай жеткізсем, үй әперсем, үйлендірсем, жақсы киім-кешек кигізсем деп ойлайды да, соған жанын салғанымен, балам мейірімді болса, тәрбиелі-тәлімді, адамгершілігі мол болса деген мәселені тек сөз жүзінде ғана қалдырады. Осыдан кейін бала өмірдің қыр-сырын тек материалдық дүниемен ғана шектеп, теріс тәрбие алмасына кім кепіл?! Ал кейін материалдық дүниеден рухани жылу ала алмаған жасөспірімдер өзін қоғамға керексіз сезініп, тұйықталып, өзімен-өзі болып кетеді немесе шектен тыс еркінсіп, қалағанын істейтін болады. Мұның соңы психологиялық ауытқуға немесе суицидке апарып соғуы әбден мүмкін.

Исламда өзін-өзі өлтіру айрықша ауыр күнә саналады. Бұған қасиетті Құран Кәрімдегі: «Өз‑өздеріңді өлтірмендер (және соған апаратын бұзықтыққа бармандар). Расында (сіздерді бұ-дан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген Алла тағаланың сөзі дәлел. Аятқа түсіндірме жасаған ғалымдар өз өміріне қауіп төндіруге, сондай-ақ, түбі мертіктіретін әрекеттерге баруға да болмайтынын ескертеді.

Бұхари жеткізген мына бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құзға құлап бара жатады», – деген.

Жалпы жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсаулары тек бізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселе. Елімізде бір жылда 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында кем дегенде 7-8 өзін-өзі өлтіру оқиғасы тіркеледі. Бір қызығы, олардың әрбір үшіншісінің ниеті өлу емес екен. Бар болғаны, туған-туыстары мен айналасындағылардың назарын өзіне аудару үшін ғана осылай істейді. Бұл жасөспірімдеріміз өздерін назардан тыс, жалғыз сезінеді деген сөз. Демек, өлімге итермелеп отырған мәселенің бірі – жалғыздық. Біз балаларымызды жалғыз тастағанбыз. Бірге ұйықтап, бір үстел басында тамақ ішіп жүрміз дегенімізбен, олардың өмірлеріне араласып, ішкі сырларымен бөліспейміз, проблемаларын сұрап, емен-жарқын әңгімелеспейміз. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі жастар рухани тірексіз қалған. Міне, суицидтің бір үлкен себебі де осы. Жуырда біз қаладағы кейбір мектептерде арнайы сауалнама жүр-гізген едік. Нәтижесінде, оқушылар-дың көбінің ата-ана назарына, олардың қолдауына мұқтаж екендігі анықталды. Тіпті, оладың кейбірі ата-анасымен тек кеште ғана көрісетінін айтты. Ал күн ұзақ ата-анасы мен баласы бір-бірінің не істеп жүргендігінен бейхабар. Сондай-ақ, сауалнама қорытындысы бойынша, олар психологтармен жиі сырласқысы келетіндерін айтты. Оқушылардың ұсыныстары бойын-ша, олар кем дегенде аптасына бір рет психолог мамандармен анонимді кездесіп тұруды қалайды. Тіпті, бұны арнайы пән етіп мектеп бағдарлама-сына енгізуге де қарсы емес.

Суицидтің тағы бір себебі – жастар арасындағы рухани жұтаңдықтың, имансыздықтың күшейгені. Бұған сенсация қуалағыш сайттар мен телеарналардың не болса соны көрсететін шектен шығушылығы әсерін тигізіп отыр. Тіпті, қалай өз-өзін өлтіруге болатынын тәптіштеп түсіндіретін арнайы интернет сайттары да бар көрінеді. Телеэкрандарымызда ұлттық бояуы қанық, дін мен ділді қатар насихаттайтын дүниелер там-тұм. Бүгінгі көріп жүргендеріміздің барлығы шетелдікі. Оның ішінде адам өлтіру, өлген адамның оп-оңай қайтып тіріліп кетуі, басын шауып түсіру, аяқ-қолын бөлшектеп тастау, адам өмірін сонша құнсыз етіп көрсету сынды небір жантүршігерлік нәрселер ашық беріліп жатыр. Тіпті, кейбірін кіші тұрмақ, үлкендердің де көруі мүмкін емес. Өкініштісі сол, бүгінде бұндай құбыжық көріністер кішкентайларға арналған мультфильмдерде де кездеседі. Ол балаларға теріс тәрбиеден басқа еш нәрсе бермейді. Өліп, оп-оңай қайта тірілгенді көрген бала одан қандай сабақ алады? Керісінше, оның санасында сондай «шайтани ой» қылаң беріп, «өлсем, қайта тірілуім оңай екен ғой» деген теріс пікір қалыптасады. Артынан сол көргендерін өзіне істейді.

Осы тұста, әлгіндей атыс-шабыс пен анайы дүниелердің басты жарнамашысы еліміздегі орыстілді телеарналар болып отырғандығын айта кеткен жөн. Тіпті кейбір арналарда ұлттық мүдде мүлдем ескерілмей жатыр. Әйтеуір уақытын орыстың іске жарамсыз болған қансық дүниелерімен толтырғандарына мәз. Сонда өзі мемлекет қаржыландырып отырған мұндай арналардың көздеген мақсаты не? Ол аздай кабельді телеарна да өз міндетін артығымен «орындап» отыр. Оларды жөнге салу мемлекеттің басты міндеті екенін естен шығармау керек. Өйткені, оған кетіп жатқан қаржы бүкіл қазақтың төлеген салығынан бөлінетіні белгілі. Ең өкініштісі, маңдай термен тапқан ақшаның тамырымызға балта шабатын нәрселерге жұмса-луында. Қазақта «кімнің арбасына мінсең, соның әнін айтасың» деген сөз бар. Ендеше, орыс тілді БАҚ нан тауып отырған жерінің, сол елдің ділінің мүддесін қорғаулары тиіс. Ал әзірге біздің елде аталған БАҚ өз «әндерін» ғана айтып отыр. Шетелдің рухани құндылықтан жұрдай дүниелерінен экранымызды тазартып, орнын мейірімділікке үндейтін отандық туындылармен алмастыратын кез жетті.

Жалпы, қазіргі күні ислами уағыздар, рухани үгіт-насихат негізінен тек мешіттерде ғана айтылып жүр. Дәл осындай имам-молдаларымыздың үгіт-насихаты мектептерге де ауа-дай қажет. Бірақ, бізде заң бойынша мешіт қызметкерлері өз беттерімен мектептерге барып, уағыз жұмыстарын жүргізе алмайды. Ол үшін арнайы билік орындарының рұқсаты қажет. Бұл жерде Қазақстан халқының 70 пайызынан астамы ұстанатын Исламды таздың басындағы бес-алты талдай боп жүрген санаулы кришнаитпен заң жүзінде тең дәрежелі етіп қойғаны да өкініш болып отыр. Егер бүгін молда мектепке барып уағыз жүргіземін десе, ертең кришнаит келіп, балаларымызды қаланың ортасында сиыр бағуға шақырамын деп қиғылық салуы ғажап емес. Мәселе тағы да дін бостандығы туралы заңға барып тіреледі.

Сол үшін мемлекет әзірше білікті психологтар даярлауды қолға алып, қызмет сапасы мен белсенділігіне көңіл бөлген жөн. Бұл орайда, оқушылардың жоғарыда айтылған пікірлеріне құлақ асқан абзал.

Жалпы, жасөспірімдердің пікірін біліп, олармен санасып тұру – суицидтің алдын-алудың бір жолы. Өйткені олардың да өз орталары, кез келген мәселеге қатысты пікірі, айтар сөзі бар. Сол себепті, жасөспірімдер ортасының психологиясын, талап-тілектерін ескерген жөн. Олармен мейлінше сыпайы болудың да артықтығы жоқ. Бұл олардың өмірге деген ынта-жігерін оятып, өздерін қоғамның бір мүшесі екендіктерін сезінуге септігін тигізеді. Негізі, кез келген орта кішігірім мемлекет тәрізді. Оның да өзіне ғана тән заңы, топ бастайтын басшысы болады. Жасөспірімдер ортасының кейбір заңдары тым қатал болуы мүмкін. Өйткені, ол ортада қателікке, салғырттыққа жол жоқ. Ол жерде де кешірілмейтін жайттар бар. Егер біреу салғырттыққа жол берсе, айналасындағылар оны қыспаққа алып, қателігін бетіне басып, өздерінше үкім шығарады. Бұл көбіне 8-11 сынып оқушылары арасында кездеседі. Сол себепті еліміздің психологтары ата-аналар мен ұстаздарға балиғатқа толған баланың әр қадамын бақылауға алып, онымен жиі сөйлесіп тұруға кеңес береді. Бұған қатысты Алла елшісі (с.ғ.с.):«Баланы алты жасқа келгенше, патшадай көр. Он екі жасқа келгенше, құл сияқты жұмса. Одан кейін құрдасыңдай сырлас, ақылдас», – деп бала тәрбиесінің ең маңызды тетігін атап көрсеткен. Өйткені, айналасының қолдауы, өзіне деген назары кез келген адам үшін демеу екені сөзсіз.

Суицидке итермелейтін нәрселердің тағы бірі – үмітсіздік. Бұл тұрмысы төмен отбасыларда жиі кездеседі. Кейбір ата-ана баласының көзінше тұрмыстық мәселелердің шешімін таба алмай, аяғы әке мен шеше арасындағы кикілжіңге ұласып жатады. Тұрмыстық қиыншылыққа байланысты ата-ананың дау-дамайын көрген баланың бойында үмітсіздік қылаң береді. Тіпті бұл жағдай баланың болашаққа деген сенімін мүлдем жойып жіберуі мүмкін. Сосын бұлыңғыр болашақтан құтылу мақсатында олар суицидті таңдайды.

Мамандардың айтуынша, өзін-өзі өлтіруге саяси және экономикалық жағдайдың да әсері мол. Өйткені, 2007-2009 жылғы экономикалық дағдарыс кезінде елімізде суицид құрбандарының саны артқан. Олардың көбінің басты себебі – банктен алған несиені қайтара алмаудан болған. Жалпы, дағдарыс кезінде әлем бойынша суицидтің көбеюі қалыпты жағдайға айналып барады.

Хадис-шәріптерде «ақырет жақындағанда адам өмірі құнсызданады» деп көрсе-тілген. Бұл жөнінде Әбу Һүрәйрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шы-бын жаным қолында болған Алла тағаланың атымен ант етемін. Сондай бір заман келеді, ол уақытта кісі өлтіруші не үшін өлтіргенін және өлтірілген не үшін өлгенін білмейді», – деген. Келесі бір хадисте: «Бір адамның жарақаты бар еді. Ол өзін-өзі өлтірді. Сонда Алла тағала: «Пендем өз бетімен менің алдымнан шықты. Мен оған жәннатты харам еттім», – деді», – делінген. Демек, өз-өзімізді өлтіріп ешқандай қиыншылықтан құтылмаймыз. Қайта одан да ауырына тап боламыз. Сол үшін соңғы шешімді суицидтен іздемеуіміз керек.

Оның үстіне өмір – Алланың адамға берген ең үлкен нығметі және аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамай, өлшеулі өмірді өнегелі өткізсек, ең бірінші өзіміз үшін пайдалы. Сондай-ақ, Жаратушының бергеніне үлкен жауапкершілікпен қарау есеп күніне дайындықтың алғышарты екендігін де ұмытпағанымыз абзал.

Пайдаланған әдебиеттер:

1-2. «Мектептегі психология» 2006 №1-2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   650   651   652   653   654   655   656   657   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет