Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет77/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Биболатова К. (Қызылорда)
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары десек, оларға тәлім-тәрбие, тиянақты білім беруді нақтылап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі заман талабы. Модульдік технологияны пайдалану арқылы оқушының белсенділігін арттыруға, өзіне деген сенімін күшейтуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, ізденгіштік қасиетін дамытуға, шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік туады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде балалардың санасына қоғам байлығы, экологиялық хал-ахуалдың толыққанды болуымен анықталатындығын ұғындыра отырып тәрбиелеу – экологиялық білім беруші мұғалімдердің басты міндеті. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы» елімізде белең алған экологиялық ахуалды жақсартудың көптеген жаңа мүмкіндіктерін айқындайды. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарастыруға тиіс білім беру саласындағы экология мәселесі жөніндегі бірқатар нақты міндеттерді атап көрсетті.



  • үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыруда оқытудың барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларына экология және экологияны тұрақтандыру мәселелерін енгізуді негізге алу;

  • міндетті және қосымша білім беру жүйесіндегі экологтарды дайындау, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру;

  • экологиялық білім беруге мемлекет тарапынан қолдау көрсету;

Бүгіндері өмірден экологияның қатысы жоқ сала таппайсыз. Айнала қоршаған ортадағы табиғи үйлесімділік заңының бұзылуына адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырған экологияны пән ретінде мектеп қабырғасынан жас ұрпаққа оқыту мәселесі де күн тәртібіне қойыла бастады. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болау мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланыс әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.

Дебат сабағы - мұғалім – оқушы, әсіресе оқушы. Бұл қу әдісінде әр оқушының белсенді іс-әрекеті, білімі топтың басқа мүшелерінің біліміне тығыз байланысты болады. Өйткені дебат - ғылыми сөз өнері, яғни, сөз жарыстыруға, жазбаша және ауызша шеберлікпен ғылыми тілде сөйлеуге, құжаттармен жұмыс істеуге үйретеді.

Сайыс сабағы – оқушылардың өзара білім жарыстыруы мен жұмыс істеу икемділіктерін көрсете білуге жаттықтыру.

Түрлену технологиясы – сабақ барысында оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығая түседі, сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, пәнге қызығуы артады (Сарамандық сабақ, саяхат сабақ, прессконференция, конференция сабағы ).

Бұл сабақтардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі – мектепте экологиялық білім беруде компьютерлік және ақпараттық оқытуды қолдану.

Экология ғылымы - ХХ ғасырда өзінің қалыптасу кезеңдерін аяқтап, көпсалалы ғылым деңгейіне көтерілді. Оның негізгі алғышарттары: Жер шарындағы халық санының артуы, ғылыми техникалық прогресс, ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарының дамуы.

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары тірі организм үшін үлкен рөл атқарады. Әсіресе, климат – организм үшін шешуші фактор болып табылады.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технология бойынша биология пәнінде экологиялық білім берудің кейбір мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларға табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеруде үлкен рөл атқаратындығын байқаймыз. Осыған байланысты бүгінгі таңда жаратылыстану пәндері бойынша оқушыларға экологиялық білім беру мәселелері жақсы қарастырылып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет