Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ МОДУЛІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ



бет143/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ МОДУЛІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Мухамеджанов М. (Қызылорда)
Жас ұрпақтың шәкіртке берілген ғылыми білімнің мазмұнына тәуелді деп білсек,оның жүзеге асуы, оқыту арқылы орындалады. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі өз ойым бойынша әрбір жоспарланған үйрету сабаққа,қалған модульдерді еркін енгізуге болады. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және соған дағдыланады. Өздері ой қорытады,нәтижеге жетуге бет бұрады,ал мұғалім оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету арқылы жеткізеді. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталғанпәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. [МАН,49-бет].Осы орайда, өзімнің сабақ беретін оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға негіз бола алатын, ойлауға, талқылауға және талдау мен бағалауға бағытталған пәндік шешімнен нәтиже шығара білуге бағыт бағдар жүргізіледі.Дәстүрлі оқытуға мұғалім білімді беруші болып шектелсе, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушылық роль атқарады.Сабақта басты тұлға, басты кейіпкер ретінде «оқушы» болып саналады. Оқушыны зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға жетелеуіміз қажет. Осы жаңа білімді оқушыларға меңгерту үшін ең тиімді әдіс әңгімелесу, сұрақ-жауап, және диалог болып табылады.Өз пәнімді оқытуда сурет салуды сүю-өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю.Ол оқушының ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді.

Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жаңашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, осы бейнелеу өнеріне жастай баулып, тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Осыған сай менің проблемам: өнердегі сұлулықты көруге, түсінуге, өзін-өзі бағалай білетін белсенді тұлғаны тәрбиелеу, ал мақсатым: әрбір баланың бойында жалпы және арнайы дарын көзін тауып,оқушыны дамыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму кезеңіне сәйкес оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны мен әдісін құру.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін фактілерлер мен идеялар, мәліметтер, мәтіндер мен теориялар сияқты білім қоры керек.Осы модульдің арқасында дәстүрлі таным процесі даралық сипатқа ие болады.Сыни тұрғыдан ойлау сауалдар қойып, шешімінтабу керектігін аныңтаудан басталады. Сабаққа дайындалу барысында, оқушыларға күнделікті кездесетін, танымалжәне оларды талғандыратын мәселелерді анықтап, содан кейін, оқушыларға өз бетінше осы жағдаятты талдап, шешуге көмектеседі.Ақпараттарды, мәліметтерді жинап,мәтінді талдау арқылы, пікір алмасу, өз ойын ортаға салу, топта талқылауды мүмкіндіктерінше қолдану,оқушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап табады.

Оқушыларды жұптық, топтық, ұжымдық оқыту кезінде - Оқушы – оқушы,оқушы – мұғалім, арасында диалогқа түсіре отырып, әр оқушы өзін еркін сезінуіне, мұғаліммен және өзара ынтымақтатықта тығыз байланыс орнатуына ықпал жасай отыра,оқушылардың ынтасын көтеру арқылы білім сапасын арттыруды көздедім.Менің «Сәулет өнері» тарауы бойынша, «Өзіндік ізденіс тапсырмасы»тақырыбындағы сабақта мұғалім мен оқушы арасында диалог құрылды.Мен сұрақ қою арқылы оқушылардың өз ойын ортаға салды.

Сұрақ:Сәулетші ғимарат құрылыстарын құру үшін ұандай мақсатты көздейді?

А есімді оқушының жауабы:Сәулетші ғимарат құрылысын құру үшін сызба сызады.

Е есімді оқушы:«Үйлердің сәулетті салуына мақсат қояды»

Сұрақ: Балалар,Қазақстанда сәулет өнері қай ғасырда дамыды? Мысал келтір.

М есімді оқушының жауабы: Менің ойымша, орта ғасырда дамыды,мысалы:Қоха Ахмет Яссауи мешіті,Айша бибі кесенесі, Арыстанбаб кесенесі.

С есімді оқушы: Мен Түркістанға барғанымдаҚожа Ахмет Яссауи мавзолейіне болдым.Тарихымен таныса отырып,ол Әмір Темірге арнап салдырыпты ішінде әйгілі «Тайқазан» бар-деп, жауап алынды.

Міне, осы жауаптар арқылы, мен оқушылардың тарихты білетіндігі жайлы түсіндім.Сыни тұрғыдан ойлауды оқу тәрбие аясында қолданатын мұғалім шыдамдылықты және басқа оқушыларды тындай білуге, өзіне деген жауапкершілік сияқты ұтымды ой жеткізуге қажет болатын қасиеттерді дамуға ерекше көңіл бөлінеді.

Оқушылардың таным-білім, өзіндік ізденіс қабілеттерін дамыту мақсаты бойынша топта талқылаудағы мүмкіндіктерді қолдану арқылы жұмбақтың шешуін бейнелеу арқылы көрсетті.Бұл топтық жұмыста оқушылар талқылау жұмыстарын жүргізіп,оқушы меноқушы арасында диалог жүргізді.Мысалы: «Бір үйге көзсіз боп басынды сұғасын,бұл үйден көреген болып шығасын» -деген жұмбаққа талқылау жүргізіліп,шешім қабылдау арқылы жауабын «мектеп» салынған ғимарат арқылы берді.



Ойларын жүйелеп,ой-ұшқырлығын білу арқылы геометриялық денелер арқылы үйдің құрылысын тұрғызу мақсатында, жеке тапсырма берілді.Осы тапсырма арқылы өз ойларын сол тұрғызылған денелерден үйлердің қабырғасы төртбүрыш болатындығы,шатыры үшбұрыш және терезе,есіктері әр-түрлі геометриялық денелерден тұрғылғаны көрінді.

Ойлану белсенділігі тану мақсатында әр топқа «Ойлан, тап» суретті жұмбақ тапсырмасы берілді. Суретте қанша аң мен құстар бар екендігін табу. Осы тапсырмада оқушылар өз ойларын жинақтау арқылы әрқайсысы өз жауаптарын ортаға салып жатты. Ойлау нәтижесінде, осы "Ойлан, тап" суретті жұмбақта жалпы 16 аң мен құстар бар екендігі айтылды. Ортаға салу барысында, оқушылардың сабақтың бағалау кезеңінде бағалау парағындағы критерийлер бойынша оқушылар бір-бірін бағалады. Сабақтың бұл кезеңі ең қиын кезең болды, бірінші сабақта өздері құрған ережелері бойынша барлығы шынайы болу керек болса да, кейбір оқушылар топтағы сыныптастарын бағалауда шынайылық білдірмеді..

«Сәулет өнері» тарауының «Сәулет өнерімен танысу» сабағында сәулет өнеріне деген ой жинақтарын, пікірлерін тапсырмалар арқылы, әр оқушы өз деңгейлерін көрсету арқылы өз-өздерін бағалады.Топтық жұмыс бастамас бұрын, жеке жұмыстан бастағым келді, себебі оқушыларға қала атауларын арқылы, сол қалаларда қандай сәулетті нысандар бар екендігі жайлы, "Сәйкестендіру тестін" интерактивті тақтаға берілді.Өзіндік ізденіс, жеке ойлау қабілеттері байқалды.Осы жерде оқушы мен оқушының арасында бір бірінің дұрыс бұрыстығын айту барысында диалог жүрді.Топтық жұмыс бастамас бұрын, сәулет өнерінің түрлеріне байланысты сурет қиындылары берілді.Оқушылар іздену, сійкестендіру арқылы өз топтарын табады.Әлемдегі және өз еліміздің кереметтері жайлы бейне ролик қойылды.Бейнероликті көру арқылы,оқушыларға тапсырма берілді.Өздеріне белгілі, әлемде және өз еліміздегі керемет ғимараттарды жазу арқылы топта талқылап,өздерінің ойлау процестерін жеткізді.Көне тобының бақылаушысының жауабы:Біздің топтың ойларын қорытындысы бойынша,әлем және өз еліміздің жеті кереметтерін айтар болсақ, олар: 1.Қожа Ахмет Яссауи 2.Айша бибі кесенесі 3.Мысырдағы пирамидалар 4.Үндістандағы Таж Махал 5.Арыстанбаб кесенесі 6.Қытайдағы Ұлы қорғаны7.Бәйтерек-деп жауап алынды.Бұл тапсырмада оқушылардың тарихын білетіні, әр оқушының өз ойын ортаға салғандығы байқалды.Сонымен қатар,сабақтарда сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы ойлау деңгейінің білу,түсіну, қолдану, талдаужәне осылардың барлығын жинақтап,өз-өзін бағалау тапсырмасы ретіндеБлум таксономиясы беріліп отыр.Оқушылардың осы тапсырма қиындыққа соққаны білінді.Көпшілігі талдауға келіп қиналды.Ал, бағалауға жеткен 2 оқушы байқалды. Ол оқушыларды дарынды және талантты балалар деп санаймын. Дарынды, белсенділігі жоғары оқушылар тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап жарыса жауап бере бастады. Алдыңғы сабақтарда үндемей отырып қалған кейбір оқушылардыңөзі сынып алдына шығып толық болмаса да, өз пікілерін айтуға тырысты.Яғни диалогтық оқыту тәсілі өз нәтижесін бере бастады.

Әр сабақтың соңындағы оқушылармен кері байланыстың өзі де диалогқа құрылды.Кері байланыс кезіндегі оқушылардың пікірлері, маған келесі сабақтарды жоспарлауымда сыни ойлануыма мүмкіндік берді. Мұғалімдер үшін бастапқыда қоятын сұрақтардың ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сауалдардың да маңызы зор.

Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Бұған дәлелдеме осы курстан алған жаңа модульдер, жаңа идеялар. Түрткі болусұрағын өткен материалға оралу, ойға салу толығырақ жауап алуға итемелеу үшін қоюға болады. Мысалы:Сәндік өнері мен сәулет өнерінің қандай байланысы бар? немесе Сәулет өнерідегі ескерткіштерге қандай стильдегі өрнектер қолданылады?

Сынақтан өткізу:сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.

Сынақтан өткізу әр бөлімді, тарауды қорытындылаған кезде жүргізілді.

Мысалы: «Сәулет өнері» тарауын қорытындылағанда:.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» деген сұрақтар сабақ өткізу барысында жиі қолданылады.Бұл соңғы сабақтарда оқушылар біраз машықтанып қалған, бір- бірімен тақырыптарды талдау кезінде де өздерінің күні бұрын дайындап келген материалдарын қолданып, уақытты тиімді пайдаланды, бұл жерде топтағы тайм –киперлердің рөлінде атап кетуге болады. Топтағы сыныптастарына үнемі қанша уақыт қалғанын ескертіп отырды. Дарынды, белсенділігі жоғары оқушылар тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап жарыса жауап бере бастады. Алдыңғы сабақтарда үндемей отырып қалған кейбір оқушылардың өзі сынып алдына шығып толық болмаса да өз пікілерін айтуға тырысты.

Яғни диалогтық оқыту тәсілі өз нәтижесін бере бастады.

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтарғана емес, оқушылардың жауаптарыменмұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында, мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды.Сұрақ қою маңызды: Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратын көрсетті. дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады.Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні айтылған (МАН,50- бет).

Шығармашылық бағыт бойынша еркін тақырыпқа байланысты сурет салуда,балалардың эстетикалық талғамдарының қалыптастыруына және оқушылардың көркемдік қабілеттерінің артуына көп көніл бөлінді.

Көркемдік тәрбие беруде бейнелеу өнерінің таөы бір басты атқаратын міндеті-ол әрбір баланың бойына біткен табиғи қабілетін дамыту,соған қолдау жасау,болашақта суретшілік мамандығын қаламаса да, өмірде қандай да болсын мамандықты жоғары дәрежеде меңгеруіне септігін тигізеді.Оған мысал:атақты Кеңес Одағының үш дүркін батыры,ұшқыш Иван Кожедуб мектеп қабырғасында үйренген сурет салу қабілетінің соғыс кезінде көп көмегі тигенін үнемі есінен шығармай айтады.

Бейнелеу өнерін оқыту, қандайда болмасын кез келген затты ешқандай өзгеріссіз шынайы етіп оқушылардың жас ерекшелігіне қарай бейнелеуге, орындайтын заттарына қарап,заттың формасына қарап құрылымын анықтауға үйретеді, талдау және есте сақтау қабілетін жүйелі түрде қалыптастырады. Сонымен, бейнелеу өнерін оқыту,сыни тұрғыдан ойлау жалпы оқушыларға көркемдік білім беруде зор мағынасы бар пән екенін көрсетеді,көру арқылы елестетуді арттыруға,шығармашылық қабілетті жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Сабағымның өтілу барысында, шығармашылық тапсырма «Менің қиялымдағы сәулетті үй» композициясы бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеті қандай дәрежеде екендігі және оны ары қарай мүмкіндік жасауды қарастырылды. Дегенмен, бұл сабағымды нәтижесіз деп айта алмаймын.Оны сабағыма қатысқан әріптестерімнің сабақ талдаудағы жақсы пікірлерінен де, сабақта қолданылған материалдарды, оқушылардың жұмыс істеу барысын суретке түсіріп алып, кейбір кезеңдерді қалай жоспарлағанымды қайта–қайта сұрап түсініп алуға тырысып жатқандарынан және оқушылардың кері байланыс парағына жазған ойлары мен тілектерінен де көруге болады. Келесі сабақтарда уақытты тиімді пайдалану үшін кемшіліктерді жоюдың жолдарын қарастырдым. Сабақта барлық оқушыларды қамту үшін, әр оқушыға мүмкіндіктерін ескере отырып үйде орындап келуге жекелеме тапсырма бердім және барлық оқушылардың орындап келген тапсырмасын қорғауға мүмкіндік беріп, әрқайсысына көңіл бөлуге тырыстым.

Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға жастайынан эстетикалық тәрбие беруде дамыған елдердің барлығы,оның ішінде Жапония елі көп көңіл бөледі. Бұл елде балалардың суреттерінен тіпті халықаралық деңгейде көрме ұйымластырылып, оның ішінде балалар суреттерінің өмірдегі алатын орны ерекше екенін түсінуге болады. Өзімнің шәкірттерімді осы жаңаша оқыту тәсілдері арқылы халықаралық деңгейге жеткізу. Оқушыларға сабақ барысында, топтық жұмыс жасау ұнады.Бақылау,байқау сыныпты бейнетаспаға тусіріліп, қайта көру арқылы,сабақ барысындағы оқушылардың жауабын жазып алу, тыңдау арқылы жүзеге асты. Оқушылар жаңаша сабақты қалай қабылдады? Оқушылардан байқалған өзгерістер:

-Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытты;

-Сыныпта орнаған ыңғайлы жағымды орта психологиялық тұрғыдан оқушыларға ұнамды болды;

-Жаңа біліиді игеруде жауапкершілігі арта түсті;

- Топтық жұмыстың артықшылығы анвқталды;

- Өз бетімен білім алу үшін, қосымша материалдарды іздестіруге тапсырма берді;

- Оқыту үдерісіне сыни тұрғысынан қарап, оқыту үрдісін бағалауды үйренді;

- Сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарда қолдану үшін, көп материалдарды жинақтап,дайындық қажет екендігін түсінді;

- Сыни тұрғыдан ойлауды ендіру үшін, сыныптағы оқушыларды жетік танып, білу керектігін анықтады;

- Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардан төмендегідей сұрақтарға жауаптар алынды:

- Дәстүрлі сабақтар мен жаңаша сабақтардың айырмашылығы болды ма?

- Оқушылардың өзін өзі бағалауы ұнады,ұнамады?

- Жаңша сабақтардың қай жағы ұнады,ұнамады?

Оқушылардың осы сұрақтарға жауаптарының 90% -ы оң мазмұнда болды. Олар дәстүрлі сабақтар жаңаша сабақпен салыстырғанда өте қызықты болғанын айтты. Топтық жұмыстың, диалог тәсілдері ұнағанын білдірді. Оқушылардың өздері бағалауды жүзеге асырылуы, сабақты дау жұмыстарын жоспарлауға қатысуы, олардың жауапкершіліктері арта түскенін түсінді. Мұғалімнің оларға көп еркіндік бергені ұнады. Сабақ барысында фотосуреттер, бейнефильм, бейнероликті талдау оны қорғау жұмыстарын жүргізу олардың шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылығын арттырғаны атап өтті.

Бейнелеу өнері сабақтарында қолданылған әдіс-тәсілдер, ұйымдастырылған жұптық, топтық жұмыс оқушыларға ұнады. Олар бұл әдістеме басқа пәндерді оқытуда қолданылса деген ниет білдірді. Дегенмен, оқушыларға оқыту тәсілдері ұнағанмен, топтық жұмысты қаламағандары да болды. Әрине бұл пікір пәннің ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Себебі, оқушы бұл сабақта жеке жұмыс жасауды қалауы түсінікті. Мұғалімнің өз оқушыларының физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік жағдайларын жетік білуі оқыту үдерісіне дұрыс стратегия қолдануға мүмкіндік берді.

Оқу-тәрбие үдерісінде сыни тұрғысынан ойлауды қолдануда мұғалімнің бұл білімдері мен қабілеттері өте қажетті болып табылады. Мұғалімнің түсініктерінің аясы неғұрлым кең болуы, жүйе салыстыруға және ерекше бір нәрсені ой елегінен өткізуден неғұрлым ортақ түсініктерге ауысуларына мүмкіндік алады. Сонымен қатар үйлескен бейне мен іс-әрекетті талдау демократиялық білім жүйесіндегі кәсіби дамумен жақсы ұштасады.

Демократиялық қоғамдағы жастардың белсенді өмір сүрулеріне сын тұрғысынан ойлау дағдысы, белгілі бір мақсатқа жетуде қажеттіні таба білу қабілетінің керек болатындығы анық. Оқушылар ауызша және жазбаша түрінде талдау жұмыстарын жүргізе білді,яғни өз ойларын қағаз бетіне түсіруді үйренді.Оқушылар оқуды баға үшін емес, жаңа сапалы функционалды білім алу үшін қажет екенін сыни тұрғыдан ойлау арқылы түсіне білді. Оқушылар осы зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижелерін басқа пәндерде қолданылса деген пікір тілек білдірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет