Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМБЕРУДЕАҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



бет155/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

БІЛІМБЕРУДЕАҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Омарова А.Ж.(Ақтөбе)
ХХІ ғасыр-тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт-бағдарын айқындап,әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып,үнемі өзгеріп отырады. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

Бүгінгі басты мәселеміз-білім сапасы десек,осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген және оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [2].

Осы жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында (2012 жылғы 14 желтоқсан) "Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз." деген сөзін басшылыққа ала отырып, отандық білім беру жүйесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізе отырып оқушылардың білім сапасын арттыруымыз қажет [3].

Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Осыған орай жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамыту көзделеді:-білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету; логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу [9].

Жаңа ақпараттық - комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді [6].

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару).

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу; жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар); қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету [5].

Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:



  • ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;

  • бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  • оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;

  • пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;

  • бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­дия­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;

  • педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру [7].

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиялары бағыттарының бірі– оқу үдерісінде электрондық оқулықтарды енгізу. Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі орасан зор. Теориялық материалдар әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. [1].

Оқыту процесінде электронды оқулықты пайдалану арқылы:оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады, оқытудың көрнекілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді; абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді, есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді; мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарда мынадай жағдайдарды ескеру керек:

- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

- электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтиды.

Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

- өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

- оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;

- жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

- түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

- оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

- қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды-оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпынысы бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігі көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім, бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарлата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі [4].

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды оқытудың ақпараттық –коммуникациялық технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беруде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Олай болса, педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі мыналар болып табылмақ: жаңа ақпарат беру; заманауи технологияны меңгерту; іздендіру; өз бетімен жұмыстарды орындату; ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту; іскерлік пен дағдыны қалыптастыру; қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру; топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б. [8].

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы аса мол.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек [3].» деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқыту үдерісінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын пайдаланып оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлестерімізді қосуымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет