Жолдасова Б. Инновациялықтехнологиялардыбілімберудеқолдану. Білім, №2, 2008ж.
Төлеубаева Г. Тарихтыоқытудағыәдістемеліктехнологиялар. Қазақтарихы, №2, 2009ж.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ Төребекова М. Қ.(Ақтөбе) Білім берудің ұлттық жүйесін дамыту жағдайында білім беру үдерісінде инновацияларды қолдану мен аппробация, жүйелік эксперименттермен сипатталатын білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі басым сипатқа ие болып отыр. Қазіргі таңда педагогтар қауымы алдында тұрған маңызды міндет біріншіден, білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болса, екінші жағынан дәстүрлі тұрақты ұлттық білім беру құндылықтарына сүйенетін инновациялық технологияларды қолдану болып табылады. Педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім беру жүйесін модернизациялауға алып келді. Бұл саланың болашақта қарқынды дамуының мүмкін жолдарының бірі инновация болып табылады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағына. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.