Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет173/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Инновациялық процес – білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет.

Инновациялық білім процесінің негізінде екі маңызды педагогикалықпроблема жатыр:

1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.

2. Психологиялық – педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.

Қазіргі инновацияның басым көпшілігі тарихи тәжірибелермен өзара сабақтастық сипат алуында. Бұл инновациялық процестердің мотивациялы-мақсатқа бағыттылығын және құру, меңгеру, қолдану және қазіргі теорияларды осы жағдайға бейімделген, сонымен қатар өзекті, айқындалған белгілі бір критерийлерге сәйкес. Бұндай бейнеде аталмыш бағыт жаңашылдық енгізілген жүйені сапалы жақсартуды ұсына алатын бағыттылық.

Теориялық - әдіснамалық деңгейде іргелі мәселелердің көтерілуі Н.И.Лапина, А.И.Пригожина, Б.В.Сазонова және басқа да Ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектерінен көрінеді.

Педагогикалық қызметтегі инновациялық проблемалардың шешімін табуды іздестіру білім беру саласындағы инновациялық процестердің ағымы ерекшеліктері мен зерттеудің маңыздылығының, құрылымының, жіктелуінің нәтижелеріне ие талдаулармен тығыз байланысты.

Педагогикалық процесте инновацияны енгізу мақсатқа, мазмұнға, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдеріне, мұғалім мен оқушының қазіргі қызметін ұйымдастыруға жаңалықтар кірістіруде. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің маңыздылығын түсіну екі маңызды педагогика мәселелерініңалдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тарату мен қорыту, зерделеу мәселелері, сонымен қатар тәжірибелік қызметке педагогикалық, психологиялық ғылымдарының жетістіктерін енгізу мәселесі. Бұндай бейнеде инноватика пәні инновациялық процестердің мазмұны мен механизмдері өзара тығыз байланысты құрылымды, педагогикалық тәжірибелерді қорыту және оларды тарату соңғы мақсаты массалық практикада жаңаны, алдыңғы қатарлы істерді енгізудің объективті өзара байланысуын ұсынады. Демек, инновациялық процестердің нәтижесі біртұтас педагогикалық процесте теориялық және практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.

Теориялық инновацияға теориялық процестердің негізінде алынған ғылыми-зерттеу іс-әрекеті нәтижесінде алынған оқыту мен тәрбиелеудің, оқыту әдістерінің қағидалары, жаңа тұжырымдамалар мен тәсілдер, болжамдар, басым бағыттар және заңдылықтар, сонымен қатар классификация да жатқызылады. Практикалық инновацияға жаңа әдістер, ережелер, алгоритмдер, бағдарламалар мен ұсынылымдар жатқызылады. Бұндай жағдайда ұсынылып отырған жаңалықты енгізу тиімділік, нәтижелілік, шығармашыл қолданудың мүмкіндігіне қатысты негізділік критерийлеріне сәйкес келуі қажет.



Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың ұштасуында көрініс беретін теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.

Осы орайда В.Клипатрик жаңа педагогикалық жүйенің үш негізгі құрамдас бөліктерін көрсетеді:



  • Оқушылардың қызығушылықтарын тудыратын оқу материалдары;

  • Мақсатқа бағытталған іс-әрекет;

  • Оқыту өмірдің үздіксіз құрылымы және оның жоғарғы сатысы ретінде.

В.Клипатриктың жұмыстарында инновациялық процестерді жобалаудың төрт түрі кеңінен орын алады:

  • Құрушы (өндірістік);

  • Тұтынушылық (соның ішінде басқа да мәселелермен байланысты);

  • Мәселелердің шешімін табу немесе зияткерлік кедергілер проектісі;

  • Жаттығу проектілердің болуы.

Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Бұндай бейнеде білім мен білік критерийлері және оларды инновацияны бағалауда қолдануда педагогикалық шығармашылықтағы педагогтардың жан-жақты мүмкіндіктерін туындататын негізін қарастырады. Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыттылық қазіргі қоғамның даму шарттары келесідей факторлармен анықталады:



  1. Әлеуметтік-экономикалық түрлену білім беру жүйесінің түп негізімен өзгеріске ұшырауы мен жаңғырып, жаңаруына, әдіснама мен технологияны оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырылуының қажеттілігін көрсетті.

  2. Білім беру мазмұнын гуманитаризациялаудың белең алуы, оқу дисциплина құрылымдарының, көлемдерінің үздіксіз өзгеруі, жаңаоқу пәндерін енгізу, оқыту технологиясының, ұйымдастыру формаларының жаңаша әдіс - тәсілдерін табуда үздіксіз ізденімпаздықты танытуды қажет етеді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.

Инновациялық процестерді біртұтас ұғыну жетекші тенденцияларды және олардың дамуындағы қарама - қайшылықтарды ашып көрсетуді талап етеді. Инновациялық процестер қазіргі білім берудің қажетті тенденцияларының жетекшісі болып табылады.



Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. 

Бұл құбылыстарды заңдылық ретінде қарастыру келесідей тенденциялардың көрініс беруін болжалдайды:



  • Үздіксіз білім берудің барлық сатыларының кешенінде әлеуметтік экономикалық және педагогикалық мақсаттарды шешімін табу қажіттілігі мен жүйенің өзгеруіндегі қойылатын педагогикалық талаптар мен оның негізгі бөліктері тәрізді әлеуметтік мәселелер де жаңа мен ескіліктің арасында бой көтеруде;

  • Білімді дифференциациялау білім мазмұнының басым бөлігіне практикалық және теориялық материалдардың кең көлемде енгізілуінің қажеттілігін болжалдайды;

  • Шығармашылы тұлғаны қалыптастыратын оқыту әдістерінің қажеттілігі көбеюде;

  • Педагогикалық ойлау парадигмасының өзі өзгерісті қажет етеді, ал бұл дегеніміз -тапсырманы орындау барысында жүйелі ойлаудың мақсатқа бағытты, үздіксіз дамуын қажет етеді;

  • Педагогтар арасында жаңа педагогикалық білімнің қажеттілігі;

  • Инновациялық процестерді енгізу кезеңдері.

Сонымен, жоғарыда айтылған ойларды қорыта келгенде, білім жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқытумен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлері, жаңа мазмұнын әзірлеуге қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінді мектепті принципті жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет