АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ
Аймагамбетова Ш.Ж. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «... біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді. Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол жиі өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы делінген».
Жаңа XXI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптарымен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.
Бұл ғылым - әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін көптен толғандырылып келе жатқан, әліде толық шешімін таппаған күрделі мәселе. Бүгінгі мектеп жағдайына, оны іске асыру мұғалімнен өте көп жұмысты талап етеді. Басқаша айтқанда, мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі. Бірақ ол компьютерлік технология көмегімен бұл қиындықтан шыға алады. Дәстүрлі оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырта оқыту әдістеріне салыстырмалы түрде талдау жасасақ, компьютерді оқу үрдісіне пайдалану барысында, оқушы мен мұғалімнің бір – бірінен тәуелсіз жұмысы олардың бірлесіп атқаратын әрекетінен көп болатыны байқалады.
Оқу үрдісіне компьютерді пайдалануға негізделген жаңаша жаңғырта оқыту әдістері бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан мұғалімнің оқу үрдісіне техникалық және ақпараттық құралдарды мақсатты түрде кеңінен пайдалануы оқушының дамуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі реформаға сәйкес педагог мамандардың жаңа идеяларды және білім беру технологиясын игеруде ақпараттық мәдениетін дамыту және қалыптастыру басты міндет болып саналады.
Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдануы мұғалімнің мүмкіндіктерін кеңейтеді, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану қазіргі өзекті мәселені біріне айналу даусыз. Ақпараттық технологияны пайдалану қалыптасып келе жатыр. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әр бір география мұғалімінің міндеті. Әрине электрондық оқулықтарды қолданудың әсері мол.
География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
ХХІ ғасыр – ақпаратты технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Сондықтан қазіргі оқу үрдісіне оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек.
Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Бұл оқулық география пәні бойынша білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.
География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың геграфия сабағында материктер мен, оның дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халық жайында, қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайданумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін, жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн.
7- ші класта өтетін материктер мен мұхиттар географиясы курсында оқушылар материктер мен дүние бөліктері тарауында географиялық орнынан бастап, елдері мен халқы және жекелеген елдер мен танысумен аяқтайды. Әрбір материктің географиялық орнын анықтап, оның географиялық объектілерін (бұғаздарын, шығанақтарын, түбектерін, аралдарын, теңіздерін, өзен-көлдерін, сарқырамаларын, тауларын, жазықтарын, ойпаттарын, үстіктерін, шөлдерін және т.б.) картадан жаттанды түрде көрсету, үшін оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру электрондық оқулықтың көмегі арқылы іске асады.
География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық – технологияларды пайдалану оқушылырдың білімін одан әрі жетілдіреді. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тарау соңында өтілетін тақырыптарда мемлекеттердің орналасуын, олардың астаналарын, мемлекеттік туын, мемлекеттің пішінін және шекаралас елдерін есте сақтау үшін электрондық оқулықтардағы ойын түрлерін қолдануға болады.
Сарамандық жұмыстарды орындағанда атласты пайдаланбай кескін картаға кез – келген географиялық объектілерді түсіре алады.
Ойын шарты: Компьютердің мониторында «Тренинг» көрсетілісімен оқушы перне тақтасындағы (клавиатура) Enter –ді басып дүние бөлітерін таңдап алады. Мысалы: Азия – монитор бетінде Азияның кескін картасы пайда болады, сол жақ беткейінен мемлекеттің пішіні шыға бастайды. Оқушы мемлекет пішінінің орнына орналастыру керек. Мемлекетті дұрыс орналастыруына байланысты ұпай беріледі. Оқушы оны курсор арқылы реттеп отырады. Ойын 10 (он) деңгейден тұрады.
Оқушы 1 – деңгейден озіне тиісті жалпы ұпайды жинап алса, келесі деңгейге көшеді. Әрбір деңгейде ұпай саны өсіп отырады. Әрбір деңгейден соң тапсырма қиындап отырады. Оқушылардың атласты меңгеруінде пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделі деңгецде (қарапайым, орташа, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді. Оқушы өзінің танымдық белсенділігі, жылдамдық әрекеті және есте сақтау қабілеті арқылы 10 деңгейді меңгерсе, онда ол дүние бөлігін немесе материкті толық меңгергені.
Мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуі керек, себебі есептеуіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі саналады. Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастырады.
Екіншіден, мектепте оқытылатын әр бір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім, оқушылардың алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.
Қорыта келгенде: мультимедиялық электронды оқулықпен оқыту арқылы-білім берудің; интенсивті, автоматты үрдісін; ойын түрін пайдалануға; оқушының жеке қабілетін есепке алуға; білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп; оқушының өздігінен білім алуға; пәнге қызығушылығын арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |