БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бисенбаева А.З. (Ақтөбе)
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» ҚР-сының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі–ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бұдан кейін АКТ пайдалану. АКТ- ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіруде, мұғалім өз білімін дамыту шеңберін шыңдап, білімнің жаңалықтарын меңгеріп отыру үшін ақпараттық мәдениеттілік өте қажет. Ақпараттық мәдениет ең алдымен компьютерлік сауаттылықтан басталады. Мұғалім ақпараттық негіздерді меңгеріп қана қоймай, оны тиімді пайдалану, интернет желісімен жұмыс жасай білу, электрондық пошта қызмет жүйесін толық меңгеру, алынған материалдардан портфолио, банк жинақтау, алынған ақпаратты өз пәнінде пайдалану техникасы мен соған сәйкес бағдарламалық жабдықтама жасау, ақпаратты алу, өңдеу,тасымалдау, ақпараттар орталығын пайдалана білу сияқты сауаттылықты меңгеру өте қажет. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға,яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау,тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.Әртүрлі пәнаралық мәселелерді шешу барысында білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақтарды дидактикалық материалдармен, электрондық оқулықтармен,көмекші құралдар пайдалану тиімді.Сондықтан кез келген білім берусаласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран » болып табылады .«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік–бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет.Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс — әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісіндежаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде жұмыс жасауға болады.Оқыту процесінде ақпараттық технологияны пайдалану және көрнекі құралдар,интерактивті тақтаны қолдану,берілетін сұрақтар,ситуациялар, әңгімелер,тарихи оқиғалар, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды жүзеге асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болу керек. Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді ,нақтылы оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, ол деректерді өзара байланысын ,бір-біріне әсерін,басты әлеуметтік, экономикалық немесе рухани ортақ заңдылықтарын ашуды көздеу тиіс. Мысалы,математика пәнін оқытуда жаңа информациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-білімгерлерге білім алу процесінде көмектесу және оқытушының уақытын үнемдеу барысында интерактивті тақтада арнайы пәнге арналған тор тақтасы, координаталар осі,көбейту кестесі, формулалар, т.б. енгізілген.Сабақтарды бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мульти-программалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтық басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері АСТІV BOARD тақтаның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланып оқыту қызықты. АСТІV BOARD интерактивті тақтасын барлық бағыттағы мамандықтар пайдаланып,оқыту процесінде жаңа технология бойынша оқыту қажет. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;оқушының есте сақтау қабілетін ескеру жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау.Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, саяхат -сабақ және т. б. пайдалануға болады.Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
1.Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
2.Ақыл - ойын дамытады;
3.Шығармашылық белсендігін арттырады;
4.Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
5.Тіл байлығын жетілдіреді;
6.Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ- ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс -әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алады.
Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды :иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с. көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қорыта келе, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты тәрбиелеу- қасиетті ұстаздық борышымыз .
Достарыңызбен бөлісу: |