Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістерімен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу мақсаты білім беруді ақпараттандыру процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру.
Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу процесінде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейін анықтау және оның оқу процесіне әсері.
2. Жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютерді пайдалану арқылы ұйымдастыра білу.
3. Компьютерді пайдаланып өткізілетін сабақтарды өзара бір –бірімен сабақтастыра білу және оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау, оны бағалай білу.
Алған міндеттерді орындау негізінде мынадай нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу
Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
дидактикалық;
бағдарламалық ;
техникалық ұсыныс;
пәндік аумақта қолдануы.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді. Интерактивті тақта мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларғаақпараттық білім негіздерінберу, құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік- ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интелектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Жаңа технологияны оқушы бойына сіңіру теориялық білім мен практикалық дағдыны шебер үйлестіруді талап етеді.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды,өнертапқыш, ізденімпаз ,талапты,өз алдына мақсат қоя білетін тұлға. Оқу үрдісінде мұғалім оқушылардың бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білу керек .
Достарыңызбен бөлісу: |