Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚУШЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ



бет612/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ОҚУШЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ
Тобылбаев Е.Т., Куканова Л.Ж. (Ақтөбе)
Адам естіп білгені арқылы ғана жетілмейді,

еңбек пен іс- әрекет үстінде қалыптасады.

А.Эйзенштейн
Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым», деп Ж.Баласағұн айтқан екен. Білім жүйесіндегі үлкен өзгерістерді өз мәнінде жүзеге асыру үшін мазмұндық өзгерістермен бетке-бет келіп отырмыз. Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие процесін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда болып, кәсіби дайындықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық көрсетілуде. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет етеді.

Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағытта мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Сондықтан, қоғамда болып жатқан әртүрлі шаралардың негізгі мақсаты бір, ол заман ағымынан қалып қоймай, өркениетті мемлекет құруға ұмтылыс жасау.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: Білім берудің мазмұны жақсарып, жаңа көзқарас, үйлесімді қарым қатынас пайда болуда, білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Әр ұстаз, тіпті әр адам үш нәрсені ескергені абзал: «білім» бар және «білімді үйрену (оқу)» бар, сонымен қатар, «білімді қалай үйрену» (қалай оқу) бар. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - білімді қалай үйренудің жолын үйрету. Барлық адам білімнің бар екенін біледі, білімді үйрену керек (оқу керек екенін) біледі, бірақ барлық адам білімді бола бермейді. Неліктен олай?! Өйткені, кез-келген адам білімді қалай үйрену (қалай оқу) керектігін білмейді.

Білім берудің басты мақсаты – оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту болып табылады.

Атап айтқанда педагог ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:



  • құзырет – білім алушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алу;

  • құзыреттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесін және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін тәжірибелік әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілік;

  • құзырет – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, біліктілігі, дағдысы, мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

  • құзырет – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

Ал «Құзірет» - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Құзырет - қойылған мақсатарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындау. Жеке, қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастыру мақсатында табысты іс - әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыс болып саналады.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтаға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым – қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін- өзі бағалауға, өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.

Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Жаңа білім беру стандартында білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзіреттіліктер түрінде берілген.

Білім мазмұнының жаңғыруы жағдайында оқу үрдісін жүзеге асырудың негізі міндеттеріне мыналар жатады:



  • білімдік үрдіске қатысушы әрбір субъектінің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;

  • өмірдегі басты мәні бар әрекеттің бірі деп танылатын шығармашылық жайлы көзқарастар қалыптастыру;

  • әр субъектінің шығармашылық әрекет түрлерін, оны дамытудың технологияларын меңгеруге көмектесу;

  • өзінің шығармашылық деңгейін анықтаудың, оған баға беріп, тиімді пайдаланудың тетіктерін үйренуге ықпал ету;

  • шығармашылық әлеуеттік дамуына кері әсер ететін кедергілерді жеңе білуді меңгеруге әсер ету болып табылады.

Бұл оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педогогикалық – психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жлдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезендерін қамтиды. Оның ішінде:

Оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегі қағидалар есте сақталуы қажет: оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету; нақты нұсқауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару; талқылау кезінде баға беруге асықпау; білім алу барысында балаларға көмектесу: өз бетінше проблеманы шығару; проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру; пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау; ақпартты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау; өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

Оқудың нәтижелі болуы-ұстаздың еншісінде. Әр ұстаздың оқытуға қатысты өз мақсаты мен ұстанымы болары анық. Пажарес оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.

Адамның ұстанымы дұрыс болса, оның сөзінің төркіні, амал-әрекеті дұрыс болмақ. Пажарестің бұл сендіруін оқымас бұрын да менде осы іспетті пікір болған. Осы ұйғарымға қатысты менің ұстанымдарымның бірі әр мұғалім сабаққа қатысты мақсатын нақты анықтап, талдай алуы қажет. Өйткені сабақ үстіндегі әрбір іс-әрекет қойылған мақсатқа тікелей байланысты.

Хэттидің пайымдауынша, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерінің арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған екен. Қорыта келе, мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі мәліметтерді іздестіре отырып, бейімдеп қолданса жетістікке жетеді деп ойлаймыз.

Сондықтан да шәкіртке терең және тиянақты білім беру, оны ғылыммен өзара байланыстыру арқылы ойлау, пікірлесу қабілеттерін дамытуға қатысты материалдарды түсіндіру, білімдері мен икемділіктерін, өз ойымен және тәжірибемен ұштастыру арқылы жеткізе алу дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше деп білеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет