«Неге? Неге? Неге?» әдісі Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Әңгімеге негізделген жазу» Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Шақыру қағазы Егер дұрыс бұрылмаса сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
«Алғыр оқушы» ойыны. Әр партада екі оқушы, текст бойынша 10 минут сұрақтар жазады да, бір-біріне сұрақтарын алмастырып, жауап бере алмаған сұрақтарын бір-біріне түсіндіреді. Қай оқушының алғыр екенін мұғалім анықтайды.
« Температура өлшеу әдісі ». Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.