«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» жинағы Құрастырған: Айтжанова



бет9/15
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114588
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»

1. Шақыру қағазы
Оқушылар мазмұны кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.
2. Хат
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.
3. Ашықхат
Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.
4. e-mail
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады..
Кері байланыс түрлері
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
Кері - байланыс әдістерінің бірі:
«Тазалық» ойыны
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет