Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам:Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
Себептері Мәселе
Себептері «Хат жазысу» Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды.
Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар аралы» болып табылады.
«X және Y» Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?
Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.
«Чемодандар» Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.
«Шаршыдағы қоңыз» Тақтада төмендегідей сурет ілінеді. 9 ұсақ шаршыдан құрастырылған үлкен шаршы ортасында қоңыз суреті. Бастаушы суретке теріс қарап тұрып, қоңыздың ұшу бағытын айтады, егер қоңыз шаршы сыртына шығып кетсе, қатысушылар қол соғады. Бастаушы ауысады. Бірнеше рет қоңызды шаршы сыртына шығарып алса, онда сурет алынып тасталып, қатысушылар қоңыздың бағытын оймен елестете отырып, қол соғады. Мысалы: Қоңыз ортада, оңға ұшты, жоғарыға ұшты, оңға ұшты. Қатысушылар қол соғады, себебі қоңыз сыртқа шығып кетті.
Бұл ойын оқушылардың кеңістікте ойлау дағдысын дамытады, зейінді шоғырландырады.
«Шаршылар» Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.