Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан «А Ә б в»



бет65/67
Дата15.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#101599
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

«Ыстық орындық»
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.


«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест»
Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.



«Эстафета»
Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай уақыт бөлінеді. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін, қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтап, жеңімпаздарды белгілейді.

«Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабынсыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптыңқасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды жәнеөздерінің көз қарастарын дәлелдейді.


2. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмысжасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтықталқылауға ұласады.
3. Stop-кадр. Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экрандатоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныптажұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп,екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оғаннақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.
4. Дыбыстау. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейінесәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауынтапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуғаоқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет