Негізінен "инноватика" ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, "жаңарту, өзгерту" мағынасын береді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерінен олардың берген анықтамаларын талдай келе біз бұл ұғымның төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көреміз. Жалпы алғанда, бұрыннан белгілі қолданыста жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзін инновациялық деп қарастырады. Олай болса, «инновация» деген ұғымды "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үдерісті "жаңа әдістеме құралы" деп түсіндіруге болады.
Танымал педагогикалық технологиялар
Педагогикалық технологиялар түрлері өте көп, оларды түрлі белгілеріне қарай жіктейді. Қазіргі таңда ең көп қолданылатын технологиялар төмендегідей:
-Тірек сигналдар парақтары технологиясы.
-Оқушылардың оқу әрекеттерін қалыптастыру технологиясы
негізінен компьютерлік желілерге сүйенеді, оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ оқушы мен оқытушы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асырамыз.
Тірек сигналдар парақтары технологиясы
Схемалар басты және негізгіні ерекшелеу, логикалық байланыстарды іздеу және орнату оқушыларға сабақты игеруге көмектеседі. Байланыс схемаларын оқытушы үнемі қолданамыз.
Оқу-ойын технологиясы
Оқу ойыны оқушы мен оқытушы белсенді болып, үлкен дайындықпен жүзеге асқан жағдайда ғана оң нәтиже береді. Ойын түрлері өте көп.
Мультимедиа-технологиялар
Мәтін, кескіндер, видеокадрлар, анимациялық объектілер, дыбыстар, мультипликация, музыка т.б. қамтитын құжаттарды бір уақытта, интерактивті бағдарлама ретінде бейнелейтін жаңа ақпараттық технология.