Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың басымдылықтары



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі12,86 Kb.
#122632
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың басымдылықтары-emirsaba.org


Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың басымдылықтары

8 апта семинары


Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың басымдылықтары.
Оқытудың жеке бағдарламаларын қолдану және жеке жоспарлау келесі басымдылықтарды құрады:
  • оқытуды жүргізетін жауапты қызметкердің жауапкершілігін қамтамасыз етуге көмек береді, оқу жоспарында айқын бағдарлары, адрестік және нақты анықталған бағдарлары болады;


  • стандартты оқу жоспарын дараландырудың жеткіліксіздігінің орнын толтырады – көп жағдайда стандартты оқу жоспары әртүрлі мүмкіндіктері бар баланың өмірімен жеткіліксіз жан-жақты үйлесе бермейді;


  • ата-аналарға баланы неге оқытуды білуге мүмкіндік береді;


  • жоспардың құрылымы баламен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге оны оқытудың маңызды салаларына зейінін шоғырландыруға мүмкіндік береді;


  • балаға оқу жоспарының қандай тарауларын оқытудың қажеттілігі туралы дәл ақпарат ұсынады;


  • баланы оқытуда талап етілетін қосалқы ресурстар мен қолдаушы сервистерді белгілеуге мүмкіндік береді;


  • оқушылардың білімін бағалау процедурасын жүргізудің шекарасын құрады.


Оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен біліктеріне жалпы білім беру стандартындағы қойылатын талаптарға жауап беретін, бағдарламалық материалды психикалық дамуында тежелуі бар балалардың табысты меңгеруіне ықпал ететін, арнайы құрастырылған оқуәдістемелік кешенді қолдану қажет.


Бұл:
  • оқулық-дәптерлер, ана тілінен, математикадан, екінші тілден, қоршаған дүниемен танысу, технология, бейнелеуден бастауыш сынып оқушыларына арналған бастап негіздері бар дәптер;


  • әрдеңгейлі тапсырмалары және бақылау жұмыстары бар оқушылар үшін жеке дидактикалық пакеттер;


  • барлық оқу пәндері бойынша, бірінші және екінші дәрежедегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын бағалауға арналған дидактикалық материалдар.


Педагогтің Стандартта белгіленген оқу-тәрбие үдерісіндегі мақсаттарға жету үшін дидактикалық материалдар мен оқулықтарды өз бетімен таңдау құқығы болады.


Инклюзивті мектепте мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі енгізілген баланың жеке білім алу бағдарламасын жобалауы және инклюзивті сыныптағы білім беру үдерісін жобалау арқылы жүзеге асырылады.
Жеке білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне сүйеніп, шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру үдерісін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет