С.В.Иванов бойынша сабақтың жіктелуі: 1. Оқу материалымен алғашқы танысу сабағы
2. Кіріспе сабақ
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы
4. Меңгерілеген сабақты тәжірибеде қолдану сабағы
5. Дағдылану сабағы
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабағы
7. Бақылау сабағы
Б.П.Есипов бойынша сабақтың жіктелуі: 1. Аралас сабақ
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы
3. Пысықтау сабағы
4. Қайталау және қорыту сабағы
5. Оқушылардың білім, дағдысын жаттықтыру сабағы
6. Білімді сынау сабағы
Зерттеушілердің пікірлерін топтастыра келе, қазіргі мектеп тәжірибесінде сабақтың төмендегідей түрлеріне қарай жүйелеу жиі кезедеседі:
1. Кіріспе сабақ;
2. Жаңа білімді меңгеру сабағы
3. Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы;
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары;
5. Зертханалық сабақтар;
6. Қайталау сабақтары;
7. Оқушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру сабақтары;
8. Аралас сабақ;
9. Өздігінен білім алу сабақтары.
Сабақтарды жүйелеуден көретініміз ол белгілі бір сабақтың мақсатына қарай іске асатынын байқатады. Сабақ күрделі құрылымы бар оқыт формасы. Сондықтан оның құрылымын анықтаған дұрыс.
Сабақ құрылымы - сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.
Сабақ құрылымы төмендегідей бөліктерден тұрады: Ø Сабақтың ұйымдастыру бөлімі
Ø Үй тапсырмасын сұрау
Ø Жаңа білімді меңгертуге дайындық
Ø Жаңа білімді меңгерту
Ø Жаңа білімді пысықтау, бекіту
Ø Қорытындылау
Ø Бағалау
Ø Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру
Бұл сабақ құрылымы сабақтың мақсатына қарай ауысып, кейбір бөліктері алынып тасалуы мүмкін. Барлық бөліктері толық ақамтылса, ол аралас сабақ дегенді білдіреді.
Аралас сабақ - мұғалімнің оқушыларға жаңа білім беріп, оны практикада қолдануды үйретіп, сонымен бірге білім сапаларын тексеруді бірге атқаратын сабақ түрі.