Оқытуды ұйымдастыру формасы



бет5/7
Дата15.12.2022
өлшемі96,5 Kb.
#57485
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Аралас сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
4. Жаңа білімді меңгеру
5. Жаңа білімді бекіту
6. Қорытындылау
7. Бағалау
8. Үйге тапсырма беру
Қазіргі мектеп тәжірибесінде сабақтың екі түрі қалыптасқан.
Сабақ түрлері
Дәстүрлі сабақ Дәстүрлі емес сабақ
Тұрақты құрамы бар, Тұрақты құрамы жоқ, мұғалім
белгілі бір жүйемен шығармашылығына негізделген
өткізілетін сабақ түрі сабақ түрі.
(Мысалы: аралас сабақ).
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері:
Ø Викторина-сабақ
Ø Ізденіс сабағы
Ø Экскурсия-сабақ
Ø Пресс-конференция сабақ
Ø Іскерлік, ролдік ойындар
Ø Ертегі-сабақ
Ø Ойын-сабақ
Ø Конференция-сабақ
Ø Сот-сабақ
Ø Лекция-сабақ
Ø Білімді өздік іздену сабағы
Ø Шығармашылық сабағы
Ø Жарыс-сабақ
Ø Пікірталас-сабақ
Ø Спектакль-сабақ т.б


3 Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.
Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады.
Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін оқыту формасы.
Экскурсия - оушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Оқытуды экскурсия түрінде ұйымдастырудың үш түрі бар:
1) кіріспе лекция- сабақта жаңа курс, күрделі тарау, тақырыпты өтер алдында ұйымдастырылады.
2) ілеспелі экскурсия- белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе оның өн бойында жүргізіледі.
3) қорытынды лекция- күрделі тарау немесе тақырып өтіліп болғаннан кейін алған теориялық білімдерді пысықтау, бекіту мақсатында жүргізіледі.
Факультатив - оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет