Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар: - Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндігін айқындау;
- Тек оқу жұмысының мазмұны мен мақсатынан шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;
- Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
- Оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнату.
Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар: - Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке деген жағымды мотивтерін қалыптастыру;
- Оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- Интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуларындағы өзгерістерді болжап, соған сай әрекет ету.
Бүгінгі тәжірибеде сабақтың түрлері өте көп жинақталған Сондықтан оларды классификациялау, яғни жүйелеу қажет.
Сабақ классификациясы - сабақтарды құрлысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.
Сабақты жіктеу-әрбір пәннің еркшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.
Бүгінгі педагогикалық зерттеулерде сабақты классификациялаудың ортақ пікірі әлі де толық қалыптаспаған.
Сабақтың жіктелуі зерттеушілердің пікірінше төмендегідей:
И.Н.Казанцев бойынша сабақтың жіктелуі: 1. Кіріспе сабақ
2. Жаңа білімді меңгеру сабағы
3. Пысықтау сабағы
4. Жаттығу сабағы
5. Тәжірибе сабағы
6. Алғашқы сабақ
7. Қайталау-қорыту сабағы
8. Текесру сабағы
9. Білім сапасын бағалау сабағы
10. Қорытынды сабақ