ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

 
Ақпараттық  технология  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 
ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін 
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар 
жиыны. Нәтижесінде осы технологияны Гүлмира Темирханқызы (2007-2010ж.) 
пайдалана  отырып,  көптеген  жетістіктерге  жетті.  Оқушылары  физика  және 
информатика 
пән 
бойынша 
мектепішілік, 
аудандық, 
қашықтық 
олимпиадаларға,  мектепішілік,  аудандық,  облыстық  жобаларға  қатысты. 
Ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  пайдалана  отырып,  сабақтың 
уақытын  үнемдеуге,  оқушыларға  өз  бетінше  ақпарат  алуға,  сабақты 
құрастырған  кезде  көптеген  қызықты  мәліметтерді,  видеобейне,  флеш 
анимацияларды, электрондық оқулықтарды пайдалануға мүмкіндік берді. Осы 
бағытта физика пәнін оқытуда қолдануға ұсынылады.  
Бұл  әдісті  химия  сабақтарында  қолданып  жүрген  ұстаздардың  бірі 
Қызылорда  облысы  Қызылорда  қаласының  №4  облыстық  дарынды  балаларға 
арналған  мектеп-интернатының  химия  пәні  мұғалімі  Болатқызы  Салтанаттың 
пікірінше,  осы  әдіспен  жұмыс  жасағанда  оқушылардың  бұрынғы  білімдері 
проблемалық ситуацияны тани бастайды, оқу проблемасын сезініп, оны шешу 
жолдарын  қарастырады,  шығармашылық  сипатты  өзіндік  іздестіру  әрекеті 
дамиды,  өзіндік  бақылау,  өзіндік  рефлексия  жасау  қабілеттері  дамиды. 
Проблемалық  оқытуды  жүзеге  асырудың  кезеңдері:  проблеманы  қабылдауға 
әзірлік;  проблемалық  ахуал  туғызу;  проблеманы  тұжырымдау;  проблеманы 
шешу  кезеңдері;  таңдап  алынған  шешімнің  дұрыстығын  мүмкін  болса  іс 
жүзінде дәлелдеу.  
Қызылорда  қаласындағы  №10  дарынды  балаларға  арналған  облыстық 
қазақ-түрік  лицей-интернатының  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі  Көлбаева  Оразкүл 
Абдурахимқызы,  Орманова  Ақерке  Абайқызы,  Ещанов  Ғалымжан 
Мырзахметұлы  бұл  технология  презентациялар  технологиясы,  бір  жағынан, 
оқушыларға түрік тілі сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, суреттеулер, 
дидактикалық  материалдар,  т.с.с.)  көрнекілік  көрсету  құралы  болатын  болса, 
екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану 
процесін  де  жеңілдетеді.  Алдын-ала  жүргізілген  тәжірибелер,  презентациялар 
технологиясын  түрік  тілі  сабағында  пайдалану  балалардың  оқуға  деген 
ынталылығын  арттырып,  сабақтың  қызғылықты  өтуін  қамтамасыз  етіп,  оған 
дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық 
желілік  технологияларды  пайдалануға  дағдыландыратынын  айтады. 
Нәтижесінде  компьютерлік  технологияларды  үлгерімді  тексеру  және 
оқушылардың  білімін  жетілдіру  мақсатында  пайдалану,  біріншіден, 
оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек 
уақыт  бөлуге  көмектеседі;  екіншіден,  объективті  түрде  қадағалай  отырып, 
167 
 

балалардың  алған  білімін  бағалауды  жүзеге  асырады;  үшіншіден,  бақылау 
технологиясына  ғылыми  элементтер  енгізіп,  оны  кеңінен  де  пайдалануға 
болатындай  жағдай  туғызады.  Сонымен  қатар,  меңгерудің  әр  кезеңдегі 
деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп 
отырады.  Ағылшын  тілін  оқытудағы  жаңа  технологиялар  жүйесін  оқу 
процесіне  енгізу  білім  сапасын  қажетті  деңгейде  қамтамасыз  етуге  оны 
көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  
Т.  Жүргенов  атындағы  орта  мектептің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Аязбаева 
Нүрия  Қайырбекқызы  ақпараттық  технология  білім  беру  процесінде  жаңа 
ақпараттық  технология  көмегімен  орындалатын  кез  келген  мәлемттерді 
оқушыларға  тиімді  етіп  беретін  білім  беру  процесіндегі  әдіс-тәсіл  деп 
сипаттайды. Ақпараттық технология арқылы оқушылар көптеген мәліметтерді 
көзбен көре отырып, таниды. Күнделікті сабаққа видео-, аудио қондырғылары 
мен  интерактивті  тақтаны,  компьютерлік  желіні  қолдану  айтарлықтай 
нәтижелер  беруде.  Қазіргі  заман  талабы  бойынша  білім  беруді 
ақпараттандырудың  негізгі  талаптарының  бірі  –  оқу  үрдісіне  электронды 
оқулықтарды  енгізу.  Кез-келген  сабақта  электрондық  оқулықты  пайдалану 
оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық 
ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылық  пен  еңбек  етуіне  жағдай 
жасайды.  Ақпараттық  технологияны  пайдалану  кезінде  оқушылардың  жеке 
мүмкіндіктерін  ескеру  қажет.  Мысалы,  үйге  тапсырма  берген  уақытта  оның 
үйінде  ақпаратты  өңдейтін,  саралайтын  құралдардың  болуы  (компьютер, 
интернет  желісі)  және  оқушыларға  жеке  тапсырмалар  беру  қажет 
екенін айтады.  
Шиелі  ауданы  №45  мектеп-гимназияның  қазақ  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 
Ахметова  Сандуғаш  Маралқызы  қазіргі  заман  талабына  сай  АҚТ-ны 
қолданатынын  айтады.  Заманауи  технологияларды  қолдану  оқушылардың 
білімін  жан-жақты  қалыптастыру,  зертханалық  лабороториялық  жұмыстарын 
жасау  арқылы  оқушылардың  білімін  тереңдетуге  септігін  тигізгенін  байқаған. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  жаңа  технологияларды  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  білім  сапасын  жоғарлатуға  жұмыс  жасау,  ол  үшін  сапалы 
интерактивті тақталар болса деген ұсыныс айтқан.  
Абдукамалова  Гүлназ  Оразбайқызы  Қызылорда  қаласы  №4  дарынды 
балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта 20 жылдан бері биологиядан 
сабақ береді. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мұғалімге өз пәнінің 
мазмұнын  толығымен  жеткізіп,  қалыптастыруда  оқушыларға  ғылыми 
ұғымдарды  жеңілдетуге  мүмкіндіктер  беретін  маңызды  көмекші  құрал  болып 
саналады.  Оқушыларға  сапалы  білім  беруде  қазіргі  заман  мұғалімі  АКТ 
құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың логикалық, конструктивті 
және  сыни  тұрғыда  ойлау  негіздерін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді. 
Мысалы: АҚШ-тың PASCO SPARK Scince Learning System, SPARKvue, Xplorer 
GLX 
сынды АКТ құрылғылары қазіргі таңда мектептерде қолжетімді. Бұл – оқу 
үдерісін  арттыруға  бағытталған  бағдарламалық  және  практикалық  жұмыстар 
мен  жаттығулар  жасауға  негізделген  құралдар.  Зерттеу  әдісі  биологияны 
168 
 

оқытудағы басты үдеріс болып табылады. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамытып,  сапалы  білім  беруде  әрбір  ұстаз 
алдында  өз  бетімен  білім  ала  алатын  және  алған  білімін  өмірдің  түрлі 
жағдайларында  қолдана  білетін  жеке  тұлға  қалыптастыруда  оқытудың  қандай 
инновациялық  әдіс-тәсілдер  мен  технологияларын  өз  тәжірибемде  қолдансам 
деген  сыни  көзқарас,  мақсат  және  міндеттер  тұр.  Мұғалім  бұл  міндеттерді 
шешуде ақпараттық ресурстарды және техникалық жабдықтарды қолдана білу 
үздіксіз  сапалы  білім  берудің  негізгі  шарты  деп  санайды.  Оқушылардың  оқу 
үдерісінде  ақпаратты  қалай  қабылдайтындығы  туралы  АҚШ-тың  ұлттық 
зертханаларының зерттеулері бойынша оқушылардың 10 %-ы тек оқу арқылы 
қабылдаса,  75-80 %-ы  практика-тәжірибе  барысында  қалыптастырады  екен. 
Осындай  мәліметтерді  негіздеу  мақсатында,  Гүлназ  Оразбайқызы  АКТ  және 
оның  ресурстарын  қолдана  отырып,  зерттеушілік  тапсырмаларды  орындауда 
оқушылардың  қаншалықты  практикалық  дағды  қалыптастыра  алатындығы 
туралы өз іс-тәжірибесінде рефлексия жасайды. Мұғалім үшін теориялық және 
тәжірибелік білімдердің біртұтастығы – оларды тиімді қолдануды қамтамасыз 
ететін,  оқыту  және  оқу  үдерістерін  жақсартуға  жасалатын  жағдай.  АКТ 
құралдары  мен  ресурстарын  қолдану  арқылы  оқушылардың  уақытты  тиімді 
пайдалану,  мәліметтерді  жинау,  біріктіру,  графикалық  демонстрациялау,  өз 
деректерін  жинауға,  талдауға  негізделген  есептеулер  мен  қорытынды  жасауға 
үйренетіндігін  көрсетті.  АКТ  ресурстары  мен  құрылғыларын  биология 
сабағында  қолдану  –  оқушылардың  олармен  жұмыс  жасауда  зерттеушілік 
дағдыларын  қалыптастыратын,  зерттеу  барысында  мәліметтерді  талдау, 
жіберген қателерінен дұрыс болжамдар жасау, салыстыра отырып қорытынды 
жасау  дағдыларына  алып  келетін  оқытудағы  инновациялық  әдіс-
тәсілдердің бірі.  
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, №3 орта мектебінің математика пәнінің 
мұғалімі  Қайрханова  Айгүл  Сейсенайқызы  ақпараттық  технологияны 
сабақтарында  қолдану  нәтижесінде  білім  сапасы  артуда.  Жаңа  ақпараттық 
технологияны  сабақ  беруде  қолданудың  негізгі  мақсаттары:  ғылыми-
дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыру,  оқушылардың ойлау  қабілдетін 
дамыту,  практикалық  және  бағдарлы  бағыттарға  даярлау.  Компьютермен 
жұмыс  жасау  ұстанымдары,  ақпаратты  беру  тәсілдері  және  түрлі  мәселелерді 
шешуде  ақпараттық  технологияның  негізгі  кезеңдері  туралы  білімдермен 
қамтамасыз  ету,  компьютерді  түрлі  практикалық  міндеттерді  шешуде  сапалы, 
әрі  тиімді  құрал  түрінде  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру,  сабақтарда 
компьютерді,  интерактивті  тақтаны  немесе  басқа  да  ақпараттық  технология 
элементтерін  пайдаланса,  олардың  мүмкіндіктері:  сабақ  уақыты  үнемделеді, 
тақтада  жазылған  тапсырмалар  бойынша  оның  шығарылуы  және  тақтада 
сақталған  шешім  қосымша  сабақтарда  көмектеседі.  Компьютерлік  технология 
мен  мультимедиялық  құралдардың  жылдам  дамуы  мұғалімдердің  осы 
мүмкіндіктерді  сабақтарында  қолдануы  талап  етілуде.  Ақпараттық 
технологиялар  әртүрлі  ақпарат  көздеріне  жол  ашып,  оқушылардың  өзіндік 
жұмыстарының  тиімділігін  арттырады,  оқушылар  мен  педагогтардың 
169 
 

шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске 
асыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  ақпараттық 
технологиялар  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  белсендіртіп,  оларды 
жоғары білімділік  нәтижеге  жеткізетін құралға  айналады. Сонымен қатар осы 
мезетте  оқушылардың  шамадан  тыс  жүктелуін  жою  мақсаты  қойылады.  Осы 
мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, 
соның  ішінде  ақпараттық  технологияны  белсенді  түрде  енгізгенде  ғана 
мүмкін болады.  
Ақтау  қаласы  №11  мамандандырылған  физика-математикалық  мектептің 
физика  пәнінің  мұғалімі  Абылғазиева  Саруа  Қабдулқызы  интерактивті  оқыту 
технологиясын  2008  жылдан  бастап  өзінің  педагогикалық  іс-тәжірибесінде 
қолдануда.  Бұл  технология  оқушыларды  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан 
күрделіге қарай дамыта оқыту арқылы өз бетімен іздендіруге жағдай жасайды. 
Нәтижесінде оқушылардың жаңа білім меңгеруге деген ынтасы артты, білімдері 
бекіді, оқу үлгерімдері жақсарып, білім сапасы артты, пәндік олимпиадаларға, 
ғылыми жоба байқаударына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.  
Интерактивті  әрекет  барысында  оқушылардың  сөйлеу,  түсіндіру,  талдау 
әрекеттері,  диологтік  қатынас  арқылы  белсенділіктерін  дамытуды  назарда 
ұстайды.  Сабақ  процесінде  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыстарды  үйлестіріп 
отырады. Нәтижесінде сынып оқушылардың оқу үлгерімдерін жақсартып, білім 
сапасы  арттырды.  Олардың  жаңа  білім  меңгеруге  деген  ынтасын  арттырды, 
қызығушылығын  тудыру  арқылы  жаңа  сабақты  өз  бетімен  іздену  арқылы,  әрі 
сыныптастарымен бірлескен түрде меңгеруге деген ынтасын тудырды.  
Павлодар  облысы  Ақсу  ауданының  Дөнентаев  атындағы  орта  мектептің 
тарих  пәні  мұғалімі  Ақылбеков  Данияр  Болатұлы  өз  сабағында  Ақпараттық-
коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  оқушының  интелектуалдық, 
рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін 
тигізетінін  айтады.  Өйткені  ақпараттық-коммуникативтік  технология  арқылы 
жалпы  оқыту  үрдісінің  функциялары:  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық 
болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту анықталады. Ақпараттық 
технология  оқушыларды  ізденімпаздыққа  үйретеді.  Сондықтан,  бүгінгі 
компьютерлендірілген  ғасырда  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар 
құзыреттілігін  арттырып,  пайдалану  арқылы  ғылымның  кез-келген  саласын 
жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуға болады. Осы технологияны 
қолдану  бойынша  мұғалімнің  ұсынысы:  Қазіргі  заман  талабына  сай 
адамдардың 
мәлімет 
алмасуына, 
қарым-қатынасына 
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып 
келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа 
айналар еді.  
Май  ауданы  Қаратерек  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Камзин 
Қуаныш Серікбайқызы. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен 
жұмыс  жасау  үшін  арнайы  тәсілдер,  педагогикалық  технологиялар, 
бағдарламалық  және  техникалық  құралдар  (кино,  аудио және  видео  құралдар, 
компьютерлер,  телекоммуникациялық  желілер).  Оқытудың  ақпараттық 
170 
 

технологиясы  білімді  жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау  (педагогикалық  іс-
әрекетті  өзгерту),  білімді  қабылдау,  білім  сапасын  бағалау,  оқу-тәрбие 
үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық 
технологияның  қосымшасы  деп  түсіну  керек.  Жаңа  технологиясы  меңгеру 
мұғалімнің  интелектуалдық,  рухани  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами 
келбетінің  қалыптастыруына  игі  әсерін  тигізді.  Жаңа  ақпараттық  технология 
құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында,  соның  ішінде  білім  беру 
саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Білім 
беруді ақпараттандыру: әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға 
мүмкіндік  беретін  білім  берудің  ашық  жүйесін  орнықтыруға;  білім  алудың 
техникасын  түбірімен  өзгертуге;  оқыту  үрдісінде  оқушылардың  танымдық  іс-
әрекетін  тиімді  ұйымдастыру;  электрондық  білім  беру  пайдалану  арқылы 
даралап оқытуға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар артықшылықтар 
басым болды.  
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық 
дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.  
2.  Жүйенің  басқару  құрылымы  –  оқытушы  өз  ойын,  көзқарасын,  өз 
кезегіндегі  материалдық  ұсынылыным,  әртүрлі  аудиторияға  бір  ғана  оқу 
мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.  
3.  Жүйенің  білімді  бақылаумен  тез  арада  нәтиже  алуы,  орындалған 
жаттығулардың  бағалануы.  Бұл  технология  негізінде  білім  сапасын  арттыру 
жұмыстарының  мысалы  ретінде  тек  білім  беру  саласында  басқаруды 
автоматтандыру болғанын айтады. Нәтижесінде ақпараттық технологиялардың 
ішіндегі  мультимедиялық  құралдарда  сабақ  кезеңдерінде  пайдалану  кезіндегі 
бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:  

оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;  

тынымдық қабілетін қалыптастырады;  

этнопедагогикалық тәрбие береді;  

оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;  

оқытушының уақытын үнемдейді;  

оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.  
Ақпараттық  технологияның  негізгі  мақсаты  –  қолданушыны  керекті 
мәліметті  өздігінен  іздеп  табуға  талпындыру,  яғни  ізденімпаздыққа  үйрету. 
Сондықтан,  бүгінгі  компьютерлендірілген  ғасырда  есептеу  техникасының  өте 
жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы 
нәтижелер  алуымызға  байланысты  ғылым  мен  білімді  одан  әрі  терең 
меңгертуде  ақпараттық  технологияларды  қолданғанымыз  аса  маңызды. 
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты 
білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол 
ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы 
аса мол екенін айтады.  
Екібастұз  қаласының  №17  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Адуова  Замзагүл  Әжібайқызы  қазақ  тілі  сабағында  ақпараттық  технологияны 
қолдану,  интерактивтік  модульдік  технология  қағидаларын  іске  асыру 
171 
 

оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін,  білім  сапасын,  қазақ  тіліне  деген 
қызығушылығын жоғарылатуға көмектеседі. Инновациялық технологиялардың 
бірі  –  ақпараттық  технология.  яғни,  ақпаратпен  жұмыс  жасау  үшін 
қолданылатын  арнайы  тәсілдер,  педагогикалық  технолгиялар,  бағдарламалық 
және  техникалық  құралдар.  Мысалы,  күнделікті  сабаққа  бейне,  аудио 
қондырғылар  мен  теледидарларды,  компьютерлерді,  интерактивті  тақта  мен 
мультимедиялық  проекторларды  пайдалану  үлкен  нәтижелер  беретініне  әр 
мұғалім  көз  жеткізіп  отыр.  Ақпараттық  технологияның  кез  келген  түрінің 
қарқындап  өсуі  сапалы  білім  берудің  бірден-бір  қайнар  көзі.  Ақпараттық 
технологияны тілді игеруде пайдалану - тілді үйретудің ең төте де оңай жолы 
деп  пайымдайды.  Бұл  технологияның  тиімділігі  оқушылардың  өздері 
ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, тілге деген қызығушылығы оянып, 
ізденіп,  жауабын  тауып,  өзінің  көзқарасын  логикалық  түрде  дәлелдейді  және 
мұғалімдер  мен  оқушылардың  бірлесіп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне 
ықпал  етеді.  Электрондық  оқулық  мектеп  оқушыларын  ақпараттық 
технологияны  ерте  меңгеруге  көмектесіп,  ОЖСБ  мен  ҰБТ  тақырыптарына 
байланысты сұрақтарға өз бетімен білімдерін толықтыруына мүмкіндік береді. 
Сабақта оқушылардың шығармашылығын дамытып, өз бетімен ізденуге, алған 
білімін  ұштауға,  жеке  тұлғасын,  қабілетін,  ынтасын,  рухани  рухани  әлемін 
дамытуға септігін тигізеді.  
Павлодар қаласы №22 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ақпанова 
Айжан 
Хабибуловна 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникативтік 
және 
интерактивтік  технологияларының  бағыттары:  а)  электронды  оқулықтар; 
ә) телекоммуникациялық 
технологиялар; 
б) 
мультимедиалық 
және 
гипермәтіндік  технологиялар;  в)  қашықтықтан  оқыту  (басқару)  Интернет. 
Ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  артықшылықтары:  олар 
оқытудағы  тақырып  шеңберіндегі  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады деп сипаттайды.  
Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің 
мұғалімі  Наманаева  Айнұр  Қапезқызы  ақпараттық  технологияны  пайдалануда 
сабақтың  сапасы  артып,  уақытты үнемдеуге  назар  аударады.  «Қазіргі  заманда 
жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай 
мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас 
ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісіне 
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.  
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, келесі 
нәтижелерге  қол  жеткізуге  болады:  ақпараттық  технологиялар  арқылы,  білім 
сапасы  көтерілді;  оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  артты;  ақпараттық 
мәдениеті  дамыды;  сабақта  уақыт  үнемді  пайдаланылды;  оқушылардың 
коммуникативтік  қабілеттері  дамиды.  Ақпараттық  құзыреттілік  –  өзінің  оқу 
қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға, логикалық 
операцияларды  қолдана  отырып,  ақпаратты  өңдеуге,  өз  бетінше  мақсат  қоюға 
және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және 
жүзеге асыруға; Коммуникативтік құзыреттілік – өзіндік пікірін білдіруге, түрлі 
172 
 

көзқарас  және  әртүрлі  бағыттағы  адамдармен  сұхбат  жүргізе  білу.  Пәндік 
құзыреттілік  мақсатқа  жетуде  алған  білім,  біліктігі  мен  өмірлік  тәжірибесін 
байланыстыру қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.  
Ақсу  ауданы  Дөнентаев  атындағы  орта  мектептің  физика  пәні  мұғалімі 
Мүшкенова  Эльвира  Шүкірқызы  сабағын  ақпараттық-коммуникативтік 
технологиясымен 
оқытады. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технология 
жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, 
ақпараттық  болжамдау  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытумен 
анықталады.  АКТ-лар  оқу  әрекетіндегі  оқушылардың  өзіндік  іске  асыруын, 
өзіндік  ұйымдастыру  қабілетін,  белсенділік,  шығармашылық  үшін  жаңа 
мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі; АКТ-
лар 
информатиканың 
жобалау 
әдісін 
оқытудағы 
педагогикалық 
технологиялардың бірі ретінде қолдануға көмектеседі.  
Павлодар  қаласы  №25  жалпы  орта  білім  беру  мектебінің  Ахметжанова 
Гүлзат  Нұрсапақызы  физика  пәнін  АКТ-сы  арқылы  оқытады.  Ақпараттық-
білімдік  ортаны  модельдеу  мен  жобалау  қабілетін  қалыптастыру  және  осы 
дағдыны  өзіндік  кәсіби  қызметтеріне  қолдануға  даярлайды.  Дербес  сыни 
тұрғыда  ойлай  білуге,  пайда  болған  мәселелерді  көре  білуге  және  жаңа 
технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, 
өзінің  алған  білімдерін  қоршаған  ортада  қай  жерде,  қалай  пайдалануға 
болатынын саналы түрде түсіну білуге үйретеді.  
Май ауданы, Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні 
мұғалімі  Камзина  Аида  Айдаргазинқызы  АКТ-сымен  2012  жылдан  бері 
оқытады.  Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  білімді  жаңаша  беру 
мүмкіндіктерін  жасау  (педагогикалық  іс-әрекетті  өзгерту),  білімді  қабылдау, 
білім  сапасын  бағалау,  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқушының  жеке  тұлғасын  жан-
жақты  қалыптастыру  үшін  ақпараттық  технологияның  қосымшасы  деп 
түсіну керек.  
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ 
кезеңдерінде  пайдалану  кезіндегі  бұл  құралдардың  тиімді  тұстарын  атап 
көрсетсек,  олар:  оқушының  пәнге  деген  жеке  қызығушылығын  оятады; 
тынымдық  қабілетін  қалыптастырады;  этнопедагогикалық  тәрбие  береді; 
оқушыны  шығармашылық  жұмысқа  баулиды;  оқытушының  уақытын 
үнемдейді;  оқулықтан  тыс,  қосымша  мәліметтер  береді;  ақпараттық-
коммуникативтік  технологиялардың  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім 
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын 
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.  
Павлодар  қаласы  №2  орта  мектебінің  жоғары  санатты  информатика 
пәнінің  мұғалімі  Досанова  Гүлбаршын  Қуандыққызының  іс-тәжірибесінен. 
АКТ технологиясын өзінің көп жылғы іс-тәжірибесіне енгізіп, Елбасымыздың 
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауында 2015 жылға қарай 
білім  беру  ұйымдарының  50  пайызы  электронды  оқулықты  пайдаланып,  2020 
жылға қарай оның саны 90 пайызға артады делінген. Жоғарыда атап өткендей, 
әлемдік  ақпараттық  білім  кеңістігінің  деңгейінде  Республика  мектептерін 
173 
 

көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.  
Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  Заңында  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы 
жүйедегі  басты  міндеттердің  біріне  айналып  отыр.  Орта  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандырудың  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыру.  Осы  мақсатты  орындау  барысында  оқушылардың  ақпараттық 
мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. 
Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  адам  ресурстарын  арттырудың  ұстанымдарын, 
шығармашылық  ойлауды  қалыптастырудың  теориясын  басшылықққа  ала 
отырып  әлемдік  бәсекелестікке  лайықты  жаңа  тұлғаны  субъект  ретінде 
тәрбиелеу  болып  отыр.  Қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдына  өсіп 
келе  жатқан  жеке  тұлғаны  субъект  ретінде  жан-жақты  дамыту  мәселесін 
қойып отыр.  
Қазіргі  оқушы:  шыдамды,  тапқыр;  Дарынды,  белсенді;  Ізденімпаз, 
талапты; Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек. Біздің қоғамымыз дамудың 
жаңа  кезеңіне  көшіп  келеді,  бұл  кезең  ақпараттық  кезең,  яғни  компьютерлік 
техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық  коммуникациялық 
технологиялар  педагог  қызметінің  барлық  салаларына  кірігіп,  оның  табиғи 
ортасына  айналып  отыр.  «Білім  берудегі  АКТ»  ұғымы  «оқытудың  жаңа 
ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б, 
тіркестермен тығыз байланысты. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ 
ғасыр  –  ақпараттандыру  ғасыры»  деп  аталады.  Қазақстан  Республикасы 
ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыруға 
болатын  жаңа  кезеңге  енді.  Қоғам  мұғалімнен  жоғары  білімді,  сапалы  маман 
болуымен  қатар  жан-жақты,  қоғам  жағдайында  өмірге  толыққанды  адам 
тәрбиелеуді талап етеді.  
Әр  мұғалім  заман  талабына  сай  білім  беруде  шығармашылықпен 
айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана 
білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға тәрбиелеп шыға алады.Тапсырмаларды 
орындау  кезінде  балалардың  қызығушылығы  жоғары,  белсенді  болады. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  әдеттегі  бірсарынды,  сабақта  үндемей  отыратын 
оқушылар  ойын  кезінде  өте  белсенді  болатын  кездер  жиі  кездеседі.  Олардың 
әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.  
Ойын  элементтерін  сабақта  дұрыс  пайдалану  нәтижесінде  оқушылардың: 
Өз  бетімен  оқуға  дағдыланады.  Шығармашылық  ізденіске  жетелейді.  Өз  ісіне 
деген  сенім  пайда  болады.  Әр  нәрсеге  сын  көзбен  қарауға  үйренеді. 
Салыстыруға,  қорытынды  жасауға  үйренеді.  Шығармашылық  белсенділіктері 
артады. Гүлбаршын Қуандыққызы сабақтарында ақпараттық коммуникациялық 
технологияларды  қолданып,  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізді:  Ақпараттық 
технологиялар  арқылы,  білім  сапасы  көтерілді;  Оқушылардың  пәнге 
қызығушылығы  артты;  Ақпараттық  мәдениеттілігі  дамыды;  Сабақта  уақыт 
үнемді пайдаланылды; Оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамыды.  
 
 
 
174 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет