RWCT
әдістерін қолдану арқылы әдебиет пәніне деген оқушылар қарым-қатынасының
өзгергенін және алған білімдері туралы өз қөзқарасын айта алатынын, жаңа
сабақта білімді және шығармашылықпен, сыни тұрғыдан ойлай отырып
қорытынды жасайтынын айтады. Сонымен қатар кітапқа сүйіспеншілігін
артып, ойлау және шығармашылық қабілеттері, қиялын, есте сақтау қабілетін
дамытқанын және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуін мадақтау, бір-
бірімен
ынтымақтастықты
дамытуға
көмектесу,
сауатты
жазуға
дағдыландырғанын байқаған.
Жакенов Әсет Бауыржанұлы Қарабалық ауданы №3 Қарабалық орта
116
мектебінің 5-11 сыныптары мұғалімі. Мұғалім «Сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясының қолданылуына келесі тұрғыда сипаттама береді. Сыни
тұрғыдан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және
оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,
сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол
дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан
күрделіге» көшу деп аталады. Сабақта оқушылар стратегиялар түрінде жұмыс
жасайды: 1. Негізгі ойды суреттеу. 2. Топтастыру. 3. Бес жол өлең. 4. Эссе жазу.
5. Болжам кестесі. 6. Галереяға саяхат. 7. РАФТ. 8. Блум жүйесі. 9. ЖИГСО – 1.
10. ЖИГСО – 2. 11. Қазымыр оқушы. 12. Автор орындығы. 13. Инсерт. 14. Венн
диаграммасы. 15. Кубизм. 16. Бағытталған оқу. 17. Кідіріспен оқу. 18. Әдебиет
үйірмесі. 19. Жол қалдырып жазу. 20. Қос жазба күнделік. 21. Авторға сұрақ
қою. 22. Үш қарамды сұхбат. 23. Әлемді шарлау. 24. Ой қозғау. 25. Оқиға
желісі. Сын тұрғысынан ойлау барысында оқушылар нақты зияткерлік істер
атқарып, шынайы өмірлік мәселелерді шешеді.
Құлбаева Ақерке Есімжанқызы Жітіқара ауданы, Степной селосының
«Степной орта мектебінің» 5-11 сыныптары мұғалімі. Мұғалім сабақтарында
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологисын қолданады. Бұл технологияның
қызықтыратыны ол оқушылардың өздігінен ізденуі және дәлелдеу
жүргізулеріде. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз
ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының арқасында балалар сабақтан тыс
уақытта көп оқып, өздігінен дайындалатын болады.
Байнақатова Жұлдызай Қуандыққызы Жітіқара ауданы, Степной
селосының «Степной орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімнің
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына қатысты өз тәжірибесіне байланысты
пікірі. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап
сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен
ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Қазіргі тұлғаның алдында негізгі
маңызды біліктілігі бұл жаңа ақпаратты тауып, өңдеу және өз мақсатында
қолданысын табу. Сондықтан білім беру жүйесі бастауыштан жаңа
технологиялармен ұштасып берілгені жөн, себебі дәл осы кезде оқушының
тұлғасы қалыптаса бастайды. Сыни тұрғыдан ойлау деген- әр жеке тұлғаның
кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады: біріншіден, сын
тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады; екіншіден, сын
тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы
оқып, еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге
жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тын идеялар ойлап табуы мүмкін;
үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін
мәселені анықтаудан басталады. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту
негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Негізгі міндеті –
шығармашылық ойлауды, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Бұл технология -
117
оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға,
ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-
бір тиімді технология.
Қарабалық ауданы, №3 орта мектебінің мұғалімі Тотыбекова Ақмарал
Қызылбайқызының іс-тәжірибесін ұсына отырып, сыни ойлау туралы өз пікірін
білдіреді. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы
мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы. Сыни
тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау, өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың
пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу
дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол үнемі диалогтың, іздене, дайындала, үйрене,
шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі. Сыни
тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады,
өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Мұғалім сабақта оқушыға білім
дайын күйінде беріле салмау керек деп есептейді. Өзінің шеберлігі арқылы
баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Сұрақ, әр түрлі әдіс-
тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, оны іске асыруына
жол көрсетеді. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал
ойлау мен сөйлеу өзара тығыз байланысты. Ақмарал Қызылбайқызының
пікірінше, оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір
мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда
болады. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың
дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, осы жүйені
қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуды ойдағыдай
жүзеге асыруға болады. Мұғалім химия сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау
тәсілін іс-тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оқушылардың бойында іскерліктер
мен дағдыларды қалыптастыруға болатынына көз жеткізген.
Қызылорда облысы Арал ауданының №82 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы: сын тұрғысынан ойлау
технологиясы заманауи оқытуға жетелейтін сипаттайды. Оқушылардың
қызығушылығы,
топтасып
жұмыс
жасауы,
бірін-бірін
тыңдауы,
шығармашылықпен жұмыс жасауы және өз бетінше пікір айта білулері
қалыптасады. Әр сабақта оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып
шығармашылық қабілетін арттырып, өзін-өзін тани білуге дағдыландырады.
Қызылорда қаласының №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-
түрік лицей-интернатының шет тілі пәнінің мұғалімі Оңғар Жансая
Бегалықызы, Мұқтар Әлия Мұқтарқызы, Шоханова Жазира Төлепбергенқызы
ағылшын тілін оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан
технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы
мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады: - ассоциация; - бірлестік қызмет; -
көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау деп сипаттайды. Осы
технологияны қолдану нәтижесінде - оқу үрдісінде қызығушылық артады; -
118
оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; - оқушының
ақпараттық тіл байлығы жетіледі. Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп
отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады.
Ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу –
білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті
басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады. Түсіндіре баяндау
арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н. Лысенкова
бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады - алдынала даярлық; - жаңа
ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану; - оқу іс-әрекеті және ойлау
әдістерін дамыту. Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт
есте сақтауға мүмкіндік беретінін айтады.
Қызылорда қаласының №6 орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі
Ешпанова Шара Жеткербайқызы: сындарлы оқыту теориясының негізгі идеясы
дайын білімдер емес, оқушының өзінің ізденуіне өмірлік тәжірибеде оқушыны
да оқытушыныңда өзгеруі. Оқытудың бұл түрінде оқушылар маңызды рөл
атқарады. Басты міндет оқушы сабақ тақырыбын сыни тұрғыдан ойлана
отырып өзі ашып, өз бетімен меңгеріп және өзі бағалай алатынын айтады.
Сындарлы оқытудың жеті модулін сабақтарда қолдану арқылы мен
оқушылардың қазіргі уақытта оқушыларға қажетті дағды және қасиеттер
қалыптасқанын, нәтижесінде ҚББ-нің құрмет граматасымен, 2013 жылы
Облыстық семинарда № 198 орта мектеп базасында 9 сыныпта ағылшын тілі
сабағын өткізгенін. оқушылары Республикалық олимпиададан жүлделі орын
алған, 2013- 2014 оқу жылдарында ҰБТ- да грант иегерлері болған.
Арал қаласының №19 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Төлеуова
Жұмагүл Көпжанқызы осы технология оқушылардың сыни тұрғыдан ойланып
шешім қабылдауына септігін тигізетінін айтады. Нәтижесінде үлгерім
көтерілді. Оқушылар сыни тұрғыдан тапсырмаларды өз беттерінше
деңгейлеріне сәйкес орындай алғанын байқаған. Бұл технологияны тарих және
георафия сабағында қолданған тиімді, дарында оқушы анықталады деген
ұсыныс білдіреді.
Жалағаш қаласы Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Ахметова Айнұр Ысқаққызы: сындарлы оқыту теориясы
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа
немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға
негізделеді деп сипаттайды. Сындарлы оқыту теориясының 7 модулін
сабақтарда жүйелі қолдану нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы,
ізденімпаздығы артты. Олар сабақта табысты оқу ортасын құру арқылы топта
жұмыс істеуге, бірін-бірі, өзін-өзі формативті түрде бағалауға, өзгенің ойын,
көзқарасын сыйлауға, қарсы пікір айтуға дағдыланды. Сыныптағы озат
оқушылардың саны артып, С деңгейлі оқушылардың өзі сабаққа белсенді
қатысқанын байқаған. Желілік қауымдастықтағы ұстаздар өз тәжірибелерімен,
оқыту мен оқудағы жетістіктерімен бөлісу арқылы тығыз жұмыс жасау
қажеттігін айтады.
119
Осы педагогикалық технологияны өз сабағында 2013жылдан қолданып
келе жатқан Қызылорда қаласының№101 орта мектебінің 5-9 сыныптардағы
тарих пәнінің мұғалімі Айтуарова Гүлназ Рахметуллақызы сын тұрғысынан
ойлау технологиясы оқушылардың пікірін ашық білдіруге, ұшқыр ойлауға,
жаңа ақпарат көздерін ашуға бейімделуіне әсер ететінін айтады. Сонымен қатар
оқушылар сабақта өздерін еркін ұстап, ойларын ашық жеткізе алатын дағдыға
жеткендігі байқалған. Осы әдіс-тәсілдердің үздіксіз жүзеге асуы үшін
оқулықтар өз деңгейінде болуын қалайды.
Қармақшы ауданы №80 мектеп- гимназияның тарих пәнінің мұғалімі
Айтжанова Салтанат Айтуарқызы: заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі
оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде
қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Осы мақсатта бұл
технологияны қолданылу нәтижесінде оқушылары тарих, құқық пәндерінен
аудандық олимпиададан жүлделі орынды иеленді. ҰБТ-де 11 сынып
оқушылары жоғары балл көрсетті. Технологияның әдіс-тәсілдерін тереңірек
пайдаланса, өз жемісін беретінін айтады.
Қызылорда қаласының №39 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Мырзатаева Дина Қыпшақбайқызы СТО арқылы оқушылардың оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан дағдыларын қалыптастыра отырып, өздігінен білім
алуына мүмкіндік жасайтынын айтады. Нәтижесінде оқушылардың
шығармашылық жұмыстары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде
жарияланған. Гуманитарлық пәндерді оқытуда, оқушылармен топтық, жұптық
жұмыс жасау арқылы шығармашылығын дамытуда тиімділігі зор
екенін байқаған.
Қызылорда қаласының №101 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Есжан
Айнұр Бақытбекқызы сыни ойлаудың дағдыларын дамыту, сыныпта тиісті орта
жасауды үйретеді. Мұғаліммен оқушы бірге жауапты болатынын айтады.
Нәтижесінде оқушының қызығушылығы оятылды, пәнге деген ынтасы
жоғарыларды, өздігінен бағалау тәсілдерін үйреніп, өз сұрақтарына өздері
жауап беруге дағдыланғанын байқаған. сын тұрғысан ойлау әдісі одан әрі қарай
жетілдіріп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасып отырса деген
ұсынысын айтады.
Қызылорда қаласының С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің тарих
пәні мұғалімі Сматова Манат Шамбековна: сыни ойлау – ашық қоғам негізі.
Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау,
өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және
үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене,
дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен
тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден,
сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Екіншіден,
120
сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы
оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге
жаңаша көзқарас қалыптастыруы, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан
білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне
жауап беруге талпынады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзілетінін
айтады. Нәтижесінде үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін
белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы
білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға
дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші
кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,
өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын,
өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар
бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін
жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену
сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді. «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу»,
«Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың
ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сабақта
оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы
баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-
тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол
көрсетеді. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру,
балаларға терең білім беру. Ұсыныстары: сын тұрғысынан ойлау
технологиясын озық педагогикалық технология ретінде күнделікті пайдалану
қажет. Сындарлы оқытудың негізінде осы СТО бағдарламасы пайдаланылған.
Сондықтан, СТО бағдарламасын тиімді пайдалану қажет.
Қызылорда қаласының №6 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Айтбаева
Жанат Қожашқызы: сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету деп сипаттайды.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,
ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Сындарлы оқыту теориясымен таныса келе, оқушыға нақты, нәтижелі білім
беруді мақсат еткен мұғалімнің өзі өзгеруге тиіс екендігіне көз жеткізді.
Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды роль атқарады: олар құрбы-
құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім
жинақтайды. Бұл жердегі мақсат-оқушы сабақ тақырыбын сыни тұрғыдан
121
ойлана отырып, өзі ашып, өз бетімен меңгеруі, түсінуі және бағалай алуы
болып табылады.
Қызылорда қаласының №101 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Қартанбаева Зейнет Мұқтарқызы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін
таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау
ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін
зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол
идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен
қарау деп түсіндіреді. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы
сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс
жасау барысында көз жеткізгенін айтады. Нәтижесінде оқушылары ҰБТ дан 25
ұпай жинаған. Ұсыныстары: оқытудың осындай жаңа педагогикалық
технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты
болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын,
шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет.
Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік
қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту
мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге
болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында
болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып,
өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны
болмайды.
Осы мектептің тарих пәні мұғалімі Сахимова Айгерім Мұхамадалиевна:
СТО мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету деп сипаттайды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
сабақтарының негізінде сабағында оқушылар арасында: бір-бірінің пікірін
тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; өзін жеке дара
тұлға ретінде тануға жол ашуға; бір-біріне құрметпен қарауға; өз ойын ашық,
еркін айтуға, пікір алмасуға; өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренгенін байқаған.
Бұл технологияны барлық мұғалімдер қолданып сабақ берсе мектептің білім
деңгейі жоғарылайтынын айтады.
Қармақшы ауданы №121 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Қасымханова Қаракөз Қасымханқызы: ғылымдану заманында, әсіресе білім
беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім
алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор болып
табылады. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол
ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту. «Мен» менталитетін
қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау – бүгінгі таңдағы
мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Заманауи сабақ оқушыдан нені
122
талап етеді? Оқуда жетекшілікті қабылдау; оқуда жетекшілікті іздеу; өз оқуы
үшін жауапкершілікті өзіне алу; өздігінен басқара оқуын көрсету; өз оқуын
бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау;
өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау; оқу үрдістерін
түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету;
Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу
үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету; сабақтың мақсатына жетуде
тапсырмалардың дұрыс орындалуын; мектеп өмірінде алған білім-біліктерін
пайдалана отырып, жағдаяттарды шеше алу; берілген тақырыптағы жүйеленген
тапсырмаларды нақты орындау алу; алты деңгейдің де тапсырмасын берілген
мерзімде орындап шығу; өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке
немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет; өзінің оқу үрдісін,
қажеттіліктерін ұғыну; қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау; сәтті оқу үшін
кедергілерден өтуі. Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың
мақсатына жетуге болады.
Арал ауданының №19 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жанзакова Рахия Қадырбергенқызы: СТО оқушылар сыни тұрғыдан ойланып
шешім қабылдауына септігін тигізетінін айтады. Соның нәтижесінде
оқушылардың сабақ үлгерімі көтерілді. Оқушылар сыни тұрғыдан
тапсырмаларды өз беттерінше деңгейлеріне сәйкес орындай алғанын байқаған.
Бұл технологияны қазақ тілі сабағында қолданған тиімді, дарынды оқушы
анықталатынын айтады.
Арал ауданы №68 Қосаман орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Шарапатова Ақмарал Мұратбайқызы: СТО технологиясын оқу барысында
оқушылармен диалогтік жұмыс жасау барысын,әңгімелерді көрініс түрінде
көрсету арқылы оқушыларды қызықтыра алғанын айтады. СТО технологиясын
сабағына пайдалану өте тиімді екенін айтады. Нәтижесінде осы технологияны
пайдалану барысында оқушылар бір-бірімен топтаса, ұжымдаса жұмыс
жасауды үйренетінін байқаған.
Қаратерең қаласының №82 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Құлдиярова Гүлсара Елубайқызы: технология заман талабына сай оқу
үрдісіндегі оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамытады. Жаңа технология
бойынша СТО-ның түрлі стратегияларын пайдалана отырып,сыни ойлауға
қалыптастырады. СТО-ның түрлі стратегияларын қолдана отырып,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын, түрлі әдіс -тәсілдерді
қолдану арқылы күнделікті мәселені шешуге, жауапты шешім қабылдауға,
шығармашылыққа баули отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына жол
ашқанын. Шыңдалған ой айту, кез келген мәселені жауапкершілікпен шешім
қабылдай білуге үйренгенін байқаған. СТО стратегиясы жаңа технология
талабына сай оқушылардың білім деңгейін көтеруге тиімді. Осы әдіс-тәсілдерді
қолдану арқылы оқыту процесіне мынадай нәтижелерге қол жеткізуге
болатынын айтады: ойды жинақтап, түйіндей алады; айналаны тануға
құштарлығы оянады; өмірге құштарлығы оянып, жаңаша көзқарас
қалыптасады; шығармашылық қабілеттері дамиды.
123
Жаңақорған қаласының негізгі білім беретін № 221 Аққұм мектебінің қазақ
тілі пәні мұғалімі Бердіқожаева Меруерт Өмірзаққызы: бүгінгі заман
талабының басты ұстанымдарының бір-білім беруде жаңа технологияларға
сүйене отырып, оқытудың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген жаңаша әдіс-
тәсілдерін тиімді пайдалану. Сындарлы оқыту оқушының идеясы мен сыни
көзқарастарын дамытады. Әлемнің қозғаушы күші сұрақ және сыни
көзқарастың оянуы десек ең бастысы сабақта олардың пікірімен есептесіп, кері
байланыс орнатқанда ғана шәкірт жүрегіне жол табатынын әрі жекелеген
оқушылардың жаңа білімді қабылдау ерекшеліктерін ұғынатынын айтады.
Жаңа технологияның басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Бағдарлама жеті модульден тұрады. Жеті модульді білім беруде тиімді
пайдалана отырып, біріншіден сабақ жоспарын өзгерткен. Екіншіден, жаңа
сабақты өздеріне оқытып, бір-біріне түсіндіру әдістерін СТО стратегиялары
арқылы жүзеге асырады. Өзінің ұстанымы - іздену, табу, нәтижеге ұстаз үшін
нәтижеге жету - шәкіртінің білімді өздігінен алуы және алған білімін қажетіне
қолдануы. Білім сапасын көтеруде топқа бөліп оқытуда біріншіден, оқушылар
топпен, ұжыммен жұмыс істеп үйренеді. Екіншіден, өз ойын ашық, еркін
жеткізе алады. Үшіншіден, шапшаңдыққа, өз ойын тез жинақтап жеткізуге
қалыптасады, идея туындайды. Төртіншіден, бала жалықпайды, сабаққа
қызығушылығы оянады. Бағдарлама негізінде педоқулар ұйымдастырылып, оn-
lain байқаулар және сабақтар ұйымдастырылса деген ұсынысын айтады.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы бойынша
жұмыс жүргізген Қызылорда қаласы №. 4 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Алпысова Әлия Қырғызбайқызы: соның нәтижесінде оқушылардың әңгімені
оқып танысуын,мазмұнын ашатынын, кейіпкерлерді салыстыра отырып,
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алатынын байқаған.
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын
шарықтату және сезімін оятатынына көз жеткізген. Топтық жұмыс үрдісіне
байланысты жұмыс жасауды игереді, Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,
ортақ қорытынды шығарады, Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды,
Топтастарының сұрақтарына жауап береді, Қорытынды шығарады, өз пікірін
дәлелдейтінін айтады. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт тиімді
пайдаланып, ізденіс керек. Оқушыларға ойланып – толғануға , ойын ашық
айтуға рұқсат беру керек. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай отырып,
өзара талдауға апару керек. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс –
әрекетін қолдау керек. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды
әжуаға айналдырмау керек. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету туралы ұсыныс айтады.
Қызылорда қаласы №6 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Нұрмұратова Жанат Есентайқызы СТО бағдарламасын пайдалану нәтижесінде
сабақтың жаңа құрылымы пайда болады. Психологиялық дайындық жасау,
қызығушылығын ояту, ой қозғау, өзіндік жұмыс, түртіп алу, топпен жұмыс, бес
жолды өлең, Венн диаграммасы т.б. сабақ жоспарындағы кезеңдер
124
қамтылатынын; Нәтижесінде: топқа бөлінген оқушылар өз бетінше ұйымдасып
ой қозғайды, тақырыпқа қызығушылықпен бағытталады, мәтіндегі ең қызықты,
құнды нәрсені анықтайды, кейіпкер ерекшелігін тануға бағытталады, мәтіннің
тілдік ерекшелігі туралы сұрақтар қоя біледі, өз ойларын еркін жаза білуге
бейімделеді, ойларын қорытуға үйренетінін айтады.
Жалағаш ауданы №201 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қанбаева Шолпан Қырғызбайқызы: сын тұрғысынан ойлау технологиясы -
оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігін ашатын, бір-біріне сыни баға бере
білетін, еркін сөйлей, ойын дәлелдей алатын, өмірге бейім, ұшқыр
ойлы,шығармашыл тұлғаны тәрбиелейтін технология. Оны қолдану
нәтижесінде оқушылары білімділік олимпиадалардың, республикалық ғылыми
жобалардың жеңімпаздары,сонымен қатар облыстық,республикалық жыр-
мүшайрада жетістікке жетіп жүргенін айтады.
Жалағаш қаласы Т. Жүргенов атындағы №123 орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Қосжанова Салтанат Орынтайқызы осы технология бойынша
желілік қауымдастықтағы мұғалімдердің нәтижелі оқытуға бағытталған
жұмыстары жинақ болып таратылу арқылы бірлесе жұмыс жасаса, оқушы
жұмыстарын көрсететін семинарлар, тренингтер жиі ұйымдастырылса табысты
оқу ортасын құруға ықпал етер еді деген ұсынысын білдіреді.
Ерекешева Жазира Мұхитқызы, Арал ауданы Қаратерең ауылының
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5-7 сыныптарының математика пәнінің
мұғалімі. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы сабақта білім беру мен
тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу мақсатында табысты пайдаланылатын
нақты әдістемелік тәсілдер жүйесін ұсынады. Мұғалім жеке тұлғаны
қалыптастырып, оған сапалы білім беру мақсатында оқу мен жазу арқылы
«
сыни тұрғысынан ойлау» әдіс-тәсілдерін жүйелі пайдалану арқылы
оқушыларды тынымсыз білім алуға баулуда. Сабақтары алуан түрлі, әсерлі әрі
мұғалімнің шығармашылығы арта түсуде. Оқушылардың ойлау қабілеті артып,
есте сақтау қабілеті дами түсті. Аталған технология оқушыны дербес немесе
ұжымда шығармашылықпен жұмыс істеуге, алған білімін өмірде пайданалуға
үйретеді.
Кенжебаев Жәнібек Серікбайұлы Қызылорда облысы, Қызылорда
қаласының №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің
мұғалімі. Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті
модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға» үйрету басқа модульдермен де
тығыз байланысты. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни
метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге
жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы
дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту
үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Оқушыны өздігінен білім
алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру
қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдістер
сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог жүргізу болып табылады. Мұғалім көбінесе
оқушылардың ауызекі сөйлеуіне мән беруі керек. Топтық жұмыс арқылы
125
«оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты
тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізіледі. Сабақтардың барысында
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық,
сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді
ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың
белсенді болуына, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды
қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат
ету керек.
Арал ауданы, Қосаман ауылы мектебінің биология пәні мұғалімі
Сүйіндікова Жазира Аманжанқызы СТО технологиясын 2011 жылдан бері
қолданып келеді. Бұл технологияны сабақта қолдану арқылы оқушылардың сын
тұрғысынан ойлауы дамиды. Технологияны қолдану барысында оқушылардың
білім сапасы көтерілді. Тақырып бойынша өз беттерінше ізденіп, тереңірек
меңгеруге дағдыланып, өз ойларын ашық айта алатын болды. Мұнда енжар,
үндемейтін оқушы болмайды. Мұғалім сабақта «Инсерт» кестесін,
сәйкестендіру кестесін, Жигсо әдісін, семантикалық кестені, т.б. қолданады.
Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі Омарова Салтанат
Күнтуғанқызы СТО технологиясын өзінің іс-тәжірибесіне енгізіп, қазірде оның
нәтижесін көріп жүрген тәжірибелі ұстаз. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі.
Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау,
өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және
үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене,
дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен
тәжірбиенің бірлігі. .Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден,
сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Екіншіден ,
сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы
оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге
жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан
білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтары мен
қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен
түзіледі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып
туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту
процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған
126
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен
әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау
мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы –
ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді. СТО технологиясы туралы өзінің білген-түйген
тәжірибесімен бөлісе отырып, Салтанат Күнтуғанқызы өз ұсыныстарын
келтіреді: Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім
шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол
сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,
іске асыруына жол көрсетеді.
Осы технологияны тиімді қолданып жүрген Павлодар қаласының
Қ. Бекқожин атындағы №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сарсекеева Қарлығаш Қайыртайқызы бұл технология оқушы бойында
коммуникативтік құзыреттілікті арттыратындығын айтады. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясында жеткен нәтижесі: оқушылар өз пікірін дәлелдей алады;
болжам жасау арқылы елесі, қиялы дамиды; ұйымшылдыққа үйренеді;
оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды деп атап көрсеткен. Сын
тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалану арқылы сабақтарының қызықты
тартымды әсерлі болғанын; оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,
шығармашылық қабілеттері дамып, өздеріне берілген сұрақтарға тынымсыз
жауап іздеп, күннен-күнге талпыныстары арта түскенін байқаған.
Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясының тарих пәні
мұғалімі Қаржасбаев Тимур Қайроллаұлы «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы
белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу,
оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп
сипаттайды. Нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау технология арқылы
оқушылармен жақсы жұмыс істеуге және олимпиадаларда, ҰБТ-де жоғарғы
нәтижелерге жетіп жүргенін айтады.
Павлодар қаласының №24 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Рахимжанова Рысты Нажмиденқызының іс-тәжірибесінен: СТО технологиясы
оқушыларды ұжыммен жұмыс жасауға үйретеді; Оқушылардың ойлау қабілетін
дамытады; Қосымша ақпаратпен белсенді жұмыс жасауға үйретеді. Оқушылар
өз ойларын ашық білдіре алады; Шығармашылық , зерттеу, саралауды үйренеді;
Оқушының топпен жұмыс жасай отырып белсенділік қабілеті дамиды.
Сонымен қатар, осы технологияға байланысты арнайы жабдықталған
кабинеттер арналса деген ұсынысын да білдірген.
Павлодар облысы, Лебяжье ауданындағы Майлыбай орта мектебінің шет
тілі пәнінің мұғалімі Түсутаева Динара Қадірқызының іс-тәжірибесінен. Сыни
тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме – оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасы. Нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауды жұптық әңгіме арқылы
дамытуда балалар бір-бірін зейін қойып тыңдауға (себебі мұнда олар мұғалім
рөлінде болады), жауап беруге үнемі дайын болуға (себебі міндетті түрде
127
сұрайды) үйренеді. Оқушылар сөйлесуге, сұрақ қоюға, жауап беруге, өз пікірін
дәлелдей алуға, диалог құрастыруға үйренеді. Жұптық жұмыс түрлерінің
балалардың сөздік қорларын байытуға, оны әңгіме, шығарма жазғанда, мәтінді
аударғанда, өлең жаттағанда маңызы зор екені түсінікті. Шет тілі пәндерде
«Серпілген сауал», «Конвер-сұрақ», «Рөлдік ойындар», «Бірге ойлаймыз» тсс.
әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. «Тындап отырған үштік», «Құпия зат»,
«Мозаика» әдіс-тәсілдер осы пән бойынша тиімді екенін айтады.
Павлодар облысы, Лебяжье ауданы Шарбақты орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Әмренова Махаббат Қайратқызы сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой
қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген,
білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін
шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп,
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты – әр түрлі
жастағы оқушыларға кез-келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір
пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл бағдарламаның
25-
ін пайдаланады. Сабақта: негізгі ойды суреттеу; топтастыру; бес жол өлең;
эссе жазу; Блум жүйесі; ЖИГСО-1;. ЖИГСО-2; Инсерт; Венн диаграммасы;
Кубизм; үш қарамды сұхбат; әлемді шарлау; ой қозғау; оқиға желісі
стратегияларын қолданады. Нәтижесінде: оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу,
еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.
Павлодар облысы, Май ауданы Малайсары орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Иманбаев Нұржан Берікұлы: сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам
негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың
пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу
дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталатынын
айтады. Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл
бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар. Өзі оның 25
пайдаланады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі: 1. Негізгі ойды
суреттеу. 2. Топтастыру. 3. Бес жол өлең. 4. Эссе жазу. 5. Болжам кестесі.
6.
Галереяға саяхат. 7. РАФТ. 8. Блум жүйесі. 9. ЖИГСО – 1. 10. ЖИГСО – 2.
11. Қазымыр оқушы. 12. Автор орындығы. 13. Инсерт. 14. Венн диаграмма.
15.
Кубизм. 16. Бағытталған оқу. 17. Кідіріспен оқу. 18. Әдебиет үйірмесі.
19.
Жол қалдырып жазу. 20. Қос жазба күнделік. 21. Авторға сұрақ қою. 22. Үш
қарамды сұхбат. 23. Әлемді шарлау. 24. Ой қозғау. 25. Оқиға желісі.
Оқушылардың таным белсендігін, ойлау қабілетін арттыру үшін қазіргі кезде
кең тарай бастаған «Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының» негізгі мақсаты:
білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Ол
128
үшін мына қағидаларды берік ұстанатынын айтады: оқушы мен оқытушы
арасындағы тепе-теңдік жағдай; екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер; оқушы
мен оқытушы арасындағ өзара сыйластық; оқушыны өз пікірін білдіруге
жетелеу және оның пікірін құрметтеу; оқушының ойлау, талдау, іздену
қабілеттерін арттыру; сабақта шешуші рөл оқытушы емес, керісінше оқушы
екендігі туралы пікір қалыптастыру; әрбір оқушының білім дәрежесін басқа
оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі
нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.
Павлодар облысы, Май ауданы, Қазан орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Асанова Назым Серікханқызы «Мұғалім- мектептің жүрегі, әдістеме- оның
тірегі» деп, сабақты түрлендіріп өткізу де, жаңа әдістерді қолдануда өз
нәтижесіне жету үшін, мен өз кәсіптік шеберлігімді арттыру мақсатында осы
оқу жылы педагогикалық оқулар, мұғалімдердің пәндер олимпиадасына, сабақ
панорамасы сайысына, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ашық
сабақтар өткізген. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының жаңашылдық
элементі – әрбір тұлғаның дербес дамуына бағытталған әдіс-тәсілдерді
қолданады. Сын тұрғысынан ойлаудың әрбір стратегиясы оқушының
шығармашыл әлеуетін ашуға бағытталған. Сыни ойлауды дамыту
технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын
күйінде берілмеуі. Бұл технологияның тиімділігі оқушылардың алған
білімдерін практикада қолдана алу дағдыларын іске асыруында. Өзі әрбір
сабағында осы озық технологияларды пайдаланып, кез-келген сабағында
тақырып бойынша «қандай жаңалықтар шығуда, қандай жұмыстар атқарылуда»
деп бастау дәстүрге айналды. Шәкірттерінің жеке бас тұлғасының
дарындылығын дамытуға аса көңіл бөледі. «Дамыта оқыту» белгілі бір идеяны
қабылдай отырып, ойын қарсы қою, салыстыру, оны жүйелілікпен пайдалану,
баланың ойын шыңдатып, кез-келген мәселені сын көзбен қарайтынын айтады.
Салыстыра зерттеуге үйренуде, бірлесіп білім алуда жауапты әрекет
қалыптасады. Ал мұғалім талқылау, қорытынды шешім шығару көмекші
міндетін атқарады. Сонда «Дамыта оқыту» бағдарламасы негізінде қалыптасқан
пікірталастың ерекшелігі екі одан көп топтың бір-бірімен ізденіске негізделген
сайысқа түседі. Ахмет Байтұрсыновтың «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір
әдіс жоқ, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу. Мұғалім әдісті көп білуге
тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану қажет» деген
сөздері шығармашылық балаларды айқындау мен дамытудағы ұсынылатын
әдіс-тәсілдерде шек болмайтынын айқындайды. 2015 жылғы наурыз айында
өткен аудандық пәндер олимпиадасында тарих пәнінен III дәрежелі орынға ие
болған. «Ziat» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Жас
педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты III Республикалық
мұғалімдер сайысында «Жас педагогтың шығармашылық бастамасы» бойынша
тарих пәнінен III орын иеленген. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын
қолдану арқылы оқушылардың логикалық қисынды ойлау қабілеттері
жетілдіреді. Технологиялар бойынша оқу құралдары шығарылса; семинарлар,
дөңгелек үстелдер ұйымдастырылса деген ұсынысын білдіреді.
129
Павлодар облысы, Май ауданы, Қаратерек орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Самрах Бақытхан Самрахұлы: сын тұрғысынан ойлау дегеніміз
бақылау, талдау нәтижелерін сыни көзқараспен қарастырады, оқушылардың
логикалық ойлау әрекеттерін дамытады, Блум таксаномиясының мақсаттар
жүйесіне негізделіп, оқушылардың білімді өз бетімен шешуді қамтиды деп
сипаттайды. Нәтижесінде оқушы өз білімін терең игереді, өз-өзіне есеп береді.
Оқушының логикалық ойлау дағдылары қалыптасады; эссе, шығарма жазуды өз
ойын дәлелді жеткізуге көмектесетін технология. СТО технологиясының
негіздемесін білу, кезеңдерін білу керек; әр сабақты Блум таксаномиясының
жүйесіне салу керек деген ұсынысын білдіреді.
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Тлеубаева Әлия Алибайқызы: Қазақстан тарихы пәнін оқытуда жиі
қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Олар: 1. Қызығушылықты
ояту («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы.
2. «
Топтастыру» (Жинақтау әдісі). 3. «Insert» стратегиясы. 4. «Нартәуекел»,
5. «
Шығармашылық» стартегиясы. Тірек-сызбалар әдісі ең қолайлы және тиімді
әдіс болып табылады. Олар: түсіндіру, тірек-сызбалар, символдар, оқулықпен
жұмыс, өзара бақылау қағаздарын толтыру т.б. Тірек формалары әртүрлі, бірақ
жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап
береді. Танымдық іс- қимыл сатылы түрде дамиды. 1. Теориялық оқу. 2. Өздік
жұмыс. 3. Бірінші қайталау (Конспетіні түгел игергендігі жөніндегі бақылау).
4.
Тірек конспекті арқылы ауызша жауап беру. 5. Екінші қайталау (алдын-ала
берілген сынақ сұрақтарына дайындалу және бақылаудың барлық түрін
пайдаланып, ойын элементтері арқылы да (сайыс, ребус шешу, т.б.)
қорытындылау. Сабақта осындай инновациялық технологияларды пайдалану
оқыту тиімділігін арттыратынын айтады. Нәтижесінде: уақыт үнемделеді.
Оқулықтағы тұтас тарауды қамтитын көлемді дүниенің басты мәселелерін бір
сызбаға шоғырландыру оқушының ойын жинақтауға, кеңейтуге, жаттандылық
сияқты жаман әдеттерден сақтандырады, салыстырмалыққа үйретеді, тарихи
құбылыстарға талдау жасай білуге, т.б. үлкен көмек береді. Бұл әдіс тест
тәсіліне көмекші құрал қызметін де атқарады. Оқушы тұлғасының танымдық
қабілеттерін (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытады. Берілген
білімді сапалы, жүйелі меңгереді, белсенді сөздік қорын ауызша, жазбаша тілін
дамытады. Білімнің өмірмен байланыстылығын сезінеді. Ғылыми-әдістемелік,
анықтамылық әдебиеттермен жұмыс жасай алады. Ең жоғары нәтижеге жеткен
бала білімді, іскер, шығармашыл және дарынды субъект ретінде танылады,
яғни шығармашыл тұлға қалыптасады. Жаңа технологиялар оқушының
бойында қызығушылық тудырары сөзсіз. Бұл технологиялардың тиімділігі:
оқушы бойында сабаққа деген қызығушылықты арттырады, оқушының өз
жұмысына
жауапкершілікпен,
тиянақтылықпен
қарауына
әкеледі.
Оқушылардың ортасында бәсекелестік пайда болады. Оқытудың озық
технологияларын пайдалана отырып оқушыларды сабақ процесі кезінде
өздігінен жұмыс істеуге жол ашады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
130
адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті. Сондықтан,
әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Заман
талабына сай әр оқытушы өзі жүргізген пәндер бойынша жаңа
технологияларды тиімді пайдаланса, онда болашақ маманның білім сапасын
тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Павлодар облысы, Лебяжье ауданы, Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Қайырбекова Алмагүл Бекболатқызы: Сын тұрғысынан ойлау
–
оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – оқушыны мұғаліммен,
сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты –
дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды
дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Жаңа
технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала
бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты
міндеті. Тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен
танысу барысында V – «білемін», - - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа
ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын
білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды
есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар
арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен
ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай
ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер
құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-
толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға
беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз
сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой
алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында
басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта
түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең»,
«
Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты
стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылатынын айтады. Осы технология бойынша өткізілген сабақтар
нәтижесінде оқушылардың білімге деген қызығушылық қабілеттері артып,
шығармашыл, ізденгіш, біреудің пікірін сыйлай білетін, құнды пікір айта
131
алатын, көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік берді.
Павлодар облысы, Лебяжье ауданының Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Өмірханова Гүлнар Мәдениетқызы сыни тұрғыдан ойлау –
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең
басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де
сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың
нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге
бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді
қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді
енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және
басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді деп сипаттайды.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру
бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман
талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін,
белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды
шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың
жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын
салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс
жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның
дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы
тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені
ой елегінен өткізуді қамтиды. Ол бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде берілген ақпаратты ойлауға, талдауға, бағалауға
бағытталған. Балаларды диалогпен дәйектер, талқылауға тарту белсенді
жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары
болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің
алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз
-
философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген
стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана
жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет
етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз
жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың
ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге, СТО технологиясын
пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау,
т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізе болады. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» технологиясынан, стратегияларын сабақта қолдану
барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік
дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына, жағдай
жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін
өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік
132
дағдылары қалыптасады. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен
ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі.
Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім
жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен
орын алады. «Сын тұрғысынан ойлау» жүйесі оқытуды жаңаша
ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу,
рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу
үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке
жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде орта қарым-
қатынасына құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып,
ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен
жүзеге аса бастайды.
Павлодар облысы, Лебяжье ауданы, Малыбай орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Набибуллина Зульфия Минигараевна СТО сабақта тиімді
қолдануда жеткен нәтижелерін көрсетеді: Сабағында сабақтың жаңа құрылымы
пайда болған. Сабақтың жоспары: 1. Психологиялық дайындық. 2. Ой ашар.
3.
Үй тапсырмасын тексеру. 4. Жаңа сабақ. I. Қызығушылықты ояту. А) Ой
қозғау. Ә) Өзіндік жұмыс. Б) Түртіп алу - +? v (INSERT) II. Мағынаны тану
сатысы. 1. Топпен жұмыс. 2. Бес жолды өлең. III. Ой толғаныс сатысы. 1. ВЕНН
диаграммасы. 2. Бағалау. 3. Үйге тапсырма. Өз тәжірибесін зерттеп, зерделеу
нәтижесінде 2012 жылы «Нәтижеге бағытталған білім» кітабында
«Педагогикалық тәжірибедегі инновация» сериясында (облыстың білім беру
жүйесіндегі мұғалімдердің инновациялық тәжірибесі жинағы). «Бастауыш
сыныптағы тіл сабақтарында сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану арқылы
оқушылардың тілін дамыту» баяндамасы және сын тұрғысынан ойлау
технологиясы бойынша даярланған «Педагогика хабаршысы» газетінде
мақаласы жарық көрген №13 2012 ж. «Дүниетану сабақтарында оқушылардың
сыни ойлау негіздерін қалыптастыру» атты, бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған көмекші әдістемелік құралын шығарған. технологияның тиімділігі:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларға сапалы білім
беріледі. Білім сапасы сынып бойынша 85 пайыз, жеткілікті жоғары деңгейде,
үлгерімі 100 пайыз болған.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Еңсебаева Гүлмира Қалиқызы сабақ беретін сыныптары үшін
сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту тиімді екенін айтады. Сыныпта оқушылар
көбінесе өз ойын ашық айтуға бейім. Ал сол айтқандарын жазуға келгенде
бастапқы ойын ашып жаза алмайтынын байқағаннан кейін, оқушыларды өз
деңгейінде жазуға машықтандырған. Сол себептен сын тұрғысынан ойлау
арқылы ойын, жазу дағдысын қалыптастыра отырып, неге солай? сенің
пікіріңше қалай? деген екі түрлі түсініктеме күнделігін қолдану арқылы эссе
жазу, еркін жазу, ақынға хат жазу сияқты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамытқан.
Сонымен қатар, жаңа тақырыпты меңгертуде ДЖИКСО ұжымдық оқыту әдісін
қолданады. Бұл әдіс үлкен тақырыпты меңгергенде қолайлы. Бұл жағдайда топ
басшылары өздерін мұғалім ретінде сезінді. Оқушылар рөлге, таймкиперлер
133
уақытты бақылап отырды. Бұл әдіс мазмұнды жетік меңгеру, оқығанды есте
сақтау үшін тиімді деп сипаттайды.
Павлодар қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Теміржанова Меруерт Әсетқызы: СТО шығармашылықты ынталандыратын
психологиялық тәсіл. Топтық пікірталас тудыра отырып, өз ойларын көпшілік
алдында айта алмайтын оқушылар ашылып, басқалармен бірігіп сөйлей
бастайды. Досымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түседі.
Жеті модульге сүйене отырып, репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға
көше отырып, жұмыс жүргізу, білім сапасы жоғары деңгейде болуына септігін
тигізеді. Мұғалім осы технологияны қолдануда сабақтың уақытын көбейтсе,
Lesson Stady
туралы көп ақпарат берілсе деген ұсыныс айтады.
Павлодар қаласы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абаева
Алмагүл Тұрлыханқызы жұптық жұмыстар орындау кезінде оқушыларға
«
Инсерт», «Жұптық диалог» т.б. стратегияларын қолдану тақырыпты терең
талқылауға мүмкіндік беретінін; осы технологияны қолдануға арналған қазақ
тіліндегі аудио-, видео әзірлемелер кешені жасалса, жүйеленсе деген
ұсыныс айтады.
Павлодар қаласы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қасыбаева
Майра Бағдатқызы сабақтарында әртүрлі Блум өлшемдеріне негізделген
сұрақтар, оқушылардың біріге отырып, білім алуларына ықпал ететін әр түрлі
тапсырмалар арқылы диалогтік оқыту әдістерін енгізгенін айтады. Мысалы,
қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпта өткізілген І. Жансүгіровтің «Күй» поэмасы
бойынша балалар күйдің адам денсаулығына қандай пайдасы бар? Неліктен күй
нарды идірді? деген бір жуан, бір жіңішке сұрақтар қоя отырып, оқушылар бір -
бірімен жарыса отырып, жауап беріп, қызу талқыға түсті. Сабақ барысында
оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан
өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Диалог арқылы оқыту оқушыларға логикалық тұрғыдан ойлауға, қоршаған
әлемнің ғажайып бейнесін жасай алуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына
септігін тигізеді және оқушылар жеңілден күрделіге бағытталған сұрақ қоя
отырып, оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндік алады оның өзіне деген сенімі
артып, алған білімін қолданып, талдай алатындығын байқағанын айтады.
Павлодар қаласы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-интернатының қазақ тілі мұғалімі Ахметова Гүлзина
Қабдрахманқызы бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін
басшылыққа ала отырып, «Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың
мұғалім құзырлылығын арттырудағы рөлі», «Критерийлер арқылы бағалау –
сапалы білім өлшемі», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Өзін-өзі
бағалау – оқушы динамикасының кілті», «Оқу үдерісіндегі өзін-өзі бағалаудың
орны» атты тақырыптарда коучинг сабақтар өткізгенін айтады. Сын
тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс
жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен
134
қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны
түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының
тілі дамиды деп атап көрсеткен.
Павлодар қаласындағы № 22 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Абылғазинова Құралай осы технологияны қолданғаннан бері оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтары артқанын, олимпиада, ғылыми жоба
жеңімпаздары бар екендігін айтады. Оқушылар өз ойларын еркін айта алады.
Түрлі оқуларға қатысады. Тәжірибемен бөлісуде көрсеткен ашық сабақтарының
баспа бетінде жарияланғанын, республикадан шыққан «Инновациялық
сабақтар» жинағына сабағы енгенін айтады. Сын тұрғысынан ойлау баланы
еркін сөйлеуге, топта, жұпта өз ойын айта алуға, мол материалдан қажеттісін
сұрыптап алуға үйретеді. Көптеген стратегияның әрбір сабаққа қажеттісін
алып, тиімді қолдана білу қажет деген ұсынысын білдіреді.
Павлодар қаласындағы №22 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Құниярова Райхан Сәдуақасқызының іс-тәжірибесінен. Қазақ тілі мен әдебиеті
сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында
мұғалім: 1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапқызу.
2.
Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап,
талқылауды өздеріне ұсыну, бір-бірін тыңдату. 3. Өзіндік қорытыныдылары,
оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралату. 4. Білімді өз
бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін,
танымпаздық белсенділіктерін арттыру. 5. Білім дәрежесі деңгейін саралау
/өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптастыру/. 6. Бір-бірімен
ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге
дағдыландыру. 7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады,
онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға
үйрету қажет екенін айтады.
Май ауданы Қаратерек орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Сембаева Сайран Қанатайқызы СТО арқылы оқушы өз білімін терең игереді,
өз-өзіне есеп береді. Оқушының логикалық ойлау дағдылары қалыптасады;
эссе, шығарма жазуды өз ойын дәлелді жеткізуге көмектесетін технология деп
сипаттайды. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Алина Мөлдір Маратқызы сын тұрғысынан ойлау
–
ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,
естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасауы. Оқушылардың іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп,
бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір
ұстаздың міндеті деп атап көрсеткен. Мұғалім «Эссе жазу, бес жол өлең»,
«әңгімелесу», «топтастыру» т.б. стратегияларды қолдананатынын және
оқулықта берілген ұлы ғалымдардың нақыл сөздеріне талдау жасау арқылы
сабақты қорытындылайтынын; нәтижесінде оқушының ойлау қабілетін
арттыруға, өз ойын ашық айтуға ықпал жасайтынын мәлімдейді. Аталған
стратегияларды пайдалана отырып, мұғалім көптеген жетістіктерге жеткенін;
135
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір
таластыру, ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасқанын; өздеріне
сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса
жүйелеп, еркін айта бастағанын; шығарма, мазмұндама жұмыстарында
оқушылар ой-толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіретіндігін; кейде
мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазатынын айтады.
Сейтенова Анар Ғазизқызы Павлодар облысы, Май ауданы, Қаратерек
ауылындағы Қаратерек орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі «Сыни
тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдайды. Заман талабына сай қажетті
жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырып отырады. Білім берудің
мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы
енгізілуде. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз
ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып,
реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға
бағыттау өздігінен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни
тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушылар бұл жұмысты
дұрыс ұйымдастырған жағдайында өздерінің даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға
асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. «Сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен
түзіледі. Сабақ барысында бұл технологиямен жұмыс жасау кезінде оның
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өздігінен білім aлyғa,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтуге болады.
Сондай-ақ бұл технологияны қолдануға дейінгі және қолданудан кейінгі
кезеңін (аралығын) салыстырсақ, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының
артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің
шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны
қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының негізгі философиясы - ашық қоғамда өмір сүретін
шығармашыл тұлға қалыптастыру. Техологияның стратегияларын әр сабақтың
мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне
байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетіне өзгеріс
енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде
ғана ашылады.
Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының жоғары санатты, тәжірибелі
ұстаз Кенжебаева Даметкен Камариденқызының сын тұрғысынан ойлау
технологиясын
қолданудағы
педагогикалық
іс-тәжірибесінен.
СТО
технологиясын информатика сабақтарында қолданудың нәтижелілігі:
оқушылар практикалық іс-әрекетте болды; белсенділігі артты; білім және
іскерлік дағды қалыптасты; басқаларды тыңдай біледі; өз ойын тұжырымдай
біледі және ашық айтуға үйренді; қарым-қатынас жасауға үйренді; тoп ішінде
өзара пікірталастар мен талқылауларға қатысады; өз дoстарына және мұғалімге
136
сұрақ қoя алады; белсенділіктерімен жауапкершіліктері жoғарылады,
шығармашылықты oйлауға үйренді; өз пікірін ұстанады; көшбасшылық
қасиеттері дамыды, дoстарына көмек көрсетеді; сыныптастарының жұмысын
және өз жұмыстарын бағалайды; өзін-өзі бағалайды; өз-өзіне сенімділіктері
артты. Оқушылар әр қырынан көрініп шығармашылық жұмыстарды oрындап
ғылыми жoба жазуға ұсыныстар білдірді, КИО олимпиадасына 10-сыныптың 3
оқушысы қатысып, «Үздік нәтиже» алса, 8-сыныптан 1 оқушы облыстық
олимпиадада ІІІ орынға ие болды. Жалпы информатика пәні бойынша білім
сапасы 69%-дан 100%-ға көтерілді. Қорыта келгенде, Даметкен
Камариденқызының сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды
өзін-өзі реттеуге, олардың ішкі потенциалының «ашылуына» көмегі өте зор
екендігіне көзі жетіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, оқушылары «игі қабылдайтын
оқушылар» санатынан «ықпал ететін» оқушылар санатына көтерілгенін айқын
көрсетіп тұр. «Тауларды орнынан қозғалтатын адам алдымен кіші тастарынан
бастайды» деп ұлы ғұлама Конфуций айтқандай, ұлы өзгерістерге деген өзінің
кішкене үлесі өз нәтижесін көрсете алды деп есептейді. Алдағы уақытта
мектептің дамуына ықпал ететін, оқушылардың білім сапасын арттыратын,
көшбасшылық дағдылардың тиімді жолдарын жоспарлап, оның орындалуына
септігін тигізетін жолдарын іздеп, мектебінің жаңа белестерге жетуіне
көшбасшы мұғалім ретінде өзінің сүбелі үлесін қосқысы келеді.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының №37 гимназиясының қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Ағыбаева Ғалия Мүбаракқызы сын тұрғысынан ойлау
технологиясы оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу
жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын технология деп
сипаттайды. 2008 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы өз іс-
тәжірибесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын басшылыққа алып,
стратегияларын сабақтарында тиімді қолданатынын айтады. Жинақталған іс-
тәжірибенің нәтижесінде әдебиет пәнінен 6-сыныпқа арналған жұмыс дәптерін
құрастырғанын, онда әдебиет сабағында оқушылардың жекелей, жұппен,
топпен жасайтын жұмыс түрлерін ұсынғанын айтады. Мысалы, «екі жақты
түсініктеме күнделігі», «семантикалық карта», «көрнекілік», «РАФТ», «эссе»,
«әдебиет үйірмесі» т.б. стратегиялар. Бұл жинақ оқушыларды өз бетімен жұмыс
жасау, ойланту, өз пікірін, көзқарасын қорғауға үйрету арқылы жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жұмыстарымен құнды деп
айтады. Дәптермен жұмыс істеу барысында оқушылар ойын жүйелі жеткізуге,
талдауға, дәлелдеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға үйренетітін
байқаған. Бұл технология қазіргі уақытта ҚР педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламасында жеті модульдің
бірі ретінде оқытылады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабақтың әр кезеңінде
стратегияларды тиімді қолдана білу қажет деген ұсынысын білдіреді.
Көшерханова Ләззат Нұрмағанбетқызы Шығыс Қазақстан облысы,
Курчатов қаласы, №1 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі. «Сыни
137
тұрғыдан ойлау» технологиясында топпен жұмыс істеуді ұсынады. Мұғалім
оқушыларды математика сабағында сыни ойлауға, топпен жұмыс істей отырып
өздігінен білім алуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. Мұғалім
–
оқушыларға бағыт бағдар беруші болса, ал оқушылар өз ойларын еркін
жеткізе білуге, кез келген жағдаятқа сыни көзқараспен қарап, берілген
жағдаятқа байланысты өз пікірлерімен бөлісе отырып, топпен ортақ шешім таба
біледі. Пікірлесу арқылы өздерінің пікірлерін топ алдында қорғай алуға
дәлелдер таба біледі. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы мұғалім берген
дайын білімді ғана алумен шектелмей, білімді өзі алуға талпынады. Әсіресе
топпен жұмыс кезінде оқушы басқа пікірлерді де талдай алу қабілеті, яғни кез
келген жағдайға өзінің көзқарасымен пікірін білдіріп, ашық сөйлеуге, дәлелдеу
арқылы ізденіс жасау арқылы зерттеу жасауды үйренеді.
Астана қаласындағы №50 Райымбек батыр атындағы Қазғарыш мектеп-
лицейінің шет тілі пәні мұғалімі Тапиева Тәттігүл Ұбайдоллақызы шет тілі
сабағында баланың тілін дамыту жұмыстарына көп көңіл бөледі. «Сын
тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдану нәтижесінде оқушылардың
ағылшын тілі сабағында сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Оқушыларға
тапсырмалар беру арқылы әр түрлі жұмыстар атқарылады. Өз бетімен, жұппен,
топпен жұмыс жүргізіледі. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып,
шығармашылығы дамиды. Бір ғана сабақта бірнеше тапсырма орындайды.
Оқулықтағы тапсырмалар, жаттығулар, тыңдап түсіну, мәтінді оқып, кез-келген
жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізе
алады. Сонымен қатар, оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді.
Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін
түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын
оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған
қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Бірін-бірі әділ
бағалайды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқушы
қалыптастыру мүмкіндігі туады. Ағылшын тілі сабағында сын тұрғысынан
ойлау технологиясын қолдану тиімділігінің арқасында мұғалім оқушының нені
меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыларда намыс
оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден,
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі. Ол оқушының ынтасын,
қабілетін, белсенділігін көтереді, әр оқушының жоғары деңгейде білім алуына
мүмкіндік береді. Шет тілі сабағында оқушылардың мәдени, рухани дамуына
үлкен мүмкіндік тудырады. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын
қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын
салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Бұл жүйемен жұмыс жасағанда,
үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-
жақты зерттей отырып,сабақты соған сай өзгертіп отыру керек.
138
|