Мультимедиалық технология
Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №1 мектеп-гимназияның жоғары
санатты информатика пәнінің мұғалімі Туралина Лаура Әлімқұлқызы өз
сабақтарында мультимедиалық технологияны тиімді қолданып жүр. Қазіргі
заманғы аудио, теле, визуальдық және виртуальдық коммуникациялардың білім
беру оқыту процестерінде қолданылуын мультимедиалық технологиялар деп
аталады. Ал осындай технологияларды қолдана отырып өткізілетін сабақтар
медиа, мультимедиа сабақтар деп аталады. Мультимедиа – бұл компьютерлік
технология мен бірге ақпараттық орта мүмкіндіктерін және графика, текст,
видео,
фотография,
анимация,
дыбыстық
эффектілерді
қолдану.
«Мультимедиа» термині ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап енгізіле
бастады. Multimedia – (ағыл.) көпкомпоненттік орта (текст, графика, видео және
мультипликация). Бұл технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім
сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық
есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік
құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық
технологияларды
пайдалана
отырып,
қашықтықтан
білім
беруді
ұйымдастыруда елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген технологияның
бірі. Қоғамның ақпараттандырылуы, жаңа медиа технологиялар білім беруге
қойылатын талаптарды да өзгертеді.
Еуропа Одағының құжаттарында «медиатехнология» алынған ақпарат
негізінде өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті, ақпарат құралдарына сыни
және өзіндік көзқарасы бар отандық азаматтарды тәрбиелеу мақсатында
медиақұзыреттілікті дамытуға бағытталған оқыту технологиясы ретінде
айқындалады. Мультимедиалық технологиялар адам қызметінің көптеген
бағыттарына төңкеріс жасады. Білім беруде мультимедиалық технологиялар ең
ауқымды технологиялардың бірі. 2007 жылы өткізілген Бірінші медиа-сабақтар
Фестивалі Қазақстан Республикасында үлкен резонанс туғызып, оқыту
процесіне медиатехнологияны енгізу бұл- телерадио, бейне-аудио, интернет
сабақтарын, электрондық оқу құралдары мен қашықтан оқыту жүйесін
қолдануға, жүзеге асыруға, дамуына ықпал етіп, кең мүмкіндік беретінін
дәлелдеп берді. Лаура Әлімқұлқызы бұл медиатехнологияны өз мектебінде
2012-2013, 2013-2014, 2014-
2015 оқу жылдары бойынша өткізілген «Мектептің
медиаорталық мекеменің жаңашылдық білім іс-әрекетінің нәтижесі тәріздес»
эксперимент нәтижесінде 3 жыл қатарынан қолданып келеді. Негізінде
медиатехнология қолдану аясына мыналар жатады: Интернеттен сабаққа
қатысты материалдар, бастысы бейнематериалдармен жұмыс жасау; Басқа
мектептегі оқушылардың сабағына виртуалды қатысу, пікір алмасу,
видеоконференциялар ұйымдастыру; Офистік бағдарламалар арқылы
көркемдік, есте қаларлық сабақтар ұйымдастыру; Flash технологиясы арқылы
электронды ресурстар дайындау. Медиатехнология арқылы өткізілген
медиасабақ, соңғы ғылыми жетістіктер дәлелдегендей, ақпаратты көрнекі
қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек
175
түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдерді пайдалана, олардың
әртүрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға, танымдық үрдісін
басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл
медиатехнологияны қолдану барысында екі сыныпты қатар салыстырғанда,
медиатехнология арқылы өткізілген медиасабақта берілген тапсырма жай
сабақта түсіндірілген сабақтан нәтижелілігі, сыныптың сапалық көрсеткіші
және оқушының меңгеру деңгейі жоғары болады. Медиатехнологиямен
өткізілген сабақтарда мұғалім, негізінен, тапсырмаларды берудегі, нәтижелерді
белгілеп баға қоюдағы қиын жұмыстардан босатылып, кеңесші рөлін атқарады.
Ал берілген уақыттан тапсырманы ерте бітірген оқушылармен жеке кеңес
өткізу мүмкіндігіне ие болады. Дәл осындай сабақтарды өткізу оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамытуға, оның ішінде оқушы өзінің
ақпараттық сауаттылығын пайдалана отырып, виртуалды әлем мүмкіндіктерін
игеруге кең мүмкіндік алады. Ең беделді медиапедагогтардың және
медиатеоретиктердің бірегейі Л. Мастерман (L. Masterman) қазіргі әлемдегі
медиатехнологияның маңыздылығы мен басымдығын айқындайтын себебін
негіздеп берді: 1. Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда
бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс көптігі. 2. Медианың
идеологиялық маңыздылығы, өнеркәсіптің саласы ретінде олардың
аудиторияның санасына ықпалы. 3. Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны
басқару және тарату тетіктерінің күшеюі. 4. Негізгі демократиялық процестерге
медианың ену интенсивтілігі. 5. Барлық салада визуалды коммуникация мен
ақпарат маңыздылығының артуы. 6. Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған
оқушыларды оқытудың қажеттілігі. Мұғалімнің ұсынысы: Кез келген мұғалім
медиатехнология туралы, медиа сабақтарды өткізу мумкіндігін төмендегі
көрсетілген
Интернет
ресурстарынан
алуына
болады.
http://www.school.edu.ru/default.asp. http://www.1september.ru/.,
http://www.internet-school.ru/., http://www.it-n.ru/. http://www.mediaedu.ru/.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап
мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға
үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып,
іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында
оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар
аударылды. Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясының
басты ерекшелігі: оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден
ауырына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын
мақсат – білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу
қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді
қолдану қажет: берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу; берілген
тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа
176
қызығушылығы артады.
Оқыту технологиясының негізгі сатылары:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру.
3
. Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
4. Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-
тік білімге сай.
5. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі
туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға
болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап
етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы
оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізі
тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың
сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен
бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды
басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай
дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар
оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет
етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету [6].
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана
отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей
зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін
оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,
ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын,
ойын ұштайды.
Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1. Шығармашылық.
2. Эвристикалық.
3
. Алгоритмдік.
4.
Оқушылық деңгей.
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін қажет:
1. Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер, логикалық есептер).
2. Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып,
өз эмоциясын өзі басқара білетіні, зейіннің тұрақтылығы, ойлауы дамитыны
байқалады. Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі,
мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын,
оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Екінші деңгей тапсырмалары
түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу үшінші
деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кµрінуімен
логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының
белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға
177
пайдалануымен сипатталады. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі
жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды,
ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу
ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты
себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп
оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана
отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Денгеийеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін
аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш
денгеий қарастырылады: ең төменгі денгей (минималды базалық),
бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі
шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс
пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де
нәтижелі болу үшін [7].
Ақмола облысы Ерейментау қаласының №1 орта мектебінің тарих пәнінің
мұғалімі Мұқашева Торғын Боранбайқызы деңгейлеп-саралап оқыту:
1.
Түрлі сынып құрамының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі оқыту
жағдайларын жасау.
2. Сыныптарда оқытудағы әдістемелік, педагогика-психологиялық және
ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету.
Саралап оқытудың негізгі түрінің бірі-жекелеп оқыту. Деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп-саралап оқыту
құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей
(базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы
меңгеруі тиіс екенін айтады. Технологияның өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға
өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізді. Оқушылар өздік
жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап,
диагностикалауға қол жеткізді. Сабағында оқушылардың бір-бірін бақылау
мүмкіндігі олардың арасында жарысу жағдайын туғыза отырып, әр оқушы
өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады. Әр жаңа
тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі үй
жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді.
Диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттеген. Әр
тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан
178
аяғында жақсы көрсеткішке жетті. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1.
Репродуктивті деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2.
Алгоритімдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3.
Эвристикалық деңгей-оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді.
4.
Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Деңгейлеп, саралап оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы өз бетімен
жұмыс
жасау
кезінде
тиянақтылыққа,
ұстамдылыққа
үйреніп,
жауапкершілігі артады.
Ақкөл қаласындағы Ақкөл орта мектептің химия пәнінің мұғалімі
Сайфидинова Дана Қалқаманқызы білім беруде деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясын қолданады. Дана Қалқаманқызы деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясын өзінің іс-тәжірибесінде қолдануда оқушылардың өздігінен
танып, іздену іс-әрекеттерін меңгеруін мақсат етеді. Бұл технологияда бірінші
орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар
аударылды. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты
мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деп бөлуді болдырмау.
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I
деңгейден бастап орындайды және «3» деген бағамен бағаланады. I деңгейлік
тапсырмаларды орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының
орындалуына кепілдік береді. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және
одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан
алғанда үлгерімі төмен, «баяу» оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай
жатса, не істеуге болады деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда қалған
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Мұғалімнің ұсынысы: деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп, онымен қоса
ғылыми-әдістемелік құжаттармен және ұсыныстармен қамтамасыз етілсе, онда
дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шешуге болады: оқушылардың
100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі; оқушылардың жүктемесін
оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды); оқушылардың оқу
қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады; оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш,
мазасыздық сезімі жойылады; дарынды оқушылар дер кезінде анықталып,
оларды дамытуға жағдайлар жасалады; танымдық процестерді, оқушылардың
таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді; олимпиада, конференция
жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздар саны артады.
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының №45 орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Суликанова Қаракөз Тубасовна бір сыныпта, бір бағдарлама және бір
оқулық бойынша оқи отырып, материалды әр түрлі деңгейде игере алу
179
деңгейлік саралау деп аталады. Деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы
балалар жаңа тақырып бойынша өз ойларын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс
жасауға және оған қорытынды жасауға үйренеді. Үй жұмысын жақсы
ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Өздігінен ізденіп, пікір
таластыру деңгейіне де жетіп, үнемі даму үстінде болатын тұлға тәрбиеленеді.
Оны қолдану нәтижесінде әр оқушы өзінің деңгейін біліп алға деген ұмтылыс
болады. Жасаған әр дұрыс тапсырмасына қуанады. Бұл технология арқылы
класындағы оқушылардың деңгейін ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың
дарындылықтарын да анықтай алатынын. Баланы керекті бір салаға бейімдеуге
мүмкіндік беретінін айтады. Оқушының қиын ситуациялардың шешімін тез
арада қиналмай табады. Бұл технологияның әдістері арқылы оқушыларды
бағалаған кезде тақтаға деңгейлерін іліп қойса, балалардың арасында өзара
сайыс туындайды және бойында бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға
болады. Оқушыны еңбекқорлыққа үйретеді. Пәнге деген қызығушылық пайда
болатынын айтады.
Әйтеке би ауданының Абай атындағы орта мектебінің шет тілі пәні
мұғалімі Есентемірова Айжамал Жақсыбекқызы саралап-деңгейлеп оқыту
арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіретінін айтады. Оқушы осы
технология арқылы жаңа материалдарды арнайы программа арқылы тез
меңгере алады. Технологияны қолдана отырып, ағылшын пәнінің оқу сапасын,
оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатына жету үшін
оқушылармен жеке дара жұмыстар ұйымдастырған. Бұл технологияда жұмыс
міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген
жіктерге бөлуді болдырмау екендігін айтады. Ағылшын тілінен оқушының
білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында
жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен
іске асады: жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып
ұғындыру әрекеті; жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар
түрлері(I,II,III деңгей); тест тапсырмалары; өзіндік жұмыс: қатемен жұмыс.
Қорыта келгенде, мұғалім саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы –
оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі екенін айтады.
Темір ауданының №4 Шұбарқұдық орта мектебінің шет тілі пәнінің
мұғалімі Айтжанова Гүлжан Мұқанқызы өз сабағында деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясын, оқу циклінің ұдайы қайталанатын оқу модульдеріне
сәйкес модульдік технологияны, дамыта оқыту технологиясын, сындарлы
оқыту технологиясын және жетістікке жетелейтін оқыту технологиясын
қалданатынын айтады. Ағылшын тілі сабағында әр оқушының деңгейіне
байланысты Ж.А. Қараев технологиясына сүйене отырып, деңгейлік
тапсырмалар дайындайды. Нәтижесінде ағылшын тілі сабағында диалогтық
қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырып,
шығармашылыққа баулиды, сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыра
отырып, сыни көзқарастарын дамытатынын байқаған.
Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
180
Далеуова Зәуреш Асанқызы «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы» жаңаша
өзгеше мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуге талап етеді. Технология әдісінің ерекшелігі – сабақ барысында
оқушы бірнеше деңгейде жұмыс жасай алады. Бұл технологияның басты
мақсаты – оқушыларды жікке бөлуді болдырмау, сабақта барлық оқушы оқу
қабілетіне қарамастан жұмысты бірінші деңгейден бастайды және оны
орындауға міндетті, одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға
құқылы. Технологияның ерекшеліктері: білім стандартына сай толық нәтиже
береді; мақсатты диагностикаға қарай ден қоюға және оқу нәтижесін шынайы
дәл бағалауға қол жеткізеді; дидактикалық үрдістің тұтастығын айқындайды;
оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайды.
«
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы» оқыту әдісінің құндылығы: жоғары
деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік
береді; оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг ұпай
жинау әдісіне баулиды.
Әйтеке би ауданының Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Қайырбаева Асылгүл Қайыржанқызы балалардың логикалық ойлауын
дамытуға, оқу белсенділігін арттыруға деңгейлеп оқыту ерекше әсер береді.
Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде берілмей,
мұғалім баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблеманы міндетті қойып,
соны өздеріне шештіруге бағыттау деп сипаттайды. Нәтижесінде баланың
білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл
болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың
ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі. Осы технологияларды қолдана
отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарды орындау мақсатында,
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Жан-жақты пікірлесіп,
талдау жасап отырады. Түрлі сұрақтар арқылы сол тақырыпқа байланысты ой
шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасуы, өз
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жететінін айтады.
Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Байменшина Мөлдір Әбілғазықызы деңгейлеп оқыту технологиясының
мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін
қамтамасыз етеу деп атап көрсеткен. Оқушыларға берілетін деңгейлік
тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады: I деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы; 2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген
білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі;
3)
тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы
керек; II деңгейдегі тапсырмаларға: 1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге
және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы
тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет. 2) оқушының ойлау
қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық
ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет .
181
Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар. III деңгейдегі
тапсырмаларға: 1) танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы
қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді
меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс; 2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін
есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен
шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу,
жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға
берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын
тапсырмалар. IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) оқушылардың
жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы
мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір
дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап
шығуына негізделген. 2) олимпиадалық есептер; 3) берілген тақырыпқа өз
бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Яғни бұл тапсырмалар оқушылардың
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болатынын
айтады.
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байғазина
Сайлаубике Сағынғалиқызы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс
міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты – класс оқушыларын «қабілетті-қабілетсіз» деген жіктерге
бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын жұмысты 4 деңгей
бойынша орындайды. Әрбір оқушы бір деңгейді орындауға міндетті. Сонымен
қатар жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік
білім жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулиды
деп сипаттайды.
Оқушылары осы технологияны қолдану барысында төмендегідей нәтижеге
жеткен: 1. Әр тапсырманы орындап болғаннан кейін жіберілген қателіктерге
талдау жасалады. Келесі тапсырманы орындау кезінде оқушылар қателерін
қайталамауға тырысты. 2. Әрбір оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды.
3.
Оқушының Жеке өзіндік қабілеті айқындалды. 4. Алға ұмтылысы,
талпынысы және іштей бәсекелестігі артты. 5. Оқушының ойлау қабілеті
жетілді. 6. Уақытты үнемдеуге үйренді. Сонымен қатар 3-сыныптың қазақ тілі
пәнінен 2 нұсқада төрт деңгейге негізделген деңгейлік тапсырмалар әдістемелік
құралы облыс көлемінде шығарылып, таратылғанын айтады.
Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі
Кенжебаева
Бибінұр
Ормантайқызы
деңгейлеп
оқыту
технологиясымен жұмыс жасағанда ерекше ұнаған тұстары: оқушы білімді
деңгейіне қарай көрсете алады, өзара білімдерін салыстыра отырып, жоғары
деңгейлі тапсырмаларды орындауға талпынады. Бағалаған кезде де, бағалау
парағындағы шкала бойынша тиісті бағасын алады, бағаға деген реніш
тумайды. Шығармашылықпен жұмыс жасауға да талпынады. Арасынан
көшбасшылар суырылып шығып, мұғалімге көмекші де бола алады. Әр оқушы
182
өзі жеке папка арнап, өз жетістіктерін саралап, кемшіліктерін де айқын көріп
отыратынын айтады.
Ақтөбе қаласы №55 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Қалиева Манат Шайхеевна деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын
оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен
ұсыныстармен қамтамасыз етілсе, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей
мәселелері шешілетінін айтады:
-
оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі;
-
оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй
тапсырмасы азаяды);
-
оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады;
-
оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады;
-
дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар
жасалады;
-
танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу
әдістері жүйеленеді;
-
олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың
жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – дарынды балалармен тұрақты
және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Болашақта оқыту мен
тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми
жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді
ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді деп
атап көрсетеді.
Киікбаева Айгүл Камаланқызы – Ақтөбе қаласының №55 ОМ-нің
математика пәнінің мұғалімі. Деңгейлеп-саралап оқыту барысында біріншіден,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады; екіншіден әр оқушы өзіне
тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта
қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік дағдыларын
қалыптастырады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі
тапсырмаларды орындаудан бастайды да, толық орындап болғаннан кейін
келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайды
туғызады және әр оқушы деңгейіне байланысты бағаланады, сонымен қатар әр
оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне де
деңгейлік тапсырмалардың ықпалы зор.
Абуова Қарлыға Қоғабайқызы – Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі. «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясында жұмыс
міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген
жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы
оқитынына қарамастан жұмысты І-деңгейден бастап орындайды. І-деңгейдің
тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының
орындалуына кепілдік береді. І-деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен
бағаланады. Әрбір оқушы І-деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы
183
деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі
төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге
болады? - деген сұрақ туады. І-деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде
қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. Ж. Қараевтың деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың
өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда
бірінші орында оқушы тұрады және өздігінен білім алудағы белсенділігіне аса
назар аударады. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді
ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді
жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз
көтеруді қажет етеді.
Тұрарова Гүлжанат Тәңірбергенқызы – Ақтөбе қаласының №55 ОМ-нің
математика пәні мұғалімі. Деңгейлік оқыту технологиясы - оқуды бағалау және
оқытуды бағалау; дарынды және талантты балаларды оқыту; сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету; оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер; оқушыларды жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; АКТ-ны қолдану және көшбасшылық
модульдерінің мәнмәтініне негізделген. Бұл технология педагог кадрлардың
біліктілігін одан әрі көтеріп, оқытуды жақсартуды көздейді. Деңгейлік оқыту
технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану нәтижесінде оқушылардың сыни
ойлауға үйренуі, адамгершілік тұрғысынан бір-біріне деген жанашырлық,
достық қатынаста болып, өз білімдерін ортаға салып, өзіндік пікірлерін айтып,
балалардың болашақта қоғамдық ортада өзіндік ой пікірі бар тұлға болуына
септігін тигізеді. Сонымен бірге оқушының білімінің қай сатыда екендігін, әрі
қарай қалай жылжу керектігін, яғни өзін бағалауға үйретеді. Оқушыны жалпы
өмірге деген құлышынысын оятуға ықпалын тигізеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын Ақтөбе қаласы №40 орта
мектебінің химия пәні мұғалімі Шамшина Жарқыра Қайырханқызы да өзінің
педагогикалық іс-тәжірибесінде қолданып келеді. Мұғалім деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясының міндетті шығармашылық деңгей талаптарына жеке
тоқталып, олардың оқушының білім сапасын көтеруге ықпалы зор екендігін
атап көрсетеді. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы
деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Бұл технология оқушылардың
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған
тәсілдеріне талдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге
мүмкіндік береді. Оқушының білімді меңгеру сатысы мынадай деңгейлерден
тұрады: 1) Оқушылық; 2) Алгоритмдік; 3) Эвристикалық; 4) Шығармашылық.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы білім игерудегі өз
қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жаттап
алуға лайықталған болуы және жаңа тақырып үшін типті және өмірмен
байланысты болуы керек. Екінші деңгейдегі тапсырмаларға өткен
материалдарды реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар және оқушының
ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырмалар жатады. Үшінші деңгейдегі
184
тапсырмалар: танымдық-іздену, түрлі тәсілдермен шешілетін есептер, өздігінен
мысалдар мен есептер құрастыру; өмірден алынған мәліметтер негізінде
диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу,
көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған,
дағды қалыптастыратын тапсырмалар. Төртінші деңгей тапсырмалары:
олимпиадалық есептер; берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар
дайындау. Мұғалім деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын өзінің іс-
тәжірибесінде қолдана отырып, оның нәтижелілігіне көзі жеткен: оқушының өз
қабілетіне, болашағына деген сенімі артады; оқушының пәнге қызығушылығы
артып, оқуға ынталандырады; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-
қатынасы мен достығы нығаяды; оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне,
бағаның әділдігіне, білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Атырау облысы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған
интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
Байдешева Гүлшат Мұхамбетжанқызының деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясына байланысты іс-тәжірибесінен. Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылық
деңгей талаптарынан тұрады. I репродуктивтік деңгей. Бірінші деңгей
тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының
орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды
орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы
қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін
анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.
II
алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып,
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын
орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек. III ізденіс
(эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын,
әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі
ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек. IV шығармашылық деңгей.
Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Олимпиадалық есептер,
шығармашылық тапсырмалар–оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өздігінен талдау жасау
арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Алгебра,
геометрия сабақтарында бұл технологияның пайдасы қазіргі кездегі алгебра,
геометрияны терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар,
оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін
арттырады. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. соның
әсерінен ойлау жүйесін дамытады. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді,
сабақтың
сапасын
жақсартады.
Оқушылардың
пәнге
деген
қызығушылығы артады.
Еспосынова Бақытгүл Бержанқызы – Атырау қаласы, №9 Ш. Уалиханов
атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі. Ж.Қараевтың
185
деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен
оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өздігінен білім алудағы
белсенділігіне
аса
назар
аударылды.
Деңгейлеп-саралап
оқыту
технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық
деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын
«қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай
оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І-деңгейден бастап
орындайды. І-деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты
талаптарының орындалуына кепілдік береді. І-деңгейді орындаған оқушы «3»
деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І-деңгейді орындауға міндетті және
одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Деңгейлеп-
саралап оқытуда оқушы өз қабілетіне, болашағына сенеді, ынтасы артады,
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығы нығаяды.
оқушы өз білімін өзі бағалауды үйреніп, баға әділдігіне көзі жетеді. Деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясы мектеп курсына пайдалануға қолайлы.
Жақсы нәтиже береді.
Осы технологияны сабағында қолданып жүрген Алматы облысы Жамбыл
ауданы Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығының шет тілі пәні мұғалімі Нұрлыбаева Ләззат Асқарқызы мұндағы
мұғалімнің негізгі мақсаты: оқушы өз бетімен көп ізденіп оқиды, өзін-өзі танып
дамытады, қоғамға қызмет етуге талаптанады. Мұғалім өз ісінде бала
бойындағы пікірін, көзқарасын тыңдап, бағыт беруі керек. Мұғалім оқушы
бойында көшбасшылық қабілетін дамытатынын айтады. Нәтижесінде
оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге, бір-бірлерін бағалауға, сыни тұрғыдан
ойлауға дағдыланғанын байқаған. ОМЖ мен ҚМЖ жоспарларының жазылу
үлгісі бірдей болса деген ұсынысын білдіреді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын Қарағанды облысы Қарағанды
қаласы №92 гимназиясының 20 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан химия
пәні мұғалімі Ысқақова Зәмзагүл Бақтыбайқызы 5 жылдан бері өз сабақтарында
пайдаланып келе жатыр. Зәмзагүл Бақтыбайқызының ойынша, деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясын пайдалану нәтижесінде дарынды оқушылар өз
қабілеттері мен икемділігін одан әрі бекіте түсті; үлгерімі төмен оқушылар
оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылды; күшті топтарда оқуға
деген ынта арта түсті; білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдеді.
Технологияны қолданудың нәтижелілігі: оқушылар қалалық, облыстық,
республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді;
11 сынып оқушылары ЖОО-на оқуға түсуге жеңілдіктер алды; білім сапасы
артып, ҰБТ-дің сапалық көрсеткіші жоғарылады: 2013-2014 оқу жылында
химия пәнінен орташа ұпай 18 болса, білім сапасы 100 пайызға жетті, ал 2014-
2015 оқу жылында химия пәнін таңдаған «Алтын белгі» иегері 25 ұпай жинап,
100 пайыздық сапалық көрсеткішке ие болды. Ұсынысы: Деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесінде жоғары нәтижеге қол
жеткізу үшін, оқушылардың табиғи қабілеттеріне, қызметтеріне сәйкес жоғары
186
деңгейге көтерілуіне, әрі дарындылық, таным, ойлау қабілеттерінің ашылуына
толық жағдай, яғни оқу-техникалық, әдістемелік көмектен басқа,
психологиялық демеу де жасалуы қажет.
Қарағанды қаласы №92 гимназияның жоғары санатты дүние тану нәнінің
мұғалімі Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын өзінің іс-
тәжірибесінде қолданып жүр. Профессор Ж. Қараевтың біз қолданған
деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен
оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударады. Деңгейлік тапсырмалар төмендегі ретпен
қарастырылады: I – репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау
мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді.
Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті.
Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері
анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.
II–
алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып,
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын
орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек. III–
ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген
білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды
қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар
орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек. IV-
шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді.
Олимпиадалық есептер, шығармашылық тапсырмалар–оқушылардың біліктілігі
мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен
талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге
баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен
дағдысын
толықтырып
отырады.
Нәтижесінде
жоғары
деңгейлік
тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Ұтымды
пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.
Бүгінгі күннің басты мәселесі – әлемдік білім беру кеңістігіне сай сындарлы
білім бере отырып, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту
арқылы білімді жетілдіру. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,
алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету мақсатында мұғалім оқушылардың тақырыпты өзіне
оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін ескеру керек. Әсіресе
оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап ететін
деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты оқушының жеке басының дара
және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып,
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Деңгейлеп оқыту
технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың
ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі –
оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік
жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге
187
болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар
сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын,
логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші
орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне
аса назар аударылды. Сондықтан мұғалім өз іс-тәжірибесінде оқушылардың
ойлау қабілетін дамытуды, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру жүзеге
асыру мақсатында деңгейлік тапсырмалар құрастырып, топтық, жұптық
жұмыстарда пайдаланған. Оқушылардың теориялық және практикалық
білімдерін ұштастыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін ой-
өрісін дамыту қажет. Осылай құрастырылған деңгейлік тапсырмалар жүйесі
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осындай
тапсырмаларды жүйелі түрде орындап отыру мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған
ұлттық іс-қимыл жоспарында көрсетілген білім беру мазмұнын, оқыту әдістері
мен тәсілдерін жетілдіру, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету міндеттеріне де
жауап береді. Функционалдық сауаттылықтың маңызы жеке тұлғаның оқу
әрекетін өздігінен жүзеге асыру қабілетінен көрінеді, яғни біз атап өткен
сындарлы оқыту, сонымен қатар білімін өмірде тұрақты пайдалана алуы,
әлеуметтік қарым-қатынаста, түрлі өмір жағдайларында мәселелерді шешу
үшін икем-дағдыларды жүзеге асыру болып табылады. Ел үшін бұл
стратегиялық маңызды мәселені шешуде жеке тұлғаның жігерлілігі,
шығармашыл ойлау қабілеті және дәстүрлі емес шешімдерді таба білуі, кәсіби
бағытты таңдай білуі, өмір бойы оқуға дайын болуы басты функционалдық сапа
болып танылады. Аталған барлық функционалдық икем-дағдылар бастауыш
сыныптарда қалыптасады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда да біз ұсынып
отырған жұмыс оқушылардың жан-жақты дамуына түрткі болары сөзсіз.
Қостанай облысы Арқалық қаласының М.Әуезов атындағы №5 орта
мектебінің 20 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Мекебай
Жұмакүл Шүкірқызы деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы
өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
1)
Деңгейлік оқыту әр оқушыға өз мүмкіндігін пайдаланып білім алуына
мүмкіндік береді. 2) Деңгейліп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға
олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп саралап
оқытуда білімді игерудің үш деңгейгі қарастырылады деп сипатама берген.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың нәтижесі: оқушы өз
білімінің деңгейіне жұмыс істейді; оқушы өз бетімен жұмыс істеу кезінде
тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ізденушілікке дағдыланады; оқушы мен мұғалім
арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды деп атап көрсеткен.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану барысында төмендегі
жағдайларға: 1) тапсырмалардың мазмұндық жүйесіне; 2) оқушының тұлғалық
ерекшелігіне; 3) түпкі нәтижеге назар аудару қажет деген ұсыныс айтады.
Рудный қаласының №7 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Исмагулова
Айдана Туленбайқызы саралап оқыту технологиясы арқылы оқушылардың
шығармашылық, ойлау, болжау жасау қабілеттері дамиды, алдын ала
188
тапсырмалар арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс жасау біліктіліктері
дамиды деп айтады. Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы,
білім сапасы артып, пән олимпиадасында жүлделі орындар алып, әр деңгейдегі
қашықтық олимпиадаларға, сайыстарға қатысқандығын айтады.
Қостанай ауданының Н. Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Дулыбай Әйгерім Алпысқызы бұл технологиямен
жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне
ие болып, олардың арасында жарысу жағдайы туады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу
динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады. Әр жаңа тақырып бойынша
жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы
ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгеудегі
төрт деңгейлік тапсырмалар үлгірімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған
сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап
бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар
үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға
беріледі. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін
тапсырмаларды, дарынды да, еңбекқор оқушылар орындай алады деп
сипаттайды. Деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни
рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмаларды
орындаған оқушылар басқа оқушының берілген тапсырманы қаншалықты
дұрыс орындағанын өз бетімен бақылап отыра алады. Нәтижесінде
оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына
жақсы жағдай жасалады. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен
танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл жағдайда
бірінші орынға оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып,
оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түріндегі ең
бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене
отырып, өз беделі мен қадір-қасиетін сезімін дамыту. Оқытудың фронталды
түрі, бағыт беру, талқылау, түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Қарасу ауданының Октябрь орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Наурызбекова Бахыткүл Алпысбайқызы оқытудың жаңа технологиясының бірі-
педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту
жүйесі іліміне сүйене оқыту екендігін айтады. Нәтижеге жету үшін
оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет.
Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар
беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін
тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап,
оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат – баланың қабілетін ашу,
шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қостанай қаласы М. Горький атындағы гимназияның қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Ташетова Жанар Хамитқызы деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік
тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға арналған
189
деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі
материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау
бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола
алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын,
дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады
және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды.
Сондықтан өз іс-тәжірибесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен
жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту
технологиясының да элементтерін қолданатынын айтады. Деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі: сынып оқушыларының
барлығы деңгейлік тапсырма орындауы; білім көрсеткішінің нақты және
сапалы болуы; оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы; оқушының
іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы; оқушы белсенділігінің
оянуы; алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге
ұмтылуы; оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі; білім дәрежесі
бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі; оқушылардың жұмыстары әділ
бағалануы; оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамытуы; дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс
істеу мүмкіндігінің орнауы; олимпиадалық, шығармашылық жұмыс
жеңімпаздарының саны артуы. Жетістіктерге жету үшін ең алдымен
оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз
жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды
қандай дәрежеде орындай алса, баға біліміне қарай қойылады. Сабақ
барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл
әдістің тағы бір тиімді жағы – оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін
анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын
қамтамасыз етеді. бұл технология бойынша деңгейлік тапсырмалар рейтинг-
ұпай – балл жинау әдісімен бағаланады, оқушылардың деңгейлік сабақ
өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын
орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін
анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым
көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша
материалдардан білім жинайды.
Қарасу ауданы Шелғашын орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жәнібекова Балжан Әбдікәрімқызы оқушылармен белсенді жұмыс жасау
негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау
технологиясының элементтерін қолданады. Деңгейлеп оқыту технологиясының
мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін
қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана
190
отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр
түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы
тиімді нәтижелі болу үшін: а) жеке тұлға ерекшеліктеріне; б) психологиялық
даму ерекшеліктеріне; в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп
отырады. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға
өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе
арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Жаңа тақырыпты
оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп
оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Қайталау мақсатында өткізген
сабағынның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау
бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар
береді. 8 сыныпта «Оқшау сөздер» тарауын қорытындылау сабағында деңгейлік
тапсырмалар беріледі. І деңгей бойынша сұрақтар бойынша 13 сұрақ қойылады.
13 сұраққа 5 балл беріледі. ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру.
Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді – 10 балл. ІІІ деңгей. Одағай
сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар – 15 балл. IV деңгей –
шығармашылық деңгей.Мұнда оқушылар өздері дайындаған мән жазбаларды
қорғап шығады – 20 балл.
Қостанай қаласы №11 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі: Жүсіпова
Алма Шоқаевна деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятатынын
айтады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ
барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын
арттырудың бір саласы – деңгейлеп, саралап оқытуда мұғалімнің байқағаны
бойынша технологияның тиімді жақтары көп: 1) сыныптағы барлық оқушы
жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады. 2) Оқушы өз
білімінің деңгейіне байланысты ііс-әрекеттерді орынадайды. 3) Оқушыны өз
бетімен
жұмыс
істеу
тиянақтылыққа,
ұстамдылыққа
тәрбиелеп,
жауапкершілігін арттырады.
Ұябаева Гүлбаршын Жақсылыққызы Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы
№3 жалпы орта білім беретін мектебі, 5-11 сыныптары математика пәні
мұғалімі «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясын тұрақты түрде қолданып
отырады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Олимпиадалық есептер, шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болып
табылады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу
жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз
білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары
деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Ұтымды
пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.
191
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын,
ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет.
Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса, осыған байланысты
баға біліміне қарай қойылады. Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының
білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы – оқушы өзінің
білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол
білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды
және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Оқыту
технологияларын сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі
нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз. Тек қана осындай ұстаз сабағында жеке
тұлғаның білім, білік, дағдысын қалыптастырып, өздігінен даму бағдарын
анықтап, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұлға
тәрбиелей алады.
Қожахметова Анар Қасымжомартқызы Әулиекөл ауданы Аманқарағай
селосы №2 орта мектебі 8-11 сыныптары физика пәні мұғалімі екі жылдан бері
деңгейлеп оқытуды пайдаланады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты
болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін
ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын
қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын
меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік
тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік
тапсырмалар орындау. Деңгейлеп оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. I деңгей
тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының
орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды
орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы
қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері
анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.
II
деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау
қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде
күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек. III деңгейде оқушылар
тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен
орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы
түрде меңгеруі керек. IV шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік
шығармашылық деңгейін көрсетеді. Олимпиадалық есептер, шығармашылық
тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны
бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық
тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі
деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады.
Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының
мақсатына айналады. Ұтымды пайдаланылған педагогикалық технология
сапалы білім негізі бола алады. Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі:
192
деңгейлеп оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы; оқушылардың
сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі; білім дәрежесі бірдей
топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі; оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы; дарынды
оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің
орнауы; олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық
технологиялардың алатын орны ерекше. Педагогикалық технологиялардың
принциптері – оқытуды ізгілендіру болып табылады. Оқыту технологияларын
сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы
болатыны сөзсіз.
Алтынсарин ауданы Жаңасу негізгі мектебінің химия пәні мұғалімі
Еришева Гүлнұр Амантайқызы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
бағыттайтынына аса сенімді. Оқушылардың оқу деңгейінің біріңғай болмауына
және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты
жақсы оқитын және нашар оқитын оқушылар пайда болатыны белгілі. Осыған
орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне,
мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясын қолданудың нәтижелілігі: оқушылардың білімге деген ынтасы
арта түсті; нашар оқитын оқушылар оқуға ниет білдіріп, өзіне деген
сенімсіздіктен арылды; әрбір оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды;
жақсы оқитын оқушылар өз қабілеттері мен икемділігін одан әрі бекіте түсті.
Сонымен қатар, Гүлнұр Амантайқызы деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
мұғалім шеберлігін жетілдіруіне, оқушының ойлау қабілеті мен
шығармашылық қабілетінің дами түсуіне ықпал жасайтынына өзінің іс-
тәжірибесінде көз жеткізіп отыр.
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы №140 орта мектепттің шет тілі пәні
мұғалімі Нұрманова Мереке Серікбайқызы деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
етеді деп сипаттайды. Оны қолдану нәтижесінде оқушы сабақ процесінде ойын
еркін жеткізе алады, сыни тұрғыдан ойлана алады, тақырыпты өз бетінше
меңгеріп,түсініп бағалай алады. Оқушылар бұрынғы алған білімдері мен жаңа
немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астастыра жүзеге асыра алатынына көз
жеткізген. Сабақ барысында формативті бағалау түрлерін жүйелі қолданып
нәтижеге қол жеткізуді ұсынады.
Қарғабаева Айжан Темурқызы Қызылорда қаласының №10 дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының математика
пәнінің мұғалімі. Мұғалімнің «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясына
байланысты келесі ұсыныстарды айтады. Оқыту технологиясын пайдалану –
оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға
бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді. Таным процесі үстінде кез
193
келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған
жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған
нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай:
1)
оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
2)
алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
3) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
4) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
5) дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар
жасалуы және т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті
минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды.
Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, белсенділік,
білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне
енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті
басқаруды қамтамасыз етеді. «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясы
оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне
жағдай жасайды.
Павлодар облысы. Павлодар қаласының Қ. Бекхожин атындағы №12 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макшар Жанар Макшарқызы осы
технология арқылы білім беру жеке тұлғаны деңгейлік тапсырмалар арқылы
дамыта оқытуға; оқушыларды топпен жұмыс арқылы деңгейлік тапсырмалар
беріп, оқушылар өзара тексеріп бағалауға; оқыту оқушылардың сабақ
барысында бірнеше тапсырма орындауына мүмкіндік беретінін айтады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.
Олардың жаттанды сөзбен сөйлемей, ойларын жинақтай отырып, өзіне
ұғынықты сөзбен жеткізуге үйренеді. Дарынды оқушыларды деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың
табиғи қызығушылығының жоғарлығымен қоршаған ортасына деген
құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Деңгейлік оқытудың
ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде қабілетіне
мүмкіндігіне қарай жұмыс істей алады.
Осы технологияны сабағында тиімді қолданып жүрген Май ауданы Қазан
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шонова Гүлнара Қабдрашқызының
пікірінше, деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму
деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі. Бастапқы ғылыми
идеялары: 1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша
пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді. 2. Деңгейлеп
оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында
білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды
базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей. Базалық деңгей мемлекеттік
стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
194
Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып,
уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. 4. Оқушының жеке
тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі
болу үшін: жеке тұлға ерекшеліктеріне; психикалық даму ерекшеліктеріне есте
сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің
эмоциясын басқара білуіне; пән бойынша білімді игеру деңгейіне; оқушының
білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек. Соның
нәтижесінде оқушылары «Облыстық интеллектуалдық марафонының»,
республикалық «Кенгуру-математика» марафонының жүлдегерлері атанған.
Гүлнара Қабдрашқызы деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқытқанда
оқушының білім деңгейін анықтау қажет және деңгейлік тапсырмаларды
оқушының білім деңгейіне орай құрастыру қажет екенін айтады.
Екібастұз қаласының №17 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Кабулава Самал Жексенбайқызының пікірінше, бұл технологияда бірінші
орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар
аударылу қажет деп есептейді. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы
тапсырманы І деңгейден бастап орындайды. Шығармалар, шығармашылық
тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны
бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық
тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу нәтижесінде білім сапасы, білім,
біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттері бағаланады. Сабақта
оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу
қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге,
қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында
жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік
беру керек. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс
ұйымдастырып отыру арқылы математика пәнін оқуға деген қызығушылығын,
белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен
қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек. Мұғалім уақыт
талабына сай өз тәжірибесінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып
жүргенін айтады. Өз тәжірибесі бойынша орыс тілінде білім алатын топтардағы
қазақ және кәсіптік қазақ тілінде деңгейлеп оқыту технологияның элементтерін
жиі қолданады. Осы технология бойынша сабағында ұжыммен жұмыс; топпен
жұмыс; жеке оқушымен жұмыс; дарынды оқушы дайындау бағытында жұмыс
жасайтынын айтады.
Екібастұз қаласының №17 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Салібекова Айгүл Әлібекқызы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз
бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибесінде
педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдана отырып сабақ жүргізетінін айтады. Деңгейлік
тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – баланың қабілетін ашу,
шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру,
оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту болып табылады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше
195
деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы
мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі,
соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып
қоймауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.
Деңгейлік тапсырмалар – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше
оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған
сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының
шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен
үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі
игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-
танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Бұл технология бойынша оқушылардың
білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-
әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып
табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де
белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма
мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей
бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал
4-
деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.
Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2
деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді 3-сыныпта
«Менің отбасым» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар І деңгей:
1.
Мәтінде не туралы айтылған?
2.
Мәтінді пайдалана отырып, сөздердің дұрыс-бұрыстығын анықта.
ІІ деңгей: 1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
2.
Мәтіннен туыстық атауларды тауып жаз.
ІІІ деңгей: 1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2.
Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
3.
Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
ІV деңгей: 1. «Менің отбасым» деген тақырыпқа ой-толғау жазу. Бұл
технология бойынша оқыту оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен
оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше
ойланып, шешім қабылдауға дағдыландыратынын айтады. Жаңа технологиялық
әдіс-тәсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту
үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Май ауданы Қазан орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Теміржанова
Гүлдана Қазболатқызы деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмысы – оқушыны
өзіндік ізденуге, ойлау дағдыларын дамытып, шығармашылықпен жұмыс
істеуге бағыттайтын мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстардың бір түрі.
Бұл технологияны пайдалануда қол жеткізген жетістіктері: аудандық Мұқағали
оқуларында, «Жарқын болашақ» олимпиадасында, «Сөз шеберлері», «Тілші
әдебиетшілер», «Әнші бұлбұлдар» конкурсында жүлделі орындарға ие болғаны
айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |