Жинaқтay. Cұpayлы cөйлeм, oның жacaлyы тypaлы түciнiктepiн бeкiтeдi.
I тoптың тапсырмасы: 35-жaттығy. Cұpayлы cөйлeмдepдi қaтыcтыpa
oтыpып, жұмбaқ әңгiмe құpacтыpy. Балалардың жауабы:
1. Тopдa 12 құc oтыp. Oның 11-нeн бacқacы ұшып кeттi? Тopдa қaншa құc
қaлды? – 12 тopдaн ұшa aлмaйды.
2. Жaңғaқтap Мұpaттың 7, Мaқcaттың 8 aлмacы бap, aл Acaнның aлмacы
жoқ. Aлмaлapды үшeyi бec-бecтeн тeңдeй қылып бөлiп жeйдi. Кeйiн Acaн
үйiнeн 30 жaңғaқ aлып кeлeдi. Мұpaт пeн Мaқcaтқa бepгeн aлмaлapының
мөлшepiнe тeң кeлeтiндeй eтiп бөлicтipiп бepeдi. Eкeyiнe қaншa қaншaдaн
түceдi? –Мұpaтқa-12, Мaқcaтқa -18 жaңғaқ бepeдi.
3. Aтacы нeмepeлepiнe caқтaп қoйғaн acығын бepгici кeлдi.Oлapғa жeтeyдeн
бepce, acықтың eкeyi apтық қaлaды. Aл ceгiздeн бepce, acықтың бipeyi жeтпeй
қaлaды. Aтaның нeшe нeмepeci бap? Acығы нeшey? -23 acық, 3 нeмepe.
4. Қaндaй түc 3 aдaмғa eкeyi қызыл, eкeyi қapa түcтi бoлғaн 4 бac киiмнeн
кeздeйcoқ үшeyiн кигiзeдi. Бac киiм кигeн кiciлep өздepiнiң бacындaғы бac
киiмнiң түciн көpe aлмaйды. Aлдындaғы eкi aдaмдiкiн көpeдi. Әpкiм өздepiнiң
бacындaғы бac киiмнiң түciн тaбyы кepeк жәнe бip peт қaнa aйтy
мүмкiншiлiктepi бap. Бacындaғы бac киiмнiң түciн қaлaй тaбa aлaды?
II тoптың тапсырмасы: 37-жaттығy. Мәтiнгe бaйлaныcты cұpaқтapғa өз
пiкipлepiңдi жaзыңдap. Пiкip жaзy бapыcындa қaндaй cұpaқтap тyындaғaнын
aйтып, пiкip aлмacыңдap. Мәтiн бoйыншa нeгiзгi cұpaқ, жeтeкшi cұpaқ,
aнықтayыш cұpaқтap әзipлeйдi.
Бағалау. Үйгe тaпcыpмa. 34-жaттығy. Мәтiнгe қaтыcты cұpayлы cөйлeмнiң
жacaлy жoлдapын нeгiзгe aлa oтыpып, өз cұpaқтapыңды дaяpлaңдap.
«Жұлдыздap құпияcы» тaқыpыбындa өз пiкipлepiңмeн бөлiciңдep.
Peфлeкcия «Бec caycaқ» Oқyшылap нe бiлдiм? Нe үйpeндiм? Нeгe көңiл
ayдapy кepeк? Кiмгe көмeктecтiм? Көңiл – күйiм? Нeдeн қинaлдым? Cұpaқтapы
бoйыншa кepi бaйлaныc жacaйды.
Степногорск қаласының №9 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Искакова Света Маштайқызы өз сабақтарында аталған технологияны қолдану
арқылы жетістіктерге жетіп жүргенін айтады. Мысалы Д. Исабековтің «Ата
үміті» («Дермене» повесінен үзінді) тақырыбын өту барысында СТО
технологиясының «ой қозғау» стратегиясын қолданудан бастаған. Оқушылар
ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады. Джигсо-І стратегиясын
қолдану арқылы:
1. «Ата үміті» повесін әр топ бөліп алып топ ішінде оқиды, әр топ өз
ішінде талдау жұмысын жасайды.
2.
Шығарма кейіпкерлерінің тірлігін, мінез-құлқын, сезімі мен түйсігін
20
салыстырады.
3.
Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымдарды талдайды, айыра білуді
үйренеді.
4. Әр топтың спикері әңгіменің өз бөлігін мазмұндайды.
«Ой қозғау» стратегиясын қолдану. Мұғалім әр топқа төмендегідей
сұрақтар қойған:
1-
топқа «Обал» деген не?
2-
топқа «Сауап» деген не?
3-
топқа «Имандылықты қалай түсінесің?».
4-
топқа «Адалдық» деген не?
5-
топқа «Адамгершілік қандай қасиет?».
Оқушылар топта өздеріне берілген сұрақтарды 5 минут талқылап келесі
жауаптарды берді:
Ата-анамыз бізге «обал» болады деген сөзді көп айтады. Мысалы, нанның
қиқымын шашсаң, күшікті немесе мысықты бекерге қинасаң, көктеп тұрған
бұтақты сындырсаң обал болады дейді. Сондықтан да обал дегеніміз – жақсы
нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың дегенді білдіреді
деп ойлаймыз. Мысалы: Мына өздеріміз отырған парта әдемі, таза. Күнделікті
сабақта пайдаланып жүрген оқулықтарды кейбір балалар жыртып, лас ұстайды,
келесі жылы пайдалануға келмей қалады, жаз айларында ағаштарға салған
құстың ұясын бұзып тастайды, біз қандай іс-әрекет жасадық? Партаны сызып,
кітапты жыртып ұстағандарымыз, құстың ұясын бұзғанымыз обал іске жатады
деп ойлаймыз. Парта, кітап еңбекпен жасалып келді, біз білмегендіктен обал іс
істедік. Алдағы уақытта бұндай жаман істерден аулақ боламыз.
Сауап дегеніміз – жақсылық жасау, мысалы, далада бір кішкентай бала
жылап тұр делік, сол баланы үйіне кіргізіп анасына табыс еттің, ол сауап іске
жатады. Аулада құстың ұясынан балапаны түсіп қалыпты, оны мысық жегелі
жатыр еді, біз барып оны көтеріп алып ұясына салдық. Біз сауап іс істедік деп
есептейміз. Сауап – адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету,
жақсы іс істеу деген мағынаны білдіреді деп ойлаймыз.
Біз ата-ананы сыйлау, өзіңді жаман қылықтардан аулақ ұстау, дөрекі
сөйлемеу, ұрлық жасамау, ата-анаңа және басқа да адамдарға көмек беруің
имандылық деп есептейміз.
Адалдық – өзіңе сеніп тапсырылған жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен
қарау деп түсінеміз. Мектептің, сыныптың мүлкіне ұқыпты қарап,
бүлдірмеуіміз керек. Өйткені ол қиянат жасау, әділетсіздік жасау, адал болмау –
өз ісіне жауапкершіліксіз қарайтын адамдардың ісі екендігін көрсетеді
деп ойлаймыз.
Адамгершілік дегеніміз – адамды сыйлау, оған сену, үлкенге құрмет
көрсету, кішіпейіл болу, қашан да әділ болу, адамдарға жақсылық жасау
деп ойлаймыз.
Осы сабақ барысында Света Маштайқызы топтастыру стратегиясын
қолдану әдісін көрсеткен. Әңгіме желісі бойынша оқушылар (топта) өз
ойларының логикалық байланысын табу үшін басты кейіпкер Омашқа берген
21
сипаттамаларын қағазға жазып, тақтаға іліп жапсырып отырады. Сынып болып
келісе отырып сипаттамалардан келесі қорытындыны шығарған: Омаш –
қатыгез, ниеті жаман, пайда үшін ардан аттап кететін жан, озбыр, әлсіздерді
пайдаланады, адамгершілік қасиеттерден жұрдай, обал, сауап дегендерді
білмейтін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді білмейтін, жүрегінде мейір-
махаббаты жоқ опасыз жан.
Сонымен қатар сабақта мұғалім оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы
проблемалық сұрақтарды шешуге итермелейді. 1-сұрақ: Омаш Тоқсанбай мен
Ергештерге неге қосылды? Оқушылардың жауабы: Тоқсанбай жасы келген
қарт, Ергеш мектеп жасындағы балақай. Сенгіштігін пайдаланған Омаш оларды
алдап, әрі қорқытып өзінің жеке пайдасына пайдаланды. 2-сұрақ: Тоқсанбай
неден секем алды, кім үшін ол Омашқа кіріптар болды? Жауап: Омаштың
істеген тірлігі адал еңбек еместігінен секем алған Тоқсанбай қарт немереме
зияны тиіп жүрмесін деп кіріптар болды. 3-сұрақ: Торғайдың ұясын бұзып,
жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?
Жауап: Торғайдың ұясын бұзып, жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған
Омашқа Тоқсанбай бозторғайдың көз жасы жібермейтінін, оның да құдай
жаратқан жәндік екенін, оның да обал, сауабы бар екенін айтып кейіп,
ұрысқанымен ештеңе шықпады. Осындай қатыгез жанды адам баласы туған деп
айтуға да аузымыз бармайды. 4-сұрақ: Омаш сияқты ниеті жаман, пайда үшін
ардан аттап кететін адамдарды қалай дұрыс жолға салуға болады деп
ойлайсыңдар? Балалардың жауабы: мұндай адамдарға ата-аналары уақыттары
болмай көбірек көңіл бөлмеген, ненің жақсы, ненің жаман екенін ашып
көрсетпеген, жақсылыққа үйретпеген деп ойлаймыз. Ал, мектепте жүргенде
сабағын дұрыс оқымай, сабақтарға толық қатыспай оқшау өскен. Сондықтан да
істеген ісі жаман деп ойлаймыз.
Осы жауаптардан келесідей қорытынды шығарған: ондай жандар
адамгершілік пен адалдықты дүниеқоңыздық пен қатыгездікке айырбастап
жібергендер. Сондықтан да ондай жандарға айтарымыз, адам дүниеге бір-ақ рет
келеді, осы өмірінде ата-анасын сыйлап, үлкенді құрметтеуді үйренсе екен
дейміз. Өзгелерден жақсылық пен жылылықты алсын деп тілейміз. Осындай
тақырыптарды бізге көбірек оқытса, біз жүрегінде иманы бар, адал,
адамгершілігі мол, елін, жерін сүйетін жастар болып өсеміз. Сондықтан да біз
әдебиет пәнін жақсы көреміз.
Жарқайың ауданы Тассуат негізгі мектебінің Жұмабаева Сайрангүл
Серікқызы сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және
синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл, бұл одан кейін де әрекет жасауға негіз
болады деп сипаттайды. Нәтижесі бойынша оқушылары аудандық «Жарқын
болашақ» олимпиадасында, «Абай оқулары» жүлделі орындарды иеленген.
Білім сапасы 60%-дан 70%-ға дейін өскен. 2014 жылы «Шешендік өнердің ІІІ
кезеңі» деген тақырыпта А.Үкібаев атындағы орта мектептің 11-сыныбымен
қонақ сабақ өткізді. «Білімділер» сайтына «Айтыс-халық тарихы»
тақырыбындағы ашық сабағын жариялап сертификат алғанын; Республикалық
22
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына «Шешендік өнердің ІІІ кезеңі» деген
тақырыптағы ашық сабағы жарияланғанын айтады. Осы технологиямен жұмыс
істейтін мұғалімдердің жұмыстары жинақталып, тәжірибе алмасу мақсатында
кітапша ретінде таратылса деген ұсыныс айтады.
Шантөбе ауылы В. Комарова атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Құлнашарова Анар Есенбекқызы диалог негізінде білім беру мен білім
алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы
диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін
амал деп сипаттайды. Сабақта оқушылармен диалог құра отырып оқыту арқылы
АКТ-ны, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, талантты және дарынды балалардың
жұмысымен көшбасшыларды анықтауда оларды сыни тұрғыдан да ойлантуға
болатынын байқаған. Негізгі мақсаты: диалогты оқыту арқылы оқушылар
белсенділігін арттыра отырып, сабақ барысын басқа модульдермен
ықпалдастыру. Оны мен «Біздің отбасымыз», «Байлық пен ақыл», «Жазғы
демалыста», «Шие тергенде» тақырыптарында өткен сабақтарында қолданған.
Әрбір сабақта сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелей отырып,өз ойларын
айтуға, тақырыпты талдауға диалогті оқытудың тиімділігін түсінген. Жалпы өз
тәжірибемде диалогтік оқыту әдісін алудағы мақсатым-оқушылардың ойын
ашық жеткізуге мүмкіндік жасау. Нәтижесәнде оқушылар белсенділігі
артатынын айтады.
Ерейментау ауданы Олжабай батыр аулы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Назарбекова Сәуле Әнуарбекқызы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
сабақтарының негізінде сабағында оқушылар арасында: - бір-бірінің пікірін
тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; - өзін жеке
дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; - бір-біріне құрметпен қарауға; - өз ойын
ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; - өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; -мұғаліммен
еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; - достарының ойын тыңдай отырып,
проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; -
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланғанын айтады.
Егіндікөл ауданы Алакөл орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Алпысбаева Гүлбану Аманбайқызы сын тұрғысынан ойлау әдісін сабақта
қолдану оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуге жетелейді. Оқушы өзін
еркін ұстап, өз ойын ортаға салып, сыныптастарымен ой бөлісуге үйренеді.
Сонымен қатар мұғалім тек қана бағыт бер отырып, оқушы іс-әркетін
дамытады. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға
деген көзқарасы кеңейеді. Оқушы жай ғана ойланып қоймай, тереңінен
ойланады. Әр нәрсеге ерекше көңілмен қарауға дағдыланады. Өмірге деген
көзқарасы өзгереді. Ең бастысы, өз ойын айтуға талпына брмйтін балалар
ашылып, еркін сөйлуеге үйренеді деп айтады.
Ерейментау қаласы №1 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Махметова Анар Закенқызы сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды
іздендіреді, ой-қиялын, пікірін айтады, өз өміріне,ортасына сын көзбен
қарайды, өзгенің пікірін тыңдап үйренеді. Шыншылдық, адами құндылықтарды
өз ортасында көрсете алады. Ұжыммен тығыз қарым-қатынаста болады,
23
мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтайды, ойын білдіреді, өз қөзқарасын айтады.
Оны тиімді қолдануға психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет,
әдістемелік шеберлікпен келу керек деген ұсынысын білдіреді.
Ерейментау қаласы № 2 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Таугудретова Жанар Алгалиевна деңгейлік бағдарлама сындарлы оқыту
технологиясына негізделген, бұл теория бойынша, оқушы алған білімін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана біледі. Оқушы өз ойын
еркін жеткізе біледі, өз пікірін дәлелдей алады, бұл пәннен алынған білімнің
өмірде қажет болатынын түсініп, өздігінен ізденеді, пәнге деген
қызығушылықтары артатынына көз жеткізген. Бұл бағдарламаны игерген ұстаз
әрдайым ізденісте болуы керек, тек оқушымен ғана емес, сонымен қатар
оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс ортнату керек. Бағдарлама
идеяларын жүзеге асыруда мақсатты дұрыс қоя білу крек, мақсат мұғалім іс-
әрекетіне емес, оқушы жұмысының нәтижелілігіне бағытталу керек деген
ұсыныс айтады.
Осы мектептің әдебиеттік оқу пәнінің мұғалімі Мамбеталина Толқын
Теміржанқызы бұл технология өз сабақтарында көз жеткізгендей, оқушыларға:
еркін ойлауға мүмкіндік береді; жан-жақты ізденеді; тіл байлығы жетіледі;
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; шығармашылық белсенділігі артады; ақыл
ойын дамытады. Нәтиже: Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін
іздей отырып, өзі шығармашылығы мол тұлға болып дамитынын айтады.
Дүкенбай Нұржамал Ерғалиқызы Ерейментау ауданы, Олжабай батыр
ауылы орта мектебінің 5-9 сыныптарының математика пәнінің мұғалімі.
Мұғалім тәжірибесінде «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» технологиясын
қолдануда. Сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер
тәрізді жеті модуль, атап атқанда: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,
«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»,
«Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Оқудағы басқару және
көшбасшылық» модульдері өзара байланыста болады. Жеті модульмен жұмыс
жүргізгенде жететін жетістіктер: мәселенің ең негізгі түйінін табуға
дағдыланады; оқушылар өздігінен ізденуге үйренеді; сұрақ қойып, сұрақтарға
жауап беруге машықтанады; материалды игеру деңгейін анықтайды және
ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады; өзекті мәселелерді терең
барлауға бағыт беріледі; ақпаратты саралау мен жүйелеуге дағдыланады;
оқушылардың шығармашылық белсендіктері мен сыни тұрғыдан ойлау
әрекеттері бағаланады.
Хасенова Дамежан Болатқызы - Ақкөл қаласы, №3 орта мектебінің физика
пәнінің мұғалімі. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын екі жылдан бері өз
тәжірибесінде қолданып келеді. Бұл технология бірнеше стратегиямен жұмыс
жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Технологияны қолданудағы мақсат:
оқушыларды ойландыруға; өз ойларын ашық айтуға; пікір таластыруға /дебат/;
24
дұрыс сөйлей білуге; өздігінен жұмыс істеуге; оқушылар шығармашылығын
дамытуға үйрету. СТО технологиясы үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты
ояту кезеңі - мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске
түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі. Мағынаны ажырату кезеңінде нақты
тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, оқушыларды өз
ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға
талпындырады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастыру арқылы ойын
кеңейтеді. Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту
арқылы білімін жинақтайды. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз
пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасауға, өз ойларын қысқаша, дәл және
нақты жасауға көмектеседі. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылар
төмендегідей нәтижеге жетті: сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артты;
оқушылар өздігінен іздену жолдарын үйренді; өз ойын сызба, кесте, суреттер,
физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізе алу дағдысын
қалыптастырды; физикалық тілде сөйлеу мәдениеті дамыды; ізденуі іс-әрекеті
қалыптасты; оқушылардың өздігінен жұмыс жасау ынтасы оянды; зертханалық
және сарамандық жұмыстарды өздігінен жасауға дағдыланды.
Степногорск қаласының №9 орта мектебінің І санатты, ІІ деңгейде
сертификатталған, қалалық «Үздік педагог-2015» байқауының І орын иегері.
«Биология» пәнінің мұғалімі Қожамжарова Айсара Бахытқызының қалалық
байқауда өткізген сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
стратегиялары: ой қозғау, топпен жұмыс, ой толғау, семантикалық
картаны қолданған.
Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы.
Буындар.
Сабақтың мақсаты: «Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы.
Буындар» тақырыбын өткенде оқушыларға сүйектің құрамы және өсуі туралы
білім беру. Адам қаңқасы туралы алған білімдерін толықтыру, тірек-қимыл
жүйесі туралы білімдерін, ойлау қабілетін дамыта отырып, гигиеналық тәрбие
беру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту;
2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау,
сыни тұрғыдан ойланту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер.
Сыныпты топқа бөлу. Тақтаға үш түрлі стикер жапсырып қоямын,
оқушылар кабинетке кірген кезде ұнаған түстерін алып белгілі орындарына
отырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру (тренинг).
Сәлеметсіздер ме, балалар. Қазір қыс мезгілі, күн суық, күннің көзі жоқ
деуге болады. Ал біздің сынып бөлмемізде, қарандаршы, күннің көзі шығып
тұр. Бір-бірлеріне жылы көзқараспен қарап жымиыңдар, бір-біріңе бүгінгі
25
сабаққа сәттілік тілеңдер.
Бір оқушыға бағалау парағы және житон беріледі. Ол өз тобының
оқушыларын бағалап отырады.
Қызықтырушылықты ояту
А) Үш топқа арналған сұрақтар.
І-топ.
1.
Сезімтал жүйкелер жиынтығы қалай аталады?
2.
Дыбыс сүйектері құлақтың қай бөлігінде орналасқан? (ортаңғы)
3.
Бас сүйек қаңқасына жатады: (ми сауыты, бет бөлімдері)
4.
Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? (маңдай, төбе,
самай, шүйде)
5.
Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? (еңбек)
6.
Кеуде қуысын құрайтын сүйектер: (12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға,
төс сүйегі)
7.
Омыртқа саны: (33-34)
ІІ-топ.
1.
Көз алмасы қандай қабықшалардан тұрады? (сыртқы, ортаңғы, ішкі)
2.
Дыбыс сүйектері қалай аталады? (төс, балғашық, үзеңгі)
3.
Сүйек қанша жаста қатая бастайды? (екі)
4.
Қолбасы сүйектерін ата. (білезік, алақан, саусақ сүйектері)
5.
Білезікте қанша сүйек бар? (8)
6.
Қысқа сүйектерге жатады: (омыртқа, алақан, табан, саусақ)
7.
Омыртқаның құрылысы: (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі)
ІІІ-топ.
1. Сипап сезу арқылы нені анықтаймыз? (пішінін, қаттылығын, тегістігін,
жылы-суықты)
2.
Рефлекс дегеніміз не?
3.
Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқа: (құйымшақ)
4.
Жалпақ сүйектер: (жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас
сүйектері)
5.
Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ,
табан, башпай сүйектері)
6.
Аяқ бұлшықеттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге
толық тиіп тұруы қалай аталады? (жалпақ табандылық).
Ә) Топ мүшелеріне үш түрлі сүйек үлгілері сипаттауға беріледі.
1.
Бас сүйек қаңқасы
2.
Қол сүйектері
3.
Аяқ сүйектері
Б) Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:
І. Орталық жүйке жүйесіне жатады:
А) көз; Б) жұлын; В) құлақ; Г) тері.
2. Ми бөлімдеріне жатпайды:
А) сопақша ми; Б) мишық; В) алдыңғы ми; Г) үлкен ми сыңарлары.
3. Мидан қанша жүп жүйке тарайды?
26
А) 12; Б) 10; В) 14; Г) 8.
4. Көздің қосымша аттары:
А) көз алмасы; Б) жас белдері; В) соқыр дақ; Г) сары дақ.
5. Құлақтың қай бөлігі түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады?
А) сыртқы құлақ; Б) ішкі құлақ; В) ортаңғы құлақ; Г) шытырман.
6.
Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
А) 200; Б) 180; В) 204; Г) 195.
7.
Қанша сегізкөз омыртқасы бар?
А) 7; Б) 5; В) 12; Г) 4-5.
8. Жалпақ сүйек
А) жілік; Б) омыртқа; В) бас сүйектері; Г) табан сүйектері.
9.
Омыртқа жотасында қанша иілім бар?
А) 4; Б) 2; В) 3; Г) 6.
10. Денесі жалпақ, әрі үлкен омыртқа:
А) мойын; Б) арқа; В) бел; Г) сегізкөз.
Жаңа сабақ.
1.
Сүйектің құрылысы.
2.
Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында
болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті
қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Ой қозғау. Оқушыларға сұрақ қоямын.
1. Сүйек қандай қызмет атқарады?
2. Сүйек қатты, сүйектін қаттылығына қандай химиялық элемент қажет?
Жаңа сабақты меңгерту (слайд)
Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар,
15,7% май болады. Не себептен циркке, балетке, спортқа жастайынан
баулитынын түсіндіру.
Сүйектің байланысы:
1.
Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
2.
Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің
байланысы жатады.
Ой толғау.
1.
«Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген
сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?
2.
Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерін
білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс + топпен жұмыс (1 тапсырма) кластер құру
Топпен жұмысты бастамас бұрын топ мүшелерінің атқаратын жұмыстарын
бөліп беру. Баяндамашы, уақыт белгілеуші, безендіруші.
Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын
қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.
IV.
Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін
тексеруін арналған тапсырмалар.
27
1) Сүйектің құрылысы
Тығыз ұлпа
Борпылдақ ұлпа
Сүйек қабы -------------------------------- Шеміршекті қабаты
Жуандап өсуі
Ұзарып өсуі
2)
Сүйектің құрамы
Су
оссейн
минералды заттар
май
серпімді иілгіштік
морт сынғыштық
4) Сандар нені білдіреді?
20-25; 50%; 12,5%; 21,8%; 15,7%; 230.
Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жағдаяттар беру. Оқушылар
жұппен, топпен талқылап қағаз бетіне түсіреді. Оны топтағы баяндамашы
қорғап шығады.
1-
топқа «Сүйектің құрамы» бойынша жұмыс жасайды
2-
топқа «Сүйектердің байланысы» бойынша жұмыс жасайды
3-
топқа «Буындар» бойынша жұмыс жасайды
Орындап болған соң әр топ баяндамашылары ортаға шығып қорғайды,
басқа топтар мұқият қарап, тындап бағалау критерийлерін құра отырып
бағалайды.
Дәптермен жұмыс + интерактивті тақтамен жұмыс (2 тапсырма)
сызбанұсқа
Сүйектердің байланысы
қозғалмалы
жартылай қозғалмалы
қозғалмайтын
аяқ-қол сүйектері
омыртқалар
ми сауыты, сегізкөз
Оқушылар дәптерлеріне орындайды, әр топтан кезегімен бір оқушыдан
шығып тақтаға жазады.
Интерактивті тақтамен жұмыс (3 тапсырма) сөйлемді толықтыру.
Ағзалық заттар сүйекке ... иілгіштік, серпінділік ... қасиет береді.
Бейорганикалық заттар сүйекке ... беріктік ... қасиет береді.
Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ... ағзалық ... заттар азайып ...
минералды ... заттар көбейеді.
Тәжірибе (мұғалім) Оқушылар қауіпсіз техника ережелерімен жылдың
басында таныстық, сондықтан қауіпсіз техника ережелерін сақтаймыз.
Алдарында берілген сүйектер жуылған, қолдарын күйіп қалмайды, ұстап
28
көреміз.
Сабақты бекіту. Семантикалық карта толтыру (3-кесте).
3-
кесте – Семантикалық карта
Сүйектер
Орналасуына қарай
Құрылысына қарай
Байланысуы
Бас Тұлға Қол-
аяқ
Ұзын Қысқа Жалпақ Қозғал-
майтын
Қозғал-
малы
Аз қоз-
ғалатын
Ортан жілік
+
+
+
Омыртқа
+
+
+
Жамбас
+
+
+
Самай
+
+
+
Қабырға
+
+
+
Тоқпан
жілік
+
+
+
Қорытынды (слайд)
Сүйектін сырты – тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады.
Құрамы органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Адам денесінде
230-
дан астам буындар бар.
Бағалау: әр топтың бағалаушыларына сөз беремін, өзім де бағаларын
айтамын.
Үй тапсырмасы: §25 оқу. «Сымбаттылық – сұлулық» тақырыбына эссе
жазу. Достарыңызбен бөлісу: |