ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
  Шұбарқұдық  №  2  қазақ-орыс  орта  мектебінің  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Жұбатырова  Гүлнара  Смағзонқызы  сабақта  сын  тұрғысынан 
ойлау  стратегияларын  қолданатынын:  Райэн  мен  Дэки  стратегиясы.  Мұнда 
оқушылар ұқсас екі нәрсенің бір-бірінен айырмашылықтарын көрсете отырып, 
екеуіне  тән  негізгі  ұқсастықты  табатынын.  Мәселен,  бүгінгі  таңда  кеңінен 
танымал  ұялы  телефон  мен  атом  бомбасын  алалық.  Екеуінің  де  өздеріне  тән 
ерекшеліктері  жеткілікті.  Ал  ұқсастығы  –  адамның  ойлап тапқан  жаңалығы.  - 
«Ортада  қаламсап»  стратегиясы.  Бұл  әдісті  әсіресе  әдебиет  сабағында  жиі 
пайдаланамын.  Жаңа  тақырып  бойынша  өткен  ақын  не  жазушының 
шығармаларын оқи отырып, қандай жақсы нәрселерді өзімізге керек еттік, нені 
ұқтық? Әр оқушы топтау жұмысын жүргізетінін айтады.  
Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі Шайхина Алтын Жәмиқызы Сын тұрғысынан ойлау негізі - сабақтың 
үшбағыттық  құрылымында  -  ой  шақыру,  ойлау,  кері  байланыс  кезеңдерінде 
берілетін  бірнеше  тапсырмалар  мен  тәсілдерді  барлық  пән  мұғалімдеріне 
қолдануға,  осы  технологияны  тереңірек  оқып  -  білетін  көптеген  әдістемелік 
құралдар,  нұсқаулықтар,  электрондық  оқулықтар  қазақ  тілінде  басылылып 
шығарылса деген ұсыныс айтады.  
Оқушыларды  ойлауға  үйретуде,  тілдерін  дамытуда  РАФТ,  INSERT,  екі 
түрлі  түсінік  күнделігі,  еркін  жазу,  дөңгелек  үстел,  үш  қадамдық  сұхбат,  бес 
жолды  өлең,  эссе,  түртіп  алу  сияқты  стратегиялардың  тиімді  де  ұтымды 
жақтарын қолданатын Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің 
қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Момышева  Гүлдәурен  Әділбекқызы.  Нәтижесінде 
сыни  тұрғыдан  ойлайтын  оқушылардың  бойынан  белсенділік,  көпшілік 
алдында  өз  ойын  еркін  жеткізе  алу,  өзара  сұрақ  қойып,  дәлелдерді  талдау, 
қарым-қатынас  жасау,  бірін-бірі  тыңдау,  кез-келген  мәселені  шешіп, 
мағынасын  анықтау  үшін  саналы  түрде,  өз  беттерінше  стратегиялар 
қолданатынын  аңғардым.  Өзін  жеке  дара  тұлға  ретінде  танып,  бір-біріне 
құрметпен  қарауға  үйренді.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  өзін-өзі  бақылау, 
68 
 

бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері және білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, 
шығармашылық жұмыстарға қабілеттері артқанын айтады.  
Симатов  Ғалымбек  Қуанышұлы  Ақтөбе  қаласының  №15  ОМ-нің  8-9 
сыныптары  математика  пәнінің  мұғалімі.  «Сыни  тұрғыдан  ойлау» 
технологиясын  қолдануды  суреттей  келе  келесідей  пікір  мен  ұсыныс  айтады. 
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: 
1) сыни тұрғыдан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойлануға, 
ойын  ашық  айтуға  рұқсат  беру;  3)  әртүрлі  идеялар  мен  пікірлерді  қабылдау; 
4) 
үйрену  барысындағы  оқу-шылардың  белсенді  іс-әрекетін  қолдау.  Бұл 
технологияны  пайдалану  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеуге,  өздігінен 
дамуға,  қиындықтан  қорықпай  үйрене  білуге  мүмкіндік  береді.  «Сыни 
тұрғыдан ойлау» технологиясын сабақта қолдану тиімді.  
Жаңбыршина 
Қайнаркүл 
Байғабылқызы 
Ақтөбе 
облыстық 
мамандандырылған  физика-математикалық  мектеп-интернатының  5-11 
сыныптары математика пәнінің мұғалімі. 2012 жылдан бері осы технологияны 
қолданып  табысты  еңбек  етуде.  Әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  білім  беру 
жүйесін халықаралық деңгейге жеткізуді, көтеруді талап ететіні сөзсіз. Білімді 
де білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік 
маңызды  іс  екені  айқын.  Мұғалімдердің  алдына  қойып  отырған  басты 
міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  инновациялық  әдіс  тәсілдерін  кеңінен 
қолданып,  оны  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  меңгеру.  Ұстаз  үшін  бастысы  – 
оқыту  әдісін  дұрыс  таңдай  білу.  Әр  мұғалім  өзінің  технологияны  пайдалану 
шеберлігіне  байланысты.  Сол  технологиялардың  бірі  –  сыни  тұрғыдан  ойлау 
технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, 
интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.  
Осы жаңа технологияны пайдаланудағы оқушы үшін тиімді тұстарын атап 
көрсеткен:  1)  оқушылардың  математика  пәніне  деген  қызығушылығы  артады; 
2) танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 3) оқушының өздігінен ізденісіне 
жол  ашады;  4)  қосымша  мәліметтермен  танысады.  Бұл  технологияның  негізгі 
ұстанымдары:  әлсін-әлсін  қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау,  тіректерді 
пайдалану,  келіспеушіліктің  болмауы,  оқушы  жетістіктерінің  жариялығы, 
қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен 
тәрбиенің  бірлігі.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  ақпарат  алудан  басталып,  қаралатын 
мәселеге  байланысты  шешім  қабылдаумен  аяқталады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау 
кез-келген  жас  аралығына  тән.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  күрделі  үдеріс 
болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.  
Ақтөбе  қаласы  №55  орта  мектебінің  химия  пәні  мұғалімі  Киынбаева 
Эльмира  Қалбекқызы  сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  зор 
мүмкіндіктерін өзінің іс-тәжірибесінде қолданып келе жатқан ұстаздардың бірі. 
Эльмира  Қалбекқызының  СТО  технологиясының  тиімділігіне  іс  жүзінде  көз 
жеткізді:  бұл  технология  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын 
арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік 
дағдысын  қалыптастырады.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша 
сабақ  құрылымы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс 
69 
 

кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу  мақсаттары  әр  түрлі 
стратегияларды  қолдана  отырып,  алға  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап 
іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Жалпы алғанда, 
мұғалім  «Сыни  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясы  сабақты  жоспарлауда  өте 
тиімді деп есептейді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай 
жетістіктерге  жетуге  болады:  қызығушылықты  ояту;  мағынаны  тану;  ой- 
толғаныс.  Бұл  технологияда  бұрынғы  білім  мен  жаңа  ұғым  ұштастырылады. 
Соңғы  кезеңде  оқушы  өз  шығармашылық  қабілетін  таныта  алады.  Мұнда 
оқушыға  ойланып  толғануға  уақыт  берілуі  керек,  өз  ойын  айту  оқушы 
шығармашылығын  қалыптастыратынын  ұмытпау  керек.  Мұғалімнің  іс-
тәжірибесінен байқалғандай, бірнеше минут ішінде көптеген шешімдер табуға 
болады.  Бұл  жерде  пікірдің  көптігі  мақсат  емес,  ол  тек  нақты  саналы  шешім 
қабылдауға  негіз  болады.  Қағидасы:  ұсынылған  пікір  бағаланбайды, 
сыналмайды;  жұмыс  пікірдің  сапасына  емес,  санына  бағытталған  (неғұрлым 
пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға болады); барлық пікірлер 
«бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы, белгіленген уақыт сақталуы тиіс. 
Технологияның  нәтижелілігі:  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге 
асыруға,  оқушылардың  білім  деңгейін  көтеруге,  балаларды  шығармашылыққа 
баулуға,  өз  ойларын  еркін  айтуына,  тез  арада  дұрыс  шешімдер  табуына 
атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептейді және сын тұрғысынан 
ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған,  бірін-бірі  толықтырған  ойлау  деген  пікірде. 
Ұсынысы:  оқушылар  жан-жақтан  жиналған  көп  ақпаратты  талдай,  жинақтай 
отырып, олардың ішінен қажеттісін, өзектісін алулары қажет.  
Ақтөбе  қаласы  №15  орта  мектебінің  биология  пәні  мұғалімі  Тыныбекова 
Айнагүл Иркисбайқызы. Еңбек өтілі 15 жыл. СТО технологиясын 2013 жылдан 
бері  сабақтарында  қолданып  келеді.  Бұл  жоба  арқылы  оқушылар  берілген 
тақырып  мазмұнына  сын  тұрғысынан  қарап,  өзіне  қажеттісін,  сапалы  шешім 
қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы 
дамиды.  Сын  тұрғысынан  ойлай  отырып,  өзіндік  белсенділіктің  болуы  да 
білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. 
Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс  жасауына  жол  ашады. 
Оқушының  ізденісі  жеміссіз  болмақ  емес.  Технология  оқушыны  мұғаліммен, 
сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын 
тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздеуге,  қиындықты 
жеңуге  баулиды.  Жеті  модульмен  жұмыс  жүргізгенде  мұғалімнің  тағы  бір 
тапқаны  –  бағалау.  Өткізген  сабақтарында  топтардағы  көшбасшылардың 
бағалауы  және  топ  мүшелерінің  өзін-өзі  бағалауы  аса  тиімді  болды.  Дәстүрлі 
сабақта  бағалау  мұғалімге  тәуелді  болғандықтан,  мұғалім  алғашқы  сабағында 
алдымен  көшбасшының  бағалауын  тыңдап  және  өзінің  бағасы  ескеріп  әр 
оқушыны бағалағаны – өзінің іс тәжірибесіне енгізген тағы бір жаңалық болды.  
Ақтөбе  облысы,  Шалқар  қаласы  Ә.  Жангелдин  атындағы  орта  мектептің 
информатика  пәніне  сабақ  беретін  жас  ұстаз  Насамбаева  Алтынгүл 
Темірханқызының  іс-тәжірибесінен.  Блум  таксономиясы  –  жеке  тұлға 
шығармашылығын  дамытушы  әдіс.  Блум  таксономиясы  негізінен  «Сын 
70 
 

тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге 
бағытталады.  Блум  таксономиясы  алты  кезеңнен  тұрады:  1.  Білім;  2.  Түсіну; 
3. 
Қолдану; 4. Талдау; 5. Жинақтау (синтез); 6. Бағалау.  
«Таным  мен  ойлаудың  төмен  деңгейі».  Бұл  категория  мәлiметтердi 
қайталау  немесе  тану  арқылы  есте  қалай  сақталғанын  тексеруге  бағытталады, 
мағлұмат  пен  деректердi  еске  түсiредi.  Нәтижесінде  оқушылар:  қолданылған 
терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); нақты фактілерді біледі; 
жұмыстың  орындалу  ретін  біледі,  негізгі  ұғымдарды  біледі;·ережелерді, 
қағидаларды біледі.  
«Таным  мен  ойлаудың  орта  деңгейі».  Негізгі  идеяларды  ұйымдастыру, 
салыстыру,  түсіндіру,  сипаттау  және  бекіту  жолымен  фактілермен  идеяларды 
түсінетіндігін көрсету. Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді 
атқаруды  атауға  болады:  аударма  жасау  (трансляция)  –  оқу  материалын  бір 
«тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, 
схемамен  көрсету,  т.б.);  интерпретация  –  оқу  материалын  «өз  сөзімен» 
түсіндіру,  қысқаша  баяндау;  экстраполяция  –  (Жорамалдау).  Құбылыстың  бір 
бөлігіне  қатысты  түйіндерді  оның  екінші  бөлігіне  тарқату;  оқу  материалдары 
бойынша  әңгіменің  әрі  қарай  не  туралы  болатындығын,  оның  салдары  мен 
нәтижелерін  болжау.  Фактілерді,  ережелерді,  қағидаларды  түсінеді;·сөзбен 
келтірілген 
материалды, 
схемалар, 
графиктер, 
диаграммаларды 
түрлендіреді;·сөзбен  келтірілген  материалды  математикалық  ұғымдарға 
өзгертеді; берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын 
сипаттайды.  Қалай?  Неліктен?  Сөйлемді  аяқтаңыз;  сөйлемді  өзгертіңіз;  өзара 
байланысын  түсіндіріңіз;  айырмашылығын  көрсетініз;  өз  сөзіңізбен  айтыңыз; 
графикті, суретті түсіндіріп беріңіз. Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз; 
Зерттеуiңiздi  таблица  жүзiнде  көрсетiп,  қысқаша  мазмұндап  берiңiз;  Қолдану 
Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді 
түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және 
мүлдем  жаңа  ситуацияда  қолдануды  меңзейді.  Мұнда  ережелерді,  әдістерді, 
ұғымдарды,  заңдарды,  қағидаларды,  теорияларды,  практикалық  тұрғыдан 
қолдану  кіреді.  Оқу  нәтижелері  түсіну  деңгейіне  қарағанда  материалды 
тереңірек  игеруді  талап  етеді.  Ұғымдар  мен  қағидаларды  жаңа  жағдайларда 
қолданады;  Заңдар  мен  теорияларды  практикалық  тұрғыдан  нақты 
ситуацияларда  қолданады;  Әдіс  немесе  жұмыс  ретін  дұрыс  қолданатындығын 
көрсетеді. Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір. Талдау 
таным  мен  ойлаудың  жоғарғы  деңгейі.  Дәйектер  мен  себептерге  сәйкес 
ақпаратты  тексеру  және  жіктеу.  Қорытынды  жасау  және  жалпылаудың 
болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.  Оқу материалының құрылымы анық 
көрінуі  үшін  оны  құрамдас  бөліктерге  бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату; 
бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория 
оқу  материалының мазмұнын  сезінумен  қатар  оның ішкі құрылысын қалайша 
құралатындығын  меңзейді.  Элементтерді  талдау,  Қарым  қатынасты  талдау, 
Ұйымдастыру  қағидаттарын  талдау;  Жасырын  (көзге  көрінбейтін)  жәйттерді 
ашады; Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды, Фактілер мен 
71 
 

олардың  салдарының  арасын  ажыратады;  Ұсынылған  фактілердің 
маңыздылығын 
айқындайды. 
Құрылымы 
қандай? 
Салдары 
неде? 
Топтастырыңыз;  салыстырыңыз;  себебін  талдаңыз.  Теореманың  екi  бөлiгiн 
салыстырыңыз. Жинақтау.  
«
Таным  мен  ойлаудың  жоғарғы  деңгейі».  Жаңа  үлгідегі  әртүрлі 
тәсілдермен  элементтерді  қиыстыру  арқылы  ақпараттарды  жүйелеу  немесе 
балама  шешім  ұсыну;  Оқу  материалының  элементтерінен  жаңашыл  сипаттан 
бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем 
өзгеше  реттейтін  хабарлама  (баяндама,  сөз),  жұмыс  жоспары,  схемаларды 
атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды 
жасап  шығаратын  шығармашылық  әрекеттерді  қолдануды  талап  етеді. 
Шығармашылық  тұрғыдан  кішігірім  шығарма  (эссе)  жазады;  Тәжірибе 
жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу 
үшін  өз  білімдерін  шығрмашылықпен  қолданады.  Өз  шешіміңізді  табыңыз, 
алгоритм  құрастырыңыз,  баламасын  табыңыз,  бөліктерден  құраңыз, 
жүйелестіріңіз,  зерттеңіз.  1.  Эссе,  шығарма,  өлең,  шешендiк  сөз,  сценарий, 
компьютерлiк бағдарлама жазу. 2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, 
оны  бiр  жүйеге  келтiрiп,  жоспар  немесе  кесте  құру  (Тәжірибенi  жоспарлап, 
нәтижесiн бақылау). 3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну. Бағалау: 
таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, 
ақпарат  бойынша  қорытынды  жасау  және  жұмыс  сапасын  бағалау.  Оқу 
материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. 
Бұл  деңгей  алдыңғы  категориялардың  оқу  нәтижелелеріне  қол  жеткізуді 
меңзейді. Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; 
Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын 
айқындатады; Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге 
сәйкестігін  анықтайды.  Білім  беру  философиясы  мен  танымдық  психология 
адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер 
арқылы,бірікші  кезекте  ұжымдық  әрекеттер  арқылы  үйренетіндігін  оған  өзі 
жасағаны қызық екендігін дәлелдеді.  
Ақтөбе облысы, №38 орта мектебінің информатика пәнінен сабақ беретін 
тәжірибелі мұғалім Исмағанбетов Ақылбек Бақтыгерейұлы СТО технологиясын 
өзінің іс-тәжірибесінде қолданып келеді. Бұл бағдарлама заман талабын жүзеге 
асыруда,  оқушылардың білім деңгейін көтеруге,  балаларды  шығармашылыққа 
баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін 
бірден-бір  тиімді  технология.  СТО  технологиясын  пайдаланатын  әр  ұстаз  өз 
педагогикалық  қызметінде,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынасқа 
дегенде  көзқарасының  мүлдем  өзгергенін  байқайды.  Бұл  бағдарлама  басқа 
технологиялардан  өзінің  құрылымы  мен  ерекшеленеді.  Сабақ  жоспары 
құрылымының  өр  кезеңінің  өзіндік  қызметі  бар.  Ақылбек  Бақтыгерейұлының 
іс-  тәжірибесі  көрсеткендей,  СТО  –  технологиясын  қолданып  жүрген  сынып 
оқушыларының  даму  деңгейі  артты,  олар  өздерін  ортада  еркін  ұстайды,  жеке 
тұлға  ретінде  сезінеді.  Өзіндік  «мені»  дамыды.  Оқушының  ойлау  қабілеті 
дамыған  сайын,  оқушы  бойында  төрт  параметр  көрсеткіші  өседі:  жекеден 
72 
 

жалпыға;  дифференциалдықтан  сенімділікке;  интуициядан  логикаға;  бір 
перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.  
Павлодар  облысы,  Лебяжи  ауданы,  Майлыбай  ауылының  информатика 
пәнінің  мұғалімі  Жұмабекова  Мадина  Оразханқызының  СТО  технологиясын 
қолданудағы  іс-тәжірибесінен.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  бақылаудың, 
тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, 
бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін белгілі. 
Ол  оқушылардың  ойлана  білуіне,  өз  оқуына  таңдау  жасау,  басқалардың 
идеяларына  күмәнмен  қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі.  Сыни  тұрғыдан 
ойлау  әдісі  оқушының  ойын  дамытуға  көп  көмегін  тигізеді.  Аталмыш 
бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден 
тұратын  оқыту  мен  үйретудің  моделі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы 
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Сын 
тұрғысынан ойлауға  дамыту  модулінде  мен  келесідей:  «Қос  жазба күнделігі», 
«Fishbone», «Автор орындығы», «Блум түймедағы», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», 
«Жіңіше-жуан  сұрақтар»,  «Білемін.  Білдім.  Білгім  келеді»,  «Венн 
диаграммасы»,  «Ашық  хат»  және  т.б.  әдіс-тәсілдерді  қолданадым.  Осының 
нәтижесінде  2012-2013  оқу  жылында  басында  информатика  пәнінен  8-сынып 
оқушыларының  білім  сапасы  67  пайыз  болса,  осы  оқу  жылында  соңында  83 
пайызға  көтерілді,  өсу  динамикасы:  +16.  Ал  осы  2014-2015  оқу  жылының 
қорытындысы бойынша білім сапасы 100 пайызға жетті, өсу динамикасы: +17. 
Жалпы информатика пәні бойынша үш жылдық мониторингқа тоқталып өтсем, 
2012-
2013  оқу  жылында  мектеп  бойынша  62  пайыз  болса,  2013-2014  оқу 
жылындағы көрсеткіш 72,5 пайыз, ал 2014-2015 оқу жылындағы көрсеткіш 76 
пайызға жетті. Қарап отырсақ, динамиканың оң бағытта көрсетілген.  
АҚШ мұғалімі Дэвид Клустердің ұсынған анықтамасының 5 пункті:  
1. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  принциптеріне  негізделген  болса,  әркім  өз 
ойлары  мен  пікірлерін  және  бағалауларын  тәуелсіз  құратын  болады.  Біз  үшін 
басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз.  
2. Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып 
табылады.  
3.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  сұрақтар  қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін 
мәселені анықтаудан басталады.  
4. Сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан 
ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі 
бар,  саналы  дәлелдермен  нақтылай  түседі.  Сонымен  қатар,  ол  сол  мәселені 
шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған 
жолдың  басқаларына  қарағанда  ақылға  қонымды  екендігін  дәлелдеуге 
тырысады.  
5. Сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар 
ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі немесе философ Хана Арендттің 
жазуынша  «тек  кімде  кімнің  қатысы  болғанда  ғана  кемелге  жетуге  болады». 
Басқалар  таласып  оқығанда,  талқылап,  қарсы  пікір  айтқанда  немесе  ой 
бөліскенде  біз  көзқарасымызды  дәллдеп,  оған  терең  бойлай  түседі.  Сыни 
73 
 

тұрғыдан  ойлау  анықтамасының  бес  пунктінің  барлығы  оқу  әрекетінің  кез 
келген түрінде орын алуы мүмкін.  
Қорытындылай  келгенде,  сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз  –  алған  білімге 
сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде 
алу.  Бұл  технологияның  тиімділігі –  оқушының  құзыреттілігін  арттырып  ғана 
қоймайды, сонымен қатар: 1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. 
2.  Мұғалім  мен  оқушылар  арасында  ізгілікті  қарым-қатынас  орнауы. 
3. 
Оқушының  өздігінен  жан-жақты  білім  алуына  жағдай  жасалады.  4.  Алған 
білімге  сын  көзбен  қарау,  білімді  сапалы  түрде  алу.  5.  Оқушыны  ойын  ашық 
айта  алуға,  пікір  айтуға,  алмасуға  үйренеді.  6.  Бірін-бірі  сыйлауға  баулуы. 
7. 
Мәселенің  ең  негізгі  түйінін  табуға  дағдыланады.  8.  Оқушының 
шығармашылық белсенділігінің артуы.  
Ой  жүгірту,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы  шешу  үдерісі  жүрген 
барлық  жағдайларда,  яғни  неге  сенуге  болады,  не  істеу  керек  және  бұрын 
ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау 
қажет  болған  жағдайлардың  барлығында  орын  алады  деп  сипаттама  берген 
Алматы  облысы  Қапшағай  қаласының орта  мектеп-гимназия  мектепке  дейінгі 
шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі Мұсаева Рая Алмаханқызы мен 
Бұқпанова  Зайгүл  Мамытқызы,  олар  бұл  технологияны  2013  жылдан  бері 
қолданып  келеді.  Сыни  ойлау  өзіндік  ойлау,  сұрақ  қою  және  шешімін  талап 
ететін  проблемаларды  айқындаудан  басталады,  сондай-ақ  әлеуметтік  ойлау, 
бірлесе оқыту идеясы. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни 
ойлау  мұғалімдер  идея  мен  тәжірибенің  әртүрлілігін  түсінгенде  және 
қолданғанда  пайда  болады  деп  сипаттайды.  Стратегияларды  жаңа  сабақты  өз 
бетінше  меңгерту  үшін  қолдану,  мағынаны  тану  кезінде  түртіп  алу  әдісін 
пайдалану  және  мәтінмен  жұмыс  жүргізгенде  қолданған  тиімді.  Оқушы 
тақырыпты  өзі  оқиды,  таныс  мәліметтерді  белгілейді,  білмеген  мәліметтерді 
табады  да  кестені  толтырады,  білмегенін  мұғалімнен  сұрайды,  нені  білгісі 
келетінін  айтады.  Мысалы,  «Негізгі  және  туынды  етістік»  тақырыбындағы 
сабақта  «не  білемін?»,  «не  білгім  келеді?»,  «не  үйрендім?»  деген  сұрақтарға 
жауап  беріп,  кестені  толтырды.  Осыдан  өздерінің  ойларын  ашық  жеткізуін 
және әрбір оқушы негізгі және туынды етістік туралы бір нәрсе үйренгендігін 
байқауға  болады.  Жалпы  сыни  ойлау  арқылы  оқыту  барысында  мұғалімдер: 
Оқушыларды топқа бөліп ой қозғатуды; Оқушыларды тақырыпқа қызықтырып 
бағыттауды; Тақырыптағы ең құнды мәселелерді анықтап ұсынуды, зерттеуді; 
Оқушылардың  өз-өздерін  реттеуге,  бағалауға,  білімдерін  өз  бетімен  саралауға 
бағыттауды;  Оқушылардың,  әріптестердің,  тренерлердің  ұсыныс-пікірлерін 
қабылдауды;  Сыни  тұрғыдан  ойлай  отырып  мәдени  күнделік  толтыруды 
үйренетінін  атап  көрсеткен.  Алайда  бұл  кезеңде  қиындықтардың  да 
кездесетінін:  Кейбір  оқушылардың  ойлау  деңгейлерінің  төмендігі;  Сөздік 
қорларының  аздығынан  өз  ойларын  толық  жеткізе  алмауы,  яғни  берген 
жауаптарына  дәлел  келтіре  алмай  қысқа  жауап  беруі;  Оқушының  өз-өзіне 
сенімсіздігі, жауабына күмәндануы.т.б айтады.  
Оқушының ойлау  қабілетін  байытуға  игі  ықпал  ететін  жаңаша  оқытудың 
74 
 

бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы 
деп білетін Қапшағай қаласының орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын 
орталығының  бастауыш  сынып  мұғалімі  Байжігітова  Бақтыбала  Айтжанқызы 
осы технология арқылы оқушылардың сөйлеу деңгейі жоғарылайды, және де ой 
ұшқыр  демекші  оқушылардың  ойлау  мүмкіндіктері  артады.  Сын  тұрғысынан 
ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын 
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік ретінде атап көрсетеді.  
Осы  технологияны  сабақта  қолданып  жүрген  Талдықорған  қаласы  №24 
мектептің  шет  тілі  пәні  мұғалімі  Сансызбай  Жарқын  Сансызбайұлы:  СТО- 
технологиясының  сабақ  кезеңдері:  Қызығушылығын  ояту  –  Эвокация; 
Мағынаны  тану  –  Реализация;  Ой  толғаныс  –  Рефлексия; УӘЖ  –  технология. 
Осылар  арқылы  сабақта  теория  мен  практиканы  ұштастырып,  білімділік, 
дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарды толық орындауға мүмкіншілік мол. 
Оқушының  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  тапсырмаларды 
беру  арқылы  ой-өрісі,  көзқарасы,  білігі  дамиды.  Нәтижесінде  білімді  өз 
ізденістері  арқылы  қабылдайтын,  практикалық  жұмыстарды  өз  бетінше 
орындай  алатын,  өзіндік  жеке  пікірі  бар,  ұлттық  дүниетанымы  кеңейген, 
ұлтжанды  азаматтар  қалыптасады.  Оқушылардың  білім  сапасы  өсіп,  нашар 
оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастайды. 
Деңгейлік  тапсырмалар  үстінде  бірін-бірі  жақсы  зерттеп,  өзара  адал  қызмет 
етуге  ұмтылады,  бейімделеді,  бәсекелестік  пайда  болады,  тілдері  дамиды, 
оқушының  өз-өзін  бағалауы  мен  түзетуі  қатар  жүреді.  Барлық  оқушылар  әділ 
бағаланады.  
Алматы  облысы,  Көксу  ауданы,  Мұсабек  ауылындағы  Қызыларық  орта 
мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Досанова  Айгүл  Абайқызы  бұл  модуль 
оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы 
және оймен қабылдауын  көздейді.  Сын  тұрғысынан ойлау  бақылау,  тәжірибе, 
толғану  және  ой  жүгірту  нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ұғыну,  бағалау, 
талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады. Сын тұрғысынан 
ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау 
және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды 
көздейді. Сын тұрғысынан ойлау қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды 
жасау,  бағалау,  түсіндіру,  метатану  кіреді  деп  сипаттайды.  Сын  тұрғысынан 
ойлау  технологиясын  сабақта  қолдану  нәтижесінде  оқушылардың  бір-бірімен 
ынтымақтастық  қарым-қатынасын,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  тығыз 
байланыс  пайда  болуын,  келелі  мәселелерді  өз  бетінше  шешуге,  өз  көз 
қарастарын  еркін  жеткізуге,  сабаққа  деген  ынта-қызығушылығын 
арттыратынын  байқаған.  Сын  тұрғысынан  ойлау  дағдысы  нақтылықты, 
анықтық  пен  объективтілікті  сақтай  отырып,  сөзді  түсіну  және  пайдалану, 
дәлелдер  мен  дәйектерді  бағалау,  сөйлемдер  арасындағы  логикалық 
байланыстар болуын белгілеу, өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған 
тәжірибенің нәтижелері жүйесіне енгізу, күнделікті шынайы өмір тұрғысынан 
нақты бір нәрсе туралы парапар пікір қалыптастыруды көздейтінін айтады.  
Борамбаева  Раушан  Жансұлтанқызы  Көксу  ауданы,  Мұсабек  ауылы, 
75 
 

Қызыларық  орта  мектебі  5-11  сыныптары  математика  пәнінің  мұғалімі.  Үш 
жылдан бері «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолданып келеді. Мұғалім 
аталған  технологияны  қолдану  арқылы  келесі  қорытынды  жасаған:  Сыни 
тұрғыдан  ойлау  –  «ойлау  туралы  ойлану»;  сыни  тұрғыдан  ойлау  маңызды 
мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды;  сыни 
тұрғыдан  ойлау  дағдыларының  негізгі  тізбесіне  қадағалау,  интерпретация, 
талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді; сыни тұрғыдан 
ойлау технологиясы тиісті ақпарат жинауды, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау 
мен  бағалауды  кепілдендірілген  шешімдер  мен  жинақталған  қорытындылар, 
ауқымды  тәжірибе  негізінде  болжамдар  мен  ұсыныстарды  қайта  қарауды 
қамтиды;  сонымен  қатар,  оқушылар  өз  ойларын  нақты  жеткізіп,  өздігінен 
жұмыс жасауға дағдыландырады.  
Қапшағай қаласының мектепке дейінгі шағын орта мектеп-гимназиясының 
биология пәні мұғалімі Нұғымарова Бақтыжамал Тұрысбекқызы. Еңбек өтілі 20 
жыл.  Ол  2013  жылдан  бастап  бастап  СТО  технологиясын  қолдануда.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  ой  жүгірту,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы  шешу 
үдерісі  жүрген  барлық  жағдайларда,  яғни  неге  сенуге  болады,  не  істеу  керек 
және  бұрын  ойластырылған  әрі  рефлексивтік  тәсілмен  қалай  істеуге 
болатындығын  анықтау  қажет  болған жағдайлардың  барлығында  орын  алады. 
Сыни  ойлау  сұрақ  қоюдан  және  шешімін  талап  ететін  проблемаларды 
айқындаудан,  ойлаудан  басталады.  Оқушы  өзі  сұрақ  қойып,  шешімін  өзі 
айқындайды,  бірлесе  оқыту  идеясы.  Мұғалімдер  идея  мен  тәжірибенің 
әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – 
жеңіл  міндет  емес.  Оны  белгілі  кезеңде  орындап,  кейін  ұмытып  кетуге 
болмайды.  Сыни  ойлауға  апаратын  қатаң  реттелген  қадамдар  тізімі  жоқ. 
Стратегияларды  жаңа  сабақты  өз  бетінше  меңгерту  үшін  қолданған  тиімді. 
Бақтыжамал  Тұрысбекқызы  сабақты  өз  бетінше  меңгеру  үшін  мағынаны  тану 
кезінде түртіп алу әдісін мәтінмен жұмыс жүргізгенде пайдаланады. Оқушы ең 
алдымен  тақырыпты  өзі  оқиды,  таныс  мәліметтерді  белгілейді,  өзі  білмеген 
мәліметтерді  табады  да  кестені  толтырады,  білмегенін  мұғалімнен  сұрайды, 
нені  білгісі  келетінін  айтады.  Жалпы,  сыни  ойлау  арқылы  оқыту  барысында 
мұғалімдер:  оқушыларды  топқа  бөліп  ой  қозғатуды;  оқушыларды  тақырыпқа 
қызықтырып  бағыттауды;  тақырыптағы  ең  құнды  мәселелерді  анықтап 
ұсынуды, зерттеуді; оқушылардың өз-өздерін реттеуге, бағалауға, білімдерін өз 
бетімен  саралауға  бағыттауды;  оқушылардың,  әріптестердің,  тренерлердің 
ұсыныс-пікірлерін қабылдауды; сыни тұрғыдан ойлай отырып мәдени күнделік 
толтыруды  үйренеді.  Алайда  бұл  кезеде  қиындықтар  да  кездеседі:  кейбір 
оқушылардың ойлау деңгейлерінің төмендігі; сөздік қорларының аздығынан өз 
ойларын толық жеткізе алмауы, яғни берген жауаптарына дәлел келтіре алмай, 
қысқа жауап беруі; оқушының өз-өзіне сенімсіздігі, жауабына күмәндануы.  
Алматы облысы, Панфилов ауданы Үлкеншыған орта мектебінің биология 
пәнінің мұғалімі Искакова Ләззат Есмұратқызы 20 жылдан бері ұстаздық етіп 
келеді.  СТО  технологиясын  қолданғанына  көп  болған  жоқ.  Білімнің  жаңа 
мазмұнын  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  технологиялар  қажет-ақ.  Сондай 
76 
 

педагогикалық  технологиялардың  бірі  –  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
технологиясы.  Бұл  бағдарламаның  мақсаты  –  барлық  жастағы  оқушылардың 
кез  келген  мазмұн,  түсінікке  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің 
біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды үйренуі. Аталмыш бағдарлама көп 
ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып  ішінен  қажеттісін  алуға  үйретеді. 
Қызығушылықты ояту – бұл үйрену үрдісі, ол оқушылардың бұрынғы білетіні 
мен  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Сондықтан  да  сабақта  қарастырғалы 
тұрған  мәселе  жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан 
басталады.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға  жазады.  Жұбымен, 
тобымен талқылайды.  
Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты  –  үйренушінің 
белсенділігін,  ынта-жігерін  арттыру.  «Мағынаны  тану»  сатысында  жаңа 
ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар 
орындайды. Өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. 
Бір  тапсырманың  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мәнін  жете  түсіну 
күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау 
салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны 
тануды  жоғарыдағыдай  ұйымдастыру  –  аталған  кемшіліктерді  болдырмаудың 
бірден-бір  кепілі,-  деп  тұжырымдайды  мұғалім.  Оқыту  процесінде  оқушының 
толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан 
тыс  қалып  жатады,  бұл  кемшілікті  «Ой  толғаныс»  кезеңінде  жою  мүмкіндігі 
бар.  Оқушы  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап  оны  қандай  жағдайда,  қалай 
қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Біліміне өзгерістер енгізеді, яғни нағыз 
білім  шыңына  көтеріледі,  үлкен  әлемге  енеді.  Сол  білім  арқылы  өзінің 
өзгергенін  сезінеді,  өзіне  өзгеше  сенім,  тәрбиелік,  даналыққа  бастау  алады. 
Ләззат Есмұратқызы жетелеу сұрақтары арқылы тақырыптың ашылуына ықпал 
етеді.  Мысалы:  ойыңда  не  сақталып  қалды?  Тақырып  бойынша  сені  не 
қызықтырды?  Бұл  әдіс  оқушыларды  ұжым  болып  жұмыс  жасауға  үйретеді. 
Ақпараттарды  өз  бетінше  меңгеруге  жағдай  жасайды.  Тақырыпты  түсінуге, 
химиялық  реакция  теңдеулерін  жазуға,  есептер  шығаруға  машықтанады. 
Сондай-ақ,  әдістің  тиімділігі  сабақтан  тысқары  қалатын  оқушы  болмайды, 
оқыған  тақырыпты  түсіну,  оны  түсінікті  етіп  орындау,  оған  қатысты  ойын, 
пікірін  білдіру  арқылы  сауатты  жазу,  оқу  мүмкіндігі  туады.  Бағдарлама 
бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі: сабақ түбегейлі оқушыға бағытталды; 
ұжымдық  ынтымақтастық  қатынас  орнады;  бұрынғы  білімдеріне  білім  қосты; 
микроклимат өзгерді; оқушылардың жауапкершілігі артты; күтпеген өзгерістер 
болу  үшін  стандартты  емес  тәсілдер  қолданылды;  күтпеген  өзгерістер  көп 
болды;  проблемалық  ситуациялар  туғызылды;  оқушылар  жоғары  деңгейдегі 
сұрақтар  қоя  бастады;  мұғалім  өзі  де  өзгерді.  Оқушыларға  шығармашылық 
бағыт-бағдар  бере  отырып,  үздіксіз  іс-әрекетке  жетеледі.  Бағдарлама 
стратегиялары  оқушылардың  бірін-бірі  тыңдап,  құрметтеуге  үйретті. 
Қуанышпен  айта  кететін  жайт,  бұрын  үндемей  отыратын  балалардың  сабаққа 
қызу  араласуы.  Жай  уақытта  олар  өздерін  бұлай  көрсетуге  бара  қоймас  еді. 
Сабақтарды  ерекше,  жаңа  технология  жобасымен  өтуі  оларға  еркін  сөйлеп, 
77 
 

ойларын  ашық  жеткізуге,  сыншыл  көзқарас  байқатуларына  мүмкіншілік 
туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар- деп түйіндейді.  
Атырау  облысы,  Құлсары  қаласы  №21орта  мектептің  бастауыш  сынып 
мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы: «Сын тұрғысынан ойлау» - белгілі бір 
идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл 
септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға  қарсы 
көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен  қарау  екендігін 
айта  келіп,  бұл  құрылым  3  деңгейден  тұратын  оқыту  мен  үйретудің  моделі. 
Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы,  қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп 
ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен  қажеттісін  алуға  үйретеді. 
Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады, 
бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін 
жасау  мақсатында  басқалардың  әр  түрлі  кестесін  біліп  үйренеді.  «Бес  жолды 
өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» 
сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне  қарай, 
көбінесе  ана  тілі  пәнінде  оқу  бағдарламасына  сәйкес  бірізді  жүйелі  түрде 
қолданған.  
Сабақта  қолданып  жүрген  әдістері  мынадай:  І  –  қызығушылықты  ояту 
фазасында  ой  қозғау  (шақыру).  ІІ  –  мағынаны  ажыратуда  түртіп  алу  жүйесі, 

жолды  өлең.  ІІІ  ой  толғаныс  фазасында  Венн  диаграммасы,  еркін  жазу  т.б. 
стратегиялар  арқылы  баланың  дамуына,  оның  бойындағы  жеке  қабілеттердің 
ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік беріледі. Сабақта оқушыға 
білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың 
білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер 
арқылы  баланың  алдына  жан-жақты  мақсат  қойып,  іске  асыруына  жол 
көрсетеді.  Технологияның  басты  мақсаты  –  дамыта  оқыту  негізінде  «Сын 
тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, 
балаларға терең білім беру деп тұжырымдайды.  
Атырау  қаласы  №36  мектеп-гимназиясының  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Көптілеуова  Балкенже  Тажғалиевна  сыни  тұрғыдан  ойлау  бақылаудың, 
тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, 
талдауға,  және  синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім  деп  біледі.  Сабақ 
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын 
анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына 
тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы  технологияны  қолдану 
нәтижесінде яғни сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен 
қарайды, салыстыра  отырып  талдау  жасайды,  өз  көзқарасын  білдіреді, өзіндік 
мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.  
Атырау  қаласы  №36  мектеп-  гимназиясының  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Бақтығалиева Кәмшат Бақтығалиқызы: сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни 
ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп 
қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.  Сыни  тұрғыдан  ойлау,  өзіндік, 
жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға 
жауап  іздеу,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр  мәселеге 
78 
 

байланысты  өз  пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар,  басқалардың 
пікірлерін  дәлірек  қарастыруды  және  сол  дәлелдемелердің  қисынын  зерттеу 
дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, 
шәкірттер  болашағын  ойлай  жасалған  еңбек  пен  тәжербиенің  бірлігі.  Осы 
технологияны  қолдану  нәтижесінде  оқушылары  еркін  сөйлеуге,  ізденуге 
үйренді. Топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі 
болады, шыңдалады. Сонымен қатар, оқушылар жұмыс жасау барысында бір-
біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, 
өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға,  тыңдауға,  сөйлеуге  кең 
мүмкіндіктер  беретін  ортада  оқушы  өз  пікірлерін  еркін  жеткізуіне  жағдайлар 
жасайды.  Топ  мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  және  сол  ойларды  кесте 
арқылы  көрсетеді.  Шамалары  келгенше  қорғап  шығуға  тырысады.  «Сын 
тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу  мен  жазу»  бағдарламасының  қай  әдісін  алсақ  та 
оқушының  белсенділігін,  ойлау  қабілетін,  шығармашылығын  жан  -  жақты 
дамытатынын байқаған.  
Осы  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Хайруллина  Рыскелді 
Орынбасарқызы  жаңа  технология  туралы  СТО  жобасының  көптеген 
әдістерімен  танысқанын.  Бұл  әдістер  сабақ  өту  барысында  көптеген 
өзгерістерге әкелді. Уақыттың қалай өткенін білмей қаласыз деп пайымдайды. 
Нәтижесінде:  жүйелі  түрде  жұмыс  істуге;  балалардың  ойын  еркін  жеткізуіне; 
бір-біріне көмектесетініне көз жеткізген. Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы 
дамыту жобасын таратуға мүмкіндік жасау. Мектептен тыс оның ішінде үйірме 
және факультатив жұмыстарын дамыту туралы пікірін білдіреді.  
Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясын 
қолданып жұрген осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қабделова Алтынай 
Гилманқызы  сын  тұрғысынан  ойлау  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып 
оның неге қатысты екендігін зерттеу деген тұжырымын айтады. Нәтижесінде, 
яғни  сын  тұрғысынан  ойлауда  оқушы  болжайды,  зерттеп,  қорытып,  өз  ойын 
жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін 
дәлелдейді,  пікір  алмасады,  ортақ  пікірге  келеді,  мақсатқа  жетеді.  Сонымен 
қатар  әр  сабақта  оқушының  кез  келген  мәселеге  сыни  көзқарасын 
қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр оқытушының міндеті 
екенін айтады.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолданып  жүрген  Атырау 
қаласының  Д.Байбосынов  атындағы  №13  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі 
Айжарық  Ләззат  Бисенбайқызы  «миға  шабуыл»  әдісімен  жаңа  сұрақтарды 
қолдану,  оқу  мен  жазу  арқылы  оқушылардың  СТО,  логикалық  ойлауын 
дамытуда  маңызды  роль  атқаратынын  атап  көрсетеді.  Өз  сабағында  осы 
технологияны қолдану нәтижесінде ғылыми жоба, пән бойынша олимпиада мен 
сайыстарда  жүлделі  орындарды  иеленіп,  ҰБТ  бойынша  көрсеткіштерге  қол 
жеткізгеннін сөз етеді. Сондықтан да бұл технологияны тарих пәні сабағында 
қолданудың тиімділігін айтады.  
Атырау  қаласының  №9  Ш.  Уәлиханов  атындағы  орта  мектептің  шет  тілі 
пәнінің  мұғалімдері  Амантурлиева  Шынар  Несіпқалиқызы,  Байбосынова 
79 
 

Айғаным  Бақытқызы  ағылшын  тілі  сабақтарында  7  модульді  ықпалдастыра 
қолдану, оқушылардың тілді жетік үйренуіне, сөздік қорын жетілдіруіне ықпал 
етеді.  Сыни  тұрғыдан  ойлауы  дамып,  өз  бетімен  білім  алуға  үйренеді. 
Нәтижесінде ағылшын тілінен оқушылардың тілдік дағдысы жетіліп, ағылшын 
тілінде  еркін  сөйлеуіне  мүмкіндік  туды,  сөздік  қоры  молайды.  Оқушылар  өз 
бетімен білім алуға ұмтылып, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасқанын байқаған. 
Ағылшын  тілі  сабақтарында  7  модульді  қолдану,  оқушылардың  арасында 
ынтымақтастық  орта  қалыптастастыруына  жағдай  жасайды.  Білім  деңгейі 
артады,  оқушылардың  сапалы  білім  алуына  ықпал  жасайды.  Дарынды  және 
талантты оқушылардың өз бетімен білім алуына септігін тигізеді.  
Атырау  қаласының  №5  мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Сүйіншалиева 
Айнагүл Болатқызы Интербелсенді тәсілдерді сабағында тиімді қолданатынын, 
нәтижесінде  оқушылар  алған  білімдерін  өмірде  қолдануға  үйренеді. 
Оқушылардың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығы артатынын айтады.  
Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық 
гимназияның  тарих  пәні  мұғалімі  Оралова  Гүлсім  Кенжеғалиқызы:  мектеп 
шеңберінде даму бағдарламасын іске асыру - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа 
тәсілдерді  енгізу,  бір  немесе  екі  әріптесіне  тәлімгер  болу  мектептің  дамыту 
үдерісіне  қолдау  көрсету,  бағдарламаның  ықпал  ету  дәрежесін  анықтау; 
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс 
жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамассыз  ету  деп 
сипаттайды. Нәтижесінде оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, топпен 
жұмыс  жасауға  дағдыланады,  ойын  еркін  жеткізе  біледі.  Өзін-өзі  бағалауға 
және  сыныптастарын  бағалауға  үйренеді.  Мұғалімдерді  қарқынды  өзгеріп 
жатқан  әлем  жағдайында  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайын  болуға  көмектеседі. 
Теориялық және практикалық кәсіби құзыреттілігін мейлінше тереңдетеді.  
Атырау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №9 мектептің тарих пәнінің 
мұғалімі  Каленова  Оксана  Нысанбайқызы:  сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқу  мен 
жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін 
сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті 
мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге  баулитын 
бағдарлама.  Технологияның  басты  мақсаты  –  дамыта  оқыту  негізінде  «Сын 
тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру. 
Жаңа  технология  ретінде  ең  озық  әдістерді  дер  кезінде  игеру,  іздену  арқылы 
бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты 
міндеті екендігін айтады. Нәтижесінде Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, 
үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-
жақты  зерттей  отырып,  өз  сабақтарын  соған  сай  өзгертіп  отыруы  тиіс.  Сыни 
тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан 
ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және 
бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын 
адам  басқаның  көзқарасымен  жиі  келісе  бермейді.  Олар  не  ойлау  керектігін 
өздері  шешетін  болады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытудағы  әдіс-тәсілдерді 
қолдану  сабақта  көп  нәтиже  беретінін  айтады.  Осы  технологияны  қолдану 
80 
 

арқылы оқушының білім сапасын арттыруға сенімді екенін айтады.  
Осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бекежанова Маржан Бекежанқызы: 
сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі  мұғалім  қызметінде  ұйымдастыра  оқыту, 
оқушылардың  жеке  топпен  жұмыс  жасау  негізінде  білім  алуымен  ұштасады. 
Бұл  стратегия  оқушының  жекелеген  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  ашуға 
бағытталады.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  оқу  әдісінде  қолданылады.  Яғни 
оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір 
ақпаратқа,  сонымен  бірге  өзінің  және  басқаның  шығармашылығына  сыни 
қарауына,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  бағытталады.  СТО  жобасы 
мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден-бір 
әдіс деп айтады. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, 
жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды.  
Атырау  қаласының  Ш.  Уәлиханов  атындағы  №9  орта  мектебінің  қазақ 
әдебиетінің  мұғалімі  Ұлықпанова  Қамқа  Кеңесқызы:  сыни  тұрғыдан  ойлау, 
өзіндік,  жеке  ойлау  болып  табылады.  Ол  –  өз  алдына  сұрақтар  қойып  және 
үнемі  оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр 
мәселеге  байланысты  өз  пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар 
басқалардың  пікірлерін  дәлірек  қарастыруды  және  сол  дәлелдемелердің 
қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.  Нағыз  сабақ  –  ол  әрқашан  диалог,  іздене, 
дайындала,  үйрене,  шәкірттер  болашағын  ойлай  жасалған  еңбек  пен 
тәжірбиенің  бірлігі  деп  сипаттайды.  Қазақ  тілі  сабақтарында  оқу  мен  жазу 
арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдана  отырып  тұлға 
қалыптастыру  тәжербиесін  сабақтарда  қолданатынын.  Сын  тұрғысынан 
ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, 
сұрыптайды,  талқылайды,  сын  көзбен  қарайды,пікірін  дәлелдейді,  пікір 
алмасады,  ортақ  пікірге  келеді,  мақсатқа  жетеді,  өзін-өзі  басқарады,  топпен 
жұмыс  істеуге  үйренеді,  жан  дүниесін  өзгертеді,  ойлауды  дамытады, 
қызығушылықты  дамытады,  қызығушылықты  артырады,  кез  келген  сабақты 
меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейтінін айтады.  
Бисенғалиева  Гүлфайруз  Жанзеленқызы  Атырау  облыстық  дарынды 
балаларға  арналған  интернаттық  мекемесі  бар  ұлттық  гимназиясының 
математика  пәнінің  мұғалімі.  Мұғалім  сабақтарында  «Сыни  тұрғыдан  ойлау» 
технологиясын  қолданады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  оқу  мен  жазуды  дамыту 
бағдарламасы. Оқушының мұғаліммен, сыныптастарымен ерікін сөйлеуге, пікір 
таластыруға,  бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу 
жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге  баулиды.  Оқушылардың 
қызығушылығы, өздігінен ізденушілігін, кез келген даму деңгейіне байланысты 
мәселелерге  сыни  көзбен  қарау,  күрделі  мәселелерді  шешуге,  жауапты 
шешімдер қабылдауға құштарлықтарын арттырады.  
Жамбыл облысы Тараз қаласы Н. Тлендиев атындағы мектеп-интернаттың 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Досаева  Гүлназ  Абілханқызы  осы  технологияны 
қолданғалы  бері  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  артты, 
ұйымшылдыққа,  бірлесіп  жұмыс  істеуге,  бірін-бірі  тыңдауға,  өз  пікірлерін 
еркін  айта  алуға,  өз  қабілеттерін  ашуға  септігін  тигізгенін  айтады.  Оқушыны 
81 
 

қызықтыратын  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданып,  сабақ  өткенде  оқушы 
тақырыпты өз бетімен оңай меңгере алатынын айтады. Сонымен қатар сабақта 
«Автор  орындығы»,  «Болжау»,  «Венн  диаграммасы»,  «Галереяға  саяхат», 
«ЖИГСО 1, 2» стратегияларын үнемі қолданатындығын атап көрсетті.  
Тараз қаласының №15 мектебінің шет тілі пәні мұғалімі Каримова Палия 
Мұзаппаровна технологияның негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың ойлау 
икемділігін  және  шығармашылық  іс-әрекетке  бағыттайды.  Сын  тұрғысынан 
ойлау оқушыны кез-келген мазмұнды сынауға, оны жан-жақты терең зерттеуге, 
бақылауға,  талдау  жасауға  үйретеді.  Блум  Таксономиясы  бойынша 
оқушыларды  білім  деңгейі,  түсінім  деңгейі,  қолдану  деңгейі,  талдау  деңгейі, 
синтез  деңгейі  және  ең  жоғарғы  деңгей  бағалау  деңгейі,  яғни  қарапайымнан 
күрделі  деңгейге  біртіндеп  өтуге  бағыттап  сабақтар  өтілгенін;  оқушыларға 
талдау  мен  синтездеу  деңгейінде  қиындықтар  туындағанмен,  бірақ  осы 
технологияны  қолдана  отырып  оқушыларды  өз  бетінше  ізденіп,  өзін-өзін 
бағалау нәтижесіне жеткізгенін айтады. Оқытуда балалардың жаңа тақырыпты 
жаттап алуын негізге аламыз ба немесе осы түсініктермен не істей алатындарын 
негізге  аламыз  ба?  Осы  сұраққа  жауап  ретінде  Блум  Таксономиясын  таңдап 
алып  оқушыларға  жаңа  сабақты  оқып  үйрену  кезінде  ең  алдымен  алдарына 
міндет қойып, материал бойынша сұрақтар дайындатып, сапалы баға қоя білуі 
үшін критерий жасалынып үнемі сабаққа қолдану туралы айтады.  
Беликова Айгүл Асқарбекқызы Қордай ауданы, Қордай ауылы, №47 ОМ-
нің  математика  пәнінің  мұғалімі.  Мұғалім  өз  сабақтарында  «Сыни  тұрғыдан 
ойлау»  технологиясын  пайдаланады.  Технология  ерекшелігі  оқушыларды 
топтық  жұмысқа  үйретеді.  Оқушылар  бірін-бірі  тыңдап,  өз  ойларын  ортаға 
салып  талқылауды  үйренеді.  Оқушыларды  өз  ойларымен  бөлісуге, 
ізденпаздыққа,  басқалардың  ойларын  тыңдауға  үйретеді.  СТО  технологиясы  - 
ол оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға көмектеседі.  
Тараз  қаласының  №  34  орта  мектебінің  тәжірибелі  ұстазы  Муханбетова 
Жанна Бектұрғанқызы информатика сабақтарында СТО технологиясын ұтымды 
пайдаланады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  ашық  қоғам  негізі.  Ол  өз  алдына 
сұрақтар  қойып  және  оларға  жауап  іздеу,  әр  мәселеге  байланысты  өз  пікірін 
айтып,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін  дәлірек 
қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл 
оқыту  «қарапайымнан  күрделіге»  деп  аталады,  мақсаты  –  барлық  жастағы 
оқушылар кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің 
біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.  
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады. Сабақтың құрылымы:  
1.  Қызығушылықты  ояту:  бұл  кезеңде  оқушының  тақырып  туралы  не 
білетіндігі  анықталады,  белсенділігі  арттырады,  оқушыларды  сабаққа 
психологиялық  тұрғыдан  дайындай  отырып,  қызығушылықтарын  ояту 
стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды 
жаңа сабаққа арту. Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім 
жоқ, неге жоқ?» т.б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды 
ахуал туғызады. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі – «жаңа білімге көпір салу». 
82 
 

Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден 
алыстатады.  Орнына,  білетін  білімді  еске  түсіре  отырып,  жаңа  білімге  көпір 
салу болып табылады.  
2. 
Мағынаны  ашу:  оқушы  жаңа  ақпаратты  бұрынғы  білімімен  ұштастыра 
түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, 
ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т.б. Осы әдіс-тәсілдерді 
қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзі-өзі 
өзектілендіру,  танымдық  қабілеттерінің  даму,  шығармашылық  іс  -әрекетінің 
ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.  
3. Ой толғаныс: оқуды қорытындылау. Оқушылар өз ойлары мен байқаған 
ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта  біліп,  өзара  алмасады.  Оқушы  алған  білімін 
пайдалана отырып, шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары 
болса,  өздері  дәлелдейді,  көрсетеді,  бағалайды  немесе  «Эссе  жазу,  бес  жол 
өлең», т.б. стратегияларының тәсілдерін қолданып, қорытындылайды.  
Сын  тұрғысынан  оқыту  бағдарламасында  информатика  сабағында 
қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Жанна Бектұрғанқызы оның 25-ін өз 
сабақтарында  пайдалану  арқылы,  көптеген  жетістіктерге  жетті.  Ең  бастысы  – 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір 
таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне 
сенімсіздік  білдіріп,  бұйығы  отыратын  оқушылар  өз  ойларын  аз  да  болса 
жүйелеп,  еркін  айта  бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет