№3 Хромтау орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Абилмаликова Ұшқын Абилмаликқызы Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса
үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы дейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің
басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген. Білім берудің маңызды шарты – оқу үрдісін жаңара
отырып,
оқушылардың
қызығушылығын
арттыру,
шығармашылық
қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру,
қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс -
әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен
жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер
беретінін анықтаған: мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру
қызметін өздері басқаруға; білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп,
қажетті іс әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; жеке ерекшелігі мен
қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; білім
мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім
көмегінсіз атқаруы; құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін
ашық айтып, сұхбат жүргізуге; ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік
жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ
үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.
Сенімділікке тәрбиелеу. 3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа
алуға жағдай жасау. 4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау. 5. Жауап беруге
тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. 6. Баланың
дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау. 7. Жеке тұлға
ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Өз сабақтарында
жаңа педагогикалық әдістердің ішінен сын тұрғысынан ойлау әдісін
пайдаланады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға
жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше
білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру.
Өз сабағында пайдаланатын стратегиялар түрі: 1. Негізгі ойды суреттеу.
2.
Топтастыру. 3. Бес жол өлең. 4. Эссе жазу. 5. Болжам кестесі. 6. Галереяға
саяхат. 7. ЖИГСО. 8. Венн диаграмма. 9. Қос жазба күнделік. 10. Авторға сұрақ
қою. 11. Әлемді шарлау. 12. Ой қозғау. 13. Оқиға желісі. Нәтижесінде –
53
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір
таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Бұрын
шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме
құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң
оқушылар ой-толғанысын жасап, өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі
ойға байланысты мақал да кірістіріп жазатынын байқаған. СТО
бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы,
дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты
асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен
қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра
алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын
азамат болады деп біледі.
Ақтөбе қаласының №38 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Қайбалдина Айгүл Өтеумағанбетқызы білім сапасын қамтамасыз ететін
мұғалімдер болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.
Оқушыларға «нені үйрету керек» екенін мемлекеттік стандарт пен оқу
бағдарламасы белгілейді. Ал «қалай оқыту керек» деген сауалға жауапты тек
мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсатын
болжай, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен іздеу
қажет. Ол үшін өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру,
дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі мектептің басты мақсаты деп
түсініп, Қазақстанда 1997 жылдан бастап қолданып келе жатқан «Сыни
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасын өз сабақтарында қолданады.
Өйткені сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен шығармашылық ойлау. Бірінші
қызығушылықты ояту кезеңінде: тарих сабағында қарастырғалы отырған
мәселе жайлы оқушы не біледі, нені анықтай алатындығымен басталады.
Оқушы өз білетінін еске түсіре отырып, басқаға үйретеді. «Ой шақыру»,
«Топтастыру», «Терминдер арқылы болжау» т.б. стратегияларды
қолданатынын; Екінші мағынаны тану кезеңінде: оқушы жаңа ақпарат ала
отырып, тақырып бойынша өзара және топпен, өз бетімен тапсырмаларды
орындайды. Бұл кезде «Жұптасып оқу», «Т кестесі», «Сұрақ қою» т.б.
стратегияларын қолданады. Үшінші ой толғаныс кезеңінде: оқушы не
үйренгендігін саралайтын кезең. Қорытынды кезеңде «Венн диаграммасын»
құрады, семантикалық карталарды толтырады. Бұл стратегияларды қолдану
арқылы білім беруде – істеген нәрсенің 80%, оқығанының 20%, естігенінің 10 %
сақталатынына орай іскерлікпен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім үшін баланың
қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері
басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке
тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Оқыту үрдісінде
мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, оқытушы өзінің бар
педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, өз
қызметін шебер ұйымдастыра отырып, оқушының танымдық іс-әрекеттерін өз
бетімен жоспарлап, оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін үйретуі, ал оқушы
тарапынан белсендік көрсетуі, сенімділігі шығармашылық әрекетті
54
қалыптастыруға негіз болады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның
ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Қазіргі педагогикалық
технологияларда мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы,
бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істің
ұйытқысы. Шығармашылықпен жұмыс істеу кезінде мұғалім мен оқушы
арасында бір-бірімен әріптес ретінде жұмыс істеуі шығармашылыққа алып
келеді.
Ақтөбе қаласының №4 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Батырова
Ақбөбек Мырзабекқызы педагогикалық технологияда сын тұрғысынан ойлауды
дамыту білім мазмұнының іс-әрекеті болып табылады. Технология және
мұғалім функциясын өзгертеді: ақпарат берушіден менеджерге айналады. СТО
-
да мұғалімге ең бастысы - оқу процесін басқару. Оқушы міндеті де алмасады:
ақпарат қабылдаушыдан ол серіктеске айналады, яғни белсенді ізденушіге
айналатынын өз тәжірибесінде байқағанын айтады. Нәтижесінде оқушыларда
зерттеушілік, ізденушілік қабілеттері қалыптасып, дамиды.
Ақтөбе қаласының №45 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ермаханова Айткүл Әбдікәрімқызы білім беру- бұл жекелеген құбылыс немесе
дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін
педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Мұғалім оқушыға қалай оқу
керектігін үйретеді, білім алу ортасын құрады, олардың қалай оқитынын
назарда ұстайды. Берілетін тапсырмалар оқушылардың оқу ептілігін дамытуға
бағытталуы тиіс. Осы мақсатта білім ортасы құрылып, сол ортада оқушы
ақпаратты қабылдайды, оқу үдерісіне белсене араласады. «Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын» технология Халықаралық Оқу
Ассоциациясы, Солтүстік Айова университеті мен Хобард және Уильям Смит
колледждерінде өңделген. Бағдарламаның авторлары Чарльз Темпл, Джинни
Стил, Курт Мередит. Бұл технология әр түрлі пәндер саласында қолданылатын
түбегейлі жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер. Аталған технология білім беруде
бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейді: білім
саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз
ойларын (ауызша және жазбаша) жеткізе білу, айналасындағылармен анық,
сенімді, нақты қарым-қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға өз
пікірін пайымдау негізінде жеткізу, топта бірлесе еңбектену, басқа адамдармен
сындарлы қарым-қатынас жасауға үйрену. Бұл технология қазіргі білім беру
жүйесіне енгізіліп жатқан деігейлік бағдарламамен идеялас деп
бағалайтынын айтады.
Осы технологияны қолдану барысында ізденіс пен еңбектену арқасында
қазіргі таңда өз тәжірибесінде жүйелі дағдылар мен әліс- тәсілдер
қалыптасқанын айтады. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты; топпен
жұмыс жасай отырып, еркін өз ойын айтуға қалыптасты, өз ойларын(ауызша
және жазбаша) жеткізе білуге машықтанды; айналасындағылармен анық,
сенімді,
нақты
қарым-қатынас
жасай
білуді
меңгерді;
-
түрлі
тәжірибелерге,идеяларға өз пікірін пайымдауға жол ашылды; - басқа
адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасауға үйренгенін байқаған. «Оқу мен
55
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын» технология оқушы білімін
дамытуға, алған білім кез-келген жағдайда қолдана алуға, оқушының
функционалдық сауаттылығын арттыруға тиімді технология деп есептейтінін,
сол себепті әріптестеріне «технология бойынша теориялық түрде қарулану; іс-
тәжірибеге енгізу; тәжірибе алмасу; әріптестермен жетістіктерді бөлісу;
бастысы ерінбей еңбектену; мектептегі басты тұлға мұғалім» екенін айтады.
Ақтөбе қаласының №13 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың
нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге
бағытталған. Бұл технологияның әдіс-тәсілдері оқушыны жан-жақты дамытады
деп пайымдайды. Нәтижесінде бұл технология оқушылардың сыни ойлауын,
өзіндік пікірін, сыни көзқарасын қалыптастырады. Оқушылар алған білімін
өмірмен, қоғаммен байланыстыра алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы
пікір айтуға, тақырыпты жан-жақты талдауға қолайлы технология екенін
айтады. Сабақ процесінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-
тәсілдерін жан-жақты қолдану туралы ұсыныс білдірген.
Ақтөбе қаласының №15 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Арызғұлова
Бақытгүл
Қожабергенқызы
сыни
ойлауды
дамыту
технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын
күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз
көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы
үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру
деп сипаттайды.Нәтижесінде: - оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға
үйренеді; - жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі
табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады; - бірін-бірі оқытуға
және дамытуға үйренеді; - жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді; - ойы
сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады. «Сын тұрғысынан
ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-
жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға
көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз
біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО
бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық
меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеге өте ыңғайлы.
Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға,
эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім
қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Ақтөбе қаласының №15 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Самиянова Ақжарқын Ерішқызы сыни тұрғыдан ойлауды бағалау айдарында
оқушыларымның шығармашылық қабілеттері айқындалды. Сыни тұрғыдан
ойлауды қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқушыларын ерекше
қызықтырды. Бұрынғы сабақтарда байқалатын «үнсіз» оқушылары азайды.
Үздік оқушылардың «тек мен білем» деген түсінігі сейіліп, достарына да көмек
қолын соза бастады. Тірек, қозғалыс, ізденістік, көзқарас – оқушыларға өз
бетінше ойлауға ,құрбыларымен өз ойын талқылауға, қажет шешім қабылдауға,
56
тақырып бойынша қорытынды жасау және зерттеудегі өз жұмысын бағалауға
мүмкіндік береді. Ал істелген жұмыстарына рефлексия жасауға үйренетінін
айтады. Нәтижесінде балалар өз пікірлерінің бағаланатынын сезінді, ұшқыр ой
білдіруге тырысты, сенімі аз балаларға ішкі уәжін дамытуға көмектесті.
Жұптық жұмыста әр бала өз жұбының жауабы үшін жауапкершілік көрсетті.
Үнсіз оқушылар да сөйлеуге тырысты. Жұптық жұмыс балалардың бір біріне
деген сыйластығын дамытты. Сабақта оқушылардан кері байланыс орнатуға
мүмкіндік жасау керек деген ұсыныс айтады.
Осы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахметова Алтынай Мақсатқызы
деңгейлік бағдарламаның әдіс-тәсілдері оқушылар өздерінің шығармашылық
әлеуеттерін көтеру және тәжірибелеріне сыни көзқараспен қарауға
дағдыланады. Ең бастысы, оқушылар өздерін жаңа қырынан танып,
құндылықтарын нығайта түседі. Оқушылардың шығармашылық әлеуеттерінің
тууына арқау болатынын айтады. Нәтижесінде болашақта шығармашыл тұлға
қалыптасуына ықпал етеді. Бағдарлама модульдерін тиімді пайдалану туралы
Ұсыныс білдірген.
Ақтөбе қаласының №42 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Айтмағамбетова Шынар Кенесбайқызы сабақтарында 7 модульді ықпалдастыра
отырып қолданатынын. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауы
қабілеттерін арттыруды мақсат еткенін. Соның нәтижесінде оқушылардың
ойлау сөйлеу қабілеттерін арттыруға осы әдіс тиімділігін айтады.
Әйтеке би ауданының Жабасақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қосымова Гүлжан Бекмұратқызы нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене,
дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен
тәжербиенің бірлігі. «Сыни ойлау механизмі ойлау операцияларын қосады, ой
жүгіртулер және үдерісті анықтаушы дәлелдемелер: мақсат қою, проблеманы
айқындау, болжамдар ұсыну, дәлелдер келтіру, оларды негіздеу, зардаптарын
болжау, балама көзқарастарды қабылдау немесе қабылдамау. Күрделі
проблемаларды талдауға және жағдайларды бағалауға ол негізгі ойды
синтездеуге арналған іскерлікке қолдану қабілеттілігін қосады» [Федотовская,
2005] 2013 жылдан бері өз сабақтарымда СТО технологиясын тұрақты әрі
жүйелі түрде қолданып келеді.
Сабақтарында стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі
түрде қолданатынын айтты. Сабақта қолданып жүрген әдістері: І –
қызығушылықты ояту бөлімінде ой қозғау (шақыру). ІІ – мағынаны ажыратуда
түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең. ІІІ - ой толғаныс бөлімінде Венн
диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның
бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, ізденуіне жол салу.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелері:
1. Оқушы жаңа тақырыпқа сыни тұрғыдан қарай отырып, өзіне қабылдайды,
меңгереді. 2.Өз ойларын ашық айта алады. 3. Сабағымда сабақтың жаңа
құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары: 1. Психологиялық дайындық. 2. Ой ашар. 3. Үй
тапсырмасын тексеру. 4. Жаңа сабақ.
57
І. Қызығушылықты ояту. а) Ой қозғау. ә) Өзіндік жұмыс. б) Түртіп алу ─ +
? v ( INSERT).
ІІ. Мағынаны ашу сатысы. а) Топпен жұмыс. ә) Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. а) Венн диаграммасы. ә) Бағалау. б) Үйге тапсырма в)
Кері байланыс. Аталған технологияларды әр пән бойынша тиімді қолдану
жолдары мен методикасы туралы жинақ шығарылса; Оқулықтағы жаттығулар
мен тапсырмалар аталған технология әдістеріне сай берілсе деген ұсынысын
білдіреді.
Әйтеке би ауданының Сұлукөл орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Ақылбекова Ардақ Тілеуқабылқызы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
менің сабақ беретін пәніме қолайлы әдіс деп сипаттайды. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясы оқушыға ойлануға, өз бетінше ұғынып, талдап ойды
жинақтауға, проблеманы шешудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін таба білуге
дағдыландыратынын байқаған. Осы технологиялар бойынша сабақтар өткізсе
және бұған барлық сынып оқушылар мен пән мұғалімдері тартылса деген
ұсыныс айтады.
Ақтөбе қаласының №37 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жабағина Мергүл Балтабайқызы бастауыш сыныпта негізгі міндет –
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты
мақсаты – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың
кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы
орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан
өткен мынадай түрлерін алуға болады: Сыни тұрғыдан ойлауды
қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны», «түртіп алу
әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік»
жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы,
жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге
деген көзқарас қалыптастыра бастайды. Тақырып бойынша сын тұрғысында
ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытатынын. Оқушылар өздеріне
қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады,
талдайды. мақсаты - оқушыларды ойлау саласының ең төменгі денгейінен
жоғарғы, терең ойлау денгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы денгейін
шығармашылық сатыға көтереді деп атап көрсеткен. Соның нәтижесінде
оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып,
шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму денгейіне сәйкес оны шыңдалып,
белгілі жетістіктерге жететінін айтады.
Осы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қаратаева Гүлнар Амантайқызы
бұл жобаның мақсаты-демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,
өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап
бере алатын жеке тұлғаны қалыптастырудеп сипаттайды. Нәтижесінде- оқушы
еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; - жұппен, топпен жұмыс
істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені
ақылдасып шешуге ұмтылады; - бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді; -
жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді; - ойы сараланған, дарынды,
58
шығармашыл тұлға қалыптасатынын байқаған. СТО технологиясы арқылы
оқушылар: - Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту; - Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту; -
Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру; -
Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Әйтеке би ауданының Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Қалиева Алтынгүл Қонысбекқызы сын тұрғысынан ойлау өз алдына
сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала
сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау,
қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз деп пайымдайды.
Нәтижесінде оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. Технологияның
әр түрлі әдіс-тәсілдерімен танысып, теориялық білімдері арта түсті.Әр
тақырыптың мәні ашылып, талданды, қазақ халқының салт-дәстүрімен
таныстырылып, сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары
артады.Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар,
кесте толтыру,сәйкестендіру тестінің нәтижесінде оқушылар өздері
ізденеді,шығармашылық тілі дамитынын байқаған. Қазақ тілі мен әдебиеті
пәніне арналған әдістемелік құралдар көптеп шығарылса деген
ұсыныс білдірген.
Әйтеке би ауданының Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Қайырбаева Асылгүл Қайыржанқызы сын тұрғысынан ойлау - өз
алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру.
Бала сапасын сол тақырыпқа байланысты ой шақыру, ойын тұжырымдау,
қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді деп пайымдайды. Нәтижесінде
қазақ әдебиетін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар
өздері ізденеді,шығармашылық тілі дамиды, ғылыми ізденістер жасауға
талаптандырады тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып,
талданады, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа
үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары артатынын айтады. Сапалы білімді
қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, тек әр
ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Осы
технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарды
орындау мақсатында, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.
жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Түрлі сұрақтар арқылы сол
тақырыпқа байланысты ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен
пікірлесу, топтасу. өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір
жетістіктерге жетуге септігін тигізеді.
Ақтөбе қаласының №38 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Далеуова Светлана Асауқызы сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар
идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен
аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс. Оны қолдану нәтижесінде
оқушылардың жазбаларында ойланудың табы, сезіледі, оқушылар оқытушы
59
үшін емес, өздері үшін жазады, өздерінің ішкі жан дүниесіне үңілетінін
байқаған. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» технологиясын тек
сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс уақыттарда да пайдалануға болады.
Арнайы факультатив курс бағдарламасын жасап, бағдарлама бойынша
жүргізілген сабқтарды сыни тұрғыдан ойлау жобасының элементтерін
пайдалану арқылы жүзеге асыруға болатынын айтады.
Қарғалы ауданының Әлімбет орта мектеп-балабақшасының қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Кішкенебай Бақытжан Байдоллаұлы әлемнің дамыған
мемлекеттерінде қолданылатын сындарлы (конструктивті) оқыту теориясы
негізінде жұмыс жасайды. Бағдарламаның жеті модулінің шеңберінде жұмыс
өте нәтижелі екендігіне көз жеткізгенін айтады. Нәтижесінде сындарлы оқыту
теориясы оқушының өздігінен, мұғалімнің және сыныптастары мен жақын
арадағы даму аймағынан алған білімін өмірдің барлық саласында, үздіксіз
қолдануын негізгі мақсат етіп қояды. Оқушыларға өмір бойы дұрыс жол, жақсы
бағы-бағдар таңдауға көмектесетін сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін
дамытады. Қалыптастырушы бағалау оқу барысында баланы ыңталандырып,
жақсы оқып, үздік болуға жетелейді.
Мәртөк ауданы №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Ботанова Гүлжан Оңғарқызы сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі
мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс
ойлауға үйрету,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға
жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше
білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға,саналы шешім қабылдауға мүмкіншілік беру, яғни
жаңа нәрсені ойлап табу,сол арқылы жетістікке қол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп сипаттайды. Баланың өзіндік даму және қабілетін дамыту
мақсатында «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін
енгізу арқылы қалыптастыру» атты тақырыбы бойынша бойынша жұмыс істеп
жүргенін осы бойынша ұстаздарға арналған әдістемелік нұсқаулар жинағын
шығарғанын. 9-класқа арналған емтихан билеттерін құрастырғанын,
«Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін енгізу
арқылы қалыптастыру», «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын қатысымдық
тапсырмалар» атты әдістемелік құралдардың авторы екендігін айтады. Дамыта
оқыту әдістемесі негізінде өз жұмысымда деңгейлік, ақпараттық, сын
тұрғысынан ойлау, Кембридж тәсілдерінің элементтерін қолданатынын.
Педагогикалық технологияларды, дидактикалық ойындарды қолдану арқылы
сабақтарын түрлендіре отырып танымды ой қызметін жандандыруға
тырысатынын. Оқушыларды ізденуге, өз бетімен жұмыс істеуге жетелей
отырып, шығармашылыққа баулып. Өз жұмысымда ұлттық педагогиканы,
түпдеректерді, ақпараттық құралдарды қолданып Пәнді оқытуда оқушылардың
жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінетіні. Әр сабағын патриоттық сезіммен бастап,
патриоттық сезіммен аяқтайтынын. Бекіту сабақтарында оқушымен қарым –
қатынасты жүзеге асыру мақсатында ойлау,оқу, тыңдау және жазу, яғни, сөйлеу
әрекетінің барлық түрлерінің іске асуына ықпал ететінін. Оқушыларды ұлттық
60
дәстүрмен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, туған жерінің
табиғатымен таныстырып отыратынын. Қазіргі кезде әрбір мұғалімнің жұмысы
ғаламтормен тығыз байланысты десем артық болмас. Сондықтан өзара
тәжірибе алмасу мақсатында материалдарымды сайт беттеріне жариялағанын
айтады. Республикалық, халықаралық сайттардан өзге әріптестері сабақтарын
өз тәжірибесінде пайдалануда. Еңбегінің арқасында оқушы білімінің жақсы
деңгейде болуына қол жеткізген. Бұған дәлел: оқушылары ҰБТ-ті жақсы
тапсырды. 2010-2011 оқу жылында 92,8%, 2013-2014 оқу жылында 100%
болды. Оқушылардың оқу жетістіктерінің қорытындысы бойынша мониторинг
жүргізіп отырады. Оқушылары мектепішілік, аудандық, республикалық
олимпиадаларға, жарыстарға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие
болып жүргенін. Облыстық Абай оқуларында, Облыстық «Ұлтына ғұмырын
арнаған ұлы тұлға» атты білім байқауында; Тәуелсіздіктің 20 жылдығына
арналған облыстық шығармалар сайысында; Халықаралық «Нестандартный
урок» сайысында жүлделі орындарға ие болғанын айтады. Облыстық
педагогикалық олимпиадада қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін
және кәсіби, әдістемелік біліктілігін көрсете алғаны үшін 2-дәрежелі
дипломмен марапатталғанын айтады.
Ақтөбе қаласы № 26 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Әбішова Айгүл
Сақтағанқызы Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге
асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа
баулуда, ойларын еркін айтуда, тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын
бірден-бір тиімді бағдарлама деп сипаттайды. Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы әр түрлі пәндер саласында қолданылатын түбегейлі
жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады. Ол білім беруде
төмендегідей нәтижелерге қол жеткізніме мүмкіндік беруде: білім саласында
үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын
жеткізе білу (ауызша және жазбаша түрде),айналасындағылармен анық,
сенімді, нақты қарым қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және
ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу, проблемаларды шеше білу,
өз бетінше білім алу, топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау; басқа
адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасауға қабілеттілік. Жалпы, Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының 100-ден астам стратегиялары
бар. Бір сабақтың үстінде бірнеше стратегия қолдану шарт емес. Тақырыптың
мазмұнына қарай 2-3 стратегия жеткілікті. Ал басты мақсат тақырыпты толық
ашу. Сабақ соңында міндетті түрде қадамдарды талдау. Сабақтың 3 кезеңді
құрылымы сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сыни ойлау - яғни
жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу. Бұл құрылым оқушының
өзінде бар білімді жандандыруға мүмкіндік береді, түсініктер мен
құбылыстарды қайта жаңғартуға әкеледі. Оқу процесінде оқушылар нақты және
шынайы мақсаттан оқу процесін өздері құрастырады, өзінің даму бағытын өзі
бақылайды, соңғы нәтижені өзі анықтайды. Сонымен сыни ойлауды дамытатын
педагогикалық технология жеке тұлғаға бағытталған, оқытуда субъектілік
қатынасқа негізделген және бұрынғы мектеп жұмысын шынайы
61
шығармашылықпен жұмыс жасайтын, мақсатты, мазмұнды әрекетке
негізделген оқытуға айналдырады.
Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі
Жолжанова Гүлжазира Русланқызы оқу міндетті түрде белсенді болуы керек.
Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса
ғана белсенділік пайда болады. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез
келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және
осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының
шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін
мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз
беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын
тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз
белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына
мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйрететінін айтады.
Қазақ тілі сабақтарында бірлескен оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту қажет деп ойлайтын Байғанин ауданы Баршақұм орта мектебінің қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Самарбаева Бақытжамал Мартбайқызы бұл әдіс оқушылар
бойында кез келген мәселені жүйелеуге, талдауға, ой толғауға, өз бетімен
шешім қабылдауды дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Күнделікті сабақ
барысында қазақ тілі сабақтарында бірлескен оқу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамытуды іс-тәжірибесінде нәтижелі қолданып, оның тиімділігін
анықтағанын: Сабақты өткеннен кейін оқушы санасында болып жатқан
өзгерістерді бақылап, оның сыни дамуын жан- жақты зерттеп отырғанын оның
мақсаты - бірлескен оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау олардың дамуына қалай
әсер ететінін анықтау. Бұл бақылаулар оқушылардың талпыныстары оқытудың
дәстүрлі жүйесіне қарағанда бірлескен оқуда жоғары екенін көрсеткенін
айтады. Нәтижесінде: - бірлескен оқу әр оқушының өз қабілетінің ашылуына
мүмкіндік береді. -ұжыммен жұмыс жасауды үйренді -мәтінмен өздері
танысады,әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мәтінді зерттейді, талдайды,
салыстырады. -ойларын қорытып қағаз бетіне түсіреді; -өз тұжырымдамаларын
жасай алуға талпыныс пайда болды; -Зерттеу негізінде берілген сұрақтар
бойынша алынған жауаптарын қолдана алды. Сабақ барысында оқушылар жаңа
білімді игеру кезінде өз ойлау дәрежесіне сәйкес қабілеттерін көрсете отырып
сыни ойлауын дамыта білді. Мұғалім ретінде дүние жүзіндегі білім берудегі
жаңалықтарды назарға алып, оның тиімдісін оқушыларға ұсына білуіміз керек.
Осы орайда әдістемелік кітапшалар көбірек шығарылып, түрлі
семинар,тренингтер жиірірек ұйымдастырылуы туралы ұсыныс айтады.
Ақтөбе қаласындағы №41 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Төреқұлова
Лида Төребекқызы сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда
тиімді пайдалана білу деп сипаттайды. Басым бөлігі сындарлы оқыту
теориясының негізін қамтыған деңгейлік бағдарламаны қолдану арқылы
дәстүрлі сабақтар мен бүгінгі тәжірибе негізінде өткізілген сабақтарды
62
салыстыра отырып, мынадай айырмашылықтарды байқаған. Дәстүрлі сабақтар
үрдісіндегі мұғалімнің әдістері мен оқушының іс-әрекетін жеке-жеке сараласақ,
мұғалім тақырыпты өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушыларға әр түрлі
тапсырмалар беріп отырады. Ал оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды,
түсінгенін айтады, тапсырманы жеке орындайды. Ал Кембридж
бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізген
сабақтарында мұғалім оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай
тапсырмаларға бағыттайды, ал оқушылар болса өз ойларын еркін айтып,
пікірлерін қорғауға, кез-келген мәселеге сыни көзқарасын білдіре алады. Осы
салыстырудан сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі қағидаларының шығармашыл
тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көруге болады. Бағалау барысында
бастапқы кезде түсініспеушіліктер орын алды, өйткені балалар өздерін өздері
бағалауға, бірін-бірі бағалауға дайын еместігін айтады. Бірақ олардың бірін-бірі
шапалақпен марапаттауы, критерийлер арқылы бағалауы, көңіл-күйлерін
смайликтер арқылы жеткізуі сәтті шықты. Бағалау кезінде балалар бір-бірінің
көңілін қимай артық кетіп жатса да, олардың өз жұмыстарына өздерінің пікір
айтып, ұсыныс тастап бағалауы оқытуды бағалаудағы оңтайлы өзгерістердің
бірі болған. Оқушыларымның бойындағы еркіндік, сыни пікірлердің тууы,
түрлі идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын байқалғанын айтады.
Өз сабағында СТО қолданатын Ақтөбе қаласындағы №38 мектептің қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Қуанышкереева Дариға Саинқызы нәтижесінде
оқушылардың білім сапасы артып, сын тұрғысынан ойлау қабілеті жоғарылап,
сөздік қорлары молайғанын. Өз бетінше жұмыс жасап, еркін сөйлей алғанын,
топпен жұмыс жасауға дағдыланғанын айтады. Оқушылардың шығармашылық
деңгейін көтеру мақсатында жеке кітапшалар шығарылса, мұғалімдер үшін
әдістемелік кітаптар көбірек шықса екен деген ұсыныс білдірген.
Ақтөбе қаласының №55 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Аманова Меруерт Есенқызы сыни тұрғысынан ойлау
сабақтары оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу,
мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде
болса да қарым-қатынас жасай білуге үйрететінін айтады. Мысалы, Абайдың
қара сөздері тақырыбындағы сабақта мағынаны ашу сатысында «Кластер»
стратегиясын қолданған. Оқушылар «Абай әурешілігі», «замандастары
шұғылданған әрекеттер», «нені байқады», «Абай ойы» деген сұрақтар бойынша
ауқымды топтастырды. Осылай сабақ құрылымына сәйкес стратегияларды
таңдап алу білім алушының сын тұрғысынан ойлау іскерлігінің зерттеу
жұмыстарын жасауға мүмкіндігін ашады. Бұнда оқушы тек білім алып қана
қоймайды, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынасқа қалыптасады. Бірін -
бірі сыйлау, таңдап сөйлеу, өзіндік жұмыс істеу қабілеті дамиды. Қажет жерде
өз көзқарасын өзгерту, топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, ойын
қорғай білу қабілетін дамытатынын айтады. Осы технологияның білім беру
саласында нәтижелілігін арттыру мақсатындағы басты ұсыныстары - оқу
семинарларын өткізу; - практикалық конференциялар ұйымдастыру; - осы
технологияға байланысты журналдар шығару.
63
Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Шужина Айгүл Мамытқызық қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдану нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатқан: 1. Оқушы
өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты. 2. Жаңа білім бойынша өз
жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-
бірін тыңдайды). 3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми,
шындыққа жақын екенін саралайды. 4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын,
шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін
арттырамыз. 5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез,
бағалауының деңгейі қалыптасады/. 6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін
айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады. 7. Оқушыларда жазу
кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі
мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренетінін айтады.
Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Байманова Нұргүл Қуантайқызы бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз
пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін
сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де,
оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін
жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың
әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға,
ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми
білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер
табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне
сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы
ұшан теңіз екеніне көз жеткізген.
Ақтөбе қаласы №30 қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сакипова Шынар Серікқалиқызы сын тұрғысынан ойлауға арналған
тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға, мәтінді өз бетінше
меңгеруге мүмкіндік беретінін; сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын
оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған
қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамитынын байқаған.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау
мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой
толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және
ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын: -оқығанын өзіндік ойлау
тұрғысынан көрсете білу; -өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу; -
болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу; -жаңадан пайда болған
жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану мүмкіндігі болуы қажет
екенін айтады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында оқыту процесінде
оқушының ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға
беру бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет деп білетін Ақтөбе
64
қаласы №9 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Таушанбаева Жанна
Аманқосқызы ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең»,
«Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану
стратегиясы» т.б. осы сияқты стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне қарай
лайықты қолданатын. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой
түйістіруін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әр оқушы өз шығармашылығын
көрсете алатынын байқаған.
Ақтөбе қаласы №34 орта мектепттің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Абдраухова Жайнагүл Жүгінісқызы сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік
тәсілдерін оқу үрдісінде қолданудағы маңыздылығы: мотивацияның артуы;
дербес іс-әрекеттің артуы; ойлаудың белсенді болуы; оқушылардың білігі мен
біліктілігінің жан-жақты дамуы; логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру
екендігін айтады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде
жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы
қалыптасатынын байқаған.
Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Насамбаева Жанар Темірханқызы RWCT бағдарламасы – ағылшын
тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді
білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан,әдістерінен,
тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту
деп сипатайды. Өзі осының 25-ін қолданатынын: 1. Негізгі ойды суреттеу.
2.
Топтастыру. 3. Бес жол өлең. 4. Эссе жазу. 5. Болжам кестесі. 6. Галереяға
саяхат. 7. РАФТ. 8. Блум жүйесі. 9. ДЖИГСО – 1. 10. ДЖИГСО – 2.
11.
Қазымыр оқушы. 12. Автор орындығы. 13. ИНСЕРТ. 14. ВЕНН
диаграммасы. 15. Кубизм. 16. Бағытталған оқу. 17. Кідіріспен оқу. 18. Әдебиет
үйірмесі. 19. Жол қалдырып жазу. 20. Қос жазба күнделік. 21. Авторға сұрақ
қою. 22. Үш қарамды сұхбат. 23. Әлемді шарлау. 24. Ой қозғау. 25. Оқиға
желісі. СТО технологиясын қолдану барысында сабақта жеткен нәтижелері:
Сабақтың жаңа құрылымы пайда болды. Сабақтың жоспары: 1. Психологиялық
дайындық. 2. Ой шақыру. 3. Үй тапсырмасын тексеру. 4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту. а) Ой қозғау. ә) Өзіндік жұмыс. б) Түртіп алу ─ + ? v
(INSERT).
ІІ. Мағынаны ашу сатысы. а) Топпен жұмыс. ә) Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. а) Венн диаграммасы. ә) Бағалау. б) Үйге тапсырма.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде өз сабағында
оқушылар арасында: -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: -
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; - бір-біріне құрметпен қарауға; -
бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі
қаланды - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; - өз ойын ашық, еркін
айтуға, пікір алмасуға; - өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; - достарының ойын
тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге ынталанғаны байқалған. Осы технологияның ерекшелігін мына
кесте арқылы көрсетеді: RWCT сабақтары Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-
әрекеті Топқа бөліп, ой қозғайдыҰжыммен жұмыс жасайды Тақырыпқа
қызықтырып бағыттайды. Мәтінмен өздері танысады Мәтіндегі ең құнды
65
нәрсені анықтауды ұсынады. Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды. Жеке кейіпкерлерді талдайды,
өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады Мәтіннің тілдік
ерекшелігі туралы сұрақ қояды. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі
мазмұнын анықтайды Өз ойларын жазуды ұсынады. Ойларын қорытып, оны
қағаз бетіне түсіреді Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын
жасайтындығын айтады.
Ақтөбе қаласы №13 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Мырзағалиева Гүлназ Сартбайқызы СТО технологияның басты мақсаты –
дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды
дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру деп сипаттайды.
Оқушының өз ойын еркін жеткізуіне жол ашады,талдай,түйін жасай білу
дағдысын қалыптастырады. Еркін пікірталасқа түсе алады. Технологияның
«
Түртіп алуі» «Автордың орындығы», «Венн диаграммасы» т.б. әдіс тәсілдері
пән бойынша оқушының жеке көзқарасын дәлелдей білуге төселдіреді. Тіл
және әдебиет сабақтарынан оқушылардың тақырыпты дұрыс меңгеруіне және
өз бетінше ой қорыта білуіне мүмкіндік береді деп атап көрсеткен. Қостанай
облысы №3 Лисаков орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Искужинова
Айнагүл Есбергенқызы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының стартегиясы ішінде ой толғануды тиімді етуге лайықталған
«
Венн кестесі», «Бес жолды өлең», «Көрнекілік арқылы баяндау»,
«
Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр
жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылатынын айтады. Мәселен: «Венн кестесі»
арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы,
ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл
стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын
дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптастырады деп атап көрсеткен.
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Бижигитова Нұргүл Нұржігітқызы осы технологияны
қолдану нәтижесінде оқушылары қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара
білетінін; Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан айта білетінін; Сабаққа
деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілгеніне көз
жеткізген.
Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Нұғыманова Қарлыға Салиханқызының осы технология бойынша қол жеткізген
нәтижелері: оқушылар өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу,
айналасындағылармен сенімді, анық, нақты қарым-қатынас жасай білу,
проблемаларды шеше білу, топта бірлесе жұмыс жасау, адамдармен сындарлы
қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі дамығандығы болып табылады.
Хромтау қаласы №5 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанұзақова
Торғын Зағытқызы бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
«Қызығушылықтарын ояту» кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық
тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс –
амалдары қарастырылады. Мысалы: «Жүректен жүрекке», «Тілекті тізбек»
66
немесе сол күнгі тақырыпқа қатысты тренингтер ұйымдастыра отырып,
оқушылардың назарын бір тақырыпқа тоғыстыруға болады. «Мағынаны
ажырату» кезінде оқушылар белсенді түрде жаңа мәлімет алу әрекетін жүзеге
асырады. Бұл кезеңді іске асыру үшін қолданылатын «Кубизм», «Ақылдың
алты қалпағы», «Үш түрлі күнделік» т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл
кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі
өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-
әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне
айналдырады. «Ой толғаныс» кезеңінде оқушылар бүгінгі алған ақпараттары
бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Оқушы алған білімін пайдалана
отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса,
өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең»
тәсілдерін пайдаланатынын айтады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесінде: сабақта оқушы
негізгі роль атқарады; ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады; жаңа
мәліметті қызығушылықпен алады; микроклимат өзгереді; оқушылардың
жауапкершілігі артты; проблемалық ситуациялардан шығу жолдарын
қарастырады; оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастаған. Сонымен
қатар Република, облыс, аудан көлеміндегі түрлі шығармашылық сайыстарға
/мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыстар, ақындар сайысы т.б/ қатысушылар
саны көбейген. оқушылардың пәнге қызығушылғы артып, соның нәтижесінде
білім сапасында ілгерілеу байқалғанын айтады.
Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Кенжебаева Бибінұр Ормантайқызы қазір кеңінен қолданылып жүрген
«ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», Синквейн, БҮҮ, Фишбон, Кластер құру, «Ыстық
табурет», «Болжам жасау» секілді әдіс-тәсілдер сабақтарында қолданып
жүргенін; Топтық жұмыс жасау арқылы оқушымен жеке жұмыс, жұптық
жұмыс жасау арқылы, оқушыны ең алдымен адамгершілікке, татулыққа, өзара
көмек беруге тәрбиелейтінін нәтижесінде оқушыларды бірін-бірі тыңдауға,
пікірлерін құрметтеуге,сыни ойлауға үйрететінін айтады. Оқушыларға
сабақтың түрленіп өтуі өте ұнайды, сабақты қорытқан кезде өздерін,
жұбын,тобын бағалаған кезде барынша әділ болуға тырысқандырын байқаған.
Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Бикмұханова Нелли Жангалиевна СТО технолгиясының
стратегияларын сабақтарда қолдану дегеніміз оқушының тереңінен әрі жан-
жақты ойлауына, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеп, үздіксіз
жұмыс жасауына септігін тигізетінін өз тәжірибесінде байқаған. Нәтижесінде
әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау
қабілетімен ерекшеленеді; Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын
оқушы) қабылдауға үйренеді; Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді
/мағынаны тану кезеңінде/; Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайтынын
айтады. Ұсынысы: 1. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері,
болжамдарын тыңдап, талқылау 2. Өзіндік қорытыныдылары, оның
қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралау. 3. Білімді өз бетімен
67
алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық
белсенділіктерін арттыру. 4. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ,
синтез, бағалауының деңгейі қалыптастыру деген ұсынысын білдірген.
Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Тулеубаева Зирада Қаматқызы СТО қолдануда: 1. Білім дәрежесі
деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/.
2.
Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса
білуге дағдыланады. 3. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады,
онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға
үйренеді. 4. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап
оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды. 5. Оқушылар өз ойымен, іс-
тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. 6. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын
ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға
үйренетінін айтады.
Темір ауданы Достарыңызбен бөлісу: |