Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету
Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету.
- Оқу пəнi - ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп, пəнаралық байланыс-тарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында жəне аяғында өткiзу.
- Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету.
- Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта''айлақорлықпен'' ұғындырмау.
- Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды, бiлiк жүйесiн меңгеруiн талап ету.
Саналылық пен белсендiлiк принципi.
Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.
Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн қамтамасыз ету.
- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн негiзге алу.
- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.