Оқытудың принциптері мен заңдылықтары


- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану



бет7/7
Дата29.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46072
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

  • - Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.
  • - Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.
  • Сəйкестік принципі.

    • Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.
    • Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.

    Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:

    • - Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.
    • - Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.
    • - Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.
    • - Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне сүйену.
    • - Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.
    • - Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын
    • ойластыру.
    • - Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.
    • - Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға сүйенiп оқыту.

    Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.

    • Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет