Оқытудың принциптері мен заңдылықтары


- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу



бет4/7
Дата29.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46072
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

  • - Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу.
  • - Өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.
  • - Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.
  • - Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.
  • - Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.
  • - Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.
  • Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi.

    • Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.

    Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелері:

    • - Оқу - өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.
    • - Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң маңызын ашу.
    • - Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.
    • - Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.
    • - Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.
    • - Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.
    • - Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет