Оқытушы басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысын (ОБӨЖ) ұйымдастыруына арналған Әдістемелік нұСҚау 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/14
Дата14.09.2023
өлшемі48,67 Kb.
#107434
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ф-19-07/07





«Жалпы тіл білімі» пәнінен
білім алушының өзіндік жұмыстарын (БӨЖ) және
оқытушы басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысын (ОБӨЖ) ұйымдастыруына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы үшін

Шымкент, 2022ж.
ОСӨЖ , СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйре­неді және меңгереді.


Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жо­ғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеу­лердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мек­тептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақы­рыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызы­ғушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.
Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу үлгерімдерінің төмен болуы орын алады.
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт .Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет