Оқытушы басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысын (ОБӨЖ) ұйымдастыруына арналған Әдістемелік нұСҚау 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/14
Дата14.09.2023
өлшемі48,67 Kb.
#107434
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жалпы тіл білімі ӨСӨЖ және СӨЖ

ОСӨЖ Тақырыбы: Зат есімнің жасалу жолдары.
Мақсаты: Зат есімнің семантикалық және грамматикалық сипатын және жасалу жолдарын меңгерту
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап
Тақырып бойынша тапсырмалар: С. Омарбековтың, Қ.Әлімжановтың,
Б. Қасымның, Ә. Төлеуовтың зат есім туралы зерттеулерін оқып, реферат жазу.
Бақылау сұрақтары:
Зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы не?
Зат есімнің қандай грамматикалық категориялары бар?
Зат есімді сөз табы деп тану үшін қолданылатын үшінші ұстанымды атаңыз.
Негізгі түбір зат есім сөздер қандай?
Туынді түбір зат есім сөздер деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қасым.Б. «Қазақ тілінің сөзжасамы».Оқу құралы. 2019ж.
2.Салқынбай А.Б. Қазақ тілі Сөздік құрам.Сөзжасам: Оқу құралы.
3.Салқынбай А.Б. «Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» 1,2,3-бөлім
4.Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж. «Қазақ тілі» (Негізгі стандарттан жоғары) Оқулық.Алматы, 2015ж.
5.Әлкебаева.Д. «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» Оқулық. 2017ж.

4 СӨЖ Тақырыбы:


Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер.
ОСӨЖ Тақырыбы:
Сөздердің бір сөз табынан ,екінші сөз табына ауысу жолдары.
Мақсаты: Тілдегі сөз таптары арасындағы әртүрлі семантикалық процестер, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу процестері, әсіресе олардаң контекстік сипаттары (субстантивтену, адъективтену, адвербиалдану, прономиналдану, номиналдану т.б.) меңгерту.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап
Тақырып бойынша тапсырмалар: Әрбір сөз табы шеңберінде қаралып жүрген сөзжасам қосымшаларын мысалдармен топтап жазып, бір сөз табының және әр сөз табының қосымшаларындағы ұқсастық сәйкестіктері мен айырмашылығын талдап көрсету.
Бақылау сұрақтары:
Сөз таптары бір-біріне ауысады ма?
Сөз таптары қандай жағдайда ауысады?
Заттанудың түрлері қандай?
Прономилдану деген не?
Адъективтену деген не?
Адъвербиалдану процесі деген не?
Номиналдану деген не?

5 СӨЖ тақырыбы:


Көркем шығармадан 20 сөйлем теріп жазып, ондағы сөздердің лексикалық жəне грамматикалық мағынасын ажырату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет